Студенттің ПƏндік оқУ Əдістемелік кешені


Өндірістік қызмет тиімділігінің көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата06.04.2017
өлшемі0,76 Mb.
#11190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Өндірістік қызмет тиімділігінің көрсеткіштері
Кəсіпорынды  басқаратын  адамадрдың  негізгі  қызметі – шешім  қабылдау, олар
бірнеше  нұсқаларды  салыстырып, ең  тиімдісін  таңдайды. Шешім  қабылдау  экономикалық
тиімділіктің  теориясына  жəне  шаруашылық, инвестициялық  шешімдердің  оңтайлылық
критерийіне сүйенеді.
Тиімділіктің  критерий  ұғымы  экономикалық, технологиялық, əлеуметтік  жəне
экологиялық көрсеткіштерге негізделуі мүмкін.
Өндірістік  қызметі  мəселелерін  шешуге  экономикалық  тиімділіктің  критерийі
негіз болып саналады жəне оған көбірек көңіл бөлген жөн.
Кəсіпорын қызметінің тиімділігін дұрыс бағалау үшін ресурстар мөлшерін тұтынуын
анықтап, кəсіпорын  пайдаланған  ресурстардан  не  шығарылғанын  білу  қажет. Басқа  сөзбен
айтқанда өндіріс қызметінің тиімділігін білу үшін тұтынылған ресурстардан, қандай нəтиже
алынды.
Тиімділіктің (эффектінің) көрсеткіштерін  есептеген  кезде  шығындар  мен  нəтижені
бірнеше əдістер мен өзара салыстыруға болады:
1) Н/Ш  –  бұл  тиімділіктің  көрсеткіші,  ол  шығындардың  бірлігінен  алынатын
нəтижені сипаттайды.
2) Ш/Н – қатынасы меншікті шығындар түріндегі тиімділікті көрсетеді.
3) Н – Ш  айырым  нəтижесінің  өндіріске  жұмсалған  шығындардан  абсолюттік  асып
түсуін сипаттайды. Осы шаманы эффект немесе абсолютті тиімділік деп атайды.
4) Егер эффектіні шығындарға немесе нəтижеге бөлсек, онда мынадай көрсеткіштер
пайда болады: (Н-Ш)/Ш немесе (Н-Ш)/Н.
Біріншісі  шығынның  бірлігінен  алынған  эффекті, салыстырмалы  эффекті, ал  екіншісі –
эффектінің үлесті шамасын көрсетеді.
Шығындарды нəтижелермен əр түрлі салыстыру мүмкіндігі тəжірибеде пайдаланатын
экономикалық критерийлердің əр алуандылығының себебінің бірі болып саналады.
Тиімділіктіліктің  экономикалық  көрсеткіштердің  əр  алуандығының  екінші  себебі
шығындары мен нəтижелерінде өндірістің əр түрлі аспектілерін есепке алуға болады.
Мысалы, нəтижені өнім деп, ол шығындарды – жанды еңбек шығындары десек, онда
Н/Ш қатынасы еңбек өнімділігіне, ал Ш/Н – еңбек сыйымдылығына сəйкес келеді. Егер Ш –
ды  материал, энергия  шығындары  деп  қабылдасақ, онда  Ш/Н  қатынасы  материал, энергия
сыйымдылығы болып табылады. Егер нəтижені өнім өткізу көлемі, ал шығындарды - өнімнің

өзіндік  құны  деп  алса,  онда  (Н-Ш)  –  айырмасы  пайданы,  ал  (Н-Ш)/Н  -  өнімінің  өзіндік
құнына қатысты пайдалылықты (өнім пайдалылығын) көрсетеді.
Инвестициялар – экономикалық санат ретінде
Күделі  қаржы  салымдары (жұмсалымдары) – кейіннен  пайда  алу  немесе  əлеуметтік
нəтижеге  қол  жеткізу  мақсатымен  экономиканың  түрлі  салаларының  объектілеріне
жұмсалатын  мүліктік  жəне  зияткерлік  құндылықтардың  барлық  түрлері. Кəсіпорынның
деңгейінде  күрделі  қаржы  жұмсалымдары – негізгі  жəне  айналым  қорларының  көлемін
ұлғайтуға жəне құрылымын жақсартуға жұмсалатын бір жолғы шығынның сомасы. Олардың
едəуір бөлігі жаңа негізгі қорларды жасауға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге, жаңартуға
жəне техникалық жағынан қайта жарақтандыруға жұмсалады .
Кəсіпорындар күрделі қаржы салымдарды жаңа өндірістік қуаттарды іске қосуға жəне
жұмыс  істеп  тұрған  өндірістік  қуаттарды  қолдауға, еңбек  жағдайын  жақсарту  жəне  еңбек
өнімділігін арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға,
өнімнің  сапасын  арттыруға  жұмсайды. Күрделі  жұмсалымдар  құрылыс – монтаж
жұмыстарына, жабдық  сатып  алуға, жобалау – іздестіру, геологиялық – барлау
жұмыстарына, кадрлар даярлауға жұмсалатын шығындарды қамтиды.
Инвестициялар – капиталдың  ел  ішіндегі  жəне  шетелдегі  экономикаға  пайда  алу
немесе басқа да түпкілікті нəтижелерге қол жеткізу мақсатымен кəсіпорындарға, əлеуметтік
– экономикалық бағдарламаларға, жаңа жобаларға арналған ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестицияның объектілерге жұмсалатын түрлері:
қаржы инвестициясы – бағалы қағаздарды сатып алу (қоржындық инвестициясы);
нақты  инвестициясы - өндіріске, жабдықтар  мен  тұтыну  заттарына  қаражаттың  ұзақ
мерзімді жұмсалымы;
зияткерлік  инвестиция – патенттер, лецензиялар, «ноу – хау» сатып  алу,
қызметкерлерді даярлау, ғылыми – зерттеу жəне тəжірибелік – конструкторлық талдамаларға
жұмсалым .
Нарықтық  экономикада  мемлекет  те, акционерлік  жəне  сақтандыру  компаниялары,
коммерциялық банктер, түрлі қорлар, жекелеген кəсіпкерлер де инвесторлар болуы мүмкін.
Инвестицияға  қатысу  сипатына  қарай  олар  тікелей  жəне  тікелей  емес  түрлеріне
бөлінеді. Инвестициялау  кезеңдері  бойынша  күрделі  қаржы  ұзақ  жəне  қысқа  мерзімді
түрлеріне  бөлінеді. Ал  меншік  нысаны  қарай  бірлескен, шетелдік, мемлекеттік  жəне  жеке
инвестициялар болуы мүмкін.
Инвестициялар микродеңгейге келесі мақсаттарды орындауға керек:
өндірісті кеңейту мен дамытуға;
өндірістің техникалық деңгейін көтеруге;
кəсіпорынның  өнім  сапасын  көтеру  мен  оның  бəсекелесуге  жарамдылығын
қамтамасыз етуге;
табиғатты қорғау шараларды жүзеге асыруға;
бағалы қағаздарды сатып алу мен басқа кəсіпорындардың активтеріне қаражат салуға.
Инвестициялардың  соңғы  мақсаты – кəсіпорынның  келешекте  тұрақты  қызмет  істеуін
қамтамасыз етуге, пайданың мөлшерін барынша көбейтуге қызмет ету.
Жобалық талдау тұжырымдамасы
Жобалық  талдау  –  жобалық  шешімдерді  қою  мен  негіздеу  үшін  пайдаланылатын
əдіснамалық құрал – жабдықтардың жиынтығы. Жобалық талдау дегеніміз – инвестициялық
жобаны іске асыру шығындары мен оны орындағаннан алынатын тиімділікпен салыстыру.
Жобалық талдау түрлері мынадай:
техникалық мақсаты – техника мен технологияның ең тиімді нұсқасын анықтау;
коммерциялық (маркетингтік) мақсаты - өнімді  түпкілік  тұтыну  бағыттар  жағынан
бағалау;

ұйымдастырушылық мақсаты – жобаны іске асыру аумағындағы ұйымдастырушылық
, құқықтық , саяси жəне əкімшілік жағдайларды бағалау;
экономикалық  мақсаты – жобаны  халық  шаруашылық  көзқарас  жағынан  тұтас
алғанды зерделеу;
қаржы  мақсаты  –  жобаның  нақты  бөлімдеріне  сəйкес  шығындар  мен  нəтижелерді
зерттеу;
экологиялық мақсаты – қоршаған ортаға нақты зиян келтіргенді дəлелдеу;
əлеуметтік мақсаты – жоба нұсқаларының пайдаланушыларға жарамдылығын, жұмыс
орындарының өзгеруін, еңбек жағдайларының жақсаруын айқындау.
Күрделі 
қаржыны 
салымдарының (инвестицияның) абсолюттік 
жəне
салыстырмалы тиімділігі
Экономикалық  процестер  мен  құбылыстардың  ,  олардың  даму  заңдылықтары  мен
беталысының  сандық  сипаттамасы  үшін  пайдаланылатын  абсолюттік  жəне  салыстырмалы
шамаларды  экономикалық  көрсеткіштер  дейді. Мақсаттарына  қарай  жоспарлық ,
статистикалық , талдамалы экономикалық көрсеткіштер түрлеріне бөлінеді.
Күрделі  қаржы  салымдары  оларды  пайдалану  тиімділігі  бойынша  бағалану  қажет.
Экономикалық  тиімділікті  есептегенде  екі  түсінікті  пайдаланады: экономикалық  нəтиже
жəне экономикалық тиімділік.
Экономикалық нəтиже – техникалық , шаруашылық немесе өзге де міндеттерді шешу
тиімділігінің абсолюттік сомасы.
Күрделі жұмсалымдардың экономикалық тиімділігі – негізгі қорларды құруға немесе
дамытуға  арналған  күрделі  қаржы  салымдар  шамасы  мен  алынған  нəтижелердің
арақатынасы .
Күрделі  қаржы  салымдарының  жаңа  техниканы  енгізудің  жəне  басқа  шешімдердің
абсолюттік (жалпы) жəне салыстырмалы экономикалық тиімділігін ажыратады.
Халық  шаруашылық , сала  жəне  кəсіпорын, акционерлік  қоғам  деңгейінде  ұлттық
табыс, таза  нормативтік өнім  жəне пайда көлемі өсуді  тұғызған күрделі  қаржы салымдарға
қатынасы абсолюттік экономикалық тиімділік көрсеткіштері болуы мүмкін. Еңбек өнімділігі,
өнім  сапасы, оның  материал  сыйымдылығы, қор  сыйымдылығы  өндірістің  тиімділігінің
қосынды көрсеткіштері болып табылады.
Күрделі  жұмсалымдардың  салыстырмалы  экономикалық  тиімділігі  белгілі
техникалық  немесе  шаруашылық  мəселені  шешуде  екі  немесе  одан  да  көп  нұсқалардар
біреуін  таңдауында  есептеледі. Осы  əдістеме  бойынша  экономикалық  мақсатқа  сəйкес
келетін  нұсқа  болып  барынша  аз  келтірілген  шығындарды  қамтамасыз  ететін  нұсқа
саналады.
Тау – кен өнеркəсібінде инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
Тау – кен  кəсіпорынның  параметрлерін  оңтайландыруы (карьер  тереңдігі, өндірістік
қуаты) серпінді  есептер  тобына  жатады, мұнда  бағаланатын  жəне  салыстыратын  нұсқалар
шығындар шамасымен ғана емес, тағы да қаржы жұмсау уақытымен, пайда шамасымен жəне
оны алу уақытымен ажыратылады.
Салыстыратын  нұсқалар  жұмыстардың  жылдық  көлемдерінің  бірқалыпсыздығымен,
өндіру  жұмыстарына  жұмсалған  шығындардың  бірталай  алуан  уақыттылығымен, соны
орындау  үшін  керекті  кен – даярлау (əзірлік) немесе  аршу  жұмыстарымен  сипатталады.
Бұдан  басқа, нұсқалар  пайдалы  қазбаларды  өндірудің  жылдық  көлемдерімен, бағаланатын
кезеңде өнімнің өзіндік құны мен сапасының өзгеруімен, сондай – ақ бағалайтын кезеңдердің
ұзақтығымен өзгешеленуі мүмкін.
Профессор  Хохряков  В.С. пікір  бойынша  сертінді  есептерді  бағалағанда  келтірілген
шығындар  формуласын  (Сі  +  ЕнКі)  кен  өндірісінің  ерекшелігімен  байланысты  іс  жүзінде
пайдалануы  қиын. Бұл  формула  профессордың  пікірі  бойынша  орталықтан  жəне  текке
қаржыландыру  кезінде  күрделі  қаржы  салымдарының  барынша  көп  мөлшерін  негіздеуге
қолайлы болған.

Кен  жұмыстарының  дамуы  күрделі  қаржы  салымдарды  бір  жолға  емес, кен  орнын
қазудың барлық мерзімі ішінде жұмсауды талап етеді.
Құрылысқа, кəсіпорынды  жаңғыртуға, жабдықтарды  ауыстыруға  жұмсалатын
инвестициялар  көлемін  негіздеу  пайда  мен  инвестициялардың  тиімділігімен  байланысты,
олар – нарықтық экономиканың критерийлері болып саналады.
Техникалық  жəне  экономикалық  мəселелерді  шығындардың  əр  түрлі  уақытта
жұмсалатыны, айқындайтын  факторлардың  серпініне  жəне  бағалау  мерзіміне  байланысты
динамикалық  жəне  статикалық  түрлеріне  бөлуге  болады. Олар  бағалау  критерийлерімен
жəне уақыт факторын ескеру əдістерімен ажыратылады.
Мына  шарттарға  сəйкес  келетін  экономикалық  мəселелерді  статикалық  есептерге
жатқызуға болады:
əр  нұсқада  бағалайтын  мерзімі  ішінде  жылдық  жəне  ағымдағы  шығындар  шамасы
тұрақты немесе 5 – 15 пайыз арасында өзгеруі;
нұсқалардың өнім көлемдері мен сапасын салыстыру түрге келтіру мүмкіндігі;
бағалау мерзімі азғантай болуы.
Статикалық  есептерге  кен  өндіретін  жабдықтарды  салыстыру, үйінді  құру  əдістерін
негіздеу, оржолдарды жүргізу нұсқаларын бағалау жəне т.б. жатады .
Динамикалық есептер мына белгілермен сипатталынады:
бағалайтын  кезең ішінде жұмыстар  мен шығындардың жылдық  көлемдерінің , тауар
өнім бағасының əр жылдағы мəнінің, сондай – ақ пайдалы қазбаның көлемі мен сапасының
өзгеру салдарынан кəсіпорын пайдасының бірқалыпсыздығы;
аршу  жұмыстарының  өндіру  жұмыстарына  қарағанда  озу  салдарынан  оларға
жүмсалған шығындардың əр түрлі уақыттылығы;
кəсіпорында салу кезінде ғана емес, тағы кен орнын пайдалану уақытында да күрделі
қаржы жұмсау қажеттілігі;
бағалау  кезеңі  мен  өндіру  жұмыстарының  тереңдігі  артуымен  байланысты  уақыт
аралығында негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруі.
Сонымен, динамикалық (серпінділік) есептерді  қарастырғанда  экономикалық
критерийлері  болып  пайдалылық , табыстылық , инвестициялардың шамасы  мен  тиімділігі
саналатын  болса, статикалық  есептерде  ең  аз  шығын, өнімнің  өзіндік  құны  жəне
инвестицияларды қайтару (өтеу) мерзімі экономикалық критерийлері болуы мүмкін.
Инвестициялық  жоба, басқа  қаржы  операцияларының  қайсысы  болса  да, табыс  алу
мен шығындар шығарумен байланысты болғандықтан, ақша ағындарын туғызады.
Жобаның əр қадамында ақша ағынының мəні мына көрсеткіштермен сипатталады:
-ақша қаражаттарының түсімі - əр қадамдағы ақша түсімдердің шамасына тең;
-ақша қаражаттарының жұмсалуы (жылыстауы) - əр қадамдағы ақша төлемдеріне тең;
-сальдо (активті баланс, нəтиже) – түсім мен жұмсалу арасындағы айырым.
Ақша ағыны əдетте əр түрлі қызметтердің жеке ағындарынан тұрады:
-инвестициялық қызметтің ақша ағыны;
-операциялық қызметтің ақша ағыны;
-қаржы қызыметінің ақша ағыны.
Қаржы – экономикалық бағалаудың критерийлері
Тау – кен өндірісінде оңтайлық жобалық жəне жоспарлы есептерді шығарғанда мына
төменгі төрт критерийлері пайдаланады:
1) келтірілген (ағымдағы) таза  құн (КТҚ), дисконтталған  таза  табыс (ТДТ),
интегралдық  нəтиже, дисконтталған  жиынтық (жалпы) пайда, қазіргі (бүгінгі) таза  құн
(NPV);
2) табыстылықтың  индексі (ТИ), пайдалылықтың  индексі (РИ), күрделі  қаржы
салымдардың пайдалылығы;
3)  пайданың  ішкі  нормасы  (ПІН),  табыстың  ішкі  нормасы  (ТІН),  несиенің  мүмкін
шегіне жеткен несиенің мөлшерлемесі (ставкасы) немесе дисконт нормасы;

4) өтелімділік мерзімі.
Экономикалық  бағалау  мен  оңтайлы  нұсқаны  таңдаған  кезде  əр  бір  есепті  шығару
кезінде  осы  төрт  критерийлердің  барлығын  пайдалану  ұсынылады, бірдей  принциптерге
негізделген жəне бірдей бастспқы деректер негізінде есептелінген олар таңдау – балама бола
алмайды, бірақ есеп нəтижелері аса негізделген шешімді қабылдауды жеңілдетеді. Мысалы,
келтірілген  таза  құн, негізгі  критерий  бола  тұрып, күрделі  қаржы  салымдарының
салыстырмалы тиімділігін бағалауына мүмкіндік бермейді, əсіресе нұсқалардың бағалайтын
кезеңдерінің  ұзақтығы  жағынан  өзгеше  болса. Осы  факторларды  ескеру  үшін  табыстылық
(пайдалылық) индексті қосымша пайдаланған жөн.
Пайданың  ішкі  нормасы  мен  өтелімділік  мерзімінің  көрсеткіштері  инвестициялау
кездерін таңдауға жəне қаржы рыноктың жағдаятын бағалауға керек.
Пайданың  ішкі  нормасы – несие  алуға  болатын  барынша  жоғары  проценттік
мөлшерлемесіне  тең  жəне  сол  процентпен  берілген  мезгіл  ішінде  жобаны  іске  асырудан
алынған табыстан есесін қайтару.
Инвесторға пайданың ішкі нормасы жұмсалған капиталдан ең аз мүмкін қайтарылым
алуды сипаттайды.
Келтірілген (ағымдағы) таза  құн  немесе  интегралдық  нəтиже  немесе  дисконтталған
таза табыс мына формуламен анықталады:
(
(
Н
Н
t
t
-
-
Ш
Ш
`
`
t
t
)
)
К
К
Т
Т
Қ
Қ
=
=
Э
Э
и
и
=
=












,
,
(
(
1
1
+
+
r
r
)
)
t
t
мұндағы: Н
t
 – есептің t – қадамында қол жеткен нəтиже;
                 Ш
t
 – сол  қадамда  жұмсалған  шығындар (күрделі  қаржы  салымдарды  да
қосқанда);
                 Т – есептеу шегі, яғни бағалайтын мерзімінің ұзақтығы;
                  r – дисконт нормасы, бірліктегі үлесі;
                  t – жылдар.
Сонымен ағымдағы таза құн – бағалайтын кезеңінде қаржы қаражаттар ағындарының
қарізгі  мезет  уақытына  келтірілген  жыл  сайынғы  оң  жəне  теріс  мəндерінің  дисконтталған
сомалары арасындағы айырымы.
Егер  КТҚ  >  0,  онда  жобаны  қабылдау  керек.  Неғұрлым  КТҚ  шамасы  көбірек  ,
соғұрлым жоба тиімді.
Егер  шығындар  құрамына  күрделі  жұмсалымдарды  қоспағанда, онда  формула  мына
түрде болады:
                                                                         (H
t
 – Ш
!
t
)
                                                        КТҚ = ∑  ———— - КЖ ,
                                                                           (1 + r)
t
мұндағы: Ш
!
t
 – есептің əр қадамдағы күрделі қаржы салымдарсыз шығындар;
                 КЖ – дисконтталған күрделі жұмсалымдардың сомасы.
Дисконтталған күрделі қаржы салымдары мына формула бойынша айқындалады:
                                                     КЖ = ∑ К
t
 / (1 + r)
t
.
Табыстылық  индексі – келтірілген  нəтижелер  сомаларының  дисконтталған  күрделі
қаржы шамалар сомаларына қатынас, ол мына формуламен анықталады:
                                                ТИ = ∑ ( Н
t
 – Ш
t
)     ∑  K
t                   .
                                                                (1 + r)
t
              (1 + r)
t

Табыстылық  индексі  бағалайтын  нұсқалардың  инвестицияларының  саластырмалы
пайдалылығын сипаттайды.
Егер ПИ > 1, онда жобаны қабылдау керек; ПИ < 1, онда жоба тиімсіз.
Пайданың  ішкі  нормасы – ағымдағы  таза  құнды  нөлге  теңестіретін  дисконттың
нормасы, басқаша  айтқанда  келтірілген  нəтижелер  шамалары  келтірілген  күрделі  қаржы
салымдар шамаларына тең кездегі дисконттың ставкасы , яғни:
                                              ∑ ( Н
t
 – Ш
t
'
)  = ∑ K
t                          .
                                                    (1 + r
n
)
t
t
               (1 + r
n
)
t
t
мұндағы: r
n
 – пайданың ішкі нормасына тең дисконттың нормасы (мөлшерлемесі).
Пайданың  ішкі  нормасы-егерде  келтірілген  таза  құн  кейбір  берілген  дисконт
ставкасының  мəнінде  осы  жоба  тиімді  емес  пе?- деген  сұраққа  жауап  бере  алмайтын
жағдайда есептелінеді. Жоғарыда  келтірілген  формуламен  есептелген  дисконттың  ставкасы
инвесторға қажетті жұмсалған капиталға пайданың нормасымен (r
и
) салыстырады . Егер r
п
 ≥
r
и
 , онда осы жобаға жұмсалған инвестициялардың есесі қайтады деуге болады.
Инвестициялардың өтелімділік мерзімі – интегралдық нəтиже (табыс, пайда) оң мəнге
тең болатын барынша аз уақыт кезеңі.
Жыл  сайынғы  пайда  бірқалыпты  таратылатын  болса, онда  инвестициялар  қайтару
мерзімі күрделі жұмсалым шамасы мен жылдық табыс пен шығынның арасындағы айырымға
қатынасымен айқындалады:
                                                     ӨМ = КЖ / Σ (Н
t
 - Ш
t
'
)/
(
)
t
r
+
1
.
Осы  критерийлері  бойынша  жобалардың  ең  тиімді  нұсқасын, жаңа  техника  мен
технологияны енгізу шараларының оңтайлығын есептеп алуға болады.
Негізгі əдебиеттер: 1нег.[250-267]; 2нег.[483-517]; 3нег.[292-347].
Қосымша əдебиеттер: 9қос.[217-239]; 10қос.[79-89].
Бақылау сұрақтары:
1.Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері.
2. Өндірістік қызмет тиімділігі.
3. Эффект жəне тиімділік.
4.Күрделі қаржы салымдары кəсіпорындарына не үшін қажет ?
5.Инвестиция туралы түсінік жəне оның күрделі жұмсалымдардан айырмашылығы бар ма ?
6.Ақша ағыны қандай əр түрлі қызметтердің ағындарынан тұрады ?
7.Қаржы – экономикалық бағдарлаудың қандай критерийлері мен көрсеткіштерін білесіз ?
8.Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау əдістері.
9 – дəріс. Негізгі жəне көмекші өндірісті ұйымдастыру.
Тау –кен  өнеркəсібінде  өндірістік  процестің  өзгешеліктері  бар: пайдалы  қазбаларды
жер қойнауынан, табиғи ортадан қазып алу кезінде табиғат процестерінің əсерін көреді, яғни
тау  қысымы, су  құйылуы, кенет  газ  шығуы  жəне  т.б. Тау – геологиялық  жағдайлары  жыл
сайын  өзгереді  жəне  жамандай  береді. Кеңістікте  жұмыс  орындарының  жылжымалдығы
жұмыстардың бағытын əр қашан қайта құруды тілейді.
Ал  кенбайлықты  өндіру  кезінде  өндірістік  процесті  ұйымдастыру  бірнеше
ерекшеліктермен сипатталады:
1. Бұрғыжарылыс жұмыстарының  керектігі болғандылығымен  байланысты  пайдалы
қазбаларды  өндіру  циклдік  жəне  циклдік – толассыз  ұйымдастыру  əдістерімен  іске
асырылады;
2. Қазуға жататын кенорынның əр  түрлі тау – геологиялық жағдайымен байланысты
алун – түрлі қазу жүйесі пайда болады;

3. Қазуға  жататын  кенорнының  жағдайына  сəйкес  түрлі  тау – кен  техникасы
пайдаланылады;
4. Даярлау жəне тілгі қазбаларды жүргізу жоғары еңбек сыйымдылығын қажет етеді;
5. Көмекті жұмыстар механизациясының төмен деңдейімен сипатталады;
6. Пайдалы  кенбайлық  қорларын  уақытына  алуға  даярлау – тілмелік  жұмыстардың
едəуір резервтерінің болуы.
Қазіргі  кезеңде  халық  шаруашылығының  дамуының  негізгі  бағыты  болып  өндірісті
қарқындандыру, жаңалық енгізу, ғылыми – техникалық ілгерішілікті жылдамдату, Қолда бар
ресурстарды  толық  тиімді  пайдалану,  еңбек  өнімділігін  арттыру  арқасында  экономиканы
дамытуды қамтамасыз ету.
Осы  жағдайда  өндірісті  ұйымдастыру  мəселелеріне  аса  маңызды  көңіл  бөлген  жөн.
Өндірісті  ұйымдастыру  міндеттеріне  мыналарды  жатқызуға  болады: өндірістің  əбден
оңтайлы, ұтымды  əдістерін  таңдау; өндірістің  əр  түрлі  жақтарының  жұмыстарын
байланыстыру; өндірістік графикті бұзуын алдын – ала сақтандыру мақсатымен өндіріс пен
қызмет ету процестерді реттеу, болған бұзуды жою; өндіріс процесін барлық материалдық –
техникалық жəне энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету.
Осы тізімдегі міндеттер тұтас алғанда айтарлықтай жақсы өндірісті ұйымдастырудың
маңызын ашып береді.
Өндірісті  ұйымдастыру – бұл  тиімділікті  арттыру  мақсатымен  кеңістік  пен  уақытта
еңбек  процестерін  материалдық  элементтерімен  бірге  ұтымды  үйлестіруге  бағытталған
шаралар  кешені, яғни  өндірістік  мүмкіндіктер  мен  ресурстарды  барынша  жақсы  пайдалану
мақсатымен алға қойылған міндеттерге ең қысқа мерзімінде жету.
Тау  –  кен  өндірісін  ұйымдастыру  –  бұл  кеңістік  пен  уақыта  жұмыстар  мен  еңбек
процестерін барынша тиімді өзара байланыстыруды қамтамасыз ететін принциптері, түрлері,
ережелері,  əдістері, шешімдер мен шаралардың жиынтығы.
Өндірісті ұйымдастыру əдістері, түрлері мен нысандары.
Кəсіпорындарының  өндірістік  құрылымының  үш  түрі  бар: заттық (өнімнің  бір  түрін
немесе  оның  бөлігін  өндірумен  айналысады), технологиялық (өндірістің  технологиялық
даралығын анықтайды) жəне аралас.
Кəсіпорындарында  өндірісті  ұйымдастырудың  толассыз, сериалық  бөлек  топтармен
(партиямен) шығару жəне жеке дара əдістерді ажыратады.
Өндірістің  толассыз  əдісінде  үздіксіздік  жəне  ырғастылық  принциптері  ең  жоғары
дəрежеде  байқалады. Тау – кен  өндірісінде, əсіресе  пайдалы  қазбаларды жерасты тəсілімен
қазған  кезде, толассыз  өндірісті  ұйымдастыру  өте  қиын. Ол  қолданатын  жабдықтарға,
технологияға, бұрғы жарылыс жұмыстарға байланысты. Осы жағдайға байланысты шахталар
мен кеніштерде циклдік – толассыз əдісі кең пайдалануда.
Сериялық əдіс өнімді партиялармен шығаруды тілейді.
Жеке – дара əдіс өнім бірлігін немесе ұсақ қайталанбайтын сериялармен шығарғанда
пайдаланылады, мысалы роторлы экскаваторды, үйінділік – тасымал көпірді.
Сериалық жəне жеке – дара əдістері кен машина жасау өндірісіне тəн
Сонымен  тау – кен  өнеркəсібінде  өндірісті  ұйымдастырудың  негізгі  əдісі  болып
үзілмелі – толассыз, циклді – толассыз əдісі болып саналады, мұнда жұмыс процестері жəне
операциялары  бірізді  жəне  қатарлас  орындалып, мезгіл – мезгіл  қайталанып  отыратын
циклдермен жүргізіледі.
Мамандандыру – кəсіпорынның  негізгі  қызметінің  белгілі  бір  өнімінің, қызметтің
түріне байланысты.
Кооперациялау  деп  белгілі  бір  өнім  түрін  бірігіп  дайындайтын  фирмалар  арасында
ұйымдық, өндірістік жəне басқа да байланыстар жиынтығын атайды.
Құрамдастыру – бір-бірімен байланысты бірнеше өндірісті бір кəсіпорында біріктіру.
Түрлері: сатылас  құрамдастыру – бастапқы  шикізатты  өңдеу  сатыларының  тізбектілігімен

біріктіру; деңгейлес құрамдастыру – құрамында түрлі компаненттері бар шикізатты кешенді
түрде пайдаланумен байланысты біріктіру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет