Студенттің ПƏндік оқУ Əдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата06.04.2017
өлшемі0,76 Mb.
#11190
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Негізгі  əдебиеттер: 2нег.[455-482]5 нег.
[292–303; 318–345; 367–381; 396–412].
Қосымша əдебиеттер:17 қос.
[3–205].
  Бақылау сұрақтары:
1. Кен өндіретін кəсіпорындарында өндірістік қуаты қалай есептеледі
?
2. Жоспарлау жəне жоспарлаудың түрлері, əдістері.
3. Өндіріс жəне өнім өткізу жоспарын əзірлеу жолдары мен əдістері.
4. Өнім өндіру көлемінің көрсеткіштері ақшалай түрінде қалай есептелінеді
?
5. Өткізілген өнім құны жəне оның құрамына кіретін элементтер.
6. Еңбек жəне жалақы қорын жоспарлау əдістемесі.
7. Өнімнің өзіндік құнын, пайда мен пайдалылықты жоспарлау.
12 – дəріс.Кен  өндіретін  өнеркəсібіндегі  экономикалық  талдауды
ұйымдастыру жəне əдістері
Тау-кен кəсіпорындағы есеп жəне есептеме
  Кəсіпорынның өндірістік – шаруашылық жəне қаржы қызметін басқару жақсы
тəртіпке келтірілген есеп беру мен талдау жасаусыз мүмкін емес.
  Кəсіпорын қызметіне қарай есеп – кəсіпорынның жай-күйін, өндіріс жағдайын жəне
өнім шығару, жұмыс орындау, қызмет көрсету қызметінің нəтижесін сандық бағалау, оның
өндірістік – шаруашылық жұмысының қорытындылаушы көрсеткіштер туралы деректердің
жиынтығы болып табылатын қажетті ақпартты жинау мен тіркеу жүйесі. Бұл жүйеде есептің
бір объектісінің – кəсіпорынның, қызмет түрінің жай-күйі мен өзгеруін көрсететін
экономикалық ақпарат басқарушылық шешімдерін қабылдауда көлемі мен рөлі жағынан
елеулі орын алады.
  Тау-кен кəсіпорындарында есептің объектісі болып кəсіпорынның жай-күйі, оның
өндірістік – техникалық жəне қаржы əлеуметті, пайдалы кенбайлықты өндірудің кен-
геологиялық шарттары, өнімдерді шығару, тұтынушыларға өнім сату көлемі, жұмыс істеу
процесінде материалдық, еңбек жəне қаржы ресурстарының шығындары, тақша қаражаттары
туралы мəліметтер саналады.
Кəсіпорынның есептемесі – кəсіпорын қызметінің
өткен кезеңдегі жағдайлары мен нəтижелерін сипаттайтын мəліметтердің жиынтығы, өзара
байланысты көрсеткіштердің жүйесі. Есеп беру – оперативтік, статистикалық жəне
бухгалтерлік есеп деректеріне сай келеді жəне солар бойынша жасалады. Оперативтік
есептеме негізінен ағымдағы бақылауға жəне жекелеген кəсіпорынның ішіндегі оперативтік
басқаруға арналады. Онда өндірістік – шаруашылық қызметтің барысы, шарттық
міндеттемелердің орындалуы, қаржы туралы деректер баяндалады. Статистикалық
есептемеде техникалық – экономикалық деректердің белгілі бір жүйесі қамтылады жəне
қатаң тəртіптемемен, салыстырмалы тұрақтылықпен сипатталады. Бухгалтерлік есептеме –
ғылыми тұрғыда топтастырылған есеп-қисап жазбаларының жиынтығынан туындайтын
көрсеткіштер жүйесі. Ол өндіріспен, жабдықтаумен, шығынмен, қаржы нəтижелерімен,
кəсіпорындағы есеп – айырысу – несие қатынастарымен байланысты растаушы бухгалтерлік
құжаттарға негізделеді. Берілген есептеменің растығын тəуелсіз аудиторлық ұйым
қуаттайды. Бухгалтерлік баланс, қаржы – шаруашылық қызметінің нəтижелері, ақшаның
қозғалысы қаржылық есеп беру құжаттарына жатады.
Кəсіпорынның кірісі мен шығысының балансы – кəсіпорынның өндірістік –
шаруашылық жəне қаржы қызметінің жоспарлы есептердің нəтижелерін жиынтықтап,
ақшалай нысанда көрсететін жоспарының бөлігі. Онда кəсіпорынның кірісі жəне қаражаттың
түсуі, олардың пайдалану бағыттары мен үйлесімдіктері, кəсіпорынның айналым қаражаты
жөніндегі қажеттіліктері, банктермен жəне бюджетпен өзара қатынас көрсетіледі.
Талдау – зерделенетін құбылысты, экономикалық көрсеткіштерді құрамдас бөліктерге
ажыратып, оның жекелеген жақтары мен қасиеттерін қарау, мəнін ашу жолымен ғылыми
зерттеу əдісі.

Экономикалық талдаудың негізгі міндеттері.
Кəсіпорынның  өндірістік – шаруашылық  қызметін  талдау – межелі  көрсеткіштердің
орындалуын  бағалау, ішкі  шаруашылық  резервтерді  анықтау  жəне  өндірістің  тиімділігін
арттыру  үшін  кəсіпорынның  шаруашылық  қызметінің  жай-күйі  мен  дамуын  оның
техникалық  деңгейімен  жəне  ұжымның  əлеуметтік  дамуымен  өзара  байланыста  кешенді
түрде зерделеу.
Талдау жасау кезінде оперативтік, статистикалық жəне бухгалтерлік есеп материалдары,
олардың есептемелері, нормативтік жəне жоспарлы деректер, техникалық ақпарат
пайдаланылады. Техника мен технологияның, жоспарлау мен басқарудың,
қаржыландырудың, несие – ақша қатынастарының шаруашылық қызметінің тиімділігіне
əсері анықталады.
Талдау сапасы қолданылатын əдістер мен тəсілдерге, ақпараттық толықтығы мен
растығына, орындаушының біліктігіне байланысты. Талдау жалпы экономикалық талдау
жəне техникалық – экономикалық талдау түрінде болып келеді. Біріншісі шаруашылық
қызметтің қорытындылаушы құндық көрсеткіштерін зерделеуге бағытталған, ал екіншісі
кəсіпорынның техникалық деңгейін жəне оның экономикалық көрсеткіштерге əсерін
зерделеп, бағалауға бағытталған.
Зерделенетін мəселелердің көлеміне қарай толық талдау, яғни бүкіл шаруашылық
қызметті талдау, жəне тақырыптық талдау – шаруашылық қызметтің жекелеген жақтары мен
көрсеткіштерін талдау түрлеріне бөлінеді.
Талдау мынадай үлгілік тізбекте жүргізіледі: талдаудың мақсаттары мен бағдарламасы,
оның орындалу мерзімі көрсетілген жұмыс жоспары жасалынады, оның растығы тексеріледі,
тиісті өңдеуден өткізіледі. Сонан соң алынған нəтижелер қорытындыланып,өндірістің
тиімділігін арттыру, ішкі шаруашылық резервтерін пайдалану, анықталған кемшіліктерді
жою жөнінде ұсыныстар енгізіледі. Талдау материалдары арнаулы тəсілдер мен əдістер
(салыстыру, топтастыру, математикалық статистика, тізбекті ауыстырымдар, т.б.) арқылы
зерделеніп, қорытындыланады.
Оперативтік жоспарлау мен экономикалық талаудың кешенді жүйесі өндірісті тиімді
басқарудың маңызды құралы болып табылады. Бастапқы ақпарат мəліметтеріне негізделген
экономикалық талдау басқарушылық шешімдерді дұрыс қабылдаудың негізі болып
табылады.
Экономикалық талдау алуан түрлі міндеттерді шешуге тиіс. Жоспарлар мен тиісті
міндеттемелерді белгілеген кезде талдау жасау жолымен жұмысты жақсартудың
пайдаланылмаған резервтерді ашылады. Талдаудың көмегімен жоспарлы тапсырмалардың,
міндеттемелердің, қолданылып жүрген нормативтер мен нормалардың сапасы анықталады.
Талдау жұмысының негізгі əдісі – жұмыста қол жеткен нəтижелерді жоспармен,
нормативтермен, өткен кезеңдегі мəліметтермен, алдыңғы қатарлы бір тектес
кəсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстыру.
Экономикалық талдау процесінің үш кезеңі бар. Бірінші кезеңде қандай нəтижелерге қол
жеткендегі анықталады. Екінші кезеңде жұмыс нəтижесіне қол жеткізген себептер
анықталады. Талдау процесінің үшінші, ақырғы кезеңінде цехтың немесе учаскенің қызметін
жақсарту жөніндегі ұсыныстар талданады.
Жұмысты экономикалық талдау өзінің мазмұны жағынан кешенді талдау болуға тиіс.
Кешенді талдау – шаруашылықты жүргізудің барлық буындары мен факторларын өзара
байланыстыра отырып, ғылыми зерттеу. Тақырыптық немесе жеке талдау кешенді талдаудың
құрамдас бір бөлігі, оны əрі қарай тереңдету деп қаралуға тиіс. Кəсіпорынды, цехты,
учаскені басқру жүйесінде тақырыптық немесе жеке талдау басқару саласында нақты шешім
қабылдау үшін негіз болып табылады.
Экономикалық талдау əдістері мен теориясы

Экономикалық  талдау  əдісі, шаруашылықтың  қалыптасуында  жəне  дамуында
экономикалық  процестерді  зерттейтін  ғылыми  сапа. Шаруашылық  қызметін  жан-жақты
сипаттайтын  жүйенің  көрсеткіштерін  пайдалану, көрсеткіштердің  өзгеріс  себептерін
зерттеу, əлеуметтік-экономикалық  қызметін  көрсету  мақсатымен  өзара  байланыстығын
өлшеу жəне білу ерекшеліктерін атауға болады.
Экономикалық  талдау  процесінде  бірнеше  арнаулы  тəсілдері  мен  əдістері
қолданылады, мұндай экономикалық талдау əдістерінің  ерекшелігі ашылады, оның жүйелі,
жинақты сипаттамасы қамтылады. Өзара байланысқан жақтары жəне элементтерінен тұрады,
күрделі  бірлігі, əр  қырынан  шаруашылық  процестерінің  қарастырылуы  экономикалық
талдау  жүйелігіне  іргелес  ғылымдардағы  бірқатар  жетістіктердің  жəне  өзіне  меншікті
жетістіктердің  негізінде  тəсілдердің, барлық  ерекше  жиынтығында  жəне  бірлестігінде:
математикада, статистикада, бухгалтлік есептеуде, жоспарлауда жəне т.б. білінеді.
     Экономикалық  талдау  тəсілдері  мен  əдістері  екі  топқа  бөлінеді: дəстурлік  жəне
математикалық. Дəстүрлік  əдістерінің  қатарына  абсолютті, салыстырмалы, орташа
шамалардың, топтаудың, индекстің, тісбекті алмастыру, баланстық əдістерін қосуға болады.
 Экономикалық  көрсеткіштердің  талдануы  шамалардың (құны  бойынша  өндіріс
объектісін  немесе  заттай  өлшемдерде, жалпы  табыс  қортындысы  жəне  т.б.) пайдаланумен
басталады, бірақта оларды талдауда ең көп дегенде орташа жəне салыстырмалы шамаларды
есептеу  негіз  ретінде  пайдаланылады. Салыстырмалы  шамалар  динамика  құбылыстарын
талдауда  ауыстыруға  болмайды  жəне  ең  түсінікті, айқын. Динамикалық  салыстырмалы
шамалары    уақыттылық  қатар  құру  жолымен  есептеледі,  яғни  олар  уақыттылы  құбылыс
көрсеткіштерінің  сол  немесе  басқа  өзгерістерін  сипаттайды (мысалы, бірнеше  жыл
қатарынан өнеркəсіп өнімдерін базистік кезеңіне қатысты шығарылады).
Салыстырмалы  шамалар  бүтіндей  алынған  жиынтықтың  бөлігін  қамти  отырып,
құрылымдық реттіліктің көрсеткіштерін зерттеу  кезінде де қолданылады.
Талдау  процесінде  орташа  шамалардың  маңызы  аз  емес. Олар  бірліктен  жалпыға,
кездейсоқтан заңдылыққа көшу мүмкіндігін болдырады; оларсыз əр түрлі жиынтық бойынша
зерттелетін  белгісін  салыстыру  мүмкін  емес  жəне  уақыт  көрсеткіштерін, түрленуші
өзгерісінің сипаттамасын біле аламыз.
Қажеттілігіне  қарай  орташалардың  əралуан  түрлері-орташа  арифметикалық, орташа
межеленген  геометриялық, мезгілдік  қатардың  хронологиялық  орташа  қатары, модасы,
медианасы қолданылады.
Экономикалық  құбылыстарды  танып  білу  процесі  кез  келген  ғылымдағы  сияқты
мейлінше  күрделі  процесс. Əдіс -теориялық  танып  білудің  жалпы  амалдарының  жүйесі,
практикалық  қолдану  мен  құру  тəсілі  жəне  экономикалық  құбылыстар  туралы  білімдер
жүйесін құру тəсілмен дəлелдемесі.
Экономикалық  ғылыми  зерттеудің  əдістері  жайлы  мəселе  –  ол  экономикалық
құбылыстар  мен  процестердің  қалай  жəне  қандай  жолмен  зерттелетіндігі  туралы  мəселе.
Əдістер екі топқа бөлінеді  жалпы жəне спецификалық.
Экономикалық  талдаудың  классикалық  əдістері  мынадай: байланыстық, факторлық
талдау пропорционалдық байланыстар негізігде болжау.
Экономикалық талдауда факторлардың байланысы
Əр  кəсіпорын  оның  шамасына  жəне  іс-əрекетінің  түріне  байланысты  күрделі  жүйе
ретінде  құрастырылады. Кəсіпорындар  өзінің  құрамында  бірнеше  бөлімдерден,
бөлімшелерден, буындардан  тұрады. Жəне  кəсіпорындар, фирмалар  сыртқы  ортамен
байланысты болып, бірімен-бірі өндірістік, экономикалық қатынастарда болады.
Осы  қатынастардың  қызметін  зерттеу  үшін  экономикалық-статистикалық  үлгілер
(модельдер) пайдаланылады. Осы  үлгілер  арқылы  бір  кəсіпорында  не  шығарылады,қанша,
кім үшін, оның табиғи-заттық жəне құндық нəтижелерін, өнім сапасы қандай екендігін білуге
болады.

     
Сол  экономикалық- статистикалық  үлгілер  ішінде  көп  пайдаланылатының  біреуі –
детерминалдық үлгі. Осы тəсіл арқылы біз факторлар арасындағы байланысты таба аламыз,
яғни тəуелді өзгергіш пен тəуелсіз өзгергіш арасындағы.
    Егер  кəсіпорын  бірнеше  өнімдер, бұйымдар  шығаратын  болса, онда  детерминалдық
үлгінің аралас түрін пайдаланы, оның құндық нəтижесін, түсімін есептеуге болады:
,
)
,...,
2
,
1
(
1
n
i
q
p
y
i
n
i
i
=
=
å
=
мұндағы: р - əртүрлі өнім бірлігінің сату бағалары, теңге;
                  q - əртүрлі өнімнің табиғи-заттық өткізілген көлемі.
Детерминалдық үлгі деп мына функцияны түсінуге болады:
y = f (x),
мұндағы: у – салдар-белгі, тəуелді айнымал немесе нəтижелі көрсеткіш;
                х – себеп белгі, тəуелсіз айнымал немесе фактор, факторлы көрсеткіш.
Детерминалдық  үлгінің  аддитивтік (баланстық), мультипликативтік (коэффициентік,
индекстік) жəне аралас түрлері өндірістің табиғи-заттық жəне құндық нəтижелерін талдауда
аса кең пайдаланатын түрлері.
Детерминалдық  үлгінің  аддитивті (қосу, алу) түрі  көмегімен  нəтижелі  көрсеткіштің
уақыт  аралығында (екі  салыстыратын  кезеңде) немесе  кеңістікте (бір  уақыт  мерзімінде  екі
объект  бойынша) екі  деңгейде  жалпы  абсолюттік (нақты) немесе  салыстырма  өзгеруін
бағалауға болады, яғни:
0
1
q
q
q
-
=
D
немесе
,
/
0
q
q
i
q
q
=
мұндағы:
1
– нəтижелі  көрсеткіштің (мысалы  өнім  көлемі) нақты  өзгеруі (q); qо  базалық
кезеңдегі;
q
i
– нəтижелі  көрсеткіштің  салыстырмалы (қатысты) өзгеруі  деңгейі  немесе
коэффициент немесе өзгеру индексі.
Статистикалық – экономикалық  үлгілер  көмегімен  екінші  типтік  талдамалы  есептер
шығарылады.Мысалы, əр  фактордың-нəтижелік  көрсекіштің  нақты  жəне  салыстырмалы
шамаларының өзгеруіне əсерін анықтау, яғни
∆у=Ψ(Δу(xk))  жəне  Іу = Ψ(І (xk)).
Басқа  статистикалық – экономикалық  есептер  осы  екі  жоғарғы  көрсетілгендердің
туындысы болып табылады. Мысалы, өнім құнын мына формула арқылы шығаруға болады:
p=c
1
+c
2
+v+m,
мұндағы: с
1
- еңбек заттарының шығындары;
                с
2
- еңбек  құрал-жабдықтарын  пайдалануымен  байланысты  шығындар
(амортизациялық аударымдар);
                 v- жанды (нақты) еңбекті пайдалануы мен байланысты шығындар;
                 m-бағаға қосылған пайда.
Мұнда  бірінші, екінші  жəне  үшінші  элементтері  өнім  құнындағы  өндіріс  шығындары,
яғни өнімнің өзіндік құны.
Енді екі факторлы мультипликативтік (көбейту, бөлу) үлгіні алайық:

y=ab,
мұнда: y-нəтижелік көрсеткіш (мысалы, өнім өткізуден алынған түсім);
            a жəне b-факторлық көрсеткіштер (мысалы, өнім көлемі мен сату бағасы).
Қызметкерлер саны мен орташа еңбек өнімділігі қалай өнім көлеміне əсерін тигізетінін
анықтау үшін индекстік əдісті пайдаланып, былай жазайық:
b
a
y
i
i
b
b
a
a
b
a
b
a
y
y
I
×
=
×
=
=
=
0
1
0
1
0
0
1
1
0
1
Нəтижелік көрсеткіштің нақты өзгеруін былай табамыз:
0
1
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
1
1
0
1
)
(
;
)
(
)
(
ba
ab
ba
b
b
a
b
a
ba
ab
y
b
a
ba
ab
b
a
b
a
ba
ab
b
a
b
a
b
b
a
a
b
a
b
a
y
y
y
D
+
D
=
D
+
D
+
D
=
D
D
+
D
+
D
=
D
D
D
+
D
+
D
=
-
D
D
+
D
+
D
+
=
-
D
+
×
D
+
=
-
=
-
=
D
немесе:
)
(
;
)
(
0
1
0
1
0
1
b
b
a
y
b
a
a
y
b
a
-
=
D
-
=
D
Егер үш факторды алатын болсақ, əр фактордың əсерін есептеуге болады:
y=abc
)
(
;
)
(
;
)
(
;
0
1
0
0
1
0
1
0
1
1
0
1
0
0
0
1
1
1
c
c
b
a
y
c
b
b
a
y
c
b
a
a
y
c
b
a
c
b
a
y
c
b
a
-
=
D
-
=
D
-
=
D
-
=
D
Сонда:
;
c
b
a
y
y
y
y
D
+
D
+
D
=
D
Ал қатысты (салыстырмалы) өзгеруі тең:
c
b
a
y
I
I
I
c
b
a
c
b
a
I
×
×
=
=
0
0
0
1
1
1
Статистикалық- экономикалық үлгілер арқылы жүйе элементтерінің сандық
сипаттамалары жəне олардың өзара қатынасы экономикалық көрсеткіштер əдісімен жəне
математикалық формулаларымен реттеледі жəне бейнеленеді.
Детерминалдық үлгінің мына əдістерін ажыратуға болады: баланстық, индекстік,
тізбектік алмастыру, математикалық жəне т.б.
Баланстық əдіс- бұл əдісте екі нақты шама қосындысының тепе-тең көрсеткіштер жүйесі
болуы тиіс, мысалы кəсіпорынның материалдар қозғалысының балансы.
Индекстік əдіс- бұл əдіс құбылыстың өзгеруіне əсер ететін жеке факторлардың рөлін,
яғни үлесін анықтау кезінде қолданылады.
Кəсіпорындағы талдау объектілері
Талдаудың негізгі объектілері болып мыналар саналады:
1) қарастырылған күнтізбелік уақыт кезеңінде кəсіпорынның қызметі нəтижесін
сипаттайтын техника-экономикалық жəне қаржы көрсеткіштерінің кешені;

2) өндірілген өнім мен оны тұтынушыларға өткізу көлемі мен құны;
3) даму жоспары мен өндіріс тиімділігін арттыруды іске асыру;
4) кəсіпорын кадрлары, еңбек өнімділігі мен жалақы;
5) өндіріс шығындары;
6) ұжымның əлеуметтік даму жөніндегі шаралары;
7) пайда жəне пайдалылық;
8) кəсіпорынның қаржы жағдайы;
9) табиғатты қорғау жəне табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.
Өндіріс көрсеткіштер мен өнім өткізу арасында өзара байланыстар бар. Оны дəлелдеу
үшін мультиплкативтік үлгінің мына түрін пайдаланайық (тізбектік алмастыру əдісі):
ЖА
ЖА
Ж
Ж
Т
Т
ТЖ

×
×
×
×
=
q
q
q
q
q
q
qq
qq
мұндағы: ӨӨ- өткізілген өнім;
                 ТЖӨ- тиеп жіберілетін өнім;
                 ТӨ- жалпы өнім;
                ЖА- жалпы айналым.
Өткізілген өнім мен тиеп жіберілген өнімнің қатынасын өткізу коэффициенті дейді (а-
əріппен белгілейік).
Тиеп жіберілген өнім мен тауар өнімнің қатынасын тиеп жіберу коэффициенті болады
(b- əріппен белгілейік).
Тауар өнімін жалпы өнім құнына бөлсек тауарлық коэффициенті шығады (с).
Жалпы өнім мен жалпы айналым арасындағы қатынасты d əріппен жəне жалпы
айналымды е əріппен белгілейік.Сонда біздің өрнек мына түрінде жазылады:
ӨӨ=abcde.
Кəсіпорынның екі мезгіл арасындағы өзгерістерді талдау үшін біріншіден олардың
салыстырмалы өзгеруін табу керек:
e
d
c
b
a
I
I
I
I
I
e
e
d
d
c
c
b
b
a
a
×
×
×
×
=
×
×
×
×
=
0
1
0
1
0
1
0
1
0
1
0
1
qq
qq
Өткізілген өнімнің абсолюттік өзгеруін табамыз:
.
0
0
0
0
0
1
1
1
1
1
e
d
c
b
a
e
d
c
b
a
-
=
D
qq
Əр фактордың өткізілген өнім көлеміне тигізетін əсерін мына алгоритмдермен есептеп
шығаруға болады:
.
)
(
;
)
(
;
)
(
;
)
(
;
)
(
0
1
0
0
0
0
1
0
1
0
0
0
1
1
0
1
0
0
1
1
1
0
1
0
1
1
1
1
0
1
e
e
d
c
b
a
e
d
d
c
b
a
e
d
c
c
b
a
e
d
c
b
b
a
e
d
c
b
a
a
е
d
c
b
a
-
=
D
-
=
D
-
=
D
-
=
D
-
=
D
qq
qq
qq
qq
qq
сонда:
e
d
c
b
a
qq
qq
qq
qq
qq
qq
D
+
D
+
D
+
D
+
D
=
D
Осы əдістерді пайдаланып кəсіпорын қызметінің экономикалық-шарушылық, қаржы
нəтижелерін талдап, болжам жасауға болады.

Негізгі əдебиеттер: 2 нег.
[468–482];
Қосымша əдебиеттер: 15 қос.
[7–415].
Бақылау сұрақтары:
1. Экономикалық талдау не үшін қажет?
2. Талдау  процесінде  қандай  негізгі  көрсеткіштер  зерттеледі  жəне  оның  нəтижелерін
қалай пайдалануға болады?
3. Қандай талдау үлгілері мен əдістерін білесіз?
4. Талдау кезінде математикалық əдістерінің қандай түрлері кең пайдаланады?
5. Шығындардың калькуляциялық статьялары жəне экономикалық элементтері бойынша
өнімнің өзіндік құнына талдауды қалай жасайды, оның тəртібі қандай?
13-дəріс. Кəсіпорынның 
өндірістік-шаруашылық 
қызметінің
көрсеткіштерін талдау
 Кəсіпорынның өндірістік-шаруашылық жəне қаржы қызметін талдау оның жұмысын
басқарудың  маңызы  элементінің  бірі  болып  саналады. Талдау  нəтижесі  кəсіпорынның
экономикалық шешімдерді қабылдау үшін негіз болып табылады.
Талдау  мазмұны  болып  оперативтік, бухгалтерлік  жəне  статистикалық  есесптердің
бастапқы мəліметтерді зерттеу мен өңдеудің тəсілдері мен əдістерінің жиынтығын айтады.
Осының арқасында базалық мерзімінде  кəсіпорын  қызметінің нəтижесін  нақты жəне
жоспарлы  кезеңдермен  бағалауға, болып  жатқан  резервтер  мен  пайдаланбаған
мүмкіндіктерді  айқындауға  жəне  өндірістің  тиімділігін  арттыру  бойынша  шараларды
белгілеуге  жол берілді.
Кəсіпорын қызметкерінің, оның бөлімшелердің мастабына байланысты талдау толық
жəне  толық  емес  болуы  мүмкін. Кəсіпорын  қызметінің  жай-күйін  жəне  нəтижелерін  толық
талдау  еңбек  уақытын  көп  тілейді  жəне  кəсіпорын  даму  жоспарын  құрастыру  мақсатымен
келесі күнтізбелік жылға үздіксіз жасалады.
Жергілікті  талдау  оперативтік, бірен-сарандаған  міндеттерді  атқарады. Оның
мақсаты- кəсіпорынның  белгілі  құрылымдық  бөлімше  жұмысын  талдау  немесе
кəсіпорынның  кейбір  нақтылы  атқарымдық  қызметін  талдау (мысалы, өнім  өндіру  көлемін
талдау,  өнімнің  өзіндік  құнын  талдау  т.б.).  Толық  емес  талдау  ай  сайын  немесе  керекті
мүмкіншілігіне қарай орындалады.
Кəсіпорынның  қызметін  талдау  объектівті, уақытында  жəне  əрекетті  болуы  керек.
Объектлік  зерттелетін  берілгендердің  салыстыруды, олардың  өңдеуінің  дұрыстығы  жəне
əдептілігімен қамтамасыз етіледі.
 Талдамалық  зерттеулерді  жүргізу  тəжірибесінде  келесі  əдістері  пайдалануы  мүмкін:
салыстырмалы  талдау, талдамалы  көрсеткіштердің  шамаларының  ауытқулар  бойынша
бағалау, динамикалық талдау жəне басқа едістері.
Салыстырмалы  талдау əдісі талдауға  жатқан  кəсіпорын  немесе оның  бөлімшелерінің
белгіленген көрсеткіштерін жоспарлы көрсеткіштермен салыстыруды көздейді.
Ауытқулар  бойынша  талдау  əдісі  келеңсіз (негатив) ауытқулар  себептерін  айқындау
жəне соларды жоққа шығару шараларын жасауда пайдаланылады.
Динамикалық  талдау  ідісі  бірдей  жəне  сондай  құбылыстарды  көптеген  бақылау
нəтижелеріне негізделеді.
Алмастыру  əдісі  факторларды  айқындау  жəне  олардың  талданатын  көрсеткішке
сандық əсерін анықтау үшін пайдаланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет