Студенттің ПƏндік оқУ Əдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата06.04.2017
өлшемі0,76 Mb.
#11190
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Еңбекті мөлшерлеу
        "Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде" жобасында "Еңбекті нормалау — нақты
ұйымдастыру—техникалық  жағдайларында  қызметкерлердің  жұмысты  орындауға (өнім
бірлігін  жасауға) арналған  қажетті  еңбек (уақыт) шығындарын  айқындау  жəне  осылардың
негізінде еңбек нормасын белгілеу", — деген.
        Өнім шығару, уақыт, қызмет көрсету нормалары еңбек шығындарының өлшемі болып
табылады  жəне  тиісті  біліктілігі  бар  қызметкер  үшін  техниканың, технологияның, өндіріс
пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткізілген деңгейіне сəйкес белгіленеді.
       
Мерзімді  еңбек  ақы  төлеу  кезінде  қызметкерлерге  нормаланатын  тапсырмалар
белгіленеді. Жекеленген  функциялар  мен  жұмыс  көлемін  орындау  үшін  қызмет  көрсету
нормалары немесе қызметкерлер санының нормалары (нормативтері) белгіленуі мүмкін.
        Тау-кен кəсіпорындарында техникалық нормалау алдында мынадай негізгі міндеттері
қойылған:
1) еңбек шығындарының ғылыми негізделген мөлшерін даярлау;
2) еңбек өнімділігінің арттыру резервтерін айқындау жəне пайдалану;
3) еңбек сыйымдылығын төмендету;
4) өндірісті ұйымдастырушылық жəне технологиялық дайындау;
5) қызметкерлердің еңбегіне орынды жалақы төлеуді ұйымдастыру;
6) экономика – математикалық  əдістер  мен  техникалық  құралдарды  пайдалану
арқасында нормалар сапасын көтеру мақсатымен еңбекті мөлшерлеудің əдістерін жетілдіру.
        Еңбекті нормалау əдістері екіге бөлінеді:
— аналитикалық (талдау), ғылыми негізделген;
— тəжірибелік-статистикалық.
        
Нормаларды  есептеудің  негізін  нормативтер  құрастырады.  Норматив  —жұмыс
уақытының, еңбектің, материалдық  жəне  қаржы  ресурстарының  салыстырмалы  түрде
пайдалану  дəрежесін  сипаттайтын  есептік  көрсеткіш.Норматив  норманың  құрамдас  бөлгі,
оны анықтау үшін графоаналитикалық жəне кіші квадраттар əдістері пайдаланылады.
        Еңбек нормалары былай бөлінеді:
— жұмыс істеу (өндірім) нормасы;
— уақыт нормасы;
— қызмет көрсету нормасы;
— қызметкерлер санының нормасы.
        Еңбек нормаларын əзірлеу базасы болып уақыт нормасы саналады. Жұмыс істеу, өнім
шығару (өндірім) нормасы–тиісті  біліктігі  бар  бір  жұмыскер  немесе  жұмыскерлер  тобы
(бригада) жұмыс  уақыты  өлшемінде  ұйымдастыру-техникалық  жəне  табиғат–ауа  райы
жағдайында  орындауға  міндетті  жұмыстың  белгіленген  көлемі (өнім  мөлшері). Уақыт
нормасы  өнімнің, жұмыстың бір өлшемін  орындау үшін  белгіленеді. Өндірім  мөлшері (Нө)
мен уақыт нормасы (Ну) арсында кері байланыс бар:
,
/
y
a
H
T
H
=
Q
мұндағы  Та - ауысымның ұзақтығы.
Жұмыс уақыты шығындарын зерделеу
        
Жұмыс  уақыты  дайындау-қортындылау,  оперативтік  жəне  жұмыс  орнына  қызмет
көрсету  уақыттарына  бөлінеді. Оперативтік  уақыт  негізгі  жəне  көмекші  жұмыс
уақыттарынан  тұрады. Негізгі  уақыт  еңбе  заттарының  сандық  жəне  сапалық  өзгертуіне
жұмсалған  уақыт. Көмекші  уақыт  деп  негізгі  жұмысты  тоқтамай  орындалуын  қамтамасыз
ететін  уақытты айтады.
        Тау-кен  өндірісінде  жұмыс  уақыты  шығындарын  зерттеуге  қадағалаулардың  мына
əдістері пайдаланылады:
— жұмыс уақытын зерделеу (хронометраж);
— жұмыс уақытының суреті (жаппай немесе іріктеме (моменттік);

— жабдықтарды пайдалану уақытының суреті;
— өзін-өзі суреттеу;
— жұмыс уақытын суреттеу жəне зерделеу (фотохронометраж).
       
Хронометраж  –
еңбек  операцияның  дүркін-дүркін  қайталанып  отыратын
элементтерін бақылау жəне өлшеу жолымен операцияға жұмсалған уақытты зерттеу əдісі.
       
Жұмыс  уақытын  зерттеу  келесі  үш  кезеңнен  тұрады:  бақылауға  дайындалу;
бақылауды жүргізу жəне уақыт шығындарын жазу; алынған мəліметтерді өңдеу жəне талдау,
еңбек нормативтері мен уақыт нормаларын əзірлеу.
       Суреттеме – деп  жұмысшының  немесе  жабдықтардың  жұмыс  уақытының  ауысым
немесе бірнеше ауысымдар бойынша бақылауды айтады. Рынок жағдайлары, заң нормалары
əсер етеді.
   Суреттеменің мақсаты – жұмыс уақытының шығындары мен іркілістерін (үзілістерін )
анықтау, олардың себептерін тауып, қалыпты жұмыс балансын құрастыру.
       Мезеттік қадағалау  əдісі – бұл  орындаушылар  мен  жабдықтардың  жұмыс  уақыты
шығындарын  кездейсоқ  мезеттер  арқылы  жүргізілетін  зерттеу. Оның  негізінде
статистикалық  жəне  ықтималдық  зерттеу  əдістері, сонымен  бірге  үлкен  заңдар  санымен
ықтималдық теориясы жатыр.
Жеке аусымдық анықтаудың жалпы формуласы мынадай:
(
)
,
р
к
Н
р
жм
д
дк
a
t
t
t
Т
Т
Т
Т
Т
Н
+
+
-
-
-
-
=
Q
мұндағы
H
- өнім бірлігіне жұмсалған негізгі операцияларының ұзақтылығы, мин/т, м,
3
м ;
K
- өнім бірлігіне керекті көмекші операцияларының ұзақтығы.
Кешенді норманы есептеу үшін тазартыс жұмыс көлемін (
ц
D
) немесе кен қазбаның 1
метрге (циклге) жылжуын (L) жиынтық нормативтік еңбек сыйымдылығына
( )
Н
Т
бөледі:
Н
ц
Н
Т
D
Н
/
=
Q
 немесе
H
T
/
.
Негізгі əдебиеттер: 5 нег. [16-36]; 6нег.[104-122].
Қосымша əдебиеттер: 11қос.[33-42]; 12 қос [6-74].
Бақылау сұрақтары:
1. Кəсіпорындарының өндірістік құрлымы жəне оны құру принциптері.
2. Өндіріс тұрпаты жəне мамандандыру түрлері.
3. Еңбекті ұйымдастыру ұғымы жəне міндеттері.
4. Жұмыс уақыты шығындарын зерттеу.
5. Жеке жəне кешенді өндірім нормаларын есептеу əдістемесі.
11 – дəріс. Тау-кен өнеркəсібіндегі техника-экономикалық жоспарлау
Қазақстан Республикасы нарық экономикаға ойдағыдай көшу кезінде жоспарлау
мəселеріне көп көңіл беруде. Ақырғы жылдары біздің Республикамызда жоспарлаудың
сынды жүйесі құрылды, оның ішінде ұзақ мерзімді ғылыми болжау жасау мен
тұжырымдамалар, стратегиялық жоспарлар мен мемлекеттік бағдарламалар,ел дамуының
орта мерзімді жəне ағымдағы индикативтік жоспары жəне шаруашылық субъектілерінің
бизнес – жоспары.
         Жоспарлау нарықтық экономиканың объективтік экономикалық заңдарын тану жəне
пайдалану негізінде экономиканы басқару жөнінде адамдардың мақсатты қызметінің ең
маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Кəсіпорынның экономикалық – шаруашылық
қызметі жағдайының терең талдануын, оның қатаң бəсеке кезінде негізгі даму бағыттарының
дұрыс айқындалуын, жоспарларда ғылыми – техникалық ілгерішіліктің соңғы
жетістіктерінің жан-жақты есепке алынуын, солардың негізінде сапалы қазба байлықтар
шығаруының, еңбек өнімділігінің, пайда мен пайдалылықтың үздіксіз өсуін қамтамасыз
етуді көздейтін жоспарлардың ғылыми негізделуі – оның ең маңызды көзқарасының бірі.

         Жоспарлаудың ғылыми дəрежесін одан əрі арттыру – нарықтық экономика заңдарды
барған сайын неғұрлым толық біліп, пайдалануды талап етеді.
         Қазір шаруашылық жүргізуде ең басты нəрсе бəсекелесуге жарамды өнім өндіру,
өнімді сатудан түскен табысты молайту, жұмыс істейтін адамдардың еңбек өнімділігін өсіру,
олардың əлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады. Сондықтан жоспарлаудың
əдістерін жетілдіру керек. Бұл коммерциялық қызметті анағұрлым дəл зерттеуге,
экономикалық мүмкіндіктерімізді ғылыми тұрғыдан болжауға, шешімдердің түрлі
нұсқаларын, олардың тікелей жəне ұзақ мерзімді нəтижелерін жан-жақты талдап, бағалауға
сүйенуге жол ашады. Осыған орай бірқатар ең маңызды экономикалық міндеттерді тиімді
түрде жүзеге асыру үшін болашақ ұзақ мерзімдік жоспарлау жасау қажет.
         Жоспарлау – жоспар жасау (əзірлеу) процесі, онда нақты объектің мақсаты, мазмұны,
көлемі, əдістері мен құралдары, орындау мерзімі көрсетіліп, нақты кезеңге межеленген
бағдарламасын жүзеге асырудың белгіленген тəртібі, реті, тізбектілігі қамтамасыз етіледі.
         Қазір нарыққа көшудің өтпелі кезеңінде макроэкономикалық деңгейде жоспарлау елді
экономикалық жəне əлеуметтік дамудың стратегилық бағыттарына, неғұрлым ірі ғылыми –
техникалық жəне құрылымдық бағдарламаларды іске қосуға, тұрақты ақша айналысын
қамтамасыз етуге шоғырландырылуға тиіс.
         Кəсіпорын деңгейінде жоспарлау – кəсіпорын мен оның барлық бөлімшелерінің
өндірістік – шаруашылық қызметінің шаралары мен көрсеткіштерін əзірлеп, негізделеді,
сондай-ақ шаруашылық қызметінің жүзеге асырылуына басшылық жасап, бақылау
орнатылады, ішкі өндірістік резервтер анықталып, пайаланылады.
         Кəсіпорын рынокта ойдағыдай жұмыс істеуі үшін бірқатар мəнжайларды ескеруге
тиіс, олар: сұраныс пен ұсыныс; өзінің өніміне рыноктың икемдігі; өндірістің ағымдағы
шығыны; шекті пайда мен тиімділік; негізгі құрал-жабдықтың, материалдың бағасы.
        Сонымен, кəсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметіне тек қана
микроэкономикалық орта емес, макроэкономика да ықпал жасайды.
         Егер микроэкономика нақты рыноктағы бағаның құралуы заңдарын, оларға
кəсіпорындардың бейімделуін зерделейтін болса, макроэкономика экономиканың неғұрлым
стратегиялық мəселелерін (мысалы, салық, несие-қаржы саясатын) зерттейді.
         Сондықтан кезкелген меншік нысанындағы кəсіпорын өзінің алдағы кезеңдегі
өндірістік – шаруашылық жəне əлеуметтік қызметінің сипатын айқындауға, оперативтік
жоспарларын əзірлеуге тиіс.
         Ал мұның мəнісі нарық жағдайында ағымдағы жəне оперативтік - өндірістік
жоспарлау жойылмайды, қайта барлық басқару құрылымдарына, кезкелген басқармалық
шешімдерге дендеп енуге тиіс деген сөз.
         Жоспарлаудың мына түрлерін ажыратуға болады: стратегиялық, ұзақ мерзімді, қысқа
мерзімді, оперативтік, маркетингтік, күнтізбелік.
         Стратегиялық жоспарлау – ірі кəсіпорындарында жоспарлар жүйесінің ұйытқысы. Ол
кəсіпорынның дамуына негізделген шешуші мақсаттары мен стратегиялық бағыттарын
анықтайды. Стратегиялық жоспарлаудың міндетіне кəсіпорынның қызметінің болашақтғы
басты бағыттарын анықтау мен оның тұрақты жұмысы мен бəсекелесуге жарамдылығын
қамтамасыз ету үшін шараларды əзірлеу жатады.
         Стратегиялық жоспарлау кəсіпорынның 5 жылға дейінгі экономикалық дамуының
ұзақ мерзімді жоспарын əзірлеуінің негізі. Ол кəсіпорын қызметінің өнім өндіру көлемін,
шығындарын, қаржысын, тағы басқа көрсеткіштерін нақтылайды.
         Ұзақ мерзімді жоспар қысқа мерзімді жəне оперативтік – ағымдағы жоспарлаудың
негізі бола тұрып, бір жылға əзірленеді жəне тоқсандарға бөлінеді.
         Ағымдағы жоспарлау – бұл, ең алдымен мақсатқа жеүге жоспарлау. Оның мақсаты –
кəсіпорынның, оның құрылымдық бөлімшелерің уақыт аралығында үздіксіз, ырғақы,
теңгерімді қызметін қамтамасыз ету.

         Ағымдағы жоспарлаудың ең кең таралған нысаны болып кəсіпорынның жылдық
жоспары саналады. Қазіргі уақытта жылдық жоспар өнім өндіру жоспары, өнімді сату
болжамы жəне рыноктың нақты жəне болашақтағы өнім қажетілігі негізінде əзірленеді.
         Тиімді жоспарлау келесі принциптерге негізделуі тиіс: кешендік, жүйелік, үздіксіздік,
икемділік жəне қатысу принциптеріне.
         Жоспарлаудың негізгі əдістері болып мыналар саналады: теңгерімдік (баланстық),
нормативтік, талдамалық, варианттық, бағдарламалық – мақсатық, экономика-
математикалық.
Баланстық əдіс – жоспарлау практикасында қабылданған əдіс, ол өндіріс
факторларды жəне оларға қажеттіліктерді өзара салыстыруға жұмсалған шығындар мен
нəтижелерді өлшемдестіруге, жоспар тапсырмалары мен көрсеткіштерін келісуге, оның
барлық бөлімдері мен тарауларының бірлігі мен теңдестірілуін қамтамасыз етуге
негізделген.
Нормативтік  əдіс – оның мəнісі бірқатар жоспарлық есептердің ғылыми негізделген
нормалар мен нормативтерді – материалдардың, энергияның, қаржы жəне еңбек
ресурстарының бір өнім өлшеміне шаққандағы нормаларын, салықтар мен алымдардың,
бюджетке төлемдердің мөлшерлемелерін, амортизация нормаларын жəне т.б. қолдана
отырып орындалатынына негізделген.
Талдамалдық əдіс база ретінде қабылданған көрсеткіштің шамасын жəне оның
жоспарлы кезеңінде өзгеру индекстерін талдау негізінде, сол көрсеткіштің жоспарлы
мөлшері есептелінеді.
Варианттық əдіс бірнеше жоспарлы есептердің белгіленген критерий бойынша ең
тиімді шешімін таңдауды қарастырады.
         Бағдарламалық – мақсаттық өндірістің дамуға қойылған мақсаттарға жету
ерекшеліктерді есепке алуына негізделген.
Экономика – математикалық əдіс қаржы көрсеткіштермен жəне оларды анықтайтын
фоктолардың арасындағы өзара байланыстарды сандық өрнектермен сипатталатын
экономика-математикалық алгоритмдерді жəне үлгілерді пайдалануға бағытталған.
Кəсіпорын даму жоспарының мазмұны
         Қысқа мерзімді жəне ағымдағы жоспарлаудың негізгі тараулары мынадай:
– өндіріс пен өнім өткізу жоспары;
– өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жəне дамыту жоспары;
– өндірістің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспар;
– еңбек жəне жұмысақы бойынша жоспар;
– өндіріс шығындары бойынша жоспар;
– ұжымның əлеуметтік даму жоспары;
– табиғатты  қорғау  жəне  табиғи  ресурстарды  ұтымды  пайдалану  жөніндегі  шаралардың
жоспары;
– қаржы жоспары;
– кəсіпорын қызметінің жəне жай-күйінің нəтижесін сипаттайтын көрсеткіштер.
Өндіріс жəне өнім өткізу жоспарын əзірлеу
         Өндіріс жəне өнім сату жоспары белгілі күнтізбелік уақытқа арналған кəсіпорын
дамуының жалпы жоспарының негізгі бөлімі болып саналады.
         Өндіріс жоспары шахта немесе карьедің өндірістік қуатымен байланысты, заттай жəне
ақшалай түрінде жоспарланады.
Өндірістік қуат – уақыт өлшемінде тау-кен кəсіпорны ресурстардың барлық түрін
тиімді пайдалану кезінде барынша жоғары көлемінде пайдалы кенбайлықты шығару
қабілеттілігі.

         Басқа сөзбен айтқанда, өндірістік қуат кəсіпорнының, учаскенің кен жабдықты
неғұрлым тиімді пайдаланып, өндіріс пен еңбекті озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті
уақыт ішінде белгілі өнім түрлерін шығаруға барынша жоғары мүмкіндігі.
         Жоспарланған кезеңге өндірістік қуат ең жоғары өнімділік немесе тау-кен
кəсіпорнының негізгі технологиялық звеноларының барынша жоғары өтізу қабілеттілігіне
сəйкес белгіленеді.
         Карьердің өндірістік қуаты пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі қазу
экскаваторлардың өнімділігімен жəне өндіру жұмыстарға нормативтік қарқынына сəйкес
бұрын жүргізуімен байланысты.
         Пайдалы кенбайлық бойынша кеніштің қуаты (Аж) мына формуламен айқындалуы
мүмкін:
,
/T
K
Q
A
Ж
q
=
мұндағы:
q
 - пайдалы қазбанының өндірістік қоры;
                  K – пайдалы кенбайлықты шығарып алу коэффициенті;
                  Т – кеніштің жұмыс істеуінің есептелген мерзімі, жылдар.
         Кеніштің пайдалы қазбалар бойынша жылдық өндірістік қуаты мына формуламен
анықталады:
,
1
d
n
P
T
n
A
m
i
i
i
a
Ж
å
=
=
мұндағы: nа – тəуіліктегі кен өндіру кезіндегі жұмыс ауысымдар саны;
                 Т – жоспар бойынша кеніште бір жылда жұмыс күндер саны;
                 Р i -  əр блоктағы (панельдегі) i тазартым забойдың ауысымдық өнімділігі;
                 n i - əр блок (панель) бойынша əрекеттегі тазартым забойлардың саны;
                 m – бір мезгілде қазу жұмыстары жүргізіліп отырған блоктар (панельдер) саны;
                 d – тазартым забойлардан қазып алынатын кеннің үлесі.
         Карьерде пайдалы қазбалар өндірудің жоспарлы көлемі (Аж) оның өндірістік қуатына
сəйкес белгіленеді. Бұл жерде карьердің тазартылыс жұмыстар шебінің жалпы ұзындығын
(L), өндіру кемердің орта биіктігін (Н), өндіру кемерлердің жоспарланған орта жылжым
жылдамдығы (V) жəне кеннің тығыздығын (
g) есепкелу қажет:
Аж = 0,001
g LН V.
         Карьердің өндіріс қуаты негізінде əрекеттегі өндіру жəне аршу кемерлер санын,
олардың орташа биіктігін, шебін, əр кемерде қазып алу алаңын, бір жылдағы өндіру
кемерлердің жылжуын, жоспарлы жылдық аршу коэффициентін, қолданыстағы
экскаваторлар, бұрғылау станоктардың, карьер көлігінің, үйінділердің санын жоспарлап
анықтайды.
         Шахтада кен өндірудің жоспарлы көлемі (Аж) тазартым (Qт) жəне дайындау (Qд)
забойлардан қазып алынуға тиісті кен көлемдерінің қосындысы болып табылады:
å
å
=
=
=
=
+
=
n
j
j
j
g
i
m
i
i
a
T
g
T
Ж
L
S
Q
n
P
T
n
Q
Q
Q
A
1
1
,
;
;
g

мұндағы: Sj жəне ℓj – сəйкес j – кен-даярлау қазбаның кен бойынша алаңы мен ұзындығы;
                 n – жүргізуге жоспарланған кен-даярлау қазбалардың саны.
         Кен өндіру жоспарлы көлемі арқылы шахтадағы қазып алуға дайын қорлармен
қамтылған нормативі жəне қазып алуға дайындалған қорларының нормативі; кен-даярлау
жəне тілмелік жұмыстарының жоспарлы көлемі; орташа əрекеттегі (жұмыстағы) тазартым
забойлардың саны, олардың орташа ұзындығы; забойларды істейтін əр түрлі жабдықтардың
саны анықталады. Жоспарлы өнім өндіру көлемі жер астында істейтін көліктің, кеніштік
көтергі өткізу қабілеттіліктеріне тексерілуі қажет.
         Заттай түрінде өнім өндіру жоспары негізінде ақталай түріне жалпы, тауар жəне
өткізілген өнім жоспарлары даярланады.
Жалпы өнім - өнім өндірудің жоспарлы көлемінің құндық көрсеткіші, ол
кəсіпорнының белгілі бір кезеңде өнеркəсіптік - өндірістік қызметінің жалпы нəтижесін
сипаттайды жəне оның құрамына дайын өнім, өнеркəсіптік қызметтер мен жұмыстардың
құны, аяқталмаған өндірістің жəне аспаптар мен бейімдемелердің қалдығы (+ немесе –)
кіреді.
        Өндірілген өнімнің тауарлық құны - өндірілегн жəне сатуға дайын өнімнің көлемін
ақшалай тұлғада сипаттайтын жəне стандарт талаптарына сəйкес келетін экономикалық
көрсеткіш. Оның құрамына мыналар кіреді:
åå
åå
=
=
=
=
+
+
=
n
i
m
j
Cij
nij
n
i
m
j
Cij
Tij
K
P
Q
P
Q
T
1
1
1
1
,
q
мұндағы: Qтij – нақты кезеңде өндірілген жəне басқа ұйымдарға өткізуге арналған дайын
өнімдер;
                  Рсіj – кəсіпорынның нақты өнімнің, қызметтің қолданыстағы немесе болжамды
сату бағасы;
                  Qnij – тысқа сатылатын өндірілген меншікті жартылай дайын өнімдер;
                  К – басқа ұйымдарға өнеркəсіптік сипаттағы қызмет көрсету құны.
Өткізілген өнім құны – басқа тұтынушыларға сатқан жəне олар ақысын төлеген
өнімдер, жұмыстар жəне қызметтер құны. Осы өнім құрамына басқа кəсіпорындарына сатқан
шала өнімдер мен өнеркəсіптік сипаттағы қызмет көрсету құны кіреді. Өткізілегн өнім
кəсіпорындарының өндірістік – шаруашылық қызметінің нақты нəтижесін бағалаудың негізгі
көрсеткіштерінің бірі.
Еңбек пен жалақы қорын жоспарлау
         Еңбек пен жалақы жоспары өзара байланысты төрт бөлімдерден тұрады: жұмыс
істейтіндердің санын жоспарлау; жалақы қорын жоспарлау; жұмыс күшіне қажеттілікті
есептеу жəне кадрларды даярлау жоспарын жасау.
         Еңбек пен жалақы жоспарының негізгі міндеті кəсіпорынның жұмыскерлердің əр
санаттағы, мамандағы жəне біліктіктегі қажеттілігін анықтау, сондай-ақ олардың жалақы
деңгейін белгілеу. Осы жоспардың негізгі принципі – еңбек өнімділігі өсуі мен
жұмыскерлердің жалақы деңгейінің өсуі арасында арақатынасын қамтамасыз ету.
         Кəсіпорында жұмыс істейтіндердің жалпы жалақы қоры өнеркəсіптік-өндірістік жəне
өнеркəсіптікөндірістік емес қызметкерлер қорларынан тұрады. Жалақы қорының құрамына
тікелей жалақы қоры , жалақыға үстеме ақы жəне қосымша жұмысақы кіреді.
         Тікелей жұмысақы қоры былай анықталады:
1) кесімді ақы төленетін жұмыстарында істейтіндердің:
,
1
1
å
å
=
=
+
=
k
i
kj
k
n
i
i
i
к
P
V
P
Q
ЖК

мұндағы: Qі – і тазартым забойдан өнім өндірудің жоспарлы көлемі:
                 Рі – і тазартым забойдан кен өндірудің кесімді бағаламасы;
                 Vкj – шахтаның j – учаскесінің жылдық жұмыс көлемі;
                 Ркj – j – учаскедегі к – жұмыс түрін орындау үшін кесімді бағалау.
2) мерзімді жұмыста істейтіндердің:
,
12
1
å
=
×
=
n
i
c
м
T
N
ЖК
мұндағы: N – жұмысшылардың жоспарлы саны;
                Тс – ауысымдық тарифтік мөлшерлемесі.
         Ал басшылардың, мамандардың, қызметкерлердің жалақы қоры олардың санымен,
қызметақысы жəне жұмыс істеу уақытымен байланысты.
Өнімнің өзіндік құнын, пайда мен пайдалылықты жоспарлау
          Өзіндік құн, пайда жəне пайдалылық жоспары мына бөлімдерден тұрады:
– əртүрлі өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау (есептеу);
– маңызды  техникалық – экономикалық  шараларды  іске  қосу  арқылы  өнімнің  өзіндік
құнын төмендету жоспары;
– өндіріс шығындарының сметасы;
– пайда бойынша жоспар;
– пайдалылық жөніндегі жоспар.
         Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау дегеніміз өндірілетін өнімнің өзіндік құнына
енгізілетін жоспарлы ағымдағы техникалық – экономикалық есебі.
         Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау мына екі əдіспен іске асырылады: есептік –
талдаулық (факторлар бойынша) жəне нормативтік – есептік.
         Өнімнің өзіндік құнын жоспарлағанда өнім шығаруға жұмсалған барлық шығындар
экономикалық элементтер немесе калькуляциялық баптар бойынша топтастырылады.
         Кен өндіретін салада шығындар мына калькуляциялық статьялары бойынша
жоспарланады:
1) қосалқы материалдар;
2) технологиялық мақсаттарға арналған отын;
3) технологилық мақсаттарға арналған энергия;
4) өндірісті жұмысшылардың негізгі жұмысақысы;
5) өндірістік жұмысшылардың қосымша жұмысақысы;
6) əлеуметтік сақтандыру төлемдері;
7) амортизация (өтелім);
8) өндірісті дайындау жəне игеруге жұмсалған шығындар;
9) жабдықтарды күту жəне пайдалану жөніндегі шығындар;
      10) цехтық шығындар;
      11)  жалпы өндіріс шығындары.
      Өнімнің өндірістік өзіндік құны
12) Өндірістен тыс шығындар.
Өнімнің толық өзіндік құны.
         Кəсіпорынның барлық қызмет түрлері бойынша пайданы жоспарлау, даралап
жасалынады. Пайданы жоспарлау процесінде кəсіпорынның қаржы нəтижесіне əсер ететін
факторлардың барлығы есепке алынуға тиіс. Тау-кен кəсіпорындарында пайдалы қазбаларды
өткізуден түскен пайданы жоспарлайды. Іс жүзінде пайданы жоспарлауда əр түрлі əдістер
қолданылады, олардың ішінде тікелей есеп əдісі кең таралған. Пайданы жоспарлаудың
талдамалы əдісі – көпфакторлық үлгілерді құруға негізделген. Ол кəсіпорын қызметінің
нəтижесінде əр түрлі факторлардың ықпал етуін ескереді.

         Кəсіпорындарында өндірістің, өнімнің, сатудың, акционерлік (меншік) капиталдың,
активтердің пайдалылығын жоспарлайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет