Студенттің ПƏндік оқУ Əдістемелік кешені


Тау-кен кəсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата06.04.2017
өлшемі0,76 Mb.
#11190
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Тау-кен кəсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру
       Өндірісті  ұйымдастыру-  кəсіпорынға  бөлінген  ресурстарды  неғұрлым  ұтымды
пайдалана  отырып, белгіленген  сапалық  көрсеткіштердегі  жоспарлы  тапсырмаларды
орындау  мақсатымен  нақты  əлеуметтік-экономикалық  жағдайда  жүзеге  асырылатын  нақты
еңбек  процесін  өндірістің  материалдық  элементтерімен  неғұрлым  тиімді  ұштастыру
шараларының кешені.
       
Өндірісті  ұйымдастырудың  негізгі  міндеті-  бір  жағынан  жанды  еңбекті (жұмыс
күшін), екінші  жағынан, еңбек  құралдары  мен  заттарын  уақыт  жəне  кеңістікте  неғұрлым
ұтымды түрде біріктіру мен пайдалану.
       Əрбір  кəсіпорында  өндірісті  ұйымдастыру  саланың  ерекшеліктеріне, өндіретін  өнім
түріне, қоғамдық еңбек бөлінісінің дəрежесіне байланысты жəне мынадай негізгі жүйелерден
құрылады:
—  өндірісті техникалық жағынан дайындау;
—  ұтымды өндірістік құрылымды құру жəне негізгі өндірістік процестерді ұйымдастыру;
—  өндіріске техникалық қызмет көрсету;
—  кəсіпорын қызметінің функциялық бағыттарын жасау;
—  өндірісті басқару.
       Негізгі өндіріс- кəсіпорынның тауар өнімін өндіруді (жеткізу мен өткізу үшін қызмет
көрсету) қамтитын жұмыстардың маңызды бір бөлігі.
Негізгі  өндірістің  құрамы  кəсіпорында  пайдаланылатын  ресурстардың, орындалатын
жұмыстар  мен шығарылатын  өнімнің  сипатына, технологиялық  процестің  ерекшеліктеріне,
өндірістің  мамандандырылуы  мен  шоғырландыруы  деңгейлеріне, басқа  да  факторларға
байланысты.
       
Атап  айтқанда,  кəсіпорын  дайындауға  мамандандырылған  өнімді  шығаратын
өндірістер, цехтар жəне учаскелер негізгі өндіріске жатады.
Көмекші өндіріс- негізгі өндірістің  жұмыс  істеуі үшін  қажетті құралдарды өндіреді,
жұмыстарды орындайды немесе қызметтерді көрсетеді.
       
Дайын  өнімді  тасымалдау  жəне  оларды  пайдалану, дайындау  барысында  қызмет
көрсету  жөніндегі  қызметтерді  көрсетілетін  материалдық  қызмет  деп  айтады. Бұларға  жүк
көлігі, өндірістік байланыс, дайындау, материалды-техникалық жабдықтау, өнім өткізу жəне
т.с.с.
Ұйымдастыру-  белгілі  бір  жұмысты  орындау  үшін  қажетті  функциялар  мен  іс-
қимылдарды  жоспарлау, айқындау, сондай-ақ  осы  функциялар  мен  іс-қимылдарды  топтың,
бригаданаың, бөлімнің, бөлімшенің жəне басқа құрылымдық бірліктің қолына біріктіру деген
сөз.
Өндірісті ұйымдастырудың маңызы принциптері мен мақсаттары
Өндірісті ұйымдастырудың негізгі маңызы адамдар іс-əрекетінің мақсатқа сəйкестігін,
еңбек заты мен еңбек құралдарын барынша жақсы байланыстырудың жолдарын іздестіру.
        Қазіргі өндірісті ұйымдастыру мына төменгі принциптерге негізделген.
       
Өндірісті  мамандандыру  принципі  еңбек  бөлінісі  факторынан  туындайды  жəне
кəсіпорынның  өндірістік  қызметінің  мақсаты  мен  конструкция  жағынан  жақын  өнімдерді
дайындаумен, өндірумен, азғантай  өндірістік  процестер  мен  операцияларды  орындаумен
шектейді.
Стандарттау  принципі  міндетті  ғылыми-техникалық  ілгерішілікті  жетілдіруге,
бірін-бірі  алмастыратын  өнім  мен  технологиялық  процестердің  алуан  түрлілігін  жоюға
бағытталған нормаларды, ережелер мен талаптарды белгілеп, кеңінен қолдануды көздейді.
       
Өндірістің  пропорционалдық  (үйлесімдік)  принципі  өндіріс  технологиялық
буындарының  тең  немесе  еселі  өткізу  қаблеттілігін, яғни  барлық  өндіріс  бөлімшілердің
пропорционалдық өнімділігін  тілейді. Ол кəсіпорынның  барлық өндірістік  бөлімшелері қол

жеткен  өнімділіктің  сəйкестігін  көздейді  жəне  оның  деңгейі  үйлесімдік  коэффициентпен

пр
) анықталады:
,
max
min
П
П
K
пр
=
мұндағы
min
P
жəне
max
P
-өткізу қабілеттілігінің ең төмен жəне барынша жоғары мөлшері.
       Өндірістің қатарластық  принципі  өндірістік  процестің  жекелеген  бөліктерінің  бір
мезгілде  орындалуымен  сипатталынады. Өндіріс  процесінің  қатарластық  дəрежесі  негізгі
жəне  көмекші  жұмыстардың  жəне  операциялардың  уақыт  аралығында  қатарынан  атқару
деңгейін сипаттайды жəне қатарластық коэффициентпен (К
қ
) анықталады:
,
;
1
1
å
Õ
=
=
+
+
=
=
n
j
j
Қ
g
j
K
j
H
j
H
i
Қ
m
i
і
Қ
Қ
T
T
T
T
К
K
K
мұндағы
j
K
j
H
T
T
,
жəне
j
Қ
g
T
-сəйкес  і  буындағы j жұмыс процесіндегі негізгі, көмекші жəне
дайындау-қорытындылау операцияларды орындауға жұмсаған уақыт шығындары.
       Өндірістің үздіксіздік принципы  өнімді  дайындау  барысында  операция  аралық, ішкі
ауысымдық  жəне  басқа  да  үзілістерді  барынша  қысқартуды  немесе  жоюды  көздейді.
Өндірістің  үздіксіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  негізгі  жəне  көмекші  процестер  мен
операцияларды қатарлас орындалуын көздейді.
Ырғақтылық - өндірістік  процесті  оңтайлы  ұйымдастыру  принципы, ол  уақыт
аралығында  өндіріс  тапсырмаларының  біркелкі  мөлшерінде  орындалуын  тілейді.
Ырғақтылық коэффициентін (К
р
) мына формуларымен анықтауға болады:
Ж
H
p
V
V
K
S
S
=
  немесе
,
1
Ж
Ж
H
P
V
V
V
K
S
-
S
-
=
мұндағы
H
-белгілі  уақыт  кезеңінде  жоспар  шегінде  нақты  жасалған  жұмыс  көлемі
(жоспардан жоғары өнім мөлшері есепке алынбайды);
Ж
-жоспарлы жұмыс көлемі.
       Тау-кен  кəсіпорындарында  уақыт  аралығында  пайдалы  қазбаларды  қазуға  дайындау
жəне  тазартып  алу, тасымалдау, көтергі  процестерді  қоса  атқарады. Осы  кезде  өндірістік
процестің турадəлшілігін қамтамасыз етуі маңызды роль атқарады, яғни өндірілген пайдалы
кенбайлықты  забойдан  оны  тұтынушыға, бос  жыныстарды  үйіндіге  барынша  ең  қысқа
жолмен жөнелту.
        Нақты жағдайларға байланысты өндірісті ұтымды ұйымдастыру принциптерін жүзеге
асыру  үшін  оның  ең  жақсы  əдістерін  таңдайды. Өндірісті  ұйымдастырудың  толассыз
(тасқынды), жəне циклдік - толассыз əдістерді ажыратады.
       Тау-кен  өндірісінде, əсіресе  пайдалы  қазбаларды  жерасты  тəсілімен  қазған
кезде, толассыз  өндірісті  ұйымдастыру  өте  қиын. Ол  бұрғыжарылыс  жұмыстарға,
қолданылатын жабдықтарға, технологияға байланысты.
      
Тау-кен  өнеркəсібінде  өндірісті  ұйымдастырудың  негізгі  əдісі  болып  циклді-толассыз
əдіс саналады.
Тілме, кен-даярлау жəне тазартылыс жұмыстарын ұйымдастыру
Кен  өндіретін  кəсіпорындарында  тазартым  забойларда  озат  жоғары  өнімділігі  бар
техниканы  енгізу  кен-үңгілеу  жұмыстарының  жылдамдығын  ұлғайтуды  талап  етеді, оларға
барлау, күрделі, даярлау жəне тілгі қазбаларды жүргізу жатады.
        Тілме жұмыстарына кенді тазартып алуға керекті жағдай туғызу үшін кен қазбаларды
жүргізу жатады.
       
Пайдалы  қазбаларды  өндіргендегі  маңызды  ерекшеліктің  бірі-тазартып  алумен
салыстырғанда кен-даярлау қазбаларын өту қарқынының озып отыруы.

       
Əр  түрлі  міндет  орындайтын  күрделі, тілгі,  даярлау  қазбаларды  жүргізу  белгілі
біріздік  бойынша  атқаратын  жұмыс  процестері  мен  операциялардың  жиынтығы  болып
табылады. Мұнда, тазартылыс  жұмыстары  сияқты, өндірістік  процестері  циклді
қайталанылады. Циклдеп  белгілі  технологиялық  бірізділігімен  орындалатын  жəне  қазбаны
жүргізу  кезінде  қайталанып  отыратын  жұмыс  процестері  мен  операциялардың  жиынтығын
айтады.
       
Жалпы  айтқанда,  өндірістік  цикл-өнімді  дайындау  процесінен  бастап  аяқталған
дейінгі күнтізбелік уақыт.
       
Үңгілеу  циклдің  негізгі  жұмыс  процестері  болып  шнурларды  немесе  ұңғыларды
бұрғылау; оқтамдарды  оқтау  жəне  жару; забойды  желдету; кен  массасын  тиеу  жəне
тасымалдау; қазбаларды бекіту; сутөккі қарығын құру; жол салу саналады.
       Егер  осы  жұмыстар  көлемі, процестер  бойынша  өндірім  нормалары  белгілі  болса,
онда  жұмыс  процестерін  орындауының  еңбек  сыйымдылығы  мен  ұзақтығы  анықталып,
жұмыс графигі немесе циклограмма құрылады. Онда көрнекі түрде үңгілеу циклінің жұмыс
процестерінің  орындау  тəртібі, қатар  атқаратын  жұмыстардың  тізімі  жəне  ұзақтығы
көрсетіледі.
        Үңгілеу циклдің ұзақтығы (Т
ц
) мына өрнекпен анықталады:
,
1
å
=
¢
=
n
i
о
к
p
Ц
t
К
T
&
мұндағы
p
K
-уақыт резервінің коэффициенті,
;
1
,
1
:
05
,
1
=
p
K
о
қ
t
-қоса  орындалмайтын  процестер  мен  операциялардың  бір  циклдегі
уақыттарының жалпы шығындары.
      Бір тəулікте мүмкін циклдер саны мына формула бойынша анықталады:
.
/
60
24
/
60
24
1
å
=
×
=
×
=
n
i
о
қ
p
ц
ц
t
K
T
n
      Жұмыс процесін орындау ұзақтығы мына формуламен есептелінеді:
,
ж
ц
a
ж
N
Н
V
T
t
×
×
=
Q
мұндағы
a
-ауысым ұзақтығы, минут;
ц
V
-əр жұмыс процесі бойынша бір үңгілеу циклге шаққан жұмыс көлемі;
Q
Н -əр процеске тиісті бекітілген ауысымдық өндірім нормасы;
ж
-белгілі жұмыс процесін орындауға қажетті жұмысшылар саны.
       
Барлық  жұмыстар  процестерінің  ұзақтығын  жəне  жалпы  циклдің  ұзақтығын
анықтағаннан  кейін, технологиялық  карта  құрылады. Онда  əр  жұмыстың  уақыты,
жұмысшылар саны, бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысу тəртібі көрсетіледі.
Тазартылыс жұмыстар-пайдалы кенбайлықты өндірудің технологиялық процесінің ең
күрделі  жəне  еңбек  сіңіруді  керек  қылатын  сатысы, ол  кенді  уату, шығару  жəне  жеткізу,
сондай-ақ қазылынды кеңістікті күтіп ұстаудан тұрады.
       
Тазартылыс  жұмыстарының  құрылымы  мен  көлемі,  жеке  процестерді  орындау
бірізділігі, оларды  іске  асыруға  жұмсалған  шығындары  ең  алдымен  қолданылатын  қазу
жүйесімен тығыз байланысты.
        Тазартылыс жұмыстарын ғылыми  ұйымдастырудың  маңызды  міндетінің  бірі-барлық
процестерді  кеңістік  пен  уақытта  өзара  байланыстыру. Қазіргі  кезде  қазып  алу
жұмыстарында циклдік-толассыз ұйымдастыру тəсілі кең қолдануда.
       
Өндірісті  циклдік-толассыз  ұйымдастыру  кезінде  блоктан  немесе  панельден
тоқтаусыз  кен  шығару, уақыт  ішінде  кейбір  жұмыс  процестерді  қоса  орындау  қамтамасыз
етіледі, ал жарылыс жұмыстары мезгілінде қазу операциялары тоқтатылады.

Тазартылыс  жұмыстарын  ұйымдастыру  графигін  құру  үшін  бір  циклге  тиісті
жұмыстардың  құрамы  мен  көлемін, процестер  бойынша  жұмыс  нормаларын, əр  жұмысты
орындау үшін керекті жұмысшылар санын, уақытын, циклдің жалпы ұзақтығын білу қажет.
Жерасты көліктің жəне көтергінің жұмыстарын ұйымдастыру
Жерасты көлігі – шахтаның маңызды технологиялық буынының бірі. Жүк тасқыны
тура жəне теріс болып бөлінеді. Тура жүк тасқыны бойынша кен жұмыстарын жүргізу
орнынан негізгі жəне көмекші оқпандардың көтергі қондырғысына дейін пайдалы
қазбаларды, бос жыныстарды, жөндеуге жіберілген жабдықтарды тасиды. Кейін қарай жүк
тасқыны əртүрлі материалдарды, жабдықтарды, бас вагоншыларды, адамдарды жеткізуге
арналған.
Көліктің, көтергінің өткізу қабілеттеріне қарай тасымалдау жабдықтардың жəне
көтергінің жүру жəне көтеру графиктерін құрастырады, сол графиктер арқылы жұмыстар
ұйымдастырылады.
Негізгі əдебиеттер: 5нег. [68-78;125-152];  6нег. [25-42;172-178];  8нег. [5-51].
Қосымша əдебиеттер: 14қос. [348-362].
Бақылу сұрақтары:
1. “Өндірістік процесс” терминнің мағынасын ашып беріңіз.
2. Кен  өндіретін  саладағы  өндірістік  процесті  ұйымдастырудың  ерекшеліктері
қандай?
3. Өндірістік процесті ұйымдастырудың негізгі принциптері жəне олардың деңгейін
бағалайтын көрсеткіштері.
4. Негізгі жұмыстардың  өндірістік циклін анықтау кезеңдері жəне оның күнтізбелік
графигі мен циклограммасын құру тəртібі.
5. Өндіріс процестің ырғақтылығын қалай айқындайды?
10-дəріс Өндіріс жəне еңбекті ұйымдастыру жəне басқару. Тау-кен
өнеркəсібінің өндірістік жəне ұйымдық құрылуы
Тау-кен  кəсіпорынның  іс-əрекетінің  негізі  өндірістік  процесс  болып  табылады.
Өндірістік  процесс  бірнеше  өзара  байланысты  еңбек  процестерінен  тұрады. Еңбек  процесс
арқылы адам табиғат берген еңбек заттарына əсер етеді.
        Еңбек заттары өндіріс құрал-жабдығының құрамдас бөлігі, адам еңбегімен өңделетін
нəрселер. Олар табиғаттың тартуы (мысалы, кен, көмір, мұнай) немесе еңбек өнімдері-шикі
материалы (металл, ағаш) болып табылды.
        Өндірістік процестер негізгі жəне көмекші процестерге бөлінеді. Тау-кен өндірісінде
негізгі  деп  кен  орнына  жол  ашатын  жəне  пайдалы  қазбаларды  өндіруді  жүзеге  асыруға
мүмкіндік туғызатын процесстерді айтады.
Оларға  мыналар  жатады:тау-кен  қазбаларын  жүргізу; өндіру, қазу  жұмыстары;
пайдалы кенбайлықты тасымалдау; тау жыныстарды сыртқы үйінділерге орналастыру.
        Егер тау-кен кəсіпорында пайдалы қазбаларды ақырғы өнімге дейін байытатын немесе
өңдейтін болса, онда оларды негізгі процесс құрамына кіргізеді.
       
Карьердегі  тау-кен  жұмыстары  пайдалы  қазбаларды  өндіру  мен  аршынды  бос
жыныстарын алу, оларды тасымалдау жəне қоймалау мен үйінділеу процестері негізгі болып
табылады. Сөйтіп  мұнда  негізгі  процестерге  мыналар  жатады: пайдалы  кенбайлықтарын
қазуға  дайындау; қазу-тиеу жұмыстары; кен жəне бос жыныстар массасын тасымалдау; бос
жыныстарын үйінділеу; пайдалы қазбаларды қоймалау.
       
Əрбір  негізгі  процестің, оны  жүргізуге  мүмкіндік  жасайтын  немесе  жеңілдететін
көмекші жұмыстары болады.
        Көмекші процестер негізгі процестер жүзеге асырылатын болу үшін қызмет көрсетеді.
       Тау-кен  өндіріс  жағдайында  көмекші  процестерге  жататындар:ауа  тазарту, желдету;
жер астындағы суды шығару (су төкпе); тау-кен қазбаларды жөндеу.

        Тау-кен өндірісінде оларға негізгі қорларды, жабдықтарды жөндеу жұмыстары, электр
жəне  басқа  энергия  түрлерімен  қамтамасыз  ету, темір  жəне  автокөлік  жолдарын  салу  т.б.
жатады.
        Өндірістік процесс-кəсіпорында өнім өндіру, оны дайындау жəне өңдеу үшін қажетті
адамдар мен еңбек құралдарының барлық іс-қимылдарының жиынтығы.
       
Еңбек  процесінің  негізгі  элементтері, демек,  өндіріс  процесс  адамның  нысаналы
қызметі немесе еңбектің өзі, еңбек заттары мен құралдары.
       
Ішкі  құрылым  мен  мазмұны  жағынан  өндірістік  процесс  біртекті  емес, көптеген
ішінара (күрделі  жəне  қарапайым) процестерден  құрылады. Олардың  негізгі  құраылымдық
өлшемі-өндірістік операция.
        Ал тау-кен кəсіпорынның өндірістік құрылымының негізі болып цех табылады.
        Егер карьер мен шахталар бірлестікке дербес бөлім болып кірсе, онда оларды негізгі
цех деп атайды.
       Карьер  мен  шахталарды  өндіру  цехтер, бұрғылау-жарылғыш (аттыру), темір  жол
цехтері, электр жəне механикалық цех, жөндеу цехтер болады.
        Цех бірнеше учаскелерден тұрады. Тау-кен кəсіпорынның өндірістік құрылымы:
1) кəсіпорынның өндірістік қуатымен;
2) кен орынды қазудың кен-геологиялық жағдайымен;
3) қызу технологиясымен;
4) қазып алу техникасымен тығыз байланысты.
Ірі бірлестіктерде, егер цехтардың саны көбірек болса, оларды басқару қиынға түсетін
кезде, цехтар корпустар немесе өндірістерге біріктіреді.
Сөйтіп, кəсіпорынның  өндірістік  құрылымы  деп  өндірістік  бөлімшелердің
жиынтығын, олардың  арасындағы  өзара  байланыстарын, өндіріс  масштабының, жұмыс
істейтіндердің санының жəне өткізу қабілеттілігінің арақатынасын айтады.
Өндірістік құрылымы өндірістік бөлімшелердің тізбесімен, олардың мамандандырылу
деңгейімен, өндірістік бірлесудегі байланыстарымен сипатталады.
Тау – кен  кəсіпорнының  өндірістік құрылымы ең  алдымен  тауарлық шикізат сипаты
жəне  мөлшерімен, оның  сапасына  қойылған  талаптарымен, сондай-ақ  өндіру  технология
жəне шикізатты бастапқы өңдеумен анықталады.
Тау – кен өндірісінде өндірістік құрылымының корпустық, цехтық жəне цехтық емес
түрлері  кең  таралған, біріншісі – ірі, екіншісі  орташа, үшіншісі  кіші  шахталар  мен
карьерлерде пайдаланылады.
Оңтайлы  өндірісітік  құрылымын  таңдау  бұл  кəсіпорынның  жəне  оның  құрылымдық
бөлімшелерінің  табысты  қызметінің  маңызды  элементінің  бірі. Дұрыс  құрастырылмаған
өндірістік  құрылымы  кезінде  жеке  звенолары  мен  процестер  қуатында  сəйкессіздік  орын
алуы мүмкін, соның арасында кəсіпорынның жалпы масштабының шектеуіне əкеледі.
Басқарушылық  бөлімшелердің  құрамы, олардың  бағыныштылығы, олардың
арасындағы  байланыстар  мен  қызметінің  бөлінісі  басқару  аппараттың  құрылымын
құрастырады. Басқару  аппараттың  звеноларымен  бірге  өндірістік  бөлімшелерімен
толықтырыған құрылымдық басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы деп атайды жəне ол
кəсіпорынның басқаратын жүйесі болып саналады.
Өндірістің  ауқымы, технологиялық  процестердің  ерекшелігі, мамандандыру  деңгейі,
бөлімшелердің  құрамы  мен  саны  кəсіпорындарының  түрлі  өндірістік  құрылымдарын
туғызады.
Кəсіпорынның  өнім  шығаруға  əлеуетті  мүмкіндіктері  олардың  өндірістік  қуаттарын
тұлғалайды. Кəсіпорындардың  қабілеттілігі  жəне  олардың  бөлімшелерінің  өнімді  ең  көп
мөлшерде дайындауды, олардың жарақтандырылуы тікелей сапасына, жетілдіру жəне еңбек
құралдарының  іс - əректке  қабілеттілігінен  тұрады. Еңбек  құралдары, ең  алдымен  актив
бөлігі, кəсіпорынның  өндірістік  қуатын  қалыптастырудың  негізгі  факторы  деп  есептеуге
болады.

Барлық  жағдайлары  бірдей  кəсіпорындарында  өндірісті  қуатты  пайдаланудың
экономикалық  тиімділігін  арттырудың  негізгі  жолдары: өнім  шығаруды  қамтамасяз  ететін
өнімділігі  жоғары  техника  мен  жаңа  технологияны  таңдап  алу;  өндірісті  кешенді
механикаландыру  мен  автоматтандыру; өндіріс  факторларды  оңтайлы  жəне  үнемді
пайдалану жəне т.б.
Нарықтық  жағдайында  кəсіпорынның  өндірістік  құрылымын  құру  негізгі
принциптері: бəсеке  қабілеттілігіне  жетуде  бағытталу; маркетингілік  тəсілдеме (подход);
жаңалық  енгізу  сипаты; өндірістің  автоматизация  деңгейін  арттыру; құрылымның  құруына
кешенді  көзқарасты  пайдалану; мамандандырудың  оңтайлы  деңгейін  қамтамасыз  ету  жəне
т.б.
Кəсіпорынның  өндірістік  қуаттарын  пайдалануды  ұйымдастыру  жəне  қалыптастыру
процестері күрделі жəне көптеген факторларға тəуелді.
Өндірістің күрделілігін бағалау кезінде мынадай факторлар есептелуі тиіс: өндірістің
масштабы; шығарылатын  өнімдердің  мөлшері  мен  көлемі, саны; бөлімшелер  мен
адамдардың саны; автоматизация мен механизацияның деңгейі; есептейтін жұмыстың еңбек
сыйымдылығы; жұмыс істеу жағдайы; жұмыс орындарының стандарттарға келуі жəне т.б.
Өндірістің инфрақұрылымы.
Инфрақұрылым - өндіріске  қызмет  көрсететін  жəне  қоғамның  тіршілік  əрекетіне
жағдай  жасайтын  халық  шаруашылығы  салаларының  кешені. Бүкіл  экономика  үшін
инфрақұрылым  күрделі  құрылыстар (автодаңғылдар, көпірлер, халық  көлік  жүйелері, су
құбырлары, канализация, аэропорт), оларды мемлекет қкамтамасыз етеді. Кəсіпорындар үшін
өнім өндіруге қажетті қызметтер мен құрылыстар инфрақұрылымға жатады, бірақ оларды өз
күшімен салу тым қымбатқа түсер еді, сондықтан олармен мемлекет немесе басқа фирмалар
қамтамасыз  етеді (су, электр  энергия, өндіріс  қалдықтарын  əкету, жүктерді  тасымалдау,
ғылыми – зерттеу жұмыстары, қаржы жəне банк қызметтерін көрсету).
Осыдан келіп инфрақұрылым мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік инфрақұрылым –
көлік  құрылысы  жəне  өндірістік  салаға  қызмет  көрсететін  байланыс, инженерлік  тораптар
жүйесі, есептеу орталықтары, газ, мұнай құбырлары т.б. Өндірістік емес инфрақұрылымға –
денсаулық сақтау, білім, жолаушылар көлігі, ғылым, əлеуметтік қамсыздандыру т.б.
Еңбек бөлінісі оның жекеленген түрлерінің əртараптануына əкеледі, ал еңбектің əрбір
түрі  көлемінің  экономикалық  үнемді  шамаға  дейін  ұлғаюы  негізінде  шоғырлануы
операциялар  мен  процестердің  қайталануына  əкеледі, яғни  мамандандырылыған  өндіріс
қалыптасады. Осылайша, мамандану, бір  жағынан, қоғамдық  еңбек  бөлінісінің  салдары
болса, екінші жағынан – біртекті өндірістің шоғырлануының нəтижесі болып келеді.
Өндірістің біртектілігі өндірілген өнімнің, өндірістің технологиялық əдістерінің жəне
техникалық  мəдениетінің  бірыңғай  болып  келуінен  туындайды. Ал  соңғы  мақсатынан
біртекті  процестердің  шоғырлануы  жəне  олардың  мамандандырылған  учаскеглерге,
өндірістегі жəне кəсіпорындағы бөлінуі жатады.
Мамандандыру – кəсіпорынның негізгі қызметінің белгілі бір өнімнің, тауардың жəне
қызметтің  түріне  байланысты  мамандануын  айтады. Маманданудың  үш  түрі  бар: заттық,
бөліктік жəне технологиялық (сапалық).
Тау-кен кəсіпорындарында еңбекті ұйымдастыру жəне мөлшерлеу
Кəсіпорнында 
енбекті 
ұйымдастырыу–өндірістік 
процесті 
уйымдастырудың
ажыратылмайтын бөлігі, ол өндірістің  заттық элементерін кеністік  пен уақытта адамдармен
біріктірігіп  оңтайлы  үйлестыуді  көздейді. Еңбекті  ұйымдастыру–жұмыс  күшін  үтымды
пайдалануды  қамтамасыз  ететін  шаралар  жүйесі. Өндіріс  барысында  адамдарды  тиісінше
орналастыруды, еңбек  бөлінісін, əдістерін  жетілдіруді, оларды  біріктіруді, еңбекті
мөлшерлеуді, ынталандыруды, жұмыс орындарын ұйымдастыруды, оларға қызмет көрсетуді,
қажеттті еңбек жағдайын қамтамасыз етуді қамтиды.

       
Еңбекті  ұйымдастыру  тиімділігі  мен  ғылыми  негізделуі  көтеген  факторлармен,
міндеттермен  байланысты. Міндеттердің  ішінен  өзара  байланысты  экономикалық,
психофизиологиялық жəне əлеуметтік түрлерін бөліп шығаруға болады.
Экономикалық  міндеттер  еңбек  өнімділігін  арттыруға, өндірістік  негізгі  қорларын
толық пайдалнуға, өзіндік құнын төмендетуге, өнім сапасын жақсартуға бағытталған.
Психологиялық  міндет  қоғамның  басты  өндіргіш  күші—адамның  денсаулығын
сақтауды  жəне  жұмыс  істеу  қабілетін  арттыруды  қамтамасыз  ететін  қолайлы  өндірістік
жағдай жасауға негізделген.
Əлеуметтік  міндеттердің  негізгі  мақсаты  жұмысшыларды  материялдық  жəне
моральдық  жағынан  жəне  басқа  да  қажетті  мұқтаждарын  қанағаттандыру, жұмысыздықтан
қорғау жəне т. б.
Еңбекті  ғылыми  жолмен  ұйымдастыру  бір  тұтас  өндіріс
процесінде  техника мен адамдарды неғурлым тиімді түрде ұйымдастыру деген сөз.
       Еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру жөніндегі жоспарлы жұмыстың бірінші кезеңі
— еңбек ұйымдастыру ісінің жайын зерттеу жəне оған талдау жасау.
        Екінші кезең — оның жоспарын жасау, ол мыналарды қамтиды: талдау мəліметтерді
негізінде шаралар белгілеу, оларың қай жұмыс орнында, қай мезгілде жүргізлетінін белгілеу
жəне келісу; шаралар тиімділігін есептеу; сол шараларды орындаушыларға жеткізу.
       
Үшінші  кезеңде  белгіленген  жоспарларды  іске  қосып, енгізілген  шаралардың  іс
жүзінде тиімділігін есептеп шығарылады.
       Қазіргі  кездегі  еңбекті  ұйымдастырудың  негізгі  мақсаттары — экономикалық  жəне
əлеуметтік.
        Еңбекті ұйымдастырудың экономикалық мақсаты — өндірістің тиімділігін ұлғайтуды
қамтамасыз ету. Əлеуметті мақсаты — адамның жан-жақты дамуын қамту.
        Қазіргі  кездегі  еңбекті  ұйымдастырудың  алдында  тұрған  мақсаттары  мен  міндеттері
оған қойылған талаптары қалыптастырылады. Экономикалық мақсаттарға жету үшін жұмыс
уақытын  барынша  толық  пайдалануды, еңбектің  қалыпты  қарқындылығын, орындайтын
жұмысқа жұмысшының біліктілігінің сəйкестігін қмтамасыз ету.
       Əлеуметтік  міндеттерді  шешу  еңбектің  жайлы  жағдайын, кəсіпорын  ұжымы  жəне
жеке  адамдардың  шаруашылық  қызметінің  түпкі  нəтижесіне  ынталандыру  əдістерін
жетілдіру.
       
Нарықты  экономика  жағдайында  еңбектің  табиғаты,  əлеуметтік-экономикалық
сипаты, еңбек  қатынастары, еңбекті  басқару  жəне  қолдану  түбегейлі  өзгереді. Жұмыс
тəртібін, уақыт жəне өндірім нормаларын жұмыс беруші өзі шешеді жəне белгілейді, еңбекті
ұйымдастыру нысандарын дербес таңдайды.
           
Ұжымдық  еңбектің  тиімділігін  күшейту  мақсатымен  тау-кен  кəсіпорындарында
бригадаларының əр түрлері құрылады. Өндірістік бригада мамандандырылған жəне кешенді
түрлеріне ажыратылуы, ірілендірілген жəне шаруашылық есепте болуы мүмкін.
        Еңбекті ұйымдастырудың жаңа бағыттарын іздестіру үшін оның деңгейін талдау жəне
бағалау  қажет. Осындай  талдаудың  негізінде  алынатын  көзқарас-еңбек  ұйымдастырудың
пайдаланып  отырған  нысандары  мен  əдістері  ғылыми-техникалық  жəне  əлеуметтік
ілгерішіліктің талаптарына барынша сəйкес болуы.
       
Еңбекті  ұйымдастырудың  деңгейін  анықтау  дегеніміз  оның  əртүрлі  бағыттарның
көрсеткіштер  жүйесі  арқылы  жағдайын  сандық  бағалау  жəне  кəсіпорында, учаскеде  жəне
жұмыс  орынында  еңбекті  ұйымдастырудың  жалпы  деңгейін  көрсететін  деректер  іздестіру.
Еңбекті ұйымдастырудың деңгейін сандық жағынан бағалау үшін еңбекті ұйымдастырудың
бригадалық  нысандарын  енгізу  коэффицентін, жұмыс  орындарын  ұйымдастыру
коэффициетін жəне жалпы ұйымдастыру көрсеткіштерін есептейді жəне еңбек пен өндірісті
ұйымдастыру  деңгейін  тұтас  бағалау  кезінде  кен  өндіруге  қарай  еңбек  өнімділігі, өнім
өндірудің өзіндік құны жəне қор қайтарымдылығы анықталады.
       
Ілгерішілік  еңбек  ұйымдастыру  бағыттарын  жобалау  жəне  енгізу  шаралары
материалдық, қаржы  жəне  еңбек  шығындарын  қажет  етеді. Осыған  байланысты  оларадың
экономикалық тиімділігін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет