Қосымша əдебиеттер:
9. Организация, нормирование и оплата труда на горных предприятиях. Под редакцией Т.
В. Борисовой.–М.: Недра, 1990.
10. Ерали А. Қ., Қабылбеков М. Ғ. Кəсіпорын Экономикасы. Оқұлық.–Алматы: ҚазҰТУ,
2004.
11. Ковалев В. В., Волкова О. Н. Анализ производственной деятельности предприятия.–М.:
Проспект, 2000.
12. Сəлімбаева Б. Қ., Досханов Д. Т. Еңбекті мөлшерлеу.– Алматы: Экономика, 2001.
13. Бердалиев К. Б. жəне басқалары. Басқару негіздері.–Алматы: Экономика, 1997.
Қазақстан Республикасындағы газеттер
·
Егемен Қазақстан
·
Казахстанская правда
·
Панорама
·
Деловая неделя
Қазақстан Республикасындағы журналдар
·
Саясат–Poℓicy
·
Аль–Пари
·
ҚР ҰҒА Хабаршысы
·
Транзиттік экономика
·
Минеральные ресурсы Казахстана
2.7 Өздік бақылау үшін тест сұрақтары
1.Нақты жауап беріңіз: негізгі қорлар бұл ?
А) еңбек құралдары;
В) еңбек заттары;
С) еңбек қаулылары;
D) еңбек құрал- саймандары;
Е) еңбектің көмекші құралдары.
2.Қор қайтарымдылығын (ҚҚ) есептеу формуласын анықтаңыз?
А) ҚҚ=ӨӨ/ НҚ ;
В) ҚҚ=ӨӨ/ НҚ
жб
;
С) ҚҚ=ӨӨ/НҚ ;
D) ҚҚ=НҚ
жб
/ ӨӨ ;
Е) ҚҚ=НҚ
жа
/ ӨӨ .
3.Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны мына үш формуламен есептелінеді,ал
қор қайтарылымын есептегенде қайсысы қолданылады?
А) НҚ= НҚ
жб
+
å НҚ
е
*t
1
/12-
å НҚ
іш
(12-t
2
)/12 ;
В) НҚ= (ЖҚ
жб
/2+НҚ
2
+НҚ
3
+...+НҚ
12
+НҚ
жа
/2)/ (n-1) ;
С) НҚ= (НҚ
жб
+НҚ
жа
)/2 ;
D) НҚ= НҚ
жб
+
å НҚ
е
-
å НҚ
іш
;
Е) НҚ= (НҚ
жб
+НҚ
жа
+
å НҚ
е
-
å НҚ
іш
)/ 3.
4.Нақтылы жауап беріңіз: айналым қаражаттар (АҚ) – бұл:
А) шикізат ;
В) еңбек құралдары ;
С) өндіріс құрал- жабдықтары ;
D) еңбек заттары ;
Е) əртүрлі жабдықтар.
5.Айналым қаражаттар айналым санын немесе айналымдық коэффициентін анықтау
формуласын көрсетіңіз :
А) К
а
=
АК /ӨӨ ;
В) К
а
= НҚ / ӨӨ ;
С) К
а
= СӨ / АҚ* t ;
D) К
а
= АҚ*t /ЖӨ ;
Е) К
а
= СӨ /
АК .
мұндағы ӨӨ -өндірілген өнім ; СӨ - сатылған (өткізілген) өнім ; t - уақыт мерзімі.
6.“Еңбек өнімділігі” деген түсінікке анықтама беріңіз:
А) барлық өнім көлеміне тиесілі еңбек шығындары ;
В) бір жұмысшы адамға немесе жұмыс уақытының бірлігіне шаққан өнім өндіру көлемі ;
С) негізгі қорлар бірлігіне шаққан өнім өндіру мөлшері ;
D) айналым қаражаттар бірлігіне шаққан өнім өндіру көлемі ;
Е) өнім бірлігіне тиесілі негізгі жəне айналым қолардың мөлшері.
7.Кəсіпорындағы жұмыс істейтіндердің тізіміндегі саны (N
т
) қалай анықталады, егер
олардың жұмысқа келетін саны (N
к
) жəне тізімдік құрамының коэффициенті (К
т
) белгілі
болса :
А) N
T
= N
K
/K
T
;
В) N
T
= K
T
/N
K
;
С) N
T
= N
K
*K
T
;
D) N
T
= K
T
*
å N
K
;
Е) N
T
=
å N
K
*K
T
/
å K
T
.
8.Жабдықты интегралды пайдалану коэффициенті мына формуланың біреуімен анықталады:
А) К
и
=К
инт
/ К
экс
;
В) К
и
=К
экс
/ К
инт
;
С) К=
инт
экс
К
К
*
;
D) К
и
=(К
экс
+К
инт
)/2 ;
Е) К
и
= К
инт
*К
экс
.
9.Кесімді еңбекақы мөлшері былай анықталады :
А) кесімді бағалауды өнім көлеміне көбейту арқылы ;
В) тарифтік ставканы істелген жұмыс уақытына көбейтіп ;
С) еңбекке қатысу коэффициенті (ЕҚК) өнім көлеміне көбейту арқылы ;
D) кесімді бағаламаны істелген жұмыс уақытына көбейтіп ;
Е) еңбекақы қорын ең аз жалақы мөлшеріне бөлу арқылы.
10.Өнімнің өзіндік құны – бұл :
А) кəсіпорынның өнім өндіруге жəне өткізуге жұмсалған шығындардың ақшалай тұлғануы
;
В) ресурстар құндылығының оларды пайдаланудағы бағасы ;
С) өнім өндіруге ақша түріндегі кеткен шығындар ;
D) өнімді өндірмесе де кəсіпорынның шығындары ;
Е) барлық жауптар дұрыс.
11.Пайда тең :
А) түсім минус салықтар мен амортизация ;
В) түсім минус жалақы қоры ;
С) активтер мен пассивтер арасындағы айырма ;
D) табыстар мен шығыстар арасындағы айырма ;
Е) түсім минус реттелген шығындар.
12.Сату пайдалылығы келесідей анықталады :
А) таза табыс*100/ өнімнің өзіндік құны ;
В) таза табыс*100/ ағымдағы активтер ;
С) таза табыс*100/ айналмалы капиталы ;
D) таза табыс*100/ негізгі жəне айналмалы қорлардың қосындысы ;
Е) таза табыс*100/ өткізілген өнім көлемі.
13.Тауар бағасы (Р) – 2400тг, тұрақты шығындар (ҒС) – 1800млн.тг, өнім бірлігіне шаққан
өзгермелі шығындар (АVC) – 1500. Залалсыз нүктедегі өнім көлемін (Q) анықтаңыз :
А) 2,5 млн.тг ;
В) 2 млн.тг ;
С) 1,2 млн.тг ;
D) 1,4 млн.тг ;
Е) 2,8 млн.тг.
14.Бес млн.тг көлемінде ақша қаражаты 10 % мөлшерлемеде 4 жылға инвестицияланады.
Ағымдағы жұмсалымдарының болашақтағы құны қаншаға тең болады ?
А) 7,3205 ;
В) 6,655 ;
С) 6,05 ;
D) 8,132 ;
Е) 5,85.
15.Күрделі қаржы салымдар тиімділігінің нормативтік коэффициент ретінде қабылданады :
А) процент (пайыз) нормасы ;
В) дисконт ставкасы (мөлшерлемесі) ;
С) капиталдың құны ;
D) есеп мөлшерлемесі ;
Е) дұрыс жауабы жоқ.
16.Күрделі қаржы салымдары мына қызметті атқару үшін арналған :
А) жұмысақы бойынша қарыздарды өтеуге ;
В) банк пайыздарын төлеуге ;
С) жаңа объектілерді салуға жəне кəсіпорындағы бар объектілерді жаңғыртуға ;
D) əлеуметтік ынталандыру қорларды құруға ;
Е) материалдық – техникалық қамтамасыз етуге.
17.Келтірілген таза құнды (КТҚ) есептеу формуласы :
А) КТҚ =
(
)
(
)
(
)
å
å
=
=
+
-
+
-
Т
t
T
t
t
t
t
t
t
r
K
r
Ш
H
0
0
1
;
1
1
В) КТҚ =
(
)
(
)
(
)
å
å
=
=
+
=
+
-
Т
t
T
t
t
t
t
t
t
r
K
r
Ш
H
0
0
1
;
1
1
С) КТҚ =
(
)
(
)
(
)
å
å
=
=
+
+
-
Т
t
T
t
t
t
t
t
t
r
K
r
Ш
H
0
0
1
;
1
/
1
D) КТҚ =
(
)
(
)
(
)
å
å
=
=
+
+
-
Т
t
T
t
t
t
t
t
t
r
K
r
Ш
H
0
0
1
;
1
*
1
Е) КТҚ =
(
)
(
)
(
)
å
å
=
=
+
+
+
-
Т
t
T
t
t
t
t
t
t
r
K
r
Ш
H
0
0
1
;
1
1
мұндағы Н
t
– t қадамындағы нəтиже ; Ш
1
t
– есептің əр қадамындағы күрделі қаржы
салымдарысыз шығындар ; К
t
– t қадамындағы күрделі жұмсалымдар сомасы.
18.Дисконт ставкасы өссе :
А) ақшалай қаражаттың күткен таза ағындары (АҚКТА) өседі ;
В) АҚКТА азаяды ;
С) АҚКТА өзгермейді ;
D) АҚКТА шамасын есептеуге болмайды ;
Е) АҚКТА бірге тең болады.
19. Өндірістік процесс орындалады:
A) тек қана уақыт аралығында;
B) уақыт пен кеңістікте;
C) тек қана кеңістікте;
D) өнеркəсіп саласында;
E) көмекші процестерде.
20. Негізгі өндірістік процесс
A) кəсіпорын ішінде пайдалануға арналған өнімді дайындау процессі;
B) бастапқы шикізат пен материалдары процесс нəтижесінде өнімге айналынуы;
C) технологиялық процесті орындауға қажетті өндіріс құралдарының жиынтығы;
D) негізгі өнімді дайындап шығару процесі;
E) кəсіпорында өнімді дайындау жəне жөндеу үшін қажетті адамдар мен еңбек
құралдарының барлық іс – қимылдарының жиынтығы.
21. Технологиялық процесс – бұл:
A) процесс нəтижесінде еңбек затының қалпы, мөлшері, сапасының өзгеруі;
B) еңбек затының қалпын, мөлшерін жəне сапасын өзгертпейтің процесс;
C) өндірістік процестің бір бөлігі;
D) өнім өндіру процесінің аяқталған бөлігі;
E) өнім өндіруге қажетті көмекші процесс.
22.Қандай көрсеткіш ғылыми еңбек ұйымдастыру нəтижесіне тікелей жатпайды:
A) еңбек өнімділігінің өсуі;
B) еңбек сыйымдылығының төмеңдеуі;
C) өнімнің өзіңдік құнының азаюы;
D) жабдықтың өнімділігі;
E) жұмыс уақыты шығындары үзілістерінің төмендеуі.
23.Жұмыс уақытын зерделеу кезде оперативтік уақытына не жатады:
A) көмекші жұмыс уақыты;
B) ұйымдастыру-техникалық сипаттағы үзілістер уақыты;
C) технологиямен белгіленген үзілістер:
D) жұмысты орындаудың таза уақыты;
E) негізгі жəне көмекші уақыт.
24.Берілген өндірістің жоспары бойынша өнім шығару мына принципте біркелкі
болады:
A) ырғақтылық;
B) үздіксіздік;
C) сериялық;
D) толассыз;
E) қатарластық.
25.Жоспарлы кезеңде тұтынушымен қабылданған жəне ақысы төленген шақта
тұлғадағы өнім көлемін қалай атайды:
A) жалпы өнім;
B) таза өнім;
C) сатылған;
D) жоспарлы өнім;
E) өткізілген өнім.
26.Жоспардағы кейбір шығындардың түрлерінің олардың жалпы жиынына қатынасын...
деп атайды:
A) сметалық құн;
B) өнімнің өзіндік құнының құрылымы;
C) өнімнің құрамы;
D) шығындардың құрылымы;
E) өзгермелі шығындар.
27.Өндірістік процесті басқару жəне ұйымдастыру туралы шығындар –бұл:
A) тұрақты;
B) жалпы кəсіпорын шығындары;
C) ағымдағы;
D) үстеме;
E) өзгермелі.
28.Өндірісті басқару- бұл:
A) адамдарды басқару;
B) өндірістік қорларды басқару;
C) еңбек пен еңбек заттарын басқару;
D) еңбек құралдарын басқару;
E) өндірістік қосалқы қорларды басқару.
29.Шығынды талдау:
A) өнім өндіруге жұмсалған шығындарды талдау;
B) өндіру мен өткізуге жұмсалған қаражатты үнемдеу мүмкіндігін анықтау;
C) өзгермелі шығындарды талдау;
D) шартты-тұрақты шығындарды талдау;
E) маркетинг шығындарын талдау.
30.Кəсіпорын қызметінің экономикалық нəтижелігін бағалайтын көрсеткіштер:
A) өнімнің өзіндік құны, пайдалылық;
B) пайда, қор қайтарымдылығы;
C) дисконтталған пайда, өткізілген өнім;
D) еңбек өнімділігі, пайда, табыс;
E) пайда, пайдалылық, өткізілген өнім.
Дұрыс жауаптары
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
0
1
1
1
2
1
3
1
4
1
5
D
С
A
D
E
B
C
E
A
A
D
E
B
A
B
1
6
1
7
1
8
1
9
2
0
2
1
2
2
2
3
2
4
2
5
2
6
2
7
2
8
2
9
3
0
B
A
B
B
D
A
D
E
A
E
D
B
A
B
E
2.8 Курс бойынша емтихан сұрақтары
1. Экономика ұғымы мен оның түрлері.
2. Экономикалық жүйелер.
3. Тау- кен өнеркəсібінің салалық бөлінуі, кешендер түрлері, минерал ресурстары
кенорындарының орналасуы.
4. Кəсіпорындарының ұйымдық – құқықтық нысандары.
5. Минерал ресурстарды тиімді пайдалану мен экономикалық бағалау негіздері.
6. Экономикалық даму жəне тиімділік.
7. Өндіріс факторлары .Өндірістік функциясы.Қысқа жəне ұзақ мерзімінде өнім өндіру.
8. Негізгі қорлары мен айналым қаражаты.
9. Негізгі қорлардың құрылымы мен жіктелуі.
10. Негізгі қорларды есепке алу мен бағалау.
11. Негізгі қорлардың тозуы.
12. Негізгі қорлардың амортизациясы.
13. Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу.
14. Кен қазбалар амортизацияның жəне үйлер мен құрылыстар амортизацияларының
ерекшеліктері.
15. Негізгі қорлардың орташа жылдық құны.
16. Амортизациялық аударымдарды есептеу əдістері.
17. Негізгі қорлардың жəй-күйі, қозғалысы, серпіні.
18. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері.
19. Негізгі қорларды пайдалануын жақсартудың негізгі бағыттары.
20. Тау-кен өнеркəсібінің айналмалы капиталы.
21. Кəсіпорын айналым қаражатының айналымы.
22. Айналым қаражаттарының құрылымы мен құралуы.
23. Айналым қаражаттардың жіктелуі, олардың құралу көздері.
24. Айналым қаражаттарды пайдалану көрсеткіштері.
25. Айналым қаражатты нормалау əдістері, олардың қажетті көлемін анықтау.
26. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері.
27. Айналым қаражаттың айналымдылығын жылдамдату жолдары.
28. Қызметкерлердің кəсіптік – біліктілік құрылымы.
29. Тау-кен кəсіпорнының қызметкерлер құрамы.
30. Кəсіпорынның жұмыс уақыты.
31. Еңбек ресурстарының құрамы мен серпінінің көрсеткіштері.
32. Еңбекті нормалау негіздері.
33. Еңбек ресурстарды пайдалану көрсеткіштері.
34. Еңбек өнімділігін арттыру резервтері.
35. Қызметкерлер саны мен еңбек өнімділігінің өндіріс көлеміне əсері.
36. Қызметкерлер санын анықтау.
37. Мемлекет жəне еңбекке ақы төлеу.
38. Тарифтік жүйе.
39. Тау-кен өнеркəсібінде жұмысшыларға еңбекақы төлеу.
40. Еңбекақы жүйесі мен нысандары.
41. Ұжымдық кесімді еңбекақы төлеу жүйесі.
42. Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесі.
43. Сыйлық беру жүйесі.
44. Жұмысақыны ұйымдастыруды жетілдіру бағыттары.
45. Өнімнің өзіндік құны (ӨӨҚ) туралы түсінік.
46. Кəсіпорынның шығындар түрлері.
47. Өндіріс шығындарын жіктеу.
48. Экономикалық элементтері бойынша шығындарды топтастыру.
49. Калькуляциялық баптар бойынша шығындарды топтастыру.
50. Кен өндіретін саладағы ӨӨҚ-ын калькуляциялау ерекшеліктері.
51. ӨӨҚ-ын анықтау, оның түрлері мен құрылымы.
52. Нарықтық жағдайында шығындар есебінің ерекшеліктері.
53. ӨӨҚ-ын төмендетудің негізгі факторлары.
54. Тау-кен кəсіпорнының өнімін ақшалай бағалау, өнім түрлері.
55. Өнімді өткізу, пайда жəне пайдалылық.
56. Кəсіпорынның табысын анықтау.
57. Кəсіпорындарда пайданы жоспарлау жəне оны бөлу тəртібі.
58. Нарықтық жағдайында пайданы есептеу ерекшеліктері.
59. Өндірістің пайдалылығы жəне оған əсер ететін факторлар.
60. Баға жəне баға түрлері.
61. Баға белгілеу əдістері.
62. Кəсіпорынның баға саясаты.
63. “Директ костинг” жəне баға саясаты.
64. Жалпы ережелер, салық жүйесі мен қызметі.
65. Салық түрлері, корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құн салығы,
акциздер, əлеуметтік салық.
66. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.
67. Қаржы туралы түсінік, қаржы жүйесі.
68. Кəсіпорынның қаржысы, қаржы ресурстары, олардың көздері.
69. Кəсіпорынның қаржы ортасы, жоспары, несие.
70. Кəсіпорындарының өзара банктермен əрекеттестігі.
71. Қаржы коэффициенттері.
72. Қаржы есеп беру, қаржы – шаруашылық қызметінің нəтижесі туралы есеп.
73. Инвестиция туралы түсінік.
74. Инвестициялық жобалардың оңтайлы міндеттерін жіктеу.
75. Инвестицияларды іске асыру кезіндегі техникалық- экономикалық есептердің сатылары
мен түрлері.
76. Инвестициялық жобалардың ақша ағындары.
77. Инвестициялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштері.
78. Келтірілген таза құн, оны қалай есептеп шығарады.
79. Пайданың ішкі нормасы, оны есептеу əдістері.
80. Табыстылық индексі, оны анықтау.
81. Инвестициялық жобалардың өтелімділік мерзімі.
82. Тау-кен кəсіпорны жүйелік обьект ретінде. Рынок жағдайында кəсіпорынның
шаруашылық қызметінің ерекшеліктері.
83. Тау-кен кəсіпорындағы өндірістік процестердің ерекшеліктері. Өндірісті
ұйымдастырудың нысандары мен тəсілдері.
84. Өндірісті ұйымдастырудың маңызы мен мақсаттары жəне принциптері, оның
деңгейін бағалау көрсеткіштері.
85. Кеңістікте жəне уақыт аралығында өндірісті ұйымдастыру, жобалау.
86. Тау-кен кəсіпорнының режимі. Кенжарларда оперативті жобалау əдістемесі.
87. Кен орындарын жерасты тəсілмен қазу кезінде тазартылыс жұмыстарды
ұйымдастыру жəне жобалау.
88. Кен – даярлау, тілгі қазбаларды жүргізуді ұйымдастырудың негізгі нəтижелері,
ондағы өндіріс процестерінің құрамы мен сипаттамасы.
89. Карьерде тазартылыс жəне аршу кемерлерде кен жұмыстарын ұйымдастыру.
90. Шектес жұмыс кемерлерінде кен жұмыстарының мөлшерлес дамуы, төмендеу
жылдамдығы мен жұмыс кемерлердің жылжу арасындағы қатынасы.
91. Шахтада жəне карьерде көлік жұмыстарын жəне көмекші жұмыстарды
ұйымдастыру.
92. Тау-кен кəсіпорындарында еңбекті ұйымдастыру мəні мен мазмұны, мəндеттері.
93. Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру мазмұны мен бағыттары. Нарықтық экономика
кезеңін- дегі еңбек жəне еңбек қатынастарына қойылатын талаптар.
94. Еңбекті ұйымдастырудың бригадалық нысандары.
95. Кəсіпорнында еңбекті ұйымдастырудың деңгейін талдау мен бағалау, үдемелі еңбек
ұйым- дастыру бағыттарын еңгізу шараларының экономикалық тиімділігі.
96. Еңбекті нормалау, оларды əзірлеуге қоятын негізгі міндеттері, қағидаттары мен
талаптары, əдістері.
97. Жұмыс уақыты шығындарын зерделеу, зерделеу əдістері.
98. Жұмыс уақытын зерделеу мəліметтерін өндеу.
99. Жұмыс уақытын пайдалану суреттемесі, мезеттік қадағалау əдісі мəліметтерін өндеу
жəне талдау.
100.
Нормалар жəне нормативтер түрлері, еңбек нормативтерін əзірлеу.
101.
Еңбек шығындары мен уақыт нормативтерін анықтау үшін алғашқы берілгендерді
математикалық əдіспен өндеу.
102.
Негізгі тау-кен жұмыстарынан өндірім нормаларын есептеудің əдістемесі.
Процестер бойынша өндірім нормаларын анықтау.
103.
Шахтада жəне карьерде кен массасын тиейтің жабдықтардың өндірім
нормаларын тағайындау əдітемесі.
104.
Шахта мен карьер көлігінің жұмыс істеу нормаларын есептеу əдістемесі.
105.
Кешенді өндірім мөлшерін жəне агрегаттық нормасын есептеу əдістемесі.
106.
Тау-кен өндірісінде еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру, еңбек ақы жүйесі мен
нысандары.
107.
Жұмысақыны ұйымдастыруды жетілдіру бағыттары. Еңбекақы төлеудің тарифсіз
жəне басқа нарық жағдайында пайдаланатын жүйелері.
108.
Кəсіпорындағы жоспарлау негіздері, жоспарлау түрлері.
109.
Өндіріс жəне өнім өткізу жоспарын əзірлеу.
110.
Тау-кен кəсіпорындарындағы өндірістік қуатын пайдаланатын техника мен
технология, залалсыз жұмыс істеу жəне сұраныс пен ұсыныс факторларын есепке
алып жоспарлау.
111.
Ашық тау-кен жұмыстарын жоспарлау, кеніште кен өндіру мен өнімді өткізу
жоспарын əзірлеу.
112.
Еңбек пен жалақы қорын жоспарлау. Еңбек өнімділігін жоспарлау.
113.
Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау. Кен өндіретін кəсіпорындарында өнімнің
өзіндік құнын есептеу ерекшеліктері.
114.
Басқарудың мəні, əдістері, функциялары.
115.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдары, олардың артықшылықтары мен
кемшіліктері.
116.
Басқарушылық шешімдер. Шешім қабылдау-басқару қызметтің негізі.
117.
Экономика – математикалық үлгілеу- ұйымдық-басқару міндеттерді шешу.
118.
Тау-кен кəсіпорындарында талдау үлгілері мен əдістері.
119.
Тау-кен кəсіпорындарында өндірістік шаруашылық қызметін талдау.
120.
Шахталар мен карьерлерде қаржы- экономикалық қызметін талдау.
ГЛОССАРИЙ
1 Тау-кен өнеркəсібінің салалық құрылымы мен орналасуы. Тау-кен
өнеркəсібінде нарықтық экономика негіздері
Экономика - өмірдің материалдық шартын қамтамасыз етуге байланысты адамдардың кез-
келген əс- əрекеті.
Экономика – халық шаруашылығының, өнеркəсіптің салалары, өндірістің түрлері, олардың
өнім өндіру көлемімен, оның сапасымен, ресурстардың пайдалану деңгейімен, жоспарлы
тапсырмалардың орындалу дəрежесімен сипатталатын жай- күйі; қоғамдық ғылымдар
тобының құрамдас бөлігі, халық шаруашылығының белгілі бір саласын жəне өнеркəсіп
салаларын зерделеумен айналысатын ғылыми пəн.
Жабық экономика – елдің тауарлар мен қызметтерді экспорттамайтын жəне
импорттамайтын, басқа елдермен байланысы жоқ экономика.
Ашық экономика – елдің тауарлар мен қызметтер экспорты мен импортын жүзеге
асыратын, сондай-ақ басқа елдермен қаржы мəмілесі арқылы байланысқан экономика.
Аралас экономика – мемлекеттің ұлттық шаруашылығының белгілі бір бөлігі немесе
секторы үкімет мекемелеріне тиесілі, оның басқа бір бөлігі жеке азаматтарға немесе
ұжымдарға тиесілі жəне солар басқаратын экономика.
Нарықтық экономика - əрбір экономикалық агенттің шаруашылық шешімдерді
дербес өзі қабылдайтын экономика ұйымдастыру жүйесі.
Нарық - əртүрлі игіліктерді тікелей сату жəне сатып алуға байланысты экономикалық
агенттердің арасындағы, өзара экономикалық байланыстың ұйымдастырылу түрі.
Заңды тұлға – меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы
оқшау мүлкі бар жəне сол мүлікпен өз міндеттемесі бойынша жауап беретін, өз атынан
мүліктік, мүлік емес жеке құқықтар міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын,
сотта талапкер əрі жауапкер бола алатын ұйым.
Минерал ресурстарды тиімді пайдалану - өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана
қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайтумен қоса, табиғи
ортаның тепе- теңдігін сақтау болып табылады.
2 Кəсіпорынның негізгі капиталы
Негізгі капитал – субъектінің бүкіл заттай да, ақшалай да капиталын ақшаға шағып
сипаттайтын көрсеткіш.
Негізгі қорлар – материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да заттай
нысанда ұзақ уақыт бойына жұмыс істейтін жəне өзінің құнын тозуына қарай бөліктер
бойынша жоғалтатын материалдық – заттық құндылықтардың жиынтығы.
Негізгі құралдар – сатып алған кездегі құны тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген елу айлық есептік көрсеткіштен астам
болатын, жұмыс істеген мерзімі бір жылдан артық материалдық активтер.
Негізгі құралдардың бастапқы құны - өтелмеген салықтар мен алымдарды, жеткізуге,
монтаждауға, орнатуға, пайдалануға жұмсалған шығындар мен активті мақсатқа сай
пайдалану үшін оны жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты басқа да кез- келген
шығындарды қосқанда негізгі құралдарды сатып алуға немесе орнатуға нақты жұмсалған
шығындардың құны.
Негізгі қорларды қалпына келтіру құны – негізгі қорларды қазіргі кезең жағдайында
жəне осы кезеңдегі баға бойынша өндіру құны.
Негізгі қорларды бағалау – негізгі қорлардың құнын анықтау тəсілі.
Қор қайтарылымы - өнім өндіру үшін пайдаланған негізгі өндірістік қорлардың
теңгеге шағып есептегендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.
Өндірістік қуат – уақыт өлшемінде кəсіпорын шығарған өнімнің белгілі бір жағдайда
барынша мүмкін есептік көлемі.
Амортизация (өтелім) – негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін
өнімге бірте- бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу процесі.
Амортизация – бұл шығарылатын өнімге негізгі қор құнының бірте-бірте ауысуы.
Өтелім мөлшері – бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі қорлардың
құнына пайыз есебіндегі қатынасы.
Амортизациялық аударымының сомасы - өтелім мөлшеріне сəйкес өндіріс
шығындарына енгізілетін, негізгі қорлардың тозу дəрежесін сипаттайтын жəне олардың
толық қалпына келтірілуі үшін ақшалай өтелім қоры.
Өтелім кезеңі – негізгі қорларды пайдаланудың экономикалық жағынан тиімді кезеңі.
Өтелім қоры – ай сайынғы өтелім жарнасын аудару жолымен құралатын ақшалай
қаражаттың мақсатты қорланымы.
3 Тау – кен кəсіпорнының айналмалы капиталы
Айналым қаражаттары – бұл өндірістік айналмалы қорларын құру, пайдалану жəне
үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін аванслаудың ақшалай
қаражаттарының жиынтығы.
Айналым қаражаттардың құрылымы – барлық жиынтығындағы олардың бөлек
элементтерінің арақатынасы.
Өндірістік айналмалы қорлары - өндірістік процесті бастуаға дайындалған кездегі
еңбек заттары.
Айналыс қорлары – кəсіпорынның өндірістік айналым қаражаттарының айналыс
саласында жұмыс істейтін бөлігі.
Өндірістік қосалқы қорлар – кəсіпорындарында бар, өндірістік процестің үздіксіздігін
қамтамасыз етуге арналған материалдық ресурстар.
Болашақ кезеңдердің шығындары – кəсіпорынның келешекте өнім өндіруге арналған
ағымдағы шығындары.
Аяқталмаған өндіріс – кəсіпорында дайындалып бітпеген өнім.
Өндірістік қорлар - өндіріс пен айналыс процесін қамтамасыз етуге қатысатын еңбек
құралдары мен еңбек заттарының жиынтығы.
Кəсіпорынның айналмалы қорларын нормалау – кəсіпорындарға өздерінің қалыпты
жұмыс істеуінің жылдық жоспарлауын қамтамасыз ету үшін қажетті ақшалай қаражатты ең
аз қажетсінуінің ғылыми тұрғыда негізделген есеп – қисабы.
Айналым қаражаттардың нормативі – қаржы жоспарында белгіленетін ақшалай
қаражаттың ең аз мөлшері.
Айналымдылық коэффициент (айналымының саны)- өткізілген өнім құны мен
айналым қаражатының орташа қалдығына қатынасы.
4 Кəсіпорындарының еңбек ресурстары. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу.
Кəсіпорынның еңбек ұжымы – еңбек шарты (келісімі), сондай-ақ кəсіпорынмен еңбек
қатынасын реттейтін басқада нысандар негізінде кəсіпорын қызметіне өз еңбегімен
қатысатын барлық азаматтар.
Еңбек ресурстары – халықтың еңбекке жарамды бөлігі.
Қызметкер деп – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын жəне жеке еңбек
шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға болып саналады.
Жеке еңбек шарты – бұл қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда
жасалатын екі жақты келісім.
Жұмыс істеу немесе өндірім нормасы – тиісті біліктілігі бар бір жұмыскер немесе
жұмыскерлер тобы жұмыс уақыты өлшемінде ұйымдастырушылық- техникалық жағдайында
орындауға міндетті жұмыстың белгіленген көлемі (өнім мөлшері).
Жұмыс уақыты – қызметкерлер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының
талаптарына сəйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт.
Еңбек өнімділігі – алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке
қатынасы.
Еңбекке ақы (еңбекақы) төлеу – жұмыс беруші жалданған жұмыскерге есепті кезеңде
орындаған жұмысы үшін төлеуге тиіс ақшалай немесе заттай нысандағы сыйақы.
Тарифтік жүйе деп – қызметкерлер еңбегінің күрделігі мен біліктілігімен байланысты
жəне оның негізгі ерекшеліктерін есепке алу үшін қажетті нормативтер жиынтығын айтады.
Тарифтік мөлшерлеме – жұмыс уақытының бір өлшемінде ақшалай тұлғада
көрсетілген еңбекақының абсолюттік мөлшері.
5 Тау- кен өнеркəсібінде өнімнің өзіндік құны мен шығындары
Өнімнің өзіндік құны - өнім өндіруге жəне оны сатудағы ақшалай нысанында
көрсетілетін шығындардың жиынтығы.
Шығындар – бұл кəсіпорын өзінің өндіретін жəне коммерциялық қызметін іске асыру
үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары.
Тікелей шығындар - өнімді өндіруге байланысты жұмсалған жəне өнімнің өзіндік
құнына тура жəне тікелей еңгізіледі.
Тұрақты шығындар - өндірістің көлеміне тəуелді емес негізгі қорлардың пассив
бөлігінің амортизациясы, электроэнергияның жабдықтарда орнатылған қуат бойынша
есептелетін құнының бөлігі, жанама шығындар.
Өндіріс шығындар – материалдық заттар мен қажетті еңбек шығындарының
жиынтығы.
Өндіріске жұмсалған шығындар – кəсіпорынның заттай жəне ақшалай түрде
өндірістік қызметімен байланысты шығыстар. Ақшалай түрде ол сметада көрініс табады.
Шығындар сметасы – кəсіпорынның белгілі бір күнтізбе кезеңінде өнім өндіру мен
өткізуге жұмсалатын шығындарының толық жиынтығы, ол шығындардың экономикалық
элементтері бойынша жасалды.
Өзіндік құн калькуляциясы - өнімнің берілген түрінің бір өлшемінің өзіндік құнын
есептеу.
Өндірісті дайындау мен игеруге арналған шығындар – кен-даярлау жұмыстарының
шығындары, кен орнын жете барлау, ашық кен жұмыстарының аймағында жер көлемін
тазалау жұмыстарының құнын өтеу шаралары осында ескеріледі.
Тонналық мөлшерлеме – пайдалы қазбалар өтелген қорының 1 тоннасына шаққан
арнаулы негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған амортизациялық аударымдар мөлшері.
6Пайдалы қазбаларды өткізу.Табыс жəне пайдалылық. Тау-кен өнеркəсібінде
баға белгілеу
Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше
мағыналы ұғым..
Кəсіпорынның табысы – олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің
көбеюіне əкелетін міндеттемелердің кемуі.
Сатудың жалпы мөлшері – бұл таурлар жəне қызмет көрсетудің құны.
Ақша түсімі – бір нəрсені сатудан алынған пайда немесе табыс ретінде алынған ақша.
Өнім өткізуден алынған ақша түсімі – кəсіпорынның өндірістік қызметінің түпкі
нəтижесі, өндірілген жəне тапсырыс берушіге, сатып алушыға жеткізілген өнім, олар үшін
орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін оның банктегі шот есебіне келіп
түскен ақшалай қаражат мөлшері.
Жалпы табыс – кəсіпорынның өндірілген өнімді сатудан түскен ақшалай тұлғадағы
жиынтық табысы..
Таза пайда – кəсіпорында салықтар мен басқа да төлемдерді төленгеннен кейін
қалатын пайда.
Өнім өткізу - өнімнің тауарлық нысанынан ақшалай нысанға айналу процесі.
Пайдалылық – тиімділік, кəсіпорынның, оның қызметінің табыстылығы көрсеткіші.
Баға белгілеу – бағаның, олардың құрылымының, деңгейлері мен арасалмақтарының
қалыптасуы мен өзгеруі процесі.
Көтерме сауда бағасы – көтерме саудада сатылатын тауар бағасы.
Бөлшек сауда – жеке тұлғаға дара мөлшерде сатылатын тауардың бағасы.
Баға саясаты – негізгі нарық түрлерінде шаруашылық қызмет мақсатына жету үшін
кəсіпорындардың мінез- құлығы туралы шешім қабылдау үлгісі.
Тепе- тең баға – сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі тең жағдайда бəсеке нарығындағы
баға.
7 Кəсіпорынның жалпы қаржы- экономикалық жағдайын бағалау.
Кəсіпорындарға салық салу
Кəсіпорынның қаржысы – меншіктің барлық нысанындағы кəсіпорындардың
өндірістік- шаруашылық қызметі барысында ақшалай қаражаттың құралуымен, бөлінуімен,
пайдалануымен байланысты туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Қаржы – кəсіпорынның ақшалай қаражатының жиынтығы, осы қаражаттарды құрау
жəне қайта бөлу жүйесі.
Кəсіпорынның қаржы ресурстары – кəсіпорындардың, ұйымдардың қарамағындағы
ақшалай қаражат қорларының жиынтығы.
Қаржы нəтижесі – коммерциялық қызметтен, тауарлар, негізгі қорларды,
кəсіпорынның басқа да мүлкін өткізуден, сондай- ақ , өткізуден тысқары операциялардан осы
операцияларға жұмсалған шығынға азайтылған мөлшерде алынатын табыс.
Қаржы есептемесі – қаржы көрсеткіштері туралы ақпараттан тұратын құжаттардың
жиынтығы.
Салықтар – жеке тұлға мен заңды тұлғалар заң шаруашылық жолымен белгіленген
салық мөлшерлемесіне сəйкес мемлекеттік (жергілікті) өкімет органдарының бюджетіне
төлейтін тіркелген аударым жарналары.
Корпорациялық табыс салығы – заңды тұлғалардың табысына салынатын салық жəне
негізгі жалпы мемлекеттік салықтардың бірі.
Жанама салықтар (қосылған құн салығы мен акциздер) – тауардың бағасын көбейтетін
салықтар.
Роялти – пайдалы қазбаларды өндіру жəне техногенді түзілімдерді өңдеу барысында
жер қойнауын пайдалану құқығы үшін төлейтін тұрақты төлем.
8 Күрделі қаржы салымдары мен инвестиция жобалардың экономикалық
тиімділігі
Күрделі қаржы салымдары – кəсіпорынның жаңа негізгі қорларды құруға,
қолданыстағы қорларды жаңғыртуға, жаңа техника мен технологиялық поцестерді енгізуге
жұмсалған ақшалай қаражат.
Жаңа құрылыс – бұл жаңа өндірістік кəсіпорындарды құру, ол олардың толық
жобалық қуатын іске қосудан кейін аяқталған деп саналады.
Кəсіпорынды қайта құру – шығарылатын өнімнің көлемін ұлғайтып, сапасын
жақсарту немесе жаңа түрлерін игеру мақсатымен негізгі қорларды, техника мен
технологияны жетілдіру, жаңғырту мен жаңарту.
Экономикалық тиімділік деп – экономикалық нəтиже мен соған жетуге қажетті
шығындарға қатынастарды айтады.
Дисконттау – түрлі жылдардың экономикалық көрсеткіштерін уақыт кезеңі бойынша
салыстырмалы түрге келтіру.
Күрделі жұмсалын (инвестиция) – кейіннен табыс (пайда) алу немесе əлеуметтік
нəтижеге қол жеткізу мақсатымен экономиканың түрлі салаларының объектілеріне
жұмсалатын мүліктік жəне зияткерлік құндылықтардың барлық түрі.
Инвестициялар – капиталдың ел ішіндегі жəне шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді
жұмсалымы.
Дисконтталған құн – бұл əдісте активтер ақшалай қаражаттың болашақ таза
көбеюінің ағымдағы дисконттық құны бойынша есепке алынады; активтерді өлшеу əдісі.
Міндеттемелер оларды өтеуге қажетті ақшалай қаражаттың болашақ таза азаюының
ағымдағы дисконттық құны бойынша есепке алынады.
Өндіріс тиімділігі - өндірілген өнімнің нарықтық құны мен ұйым ресурстарының
жиынтық шығындарына қатынасы.
Пайдалылық (табыстылық) индексі – бұл кенорнын қазудың толық мерзіміндегі
дисконтталған пайда сомасының дисконтталған күрделі қаржы салымдарының соммасына
қатынасы. Келтірілген нəтиже жиынтығын инвестициялардың көлеміне бөлу арқылы
анықталады.
Келтірілген (ағымдағы) таза құн – тіркелген, күні бұрын белгіленген процент нормасы
жағдайында жобаның бүкіл жұмыс істеу кезеңінде жиналған қолма- қол ақшаның барлық
кірісі мен шығысының айырмасын əрбір жылға арнап, бөлек- бөлек дисконттау жолымен
алынған құн.
Уақыт факторы – уақыт жөнінен шашыратылған төлемдерді мəміле жасаудың басына,
түрлі уақытта жұмсалған шығындар мен алынған нəтижелерді ағымдағы мезетке не есепті
жылдың басына келтіру кезінде қолданылатын көрсеткіш (дисконттау коэффициенті).
Пайданың (табыстылықтың) ішкі нормасы – келтірілген нəтиже көлемі мен
келтірілген күрделі қаржы салымдарының тепе- теңдігін көрсететін дисконттың нормасы.
Инвестициялардың өтелімдік (қайтару, өтелу) мерзімі – инвестициялық жобаны іске асыру
кезінен ақша қаражаттарының бөлуінен бастап пайда арқылы оларды өтеу мерзіміне дейінгі
ең аз уақыт кезеңі.
9 Кəсіпорын қызметін басқару, ұйымдастыру жəне жоспарлау
Кəсіпорын- қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру жəне пайда табу мақсаттарында
өнім өндіретін, жұмыс орындайтын жəне қызмет көрсететін экономиканың дербес
шаруашылық субьектісі.
Кəсіпорын-дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып саналады.
Жүйе –белгілі мақсатқа жету үшін арналған өзара байланысты элементтердің
жиынтығы.
Кəсіпорынның іс-əрекеті белгілі қойылған мақсатқа жету үшін пайдаланатын
жұмыстар, істер жиынтығы.
Ұйымдастыру менеджер өнері- қойылған мақсатқа ішкі жəне сыртқы орта мен
байланыстырып жету үшін оңтайлы, оптималды шешім қабылдау іскерлік.
Өндірістік кəсіпкерлік- өнімді өндіруге, жұмыс істеуге жəне қызмет көрсетуге,
жинауға, өндеуге, ақпарат беруге, рухани байлықты жасауға бағытталған.
Мақсат- біз ұмтылатын бағыт, біз тілейтің жағдай.
Кəсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі мақсаты-бəсекелесуге жарамды
өнім шығару жəне барынша көп мөлшерінде пайда табу.
Шаруашылық қызмет-бұл жұмыстардың кешені, істер жəне өнім өндіру мен
өткізу шаралары.
10 Тау-кен өнеркəсібінің өндірістік жəне ұжымдық құрылуы. Тау-кен
кəсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру, онын принциптері мен мақсаттары
Кəсіпорынның өндірістік құрылымы дегеніміз-өндірістік бөлімшелерінің
жиынтығы, олар арасындағы өзара байланыстар, сондай-ақ олардың өнімділігіне
байланысты, жұмыс істейтіндер санына жəне өткізу қабілеттілігі бойынша қатынастар.
Өндірістік процесс-кəсіпорында өнім дайындау үшін қажетті адамдар білігі мен
еңбек құралдар жиынтығы.
Өндірістік процесс-адамдардың нысаналы қызметі немесе еңбектің өзі, еңбек
заттары мен құралдары.
Негізгі өндірістік процесс-нарық үшін шығарылған өнімнің қолданылу бағыттары.
Көмекші процесс-негігі өндірістің қызметі тоқтап қалмау үшін қажетті жұмыстар
жиынтығы.
Қосымша процесс-негізгі шығарылған өнімдерді қабылдау, оларды сақтау.
Өндірістік операция-жұмысшының немесе жұмысшылар тобының еңбек затының
түрін өзгертуге атқаратын өндірістік процестің бөлімі.
Өндірісті ұйымдастыру- кəсіпорынға бөлінген ресурстарды неғұрлым ұтымды
пайдалана отырып, белгіленген сапалы көрсеткіштердегі жоспарлы тапсырмаларды
орындау мақсаты мен нақты əлеуметтік-экономикалық жағдайда жүзеге асырылатын
нақты еңбек процестің материалдық элементтерімен неғұрлым тиімді ұштастыру
шараларының кешені.
Өндірістік процесті ұйымдастырудың негізгі принциптері - мамандандыруы,
стандарттау, пропорционалдық, қатарластық, үздіксіздік, ырғақтылық, турадəлшілік.
Өндірістік цикл-өнімді дайындау процесінен бастап аяқталғанға дейінгі
күнтізбелік уақыт аралығы.
11 Кен орнын қазу процестерін кеңістікте өзара үйлестіру. Өндірістік
процесті уақыт бойынша ұйымдастыру.
Өндірісті ұйымдастырудың негізгі міндеті- бір жағынан жанды еңбекті, екінші
жағынан, еңбек құралдары мен заттарын уақыт жəне кеністікте неғұрлым ұтымды түрде
біріктіру мен пайдалану.
Кеністікте
өндірістік процесті
ұйымдастыру-
ұйымның
аймағында(территориясында) негізгі, көмекші жəне қызмет көрсетуші процестерін
олардың «кіру» жəне «шығу» бойынша қайта өндеуінің тіркестірім, үйлесім, сəйкес
келтіру тəсілі.
Уақыт аралығында өндірісті ұйымдастыру- уақыт ішінде негізгі, көмекші жəне қызмет
көрсетуші процестерін олардың «кіру» жəне «шығу» бойынша қайта өңдеудің сəйкес келтіру
тəсілі.
Технологиялық звеноның немесе жұмыс орнының циклі- қабылданған технологиялық
режимінде өзгермеген уақыт мерзімінде тауар өнімін тұрақты көлемінде алуды қамтамасыз
ететін процестердің жиынтығы.
Кеңістікте өндірісті ұйымдастыру- бірыңғай өндірістік процесті технологиялық
звеноларға, жұмыс процестерге бөлу жəне оларды орындаушылардың бөлек топтарына
бекітіп беру.
Өндірісті уақыт бойынша ұйымдастыру - кəсіпорын жұмысшының қабылдаған
режимімен сипатталады жəне жұмыс процестерінің орындау бірізділігімен анықталады.
Жұмыс уақытының балансы- өндірісте жұмыс уақытының жалпы ресурсы мен
пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Жұмыс ұйымдастыру кескіндемесі- көрнекі түрде өтпелі циклді жұмыс процестерінің
орын
дауының біріздігін жəне ұзақтығын көрсетеді.
12Тау- кен кəсіпорындарында еңбекті ұйымдастыру жəне мөлшерлеу, еңбекке
ақы төлеуді ұйымдастыру
Еңбек- адамдардың дамуына жəне ресурстарды табиғаттың материалдық, зияткерлік
жəне рухани игілігін өзгертуге бағытталған қызмет.
Еңбекті ұйымдастыру- жұмыстардың механикаландыру жəне технологиялық
процестің берілген деңгейінде еңбек өнімділігін арттыру жəне жұмыскердің
мүмкіншіліктерін толық пайдалану үшін жағдай жасау мақсатымен кадрларды
орналастыруда керекті пропорционалдықты жəне жұмыс күшін ең тиімді пайдалануды
қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығы.
Өндірістік бригада- кəсіпорынның еңбек ұжымының бастауыш ұясы, еңбек
басқарудың төменгі буыны .
Жұмыс уақыты- адамның өндірістік қызметіне байланысты міндеттерін атқару үшін
ұйымдастырылған еңбек процесіне қатысу ұзақтығы.
Жұмыс уақытын зерделеу- қайталанып отыратын еңбек операциялары мен оның
элементтерін орындауға кеткен жұмыс уақытын зерделеу əдісі.
Жұмыс уақытың суреті- белгіленген мерзімде жұмыс уақыты ішінде барлық уақыт
шығындарын зерттеу үшін пайдаланатын бақылау əдісі.
Жұмыс істеу (өндірім нормасы)- белгілі бір техникалық- ұйымдастырушылық
жағдайындағы жұмыс уақыты өлшемінде жеке адам немесе бригада орындауға міндетті
жұмыстың белгіленген көлемі.
Уақыт нормасы- белгілі жағдайда бір жұмыскер немесе бригада мүшелері өнімнің бір
өлшемін орындау үшін керекті уақыт.
Еңбек нормативтері- реттелетін құрал- жабдықтың жұмыс тəртібінің өлшемдері,
жұмыстың элементтерін орындауға кеткен уақыт шығындары, жабдықтарды күтуге кеткен
еңбек шығыны, жұмысты орындау үшін қажетті жұмысшылар саны.
Еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру- жұмыс беруші жалданған жұмыскерге есепті
кезеңде орындаған жұмысы үшін төлеуге тиісті ақшалай немесе заттай нысандағы сыйақы.
Тарифтік мөлшерлеме- жұмыс уақытының бір өлшемінде ақшалай тұлғада
көрсетілген еңбек-ақының абсолюттік мөлшері.
13 Тау-кен өнеркəсібіндегі техника –экономикалық жоспарлау
Жоспарлау- менеджменттің функциясы, сыртқы ортаның жағдайлары мен
факторларын
талдау, болжау, оңтайландыру, мақсатқа жету үшін баламалы нұсқауларды бағалау,
жос-
пардын ең тиімді нұсқасын тандау жөніндегі жұмыстар кешені.
Жоспарлау нəтижесі- жоспар, экономикалық ортаны жəне алға қойылған
мақсаттар-
ды жағдайға орай болжау негізінде жасалған іс-қимылдар нəтижесі.
Өнімді жоспарлау- өнімнің түр түрін үздіксіз жанарту, оның құрылымын
жетілдіру
жəне тауардын тұтынушылық қасиеттері мен сипаттамаларын сатып алушылардың
талаптарына сай ету процесі.
Кəсіпорынның пайдасын жоспарлау кəсіпорынның өткізу көлемі мен пайдасын
молай-
туға бағытталған ресми шара, ол стратегиялық жоспарлау мен маркетингіні жоспарлау-
дан тұрады.
Ағымдағы жоспарлаудың мақсаты- кəсіпорынның үздіксіз, ырғақты, теңестірілген
жұ-
мысын уақыт аралығы мен құрылымдық бөлімшелер бойынша қамтамасыз ету.
Өндірістік қуат- уақыт өлшемінде тау-кен кəсіпорны ресурстардың барлық түрін
тиімді пайдалану кезінде барынша жоғары көлемінде пайдалы кенбайлық шығару қа-
білеттілігі.
Өткізілген өнім құны-басқа тұтынушыларға сатқан жəне олар ақысын төлеген
өнімдер, жұмыстар жəне қызметтер құны.
14 Өндірісті жəне еңбек ұжымын басқаруды ұйымдастыру
Басқару- жүйенің жаңа, сол жүйеге арналған күйге көшу.
Басқару ғылымының мазмұны-өндірісті басқару заңдылықтарын анықтау, басқару
жүйесімен басқарылатын жүйенің бірлігі мен арақатынасын зерттеу, өндірісті басқару
процесіндегі адамдардың нысаналы қызметінің қағидасы, функциялары мен əдістерін
əзірлеу.
Өндірісті басқару міндеті- өндірісті басқару қатынастарының механизмін
түсіндіру, практиктердің нақты міңдеттерді шешудің жолдары мен əдістерін табуына
теориялық, əдісна
малық негізде көмектесу.
Шешім қабылдау- ақпарат алмастыру сияқты кез келген басқару қызметінің
құрамдас бөлігі, қажетті басқарушының алға қойылған мақсатының қалыптасуы мен сол
мақсатқа жетуіндегі іс - қимылын түгелдей қамтиды.
Ұйым- алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы
үйлестірілуі.
Басқару құрылымының негізгі түрлері- сызықтық (желілі), функционалдық
(атқарымдық), желілі-атқарымдық, сызықтық-штабтық, жобалық, матрицалық
құрылымдары.
Өндірістік процесті ұйымдастыру үшін басшылық еркімен құрылған ұжым- ресми
топтар деп аталынады.
15 Тау-кен кəсіпорнының шаруашылық қызметің талдау
Шаруашылық жүргізуші субьект- шаруашылық қызметпен айналысушы заңды
немесе жеке тұлға. Ол тауар өндіретін, өткізетін, сатып алатын не қызметтер
көрсететін, жұмыстарды орындайтын, мемлекеттік жəне басқа кəсіпорындар, олардың
филиалдары,акционерлік қоғамдар мен басқада серіктестіктер, концерндер, бірлестіктер,
банктер, əр түрлі қорлар мен ұйымдар.
Экономикалық талдау- зерттелетің экономикалық жүйені бөлек элементтерге
мүшелеу жəне соңынан оларды біртұтас синтезін жасау.
Экономикалық талдау əдісі- шаруашылықтың қалыптасуына жəне дамуына
экономикалық процестерді зерттейтін ғылыми сала. Шаруашылық қызметін жан-жақты
сипаттайтын жүйенің көрсеткіштерін пайдалану, көрсеткіштердің өзгеріс себептерін
зерттеу, əлеуметтік-экономикалық қызметін көтеру мақсатымен өзара байланыстылығын
өлшеу жəне білу ерекшеліктерін атауға болады.
Салыстырмалы талдау- талдайтын объектілер көрсеткіштерінің сандық мəндерін
базалық кезең (немесе басқа кезеңдерімен) мəндерімен, басқа ұқсас обьектілерінің
көрсеткіштерімен, нормативтік деңгеймен салыстыру. Бұл кеңінен таралған тəсіл.
Талдаудың элиминациялау əдісі- бұл негізгі көрсеткіштің өзгерісінде жеке
факторлардың ықпалын өлшеу үшін қолданылатын əдіс.
Факторлық талдау- бұл функцияға немесе қорытынды белгілерге факторлардың
ықпал етуші күштерін анықтау, яғни факторларды реттеуші тəртіп.
Индекстік талдау- индекстер көмегімен күрделі экономикалық көрсеткіштердің
жалпы өзгерісінің сипаттамасы шешіледі.
Болжау- бұл арнаулы əдістерінің көмегімен болашақ құбылыстарды күні бұрын
айту, алдын ала көре білу.
Шығу туралы мəліметтер
СП ОЭК “Экономика жəне минералды ресурстарды басқару”
кафедрасының мəжілісінде талқыланған
2008ж. “18” қараша №6 хаттамасы
СП ОЭК Экономика жəне бизнес институтының Ғылыми –
əдістемелік кеңесінде талқыланып , мақұлданған
200_ ж. “20” қараша № 2 хаттамсы
050707 – Тау – кен ісі мамандығына арналған “Тау – кен кəсіпорнының экономикасы,
жоспарлау жəне басқару” пəні бойынша
ОҚУ - ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Қабылбеков Мэлс Ғабитұлы
Басуға _________ 200_ ж. қол қойылды. Пішіні 60х84х 1/16. Кітап – журнал қағазы.
Көлемі ______ , ес.- б.т. Таралымы ________ дана. Тапсырыс № _________ .
Қ.И. Сəтбаев атындағы баспа типографиясында басылған.
Алматы қаласы. Ладыгин көшесі, 32
Document Outline - 2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
- 2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
- 2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
- 2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
- 2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
- Дұрыс жауаптары
- ГЛОССАРИЙ
- 3 Тау – кен кәсіпорнының айналмалы капиталы
Достарыңызбен бөлісу: |