Студенттің ПƏндік оқУ Əдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата06.04.2017
өлшемі0,76 Mb.
#11190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Негізгі əдебиеттер2 нег [44-68, 89-119]; 3 нег [172-184].
Қосымша əдебиеттер: 10 қос [4-14]; 20 қос [30-43].
Бақылау сұрақтары:
1. Кəсіпорынның орналасу принциптері.
2. Кəсіпорынның жұмыс істеуінің негізгі принциптері.
3. Кəсіпорынның əр түрлі белглері бойынша жүктелуі.
     4.    Жаңа кəсіпорынның жобалық қуатын анықтау.
     5.    Жұмыс істеп тұрған кəсіпорынның өндірістік қуатын анықтау əдістері.
3 - дəріс. Кəсіпорынның негізгі капиталы
Капитал өндіріс факторларының бірі болып саналады. Өндіріс факторлары өнім өндіру
барысында пайдаланатын еңбек, материал, капитал жəне қаржы ресурстары.
Кең маңызда капитал – табыс əкелетін нəрселердің бəрі. Тар маңызда алғанда капитал –
табыстың  жұмыс  істеп  тұрған  қайнар  көзі, ол  іске  құрал – жабдығы, ақшалай  қаражат,
зияткерлік меншік түрінде жұмсалады.
Нарықтық экономикада капиталды негізгі жəне айналмалы түрлеріне бөледі.
Негізгі  капитал - өндірістік  процесте  бірнеше  рет  қатысады  жəне  өзінің  құнын  дайын
өнімге біртіндеп бөліктер бойынша көшіреді.
Есеп  тəжірибесінде «негізгі  қорлар» мен «негізгі  құралдар» деген  терминдер
пайдаланады.
Өндіріс  процесіне  бірнеше  рет  қатысатын  өзінің  заттақ  нысанын  сақтайтын, өзінің
құнын дайын өнімге бөліп көшіретін еңбек құралдарын негізгі қорлар дейді.
Бухгалтерлік  есепте  ақшалай  түрде  алынған  негізгі  қорларды  негізгі  құралдар  деп
атайды.
Негізгі  капитал  құрамына  негізгі  қорлардан  басқа  аяқталмаған  күрделі  құрылыс  жəне
ұзақ мерзімді инвестициялар кіреді.
Сонымен негізгі қорлар – материалдық өндіріс саласында, өндіріс емес саласында заттай
нысанда  ұзақ  уақыт  бойынша  жұмыс  істейтін, өндіріс  процесіне  бірнеше  рет  қатысатын,
заттай  нысанын  сақтайтын  жəне  өзіндік  құнын  дайын  өнімге  бөліп  көшіретін  еңбек
құралдары.
Еңбек  құралдары  мен  еңбек  заттары  кəсіпорынның  өндірістік  қорларына  жатады  жəне
оның материалдық заттай негізін құрайды.
Өнім  өндіруге  тікелей  өндірістік  жабдықтар, машиналар  мен  агрегаттар  қатысатыны
белгілі.  Ал  үйлер,  ғимараттарды  алатын  болсақ,  олар  өнім  өндіруге  жағдай  ғана  туғызады.
Осы себептен негізгі қорлар актив жəне пассив бөліктерден тұрады.
Екіншіден, негізгі  қорлар  қызметі  жəне  пайдалану  саласы  бойынша  өндірістік  жəне
өндірістік  емес  қорларға  бөлінеді. Ақырларына  баланста  тұрған  үйлер, балабақшалар,
мəдени – тұрмыстық, спорт қызметін көрсететін объектілер жатады.
Негізгі  қорлар  өндіріске  қатысу  қызметі  бойынша, пайдалану  мерзімі, өндіріс
нəтижесіне əсер ету жағынан тіркелген активтер ретінде былай топтасады: үйлер, ғимараттар

(мұнай, газ  ұңғымаларды  жəне  беріліс  құрылғыларды  қоспағанда); машиналар  мен
жабдықтар (мұнайгаз өндіретіндерді қоспағанда); кеңсе машиналары мен жабдықтары; басқа
топтарға енгізілмеген тіркелген активтер.
Ішкі  фирмалық  бухгалтерлік  есептерді  қолайлы  жəне  жеңілдету  үшін  негізгі  қорлар
құрамына  қызмет  мерзімі  бір  жылдан  асқан, сатып  алынған  құны 50 айлық  есептік
көрсеткіштен (АЕК) астам болатын материалдық активтер енгізіледі.
Негізгі  қорлар  арасындағы  өзара  қатынасты  олардың  құрылымы  дейді. Негізгі  қорлар
құрылымы əр түрлі болады, олар өндіру технологиясы мен техникасы, еңбек затының сипаты
мен түріне жəне тағы басқаларымен байланысты.
Бұрын  айтқандай  негізгі  қорлар  актив  жəне  пассив  бөліктерінен  тұрады. Өндірістік
процесс неғұрлым механикаландырылған жəне автоматтандырылған болса негізгі қорлардың
актив бөлігінің үлесі анағұрлым жоғары болады.
Негізгі капиталды бағалау түрлері мен қайта бағалау тəсілдері
Нарықтық  экономикаға  көшу  кезінде  негізгі  қорлардың  құнын  анықтау, олардың
сертінін, шамасын, құрылымы мен құрамын білу өте маңызды.
Негізгі қорларды бағалау амортизация аударымдарды (өтелім жарнасы), өнімнің өзіндік
құнын (ӨӨҚ) жəне өндіріс тиімділігін есептеу үшін қажет.
Негізгі  қорлардың  есебі  заттай  жəне  ақшалай  көрсеткіштермен  жүргізіледі. Заттай
көрсеткіштер  есебі  əр  жылдық  түгендеу  мен  техникалық  төлқұжат  арқылы  жүргізіледі.
Түгендеу дегеніміз кəсіпорын балансында есептеулі мүліктің бар – жоғын, оның сақталуын
жəне  сақталуының  дұрыстығын  тексеру (мысалы, жабдықтардың  санын, үйлер  мен
құрылыстардың көлемін жəне т. б.).
Заттай көрсеткіштермен қатар негізгі құралдардың ақшалай көлемі есепке алынады. Сол
арқылы  негізгі  қорлардың  тозу  дəрежесі  белгіленеді, амортизациялық  аударымдары
есептелінеді, өнімнің  өзіндік  құнының  калькуляциясы  жасалынады, өнімнің  қор
сыйымдылығы анықталады, өндірістің пайдалылығы табылады.
Негізгі қорлардың есеп пен бағалау тəжірибесінде оның бірнеше түрлері қолданылады.
Бухгалтерлік  есеп  пен  есептемеде  негізгі  қор баланстық құн (бастапқы  немесе  қалпына
келтіру құны) бойынша көрсетіледі.
Негізгі қорлардың бастапқы құнына оларды сатып алуға, салуға, дайындауға, жеткізуге,
монтаждауға жұмсалған нақты шығындар жатады.
Қалпына келтіру құны – негізгі қорлардың қазіргі кезең жағдайына жəне осы кезеңдегі
баға бойынша өндіру  құны. Ол жұмыс істеп тұрған негізгі  қорларды олардың нақты жəй –
күйі  мен  сапалық  тозуын  ескере  отырып  қайта  бағалау  жолымен  айқындалады. Нарықтық
экономикаға көшу кезінде негізгі қорлардың  құнын  инфляция (құнсыздану) əсерін еске ала
отырып қайта бағалауды жиірек жүргізу керек.
Негізгі қорлар  пайдалану  барысында  бірте – бірте  тозады, осы  факторды  есептеу үшін
қалдықтық құны қолданылады. Қалдықтық құн – ол негізгі қорлардың баланстық (бастапқы
немесе қалпына келтіру) құны мен тозу сомасының арасындағы айырмамен анықталады.
Негізгі капиталдың тозуы мен амортизациясы
Өнім  өндіру  процесінде  негізгі  қорлар  тозудың  екі  түріне  тап  болады:  табиғи  жəне
сапалық (моральдық) тозуға.
Табиғи  тозу  дегеніміз – негізгі  қорлар  элементтерінің  материалдық  тозуы, олардың
өндірістік тұтыну барысында жəне табиғаттың табиғи күштерінің əсерінен тұтынылу құнын
жоғалтуы. Табиғи тозу коэффициенті (К
Т
) негізгі қорлардың тозу сомасы (НҚ
Т
) мен олардың
баланстық құнына (НҚ
БАЛ
) қатынасымен анықталады:
К
Т
=НҚ
Т
/НҚ
БАЛ
.
Негізгі  қорлардың  əр  түрлі  топтарының  табиғи  тозуының  деңгейін (К
Н
) мына
формуламен анықталады:

К
Н
= (НҚ
Б
-НҚ
Қ
)/НҚ
Б
,
мұндағы НҚ
Б
 жəне НҚ
Қ
– негізгі қорлардың бастапқы жəне қалдық қорлары.
Егер  еңбек  құралдарының  табиғи  тозуы  оларды  пайдалану  нəтижесінде, сақтау
жағдайында жəне атмосфера əсерінде техникалық қасиеттері мен сипаттамаларын жоғалтқан
болса, сапалық тозуы кəсіпорындағы негізгі қорлар бағасының олардың жаңа, арзандау жəне
өнімділігі жоғары түрлерінің шығарылуы нəтижесінде төмендеуімен байланысты.
Сапалық  тозуға  ұшыраған  негізгі  қорлар  нормативтік  қызмет  мерзімінен  өтпеседе
техникалық  неғұрлым  жетілдірілген  жəне  өнімділігі  жоғары, арзандау  негізгі  қормен
ауыстырылғаны жөн.
Сапалық тозу коэффициенті (К
С
) төменгі формуламен есептелуі мүмкін:
К
С
= (С
Б

Қ
)/С
Б
,
мұндағы С
Б
 – бұрынғы жабдықтың бастапқы құны;
С
Қ
 – бұрынғы жабдықтың қалпына келтіру құны.
Негізгі қорлардың жалпы тозу коэффициенті былай есептеледі:
К
О
=1-(1-К
Т
)(1-К
С
).
Амортизация (өтелім) – негізгі  қорлардың  тозуына  қарай  олардың  құнын  өндірілген
өнімге бірте – бірте көшіру жолымен өтеу процесі.
Амортизацияның  ақшалай  сипаты  амортизациялық  аударымдар  болып  табылады.
Тозудың ақшалай құны өнімнің өзіндік құнына енгізіледі.
Сонымен, негізгі  қорлардың  тозуын  толтыру  үшін, яғни  оны  ұдайы  өндіру  үшін, осы
қорлар  бір  бөлігін  аударып  отыруды  өтелім  жарнасы  дейді, ол  өнімнің  өзіндік  құнының
«Амортизация» элементін құрайды.
Амортизация  қоры  деп  мезгіл  сайынғы  өтелім  жарнасын  аудару  жолымен  құрайтын
ақшалай  қаржаттың  мақсатты  қорланымы. Оның  сомасы  амортизацияланатын  негізгі
қорлардың орташа құнымен амортизация нормасының шамасынан құрылатын туынды сома.
Амортизация нормасы дегеніміз процент (пайыз) түрінде алынған қор құнының жыл (ай)
сайынғы үлес салмағы.
Жоғарыда айтып кеткендей жылдық амортизациялық аударымдары (А
Ж
) негізгі қордың
құнын (НҚ) амортизация нормасынан (Н
А
) көбейтумен табылады:
А
Ж
=НҚ·Н
А
/100
Амортизациялық аударымдарды есептеу үшін қолданатын əдістер келесідей:
1. біркелкі (бір қалыпты) əдіс;
2. өндірістік əдіс – негізгі қорлардың құнын өнім шығару көлеміне тепе-тең əдіспен
есептен шығару;
3. қалдықты азайту (кеміту) əдісі;
4. кумуляциялық (шоғырланбалы) əдіс – амортизация  кезеңінің  жылдар  санының
қосындысы бойынша есептен шығару;
5. кемітілмелі құн əдісі.
Негізгі  қорлардың  бар-болуы, жай-күйі, қозғалысы  жəне  пайдалануының
сипаттамасы
Кəсіпорынның  балансында  негізгі  қорлардың  есепті  кезеңінің  басында  жəне  соңында
мынадай мəліметтер келтірілуі тиіс: бастапқы құны, тозу жəне қалдықтық құны.
Негізгі қорлардың жай-күйін білу үшін түгендеу жұмыстарын жүргізеді.
Негізгі құралдардың қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер мынандай:

· іске қосу коэффициенті;
· негізгі қорлардың жаңартылу коэффициенті;
· істен шығу коэффициенті;
· жойылу коэффициенті.
Негізгі  қорлардың  серпінін  сипаттайтын  көрсеткіштер  болып  негізгі  қорлардың, оның
ішінде  актив  бөлігінің, нақты (абсолюттік) жəне  қатысты  өсуі, негізгі  қорлардың  өсуінің
біркелкілігі, негізгі қорлардың жарамдылық жəне тозу коэффициенттері болып саналады.
Негізгі  қорларды  бағалау, пайдалану  дəрежесін  анықтау, негізгі  қорлардың
амортизациялық аударымдарын есептеу үшін олардың орташа жылдық құнын білу керек.
Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны келесідей анықталады:
НҚ
Ж
=НҚ
ЖБ
+
å
НҚ
Е
 · t
1
/12 –
å
НҚ
Ш
(12 – t
2
)/12
мұндағы НҚ
ЖБ
 – негізгі қорлардың жыл басындағы құны, тенге;
НҚ
Е
 – жыл бойы жаңадан енгізілген (іске қосылған) негізгі қорлардың құны;
НҚ
Ш
 – жыл ішінде істен шыққан негізгі қорлардың құны;
t
1
  жəне  t
2
 – жаңадан  енгізілген  жəне  істен  шыққан  негізгі  қорлардың  толық
пайдаланған айлар саны.
Негізгі  қорлардың  орташа  жылдық  құны  хронологиялық  орта  мəнін  есептеу  арқылы
табуға болады.
Негізгі  өндірістік  қорларды  пайдалануының  тиімділігін  анықтау  үшін  бірнеше
экономикалық  көрсеткіштер  пайдаланылады. Олар  жалпы  қорытынды, жинақтау  жəне
талдамалы  жекеленген  көрсеткіштерге  бөлінеді. Көрсеткіштер  тағы  заттай  жəне  құндық
нысанында болуы мүмкін.
Жалпы  қорытынды  көрсеткіштерге  өндіріс  пайдалылығы,  қор  қайтарылымы,  қор
сыйымдылығы жəне еңбектің қормен жарақтандырылу жатады. Жалпы көрсеткіштер барлық
негізгі  өндірістік  қорларды  пайдалануын  сипаттайды, ал  жеке  көрсеткіштер  негізгі
қорлардың жекеленген топтары мен ішкі топтарын пайдалануын білдіреді.
Жеке (талдамалы) көрсеткішке  бірінші  кезекте  негізгі  өндірістік  қорлардың  актив
бөлігін пайдалануының техникалық-экономикалық көрсеткіштері жатады.
Негізгі  өндірістік  қорлардың  бүкіл  жиынтығын  пайдалануының  қорытындылаушы
көрсеткіші  болып  қор  қайтарылымы  саналады. Қор  қайтарылымы (ҚҚ) өндірілген  жəне
өткізілген  өнім  (ӨӨ)  құнының  орташа  негізгі  қорлар  құнына  қатынасын  сипаттайтын
экономикалық көрсеткіш:
ҚҚ= ӨӨ/ НҚ.
Негізгі  қорды  пайдалануының  көрсеткіші, негізгі  құралдардың  құрылымының  жəне
оның актив бөлігінің қайтарылымының өзара байланыстарын мына үлгі көрсетеді:
ҚҚ
А
= ӨӨ/ НҚ
А
; d
A
= НҚ
А
/ НҚ; ҚҚ= ҚҚ
А
· d
A
,
мұндағы ҚҚ
А
 – негізгі қорлардың актив бөлігінің қайтарылымы;
НҚ
А
 – негізгі қорлардың актив бөлігінің орташа құны;
d
A
 – негізгі қорлар құнындағы актив бөлігінің үлесі.
Қор қайтарылымына кері көрсеткішті қор сыйымдылығы деп атайды, ол өндірілген жəне
сатылған өнімнің бір өлшеміне шаққандағы негізгі өндірістік қорлардың мөлшерін көрсетеді:
ҚС=1/ҚҚ=НҚ /ӨӨ.
Қор  сыйымдылығы кəсіпорынның  ақшалай  тұлғадағы  өндірілген  жəне  сатылған
өнімнің  бір өлшеміне шаққандағы негізгі өндірістік қорлардың, не олардың актив  бөлігінің

мөлшерін  көрсетеді. Осы  көрсеткішті  кейбірде  негізгі  құралдарды
орнықтыру
коэффициенті дейді.
Қор  сыйымдылығын  төмендету  арқылы  біз  қоғамдық  еңбек  өнімділігін  арттырамыз,
өнім  шығару көлемін ұлғайтамыз, күрделі қаржы салымдарын  үнемді пайдаланамыз. Тау –
кен  өнеркəсібінің  кəсіпорындарында  өнімнің  қор  сыйымдылығына  əсер  ететін  факторлар
болып  негізгі  қорлар  мен  өнім  өндіру  өрлеу  қарқындардың  арақатысы, өндірісті
ұйымдастыру  нысаны, өнімнің  материал  сыйымдылығы, өндіріс  циклінің (кезеңінің)
ұзақтығы, технологиялық  жабдықтардың  қызмет  ету  мерзімі, еңбектің  қормен
жарақтандырылуы мен еңбек өнімділігі жатады.
Тағы  бір  маңызды  көрсеткіш – өндірістің  пайдалылығы. Ол  пайданың  өндірістік
қорлармен  нормаланатын  айналым  қаражаттарының  қатынасымен (процент  есебімен)
айқындалады.
ӨП=П·100/(НҚ+АҚ
Н
),
мұндағы ӨП – өндірістің пайдалылығы, %;
  П – баланстық, жалпы немесе таза пайда, теңге;
АҚ
Н
 – кəсіпорынның нормаланатын айналым қаражаттары.
Өндірістің  пайдалылығы  өндірістік  қызметтің  белгілі  бір  уақыт  кезеңі  ішіндегі
пайдалылығын  сипаттайтын  кəсіпорындар  қызметінің  маңызды  көрсеткіштерінің  бірі,
шығындар  қайтарымының  деңгейі  жəне  өнім  өндіру  мен  сату  процесінде  қаражаттың
пайдалану дəрежесі.
Негізгі өндірістік қорлар құнының өндірістік қызметкерлер санына қатынасын еңбектің
қормен жарақтандырылуы дейді:
ҚЖ=НҚ /N немесе НҚ
БАЛ
/N,
мұндағы ҚЖ – еңбектің қормен  жарақтандырылуы, бір жұмыс  істейтін адамға шаққандағы
теңге
.
көлемі;
                 N – тізімдегі өндірістік қызметкерлер саны.
Еңбектің  қормен  жарақтандырылуы  өндірістік  негізгі  қорлардың  орташа  жылдық
баланстық құнының ауысымдағы жұмыс істейтіндердің, не жұмысшылардың ең көп санына,
не олардың орташа тізімдік санына қатынасымен айқындалады.
Негізгі  қорлардың  актив  бөлігін  пайдалану  көрсеткіштері  жеке  көрсеткіштерге  жатады
жəне олар мынадай:
1. Машиналар мен құрал – жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициенті олардың
уақыт аралығында пайдалану деңгейін көрсетеді де мына формуламен анықталады:
К
ЭКС
= t
Н
/ t
Ж
,
мұндағы t
Н
 – машиналар мен құрал – жабдықтардың нақты жұмыс істеу уақыты, сағат;
t
Ж
 – машиналар  мен  құрал – жабдықтардың  жоспарлы  немесе  норма  бойынша
есептелген
.
.
       жұмыс уақыты, сағат.
2. Машиналар  мен  құрал – жабдықтарды  интенсивті, яғни  оның  өнімділігі (қуаты)
бойынша пайдалану коэффициенті:
К
ИН
= В
Н
/ В
Ж
,
мұндағы В
Н
 – белгілі бір кезеңде жабдықтардың нақты өндірімі немесе өнімділігі;
В
Ж
 – технологиялық жабдықтардың нормативтік, техникалық негізделген өнімділігі.
3. Машиналар  мен  құрал – жабдықтарды  уақыт  аралығындағы  жəне  өнімділігі (қуат)
бойынша  пайдаланылатын  көрсеткішті  оларды  интегралды  пайдалану  коэффициенті  дейді.

Ол  жабдықтарды  экстенсивті  жəне  интенсивті  пайдалану  коэффициенттердің  көбейтіндісі
ретінде анықталады:
К
ИНТ
= К
ЭКС
 · К
ИН
,
4. Жабдықтарды  экстенсивті  пайдалануын ауысу  коэффициенті сипаттайды, ол  мына
формуламен есептеледі:
К
А
= М
К
/ М,
мұндағы М
К
 – жабдықтың бір күнде жұмыс істеген жалпы машина – ауысымдар саны;
М – іске қосылған жабдықтар саны.
Өндірістің  тиімділігін  арттырудың  ең  маңызды  шарттарының  бірі  жұмыс  істеп  тұрған
өндірістік қорларды жақсарту болып табылады.
Жоғарыда  айтылғандай  қор  қайтарылымы  негізгі  өндірістік  қорларын  пайдаланудың
тиімділік көрсеткіштердің бірі. Кəсіпорындардың қорлар мөлшерінің өсуімен қатар олардың
есесін қайтаруды арттырудың мəні де өседі. Қор қайтарылымы негізгі өндірістік қорлардың 1
теңгесіне  келетін  өнім  өндірумен  белгіленгендіктен  болғанымен  барынша  ақшалай  көп
көлемінде пайдалы қазбаларды  сату  керек. Ал негзгі құралдар қысқа мерзім  ішінде өздерін
өздері ақтауы тиіс.
Еңбектің  қормен  жарақтануының  өсуі  де  негізгі  қорларды  тиімді  пайдалануға  ықпал
етеді.
Негізгі  қорларды  тиімді  пайдалануы  өндіріс  факторларын  үнемдеуді  қамтамасыз
етуімен,  өнімнің  өзіндік  құнын  азайтумен  тығыз  байланысты.  Ол  үшін  еңбек  ресурстарын,
материал  шығындарын  өнімнің  бір  өлшеміне  азайтып  материал  мен  еңбек  сыйымдылығын
төмендету керек.
Өндіріске  жаңа  жоғары  өнімділігі  бар  техниканы  енгізу  жəне  оны  неғұрлым  толық
пайдалану негізінде ең алдымен негізгі қорлардың актив бөлігін жетілдіру жөніндегі, ілгері
технологиялық  процесті, өндірісті  кешенді  түрде  механикаландыру  жəне  автоматтандыру
жөніндегі  шаралар  қолдануы  тиіс.  Сондай  –  ақ  өткізуге  мүмкін  өнімді  жаңғырту,  оның
сапасын арттырып, сапалы кенбайлықтың көлемін ұлғайтып, өндіріс факторларын неғұрлым
орынды  пайдалану, өнімнің  өзіндік  құнын  арзандатып  жəне  олардың  негізінде  өндірістің
пайдалылығын арттыру жөніндегі шараларды құрастыру керек.
Негізгі  өндірістік  қорлардың  актив  бөлігін  толық  жəне  үнемді  пайдалануда
жабдықтардың  жұмысында  болатын  ысыраптарды, бос  қарап  тұрушылықты  азайтудың
рөліне  баға  жетпейді. Бұл  жерде  əлі  де  болса  көптеген  кəсіпорындарында  жабдықтардың
ауысымдық  коэффициенті  төмен  деңгейде. Кəсіпорынның  өндіріске  жұмсалғна  көп  шығын
болуы өндірістік қуаттар мен жабдықтардың өнімділгін толық пайдаланылмауынан туады.
Өндірістік  қорды  пайдалануды  жақсарту  ресурс  үнемдейтін  технологияны  енгізумен,
ғылыми-техникалық жетістіктерін пайдаланумен, еңбек ресурстарын, энергия жəне материал
шығындарын  үнемдеумен, негізгі  қорлардың  актив  бөлігінің  қуатын  арттырумен, өнімнің
сапасын  жақсартумен, пайдалы  кенбайлықтардың  өзіндік  құнын  азайтумен, өндірістің
пайдалылығын арттырумен тығыз байланысты.
Негізгі əдебиеттер: 1 нег. [26-57]; 2 нег. [145-211]; 3 нег. [319-324].
Қосымша əдебиеттер: 9 қос. [25-46]; 10 қос. [36-43];11 қос. [64-70].
Бақылау сұрақтары:
1.
Негізгі капитал мен негізгі қорлар арасында айырмашылық бар ма?
2.
Негізгі қорлардың құрамы мен құрылымы қалай сипатталады?
3.
Негізгі қорлардың қандай бағалау түрлерін білесіз?
4.
Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы.
5.
Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштерін жəне жақсартудың негізгі
бағыттарын айтыңыз.

4 – дəріс. Кəсіпорнының айналым қаражаттары
Капитал  деп  тауар  өндіру  мен  қызметтер  көрсетуге, инвестициялық жұмсалым  ретінде
пайдаланылатын  ақшалай  соманы  айтады. Капитал  мына  түрлерде  болуы  мүмкін - өндіріс
құрал – жабдығы (өндірістік  капитал), ақша (ақшалай  капитал) жəне  тауарлар (тауар
капиталы). Өндірістік  капитал  екіге  бөлінеді: негізгі  капитал  мен  айналмалы  капиталға.
Негізгі  капиталдан  айналмалы  капиталдан  айырмасы - өзінің  құнын  жаңадан  өндірілген
пайдалы  қазбаларға  толық  көшіріп, өндірушіге  капиталдың  əрбір  ауыспалы  айналымының
соңында ақшалай нысанында қайтарылады.
Тау – кен кəсіпорнының əдеттегі жəне үздіксіз жұмыс істеу үшін негізгі қорлардан басқа
айналмалы  өндірістік  қорлар  мен  айналыс  қорлары  болуы  тиіс. Ақшалай  нысанда
көрсетілген  айналмалы  қорлар  мен  айналыс  қорлардың  сомасын  кəсіпорынның  айналым
қаражаттары дейді.
Сонымен пайдалы қазбаларды өндіру мен сатудың үздіксіз үдерісін қамтамасыз ету үшін
тау – кен  кəсіпорнында  жеткілікті  көлемде  айналым  қаражаты  болуы  керек. Айналым
қаражаты кəсіпорынның ақшалай қаражат жиынтығы.
Тау – кен  кəсіпорындарының  өндірістік  қорларының  бір  өндіріс  кезеңінде  түгел
тұтынылатын  жəне  өзінің  құнын  өндірілетін  пайдалы  қазбаларға  толық  көшіретін, табиғи
нысанын  сақтамайтын  қорлар  жəне  аяқталғаннан  кейін  ақшалай  қайтарылатын  бөлігін
айналмалы қорлар деп атайды.
Айналмалы  өндірістік  қорлар  өндірістік  процесті  бастауға  дайындалған  кезде  еңбек
заттарынан  тұрады. Айналмалы  өндірістік  қорларды  жоспарлау  мен  есепке  алу
тəжірибесінде үш топқа бөлуге болады:
1. өндірістік  қосалқы  қорлар (қазбаларды  бекіту  материалдары, жарылғыш  заттар
қорлары, жабдықтарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектері, отын жəне т.б.);
2. аяқталмаған өнім;
3. болашақ кезеңдер шығындары.
Кəсіпорында материалдық құндылықтар қорының бір бөлігі өндірісте болады, ал екінші
бөлігі - өндірістік  процеске  дайын  қоймада  жатуы  мүмкін, оны  қойма  қоры  дейді.
Материалдық құндылықтардың бір бөлігі жолда болып кəсіпорынның көлік қорын құрады.
Тау – кен  кəсіпорны келесі есептік кезеңдерге жататын шығындарды  жұмсауы  мүмкін,
яғни бұл шығындар  пайдалы қазбалар  өндірудің  ағымдағы шығындарға  ғана  жұмсалмайды
тағы болашақ кезеңдерге өнім өндіруге арналған шығындарды қамтиды.
Тау – кен өнеркəсібінде болашақ кезеңдер шығындарына кен-даярлау жұмыстарын жəне
аршу  жұмыстарын  жүргізу  шығындары, металдан  жасаған  бекітпелік  тіреулерду,
конвейерлік  таспаларды, икемді  кабельдерді, теміржол  рельстерді  сатып  алуға  арналған
шығындар жатады.
Болашақ кезеңдер шығындары – кəсіпорынның болашақ кезеңде өнім өндіруге арналған
ағымдағы  шығыстары. Кейде  айналмалы  қаражаттың  бір  бөлігі  аяқталмаған  өндіріс
шығындарына жұмсалады.
Айналыс  қорлары  айналыс  саласында  жұмыс  істейтін  кəсіпорындарының  қаражаты.
Айналыс қорлары кəсіпорынның айналым қаражаттарының бір бөлігін құрайды, дайын жəне
өткізілген  өнім  қалдықтарынан, қоймадағы  дайын  өнімнен  немесе  сатып  алушыларға
жөнелтілген, бірақ  олар  əлі  ақысын  төлемеген  өнімнен, есеп  айырысу  шотесебіндегі,
кассадағы  ақшалай  қаражаттан, сондай – ақ, есеп  айырысудағы  қаражаттан (дебиторлық
берешектерден) құралады.
Кəсіпорын айналым қаражаттарының айналымы
Тау – кен кəсіпорынның өндіріс процесі жəне оның өндірілген өнімі айналыс процесінде
үздіксіз  болуы  тиіс. Айналым  қаражаттың  бір  бөлігі  өндіріс  саласында, ал  екінші  бөлігі –
айналыс саласында болады.
Капиталдың өндіріс саласынан айналыс саласына көшуін капиталдың  айналымы дейді.
Капиталдың  айналымы  –  капиталдың  ауыспалы  айналымы,  ол  дүркін  –  дүркін  жаңарып

отырған  процесс  ретінде  қаралады, оның  дейректі  түрде  авансылануын (өндіріс  құрал –
жабдығын сатып  алуға, жалақы  төлеуге аванс берілуін), өндірілген  пайдалы  кенбайлықтың
сатылуын, бастапқы нысанға қайтып оралуын қамтиды.
Сөйтіп  бұл  процесте  ақша  капиталы  өндіргіш  капиталға, өндіргіш  капитал  тауар
капиталына  жəне  тауар  капиталы  ақша  капиталына  айналады. Сонымен  капитал (айналым
қаражаттар) үш сатыдан өтеді.
Бірінші  сатысында  ақшалай  қаражаттар  оларсыз  өндірістік  процесс  орындалуы  мүмкін
болмайтын  əр  түрлі  материалдық  құндылықтардың  өндірістік  қорларына  ауысады, яғни
ақшалай нысаннан өндіріс құрал – жабдығы мен жұмыс күші нысанына ауысады. Осы кезде
кəсіпорын  қосалқы  материалдарды, бекітпелік  материалдарды, жарылғыш  заттарды, жару
құралдарын, жабдықтарға қосалқы бөлшектерді, құрал – саймандарды сатып алады.
Екінші сатысында өндірістік қорлары дайын өнім шығаруға жұмсалады, өндіріс процесі
жүзеге асырылып пайдалы қазбалар өндіріледі.
Үшінші  сатысында  кəсіпорын  өзінің  өндірген  өнімін  сатып, өткізіп, өнімге  жұмсалған
қаражатын қайтарып, пайда алуға күш салады. Осы процесс аяқталған бойда капитал қайта
ақша нысанына ие болады.
Бірінші жəне үшінші сатылары айналыс саласына, ал екінші сатысы – өндіріс саласына
жатады. Сонымен ақша тауарға айналып, тауар қайтадан ақшаға ауысады, үздіксіз өндірістік
процесс қайталанады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет