Студенттің ПƏндік оқУ Əдістемелік кешені


 Курстың саясаты мен процедурасы



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата06.04.2017
өлшемі0,76 Mb.
#11190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

1.9 Курстың саясаты мен процедурасы:
-
міндетті түрде сабаққа қатысу, сабаққа кешікпеу;
-
оқу үрдісіне белсенді қатысу;
-
барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беру;
-
сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру тəртібін сақтау;
-
дəрістер мен СОӨЖ жүргізуіне дайындалып келу;
-
өздік жұмыстарды өз еркімен белгіленген уақытта дайындау;
-
сабаққа іскерлік киіммен келу;
-
міндетті, төзірлі, ашық, тілектесті болу.
2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
      Əр тақырып үшін қарастырылған тақырыптарының атауы жəне академиялық сағат саны
көрсетілген кесте түрінде қарастырылады.
                                                                                     6-кесте
                   Тақырып атауы
           Академиялық сағат саны
                         Модуль 1
Дəріс 
Тəжірибелик
       сабақ
СОӨЖ 
СОЖ
1 Кіріспе
2
-
-
-
2 Өндірістік 
кəсіпорын 
шаруашылық
жүргізу обьектісі ретінде
2
1
2
2
3  Кəсіпорынның негізгі капиталы
2
1
4
4
4  Кəсіпорынның айналым қаражаттары
2
1
4
4
5  Өндірістің еңбек ресурстары
2
1
4
4

6  Өндірістік қызметтің тиімділігі
2
1
2
2
7  Кəсіпорындардың өнімін құндық бағалау
жəне баға белгілеу
2
1
2
2

Өндірістің 
экономикалық
жəне
əлеуметтік тиімділігі
2
1
3
3
9
Модуль 2
Негізгі 
жəне 
көмекші 
өндірісті
ұйымдастыру
2
2
4
4
10 Өндіріс  пен  еңбекті  ұйымдастыру  жəне
басқару
2
2
4
4
11 Тау-кен 
өнеркəсібінде 
техникалық-
экономикалық жоспарлау
2
2
6
6
12 Кен  өндіретін  өнеркəсібіндегі  экономи-
калық талдауды ұйымдастыру жəне оның
əдістері
2
-
2
2
13 Кəсіпорынның  өндірістік  шаруашылық
қызметінің көрсеткіштерін талдау
2
2
4
4
14 Басқарудың  негізгі  принциптері  мен
əдістері
2
-
2
2
15 Еңбек ұжымын басқару
2
-
2
2
                      Барлығы (сағат)
30
15
45
45
2.2 Дəрістік сабақ конспектілері
1-дəріс. Кіріспе
«Тау-кен кəсіпорнының экономикасы, жоспарлау жəне  басқару» пəннің мазмұны екі
бөлімнен (модульден) тұрады. Бірінші  модульінде  кен  өндіретін  кəсіпорындарының
өндірістік  ресурстары, яғни  негізгі  қорлар  мен  айналым  қаражаттары, еңбек  ресурстары,
өндіріс  шығындары, өндірістік  қызметінің  тиімділігі, өндірістің  экономикалық  жəне
əлеуметтік тиімділігі жəне инвестиция жобалардың экономикалық тиімділігі қарастырылған.
Екінші  модульінде  негізгі  жəне  көмекші  өндірісті, еңбек  ресурстарын  ұйымдастыру  жəне
басқару, тау-кен 
өнеркəсібінде 
техникалық-экономикалық 
жоспарлау, тау-кен
кəсіпорындарында  экономикалық  талдауды  ұймдастыру, олардың  өндірістік-шаруашылық
қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау жəне өндірісті басқарудың негізгі принциптері мен
əдістері, еңбек ұжымын басқару мəселелеріне ерекше назар аударылған.
«Тау-кен  кəсіпорнының  экономикасы, жоспарлау  жəне  басқару» курсы  қазіргі
кəсіпорынның нарықтық  қатынастар  негізгі  субьектілерінің  бірі  ретінде  нарық  жағдайында
жұмыс  істеуінің  көкейкесті  мəселелеріне  арналған  жəне  ресурстардың  барлық  түрлерінің
тиімді  пайдалануы, өндіріс  пен  дайын  өнімді  өткізу, өнім  өндіруге  қатысты  процестерді
ұйымдастыру, өндірісті  жəне  кəсіпорын  ресурстарын, қаржы-экономикалық  көрсеткіштерін
жоспарлау, өндірісті басқару əдістері сияқты мəселелері кəсіпорынның толық экономикалық-
шаруашылық, басқару циклін қамтиды.
Қазақстан  экономикасын  көтеруде, ғылым  мен  техниканы  ілгері  дамытуда  тау-кен
өнеркəсібінің  үлесі  зор. Осыған  байланысты, қазіргі  таңда  тау-кен  мамандарының
экономика, ұйымдастыру, жоспарлау жəне басқару білімдері жөніндегі талаптары ұдайы өсіп
келеді.
Еліміздің экономикасын қайта құру жағдайында өндірісті басқарудағы экономикалық
əдістерінің  рөлін  күшейтуге, шаруашылық  дербестілігі  мен  бастамашылығын  кеңейтуге,
ұйымдардың  өндірістік  қызмет  нəтижелерінде  жауапкершілігі  мен  материалдық  мүдделігін
жоғарлатуға  осы  курстан  алынған  білім  студенттерге  жоғары  дəрежедегі  маман  болуға
көмектеседі.

«Тау-кен  кəсіпорнының  экономикасы,жоспарлау  жəне  басқару» пəнінің  мақсаты –
қазіргі  нарықтық  қатынастарда  өндірістің  тиімділігін  жоғарылату  жолдарын  зерделеу.
Берілген курстың міндеті деп аса тиімді өндіріс үшін қажетті экономикалық жəне моральдық
алғышарттарды құру туралы дағдылар мен білім алуды есептеу керек.
Тау-кен  инженері  өндірісті  ұйымдастыру, басқару  мен  жоспарлауды  жақсарту
есебінен  өндірістің  экономикалық  тиімділігін  арттыру  резервтерін  табуы  мен  іске  асыра
алуы жəне білуі осы пəннің мəні болып саналады.
Кəсіпорын  экономикасы, жоспарлау  жəне  басқару  ғылыми  пəн  ретінде
қарастырылады. Оның  қазіргі  нарық  қатынастар  кезіндегі  мақсаты  өндіріс  факторларын
ұтымды  пайдалана  отырып, ресурстарды  дұрыс, ғылыми  жолмен, жоспарлап, басқару
əдістерін мейлінше меңгеріп, бəсекелесуге жарамды өнім шығару
Ал  экономика-қоғамдық  ғылымдар  тобының  құрамдас  бөігі  бола  тұрып,өнеркəсіп
салаларын зерделеумен айналысатын пəн болып табылады.
Қазақстан  Республикасында  өтіп  жатқан  нарықтық  қатынастар  тек  экономиканы
дамыту ғана емес,бүкіл қоғамдық өмір үшін орасан зор маңызы бар.
Экономикалық  қызметтің  негізгі  буыны - бұл  кəсіпорыны.Осы  деңгейде  қоғамға
қажетті өнім өндіріліп,қызмет көрсетіледі жəне жұмыс орындалады.
«Тау-кен  кəсіпорнының  экономикасы, жоспарлау  жəне  басқару» курсы  қоғамдық
шаруашылықтың 
жұмыс 
істеу 
жəне 
даму 
заңдарын 
зерттейтін 
пəн
болғандықтан,экономикалық  теория  негіздерін, менеджмент, маркетинг, математика  жəне
информатика  пəндерден  жəне  тау-кен  жұмыстарының  процестері, тау-кен  ісінде  жүйелік
талдау, өнім сапасын басқару курстардан алынған білімдеріне  негізделген.
Өндірісті  ұйымдастыру-кəсіпорындағы  ресурстарды  ұтымды  пайдалана  отырып,
белгіленген сапалық көрсеткіштерді, жоспарлы тапсырмаларды орындау мақсатымен нақты
əлеуметтік-экономикалық жағдайда жүзеге асырылатын нақты еңбек процестерін өндірістің
материалдық  элементтерімен  неғұрлым  тиімді  ұштастыру  шараларының  кешені. Оның
негізгі  мақсаты – бір  жағынан, жанды  еңбекті, екінші  жағынан, еңбек  құралдары  мен
заттарын уақыт пен кеңістікте неғұрлым ұтымды түрде біріктіру мен пайдалану.
Ең  толық  мағынасында  өндірісті  ұйымдастыру – бұл  принциптер, шешімдер  мен
шаралар  жиынтығы, олар  өндірістік  объектіні  оның  бөлшектер  мен  элементтерін  өзара
байланыстыру арқылы ең тиімді дайындау мен қызметін қамтамасыз ету.
Осы  мағынада  ұйымдастыру  басқарудың  функциясы, қызметі, оның  бөлігі  болып
табылады. Өндірісті ұйымдастыру мен басқару өзара тығыз байланыста.
Жоспарлау – болжам, жоспар  жасау  процесі.Онда  кəсіпорынның  мақсаты, мазмұны,
көлемі, əдістері  мен  құралдары, орындау  мерзімі  көрсетіліп, нақты  кезеңге  межеленген
бағдарламасын жүзеге асырудың белгіленген  тəртібі, реті, тізбектілігі тəптіштеледі.
Жоспарлау – кəсіпорын  мен  оның  барлық  бөлімшелерінің  өндірістік – шаруашылық
қызметінің шаралары мен көрсеткіштер жүйесін жоспарлау. Жоспарлау да өндірісті басқару
жүйесінің өзекті буыны.
Болжам – белгілі  бір  жағдайда  не  болуы  мүмкін  екенін  айқындайтын  болса, жоспар
нені жүзеге асыру екенін межелейді. Сонымен қатар басқару жобалаумен өзара байланысты.
Басқару – ұйымдасқан  жүйеге  нысаналы  түрде  ықпал  жасау  мен  мақсатын  қолдау.
Өндірісті  басқару  дегеніміз  өндірістік  ұжымдарға  экономикалық, табиғи, техникалық  жəне
басқа  заңдарды  саналы  түрде  пайдалануға  негізделген  мақсатқа  лайық  ықпал  ету  болып
табылады.
Басқару ғылыми экономикалық – ұйымдастырушылық ғылымға қатысты, өйткені ол
өндірісті  басқару  жəне  тұтас  экономика  процесінде  адамдардың  қарым – қатынасын,
байланысын зерделейді.
Өндіріс пен адамдарды басқару процесіне адамдардың бір – біріне белгілі бір қарым –
қатынасы жатады. Сондықтан  да басқаруды  оқып-білу – бұл  ең  алдымен  өндіріс процесіне
белгілі бір мақсатпен ықпал ету барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынасын зерделеу,
басқару  қатынастарын  қалыптастыратын  заңдарды  анықтау  болып  табылады. Осының

негізінде  басқару  қызметінің  принциптері, оларды  жүзеге  асыру  формалары  мен  тəсілдері
белгіленеді.
Қорытындысында  адамдардың  бір  бөлігі  материалдық  игіліктерді  өндіру  бойынша
тікелей еңбекпен айналысатын болса, басқа біреулер – басқару ісімен шұғылданады. Осы екі
топтың арасында өндірісті басқару қатынасы орнайды.
Нарықтық  экономикаға  көшу  барысында  басқару  принциптері  де  өзгереді. Бірінші
орынға  басқарудың  үнемділік  принципі  шықты. Нарықтық  жағдайында  шаруашылық
субьектілері  залалсыз  қызмет  істеуі  қажет, өзін - өзі  басқару, өзін - өзі  қаржыландыру,
шаруашылық  есеп  бойынша  жұмыстарды  жүргізу  жəне  т.б. Басқа  принциптері  мынадай:
алқалылық (жалпы  жиналыс, директорлар  кеңесі, АҚ-ның  немесе  ЖШС-тің  басқармасы);
жоспарлылық, ғылымдылық, еңбекті  материалдық  жəне  моралдық  ынталандыру  мен
көтермелеу; кадрларды дұрыс іріктеп алу мен дайындау.
Кəсіпорындарда басқару қызметі келесі функцияларға бөлінеді:
1. Жоспарлау (мақсаттары мен міндеттері, болжау);
2. Ұйымдастыру (белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты жағдай жасау)
3. Үйлестіру  жəне  реттеу (кəсіпорынның  барлық  буындарындағы  жұмысқа
келіспеушілікке, тізбектілікке қол жеткізу)
4. Уəждеме (еңбек ететін қызметкерлерді ынталандыру мен көтермелеу);
5. Бақылау;
6. Есепке алу;
7. Қолдау жəне байланыс;
Жоғарыда  келтірілген  функцияларды  жалпы, негізгі  деп  айтуға  болады, олар
басқаратын жүйенің əр элементінің қызметіне тəн.
Ал  басқарудың  арнайы  немесе  нақтылы  функциялары – кəсіпорын  қызметінің  жеке
элементіне  мақсатты  əсер  ету  түрі. Мысалы, өндірістің  техникалық  дайындау  жағын  бас
инженер (техникалық  директор) мен  арнайы  бөлімдер  басқарады. Бірақ  осы  нақтылы
функцияны басқаруды барлық жалпы функциялар көмегімен орындайды.
Қазіргі  күндері  экономикалық  тиімділігін  жоғарлату  үшін  мына  екі  бағытты  айтып
кеткен жөн. Бірінші бағыт көбінесе басқаруға жұмсалған шығындарды анықтау мен басқару
қызметкерлер санынан қысқартудан алынған экономия мөлшеріне негізделеді. Екінші бағыт
белгіленген мақсатқа жету дəрежесін есепке алумен байланысты. Мұнда мақсаттар жүйесінің
сапалы сипаттамаларымен бірге сандық көрсеткіштері де айқындалады.
Шаруашылық - өндірістік кешенді басқару тиімділігін жоғарлату критерийлер жүйесі
көмегімен  бағаланады, олар  ресурстар  шығындары  мен  басқарушы  жəне  басқарылатын
жүйелердің қызметтер нəтижелерінің арақатынасымен анықталады. Мұнда критерий ретінде
келтірілген  таза  пайда, өтелімділік  мерзімі, табыстың  пайдалылығы  жəне  т.б. маңызды
көрсеткіштер пайдалануы мүмкін.
Менеджмент – кəсіпорынды  ұйымдастырудың  принциптері  туралы, оны  дамытудың
стратегиясы  туралы, қызметкерлерді  іріктеу  туралы  жəне  олардың  жұмысын
оңтайландырудың тəсілі туралы ілімдерді қамтитын кəсіпорынды тиімді басқару ғылымы.
Басқаша  айтқанда, менеджмент – бұл  нарық  жағдайында  фирманы  жəне  оның
қызметкерлерін  басқарудың, өндірісті  жоспарлаудың  теориясы  мен  іс – тəжірибесі.
Менеджмент – нарықтық  экономиканың  қажеттіліктері  мен  жағдайына  толығырақ  жауап
беретін басқару түрі.
Басқару  процесі  кез – келген  ахуалға  ғылыми  тəсілдемені  қолдану  өнері  болып
табылады. Менеджмент  əрдайым  жағдайларға  қарай  басқаратын  ахуалдық  басқаруды
білдіреді. Менеджмент  дамуы  басқарудың, оның  ішінде  жоспарлаудың, нарықтық
тұжырымдамасын тудырған басқару теориясы мен маркетинг теориясын біріктіреді.
«Тау  –  кен  кəсіпорнының  экономикасы,  жоспарлау  жəне  басқару»  пəннің  мақсаты  –
қазіргі  нарықтық  қатынастарда  өндірістің  тиімділігін  жоғарлату  жолдарын  зерделеу.
Берілген  курстың  міндеті – аса тиімді өндіріс  үшін  қажетті экономикалық жəне моральдық
алғышарттарды құру туралы дағдылар мен білім алу, өндірісті ұйымдастыруды, басқару мен

жоспарлауды  жақсарту  есебінен  тиімділікті  арттыру  резервтерін  табу  жəне  іске  асыруды
білу.
Негізгі  əдебиеттер: 3 нег [8-26, 42-68]; 6 нег. [10-21].
Қосымша əдибеттер:19 қос. [61-71].
Бақылау сұрақтары:
1. Экономиканың, жоспарлау жəне басқарудың мақсаттары жəне мəні.
2. Басқару принциптері.
3. Басқару функциялары жəне оларға анықтама беріңіз.
4. Басқару тиімділігін жоғарлату жолдары.
5. Өнеркəсіптік  менеджменттің  жоспарлау  жəне  басқару  теориясы  мен  іс –
тəжірибесін дамытудың негізін қалай түсінесіз?
2 – дəріс. Өндірістік  кəсіпорын  шаруашылық  жүргізу  объектісі
ретінде
Классикалық  анықтамаға  сəйкес  экономика – пайдалы  өнімдер  өндіру  үшін  қоғам
қалай белгілі, шектеулі ресурстарды пайдаланады жəне оларды адамдардың əр түрлі топтар
арасында бөлетіні туралы ғылым.
Еліміздегі  өнеркəсіптік  өндірістің  дамуындағы  жетістіктері  қолда  бар  табиғи  жəне
еңбек  ресурстарын  пайдаланудың  толықтығымен, дəрежесі  жəне  экономикалық
тиімділігімен байланысты.
Осы  проблеманы  шешу  еліміздің  барлық  экономикасының  дамуының  тұрақты  жəне
басымды міндеті болып саналады.
Өндіріс құрал – жабдықтарына меншік нысандары өзгеруімен жəне шаруашылықтың
нарық  əдістеріне  көшуімен  байланысты, еліміздің  экономиканы  басқарудағы  мемлекеттік
органдарының дəрежесі мен сипаты маңызды өзгерді.
Бірақ  еліміздің  территориясында  өнеркəсіптік  өндірістің  орналасуы  туралы
мəселелерді шешу проблемалары қалып отыр. Тек меншік иесі мен кəсіпкерлер мүдделерін
есепке  алып, жаңа  кəсіпорындарды  салу  мен  орналастыру  осы  мəселелерді  қоғамдық –
оңтайлы шешуді қамтамасыз етпейді.
Елдің  территориясында  жаңа  өндірістік  қуаттарды  орналастыру  кезінде  тек  меншік
иесі мен кəсіпкерлер мүддесін, тағы да қоғамдық мүдделерді есепке алу керек.
Осы проблемаларды шешу кезінде мынадай принциптерді сақтау қажет:
1. Елдің территориясында өнеркəсіптік өндірістің біркелкі орналасуы;
2. Өнеркəсіпті  шикізат, материалдық  ресурсстарды  жеткізуші, тұтынушы  жерлері
көздеріне территориялық жақындату;
3. Елдің экономикалық аймақтар арасында еңбекті оңтайлы бөлінуіне жəрдемдесу;
4. Барлық аймақтардың экономикалық дамуының бірдей деңгейін қамтамасыз ету;
5. Жаңадан құрылған кəсіпорындар қызметіне тиісті пайдалылықты қамтамасыз ету;
6. Еліміздің қорғаныс қабілеті мен экономикалық тəуелсіздігін нығайту.
                   Экономиканың  барлық  даму  кезеңінде  кəсіпорын  экономиканың  басты  буыны  болып
қалады. Кəсіпорында  ғана  өнім  шығарылады,жұмыскерлер  өндіріс  құралдарымен  тікелей
байланыс  жүргізеді. Дербес  кəсіпорын  деп  өндірістік – техникалық  тұтастығына,
ұйымдастыру - əкімшілік  жəне  шаруашылық  дербестігіне  ие  болатын  өндірістік  бірлігін
түсінуге болады.
Сонымен  кəсіпорын – кəсіпкерлікпен  немесе  біріккен  кəсіпкерлікпен  өнім  өндіру,
қоғамдық  қажеттілікті  қанағаттандыру  мен  пайда  алу  мақсатымен  құрылған  дербес
шаруашылық субъект.
Кəсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты – бəсекелесуге қабілетті өнім
шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу жəне ең аз шығынмен ең жоғары нəтижеге ие болу
негізінде сұранысқа ие жəне бəсекелесуге қабілеті бар өнім шығару болып табылады.

Өндірістік кəсіпорынның міндеттері мынадай: өнім шығару, оны тұтынушыға жеткізу
жəне  сату; өндірісті  барлық  ресурстармен  қамтамасыз  ету, өндіріс  көлемін  дамыту  мен
ұлғайту жəне т.б.
Кəсіпорын  жұмыс  істеуінің  негізгі  принциптері  келесідей: өндірісті  мамандандыру,
стандарттау, үйлесімділік, қатарластық, үздіксіздік, ырғақтылық, турадəлшілік.
Қазақстанда «Меншік  туралы» заңға  байланысты  мемлекеттік  меншіктегі, жеке
меншіктегі жəне аралас меншіктегі кəсіпорындар құрыла алады.
Кəсіпорындар түрлі белгілеріне қарай сала түріне, шарушылық іс - əрекетінің түріне,
құқықтық жағдайына, меншік нысанына байланысты бөлінеді.
Меншік жағдайына байланысты кəсіпорындар мемлекеттік (оның ішінде қазыналық),
кооперативтік, ұжымдық жəне жеке түрлерінде болады.
Кəсіпорындар  жұмыс  істейтін  адамдар  санына  байланысты  шағын, орташа, ірі  жəне
аса ірі кəсіпорындар болып жіктеледі.
Ұйымдық – құқықтық  нысаны  байланысты  кəсіпорындар  қаржылық  емес
корпорацияларға, қаржылық  ұйымдарға, коммерциялық  емес  ұйымдарға  жəне  үй
шаруашылығына жіктеледі.
Салалық  құрылымына  байланысты: өнеркəсіптік, құрылыс, ауыл  шаруашылығы,
байланыс жəне басқа.
Ұйымдастыру  нысандарына  байланысты: акционерлік, ұжымдық, мемлекеттік,
фермерлік, жалқы жəне басқа.
Қазақстанда  жеке  сектор  мынадай  бөлімдерден  тұрады: жеке  кəсіпкерлік, толық
серіктестік, командиттік серіктестік, жауапкерлігі шектеулігі серіктестік, акционерлік қоғам,
қоғамдық акционерлік қоғам, өндіріс кооперативтері.
Кəсіпорындары құрылым бойынша цехтік жəне цехтік еместерге бөлінеді. Цехтардың
үш түрін ажыратуға болады: негізгі, көмекші жəне қосалқы.
Өнеркəсіптік  кəсіпорындағы  өндірістік  құрылымның  үш  түрі  бар: заттай,
технологиялық жəне аралас.
Тау – кен кəсіпорнының өндірістік қуаты
Өндірістік  қуат  деп  кəсіпорын  өзінің  өндірістік  мүмкіндіктерін  нормативтік
пайдалану  кезінде  жəне  белгіленген  жұмыс  режимінде  қабылданған  технологияны  сақтау,
жұмыстарды  жүргізу  барысында  нормалар  мен  пайдалану  ережелері  жəне  қауіпсіздік
техниканы  бұзбау  жағдайында  уақыт  өлшемінде  барынша  жоғары  өнім  шығару  көлемін
айтуға болады.
Кəсіпорынның  бастапқы  қуаты  оның  құрылысын  жобалау  кезінде  белгіленеді.
Кəсіпорынды пайдалану кезінде тау – геологиялық жəне ұйымдастырушылық – техникалық
жағдайлары өзгергенде оның өндірістік қуаты əр түрлі болуы мүмкін.
Өндірістік  қуаттың  мөлшері  пайдалы  қазбалар  қорының  шамасына, оның  тау –
геологиялық сипатына, жобаланған өндіру технологиясының мүмкіндіктеріне, қолданыстағы
техникаға  жəне  өндірістік  процестердің  əр  сатысының  техникалық  қабілеттілігіне
байланысты.
Өндірістік қуатын анықтаған кезінде жоғарыда келтірілген факторларды есепке алып,
бірнеше 
нұсқалардан 
ең 
тиімді, оңтайлы, экономикалық 
нəтижелі 
нұсқаны
таңдайды.Осындай экономикалық тиімділіктің шамасын бағалайтын экономикалық критерий
ретінде дисконотталған таза табыс (ДТТ) көрсеткіші орындайды.
Құрылыс  жобамен  қарастырылған  кəсіпорынның  қуаты  оның  жобалық  қуаты  болып
саналады. Жобалық  қуат – кəсіпорынның  жаңа  немесе  жұмыс  істеп  тұрған  кəсіпорынды
жаңғыртуға  арналған  жобалық  тапсырмада  қабылданған  белгілі  бір  кезеңде  өнім  шығару
көлемі.
Жобалық қуат жаңадан енгізілетін объект бойына өндіріс көлемін, жабдықтар санын,
еңбек  ресурстарын, қаржы  шығындарын, барлық  жобалық  экономикалық  көрсеткіштерін
есептеу үшін негіз.

Кəсіпорынның оңтайлы жобалық қуаты əр түрлі əдістермен анықталуы мүмкін. Оның
– бірі  графикалық  əдіс.Тау –кен  кəсіпорындарының  оңтайлы  жобалық  қуатын  есептеудің
графикалық əдісі меншікті (үлесті) шығындарды анықтауға байланысты.
Өнім  өндіруге  жұмсалған  толық  шығындар (ТС) тұрақты  шығындар (ҒС) жəне
өзгермелі шығындардың қосындысына тең, яғни ТС=FC+VC. Енді осы теңдеудің екі жағын
өнім өндіру көлеміне бөлсек, онда мынадай өрнекті табамыз:
АТС=AVC+ FC/Q,
мұндағы  АТС  жəне    AVC  –  өнім  бірлігіне  тиісті  толық  жəне  өзгермелі  шығындар,  АТС  -
өнімінің өзіндік құны.
Жоғарыда келтірілген формулаларды пайдаланып, кəсіпорынның əртүрлі қуаттарына
байланысты  меншікті  шығындардың  графигін  тұрғызады. Жиынтық  үлесті  шығындар
қисығында  ең  аз  шығындар  бойынша (минимум  нүкте) берілген  кəсіпорынның  оңтайлы
жобалық өндірістік қуаты анықталады.
Кəсіпорынның оңтайлы  жобалық қуатын анықтаудың екінші əдісі  аналитикалық деп
аталады.  Осы  əдіс  күрделі  экономикалық  –  математикалық  үлгілердің  шығындарын  құруға
негізделген. Шығындар  үлгілердің  функциясы  болып, кəсіпорын  шығаратын  өнім  көлемі
саналады. Осы  жағдайда  жасырылған  математикалық  функциясының  бірінші  туынды
шамасын 0 – ге теңестіріп, оңтайлы қуатын табады.
Жобалық қуатын кəсіпорын залалсыз жұмыс істеу үшін керекті өнім шығару көлемін
анықтау əдісін пайдаланып, айқындауға болады.
Жұмыс істеп тұрған тау – кен кəсіпорынының өндірістік қуатын оның технологиялық
тізбегінің əрбір буынының техникалық өнімділігімен, өткізу қабілеттілігімен анықтайды.
Əр түрлі бөлімдердің техникалық өнімділігі кəдімгі инженерлік формулалар бойынша
анықталады, олар  тазартыс  жұмыстарына  технологиясы, ішкішахталық  көлік, жүк  көтеру,
шахтаны желдету оқу курстарында қарастырылады.
Шахтаның  жағдайы  өзгеруіне  байланысты  оның  нақты  өндіру  қабілеттілігін  қайта
есептеудің  қажеттілігін  талап  етеді, яғни  оның  нақты  ағымдағы  жылға  сəйкес  өндірістік
қуатын анықтау керек.
Біріншіден, тау- кен  кəсіпорынның  технологиялық  тізбегіін  бір  сапқа  тұрғызады.
Шахтаның  өндіру  мүмкіндіктері  оның  технологиялық  тізбегінің  жеке  буындарының
өнімділігімен  анықталады. Технологиялық  буындардың  өнімділігі  олардың  техникалық
өнімділігі жəне жабдықтар мен қондырғылардың сағаттық – құжаттық  өнімділігі бойынша
есептеледі. Əр берілген технологиялық буынның тəуліктілік өнімділігі өзіне тəн өнім өлшем
бірлігінде  анықталады. Сонан  соң  осы  көрсеткіштер «шахта  өндіруді  қамтамасыз  ететін
тонналармен» қайта есептеледі жəне кестемен көрсетіледі.
Кестенің  ақырғы  бағанасы  мəліметтері  арқылы  бірнеше  бағаналы  диаграммаларды
құрайды. «Тар  буындарды» істестіріп, шахтаның  өндірістік  қуатын  арттыру  үшін  қандай
шараларды қабылдау керектігін, ол үшін қосымша инвестиция жұмсауын нұсқалар бойынша
зерттейді.
Əр  нұсқаның  экономикалық  тиісмділігін (Э) есептеу  үшін  мына  формуланы
пайдаланады:
(
)
(
)
(
)
,
б
б
i
i
H
i
i
С
Р
O
O
K
E
C
P
М
Э
-
-
-
-
-
=
мұндағы М-і нұсқаға сəйкес шахтаның жылдық өндірістік қуаты,m;
Р – кəсіпорын шығарған кеннің бағасы;
Ен – капиталға пайыздық мөлшерлеме, 0,15;
К – і нұсқа бойынша «тар орынды» техникалық қайта құруға жұмсалған шығындарды;
О – і «тар орынды» қайта құру кезінде босатылған обьектілерінің нарықты құны;
Qб – базалық жылдағы кəсіпорының нақты жылдық өнімділігі;
Сб – базалық жылдағы өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;

Сі  –  кəсіпорын  қуаты  бойынша  өнім  бірлігінің  есептік  өзіндік  құны,  ол  мына
формуламен анықталады:
А
П
Э
С
С
Т
б
і
D
±
±
-
=
Мұндағы  Эт – кəсіпорын  қуатын  арттыру  нəтижесінде  шартты – тұрақты
шығындарының экономиясы;
П – технологиялық  буындарды  қайта  құру  нəтижесінде  тікелей  пайдалану
шығындардың өзгеруі;
D
А – қарастырылған «тар  орынды» қайта  құру  нəтижесінде  амортизациялық
аударымдарының өзгеруі.
Баяндалған  əдіспен  белгіленген  кəсіпорынның  өндірістік  қуаты  экономикалық  ең
пайдалы  болып  саналады  жəне  оны  жұмыс  істеп  тұрған  кəсіпорынның  оңтайлы  өндірістік
қуаты деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет