Су және жер буынаяқтыларының айырмашылықтары



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата01.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#78208
1   2   3   4   5   6
Ішектің алдынғы және артқы бөлімдері сыртқы хитинді кутикуланың жалғасы мен қапталған, 
яғни экдодермалды. Түлеу кезінде осы кутикулаларда жаңарып ауыз және аналь тесігі арқылы 
түтік түрінде шығады. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің алдынғы ішегі кеңейіп қарынға 
айналған.Ол кардиалді немесе шайнағыш және пилорикалық бөлімдерге ажыраған. Қарынның 
кардиалді бөлімінің арқа және бүиір қабырғаларындағы кутикуласы қалыңдап, ізбес сіңген шеті 
үшкірленген үш күшті шайнағыш тақталарына айналған. 
1.Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі 
Екі жұп безді мүшеден тұрады: Антеналды және максилярлы. Антеналды бездер жоғары сатыдағы 
шаяндарда болады, ал қалғандарында — максилярлы , тек Leptostraca отрядының өкілдерінде зәр 
шығару бездерінің екеуі де болады. Бездің мүшелер түрі өзгерген целомодукталар . Антиналды 
және максилярлы зәр шығару жүйесінің құрылысы ұқсас. Әр мүше қапшықтан және одан 
басталатын, безді қабырғалары бар, иілген түтікшеден тұрады. Түтік бірнеше иірім жасап 
кеңейген қуысқа — қуыққа ашылады.Қуық қысқа өзегіне антеналардың түбінде немесе ІІ – ші 
максилаларының түбінде ашылады. 
Тыныс алу жүйесі. 
Polychaeta класындағыдай аяқтарымен тығыз байланыста. Көптеген ұсқ шаянтәрізділерде арнайы 
тыныс алу мүшелері жоқ . Олар бүкіл денесімен тыныс алады. Басқаларында тыныс алу мүшесі 
желбезектер. Олар аяқтарының протоподиттерінде басталатын тақталы немесе бұтақталға жұқа 
қабырғалы өсінділері — эпиподиттер . Су желбезек қуысынан бас қалқаны мен дене арасындағы 
саңылауы арқылы бір жағынан кірсе екінші жағынан шығарылады және осы бағыт өзгеруі де 
мүмкін. Суды желбезек қуыстарына айдайтын, минутына 200 қозғалыс жасайтын, екінші 
максиланың ерекше өсіндісі.Басқа жоғары сатыдағы шаяндар да желбезектері кеудесінде емес, 
құрсақ аяқтарында дамиды. 


Қан айналу жүиесі 
Ашық типті. Гомолинфа қан тамырларының ішінде қозғалып, кейін арнайы қабырғаларымен 
шектелмеген дене қуысының бөлімдері — синустарға құйылады. 
Қан айналу жүйесі тыныс алу жүиелерінің даму денгейімен белгілі дәрежеде байланыста. Егер 
желбезек қызыметін кеуде аяқтарының эпиподиттері атқарса, онда жүрек түгелімен кеудеде 
жатады, ал тыныс алуға құрсақ аяқтарының эпиподиттері жұмсалса, жүрек құрсақта орналасады. 
2.Шаянтәрізділердің нерв жүйесі 
Көпқылтанды буылтық құрттардікіне ұқсас . Ол жұп мидан, жұтқыншақ асты ганглясынан, 
жұтқыншақ маңындағы сақина — конниктивадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған. 
Жұтқыншақ үсті ганглиясы немесе ми үш бөлімнен құралған алдынғы – протоцеробрум, ортанғы 
дейтоцеробрум және артқы тритоцеробрум. Протоцеробрум күрделі және қарапайым көздерді
деитоцеребрум антенулаларды нервтендіреді, ал антеналаларға баратын нервтер жұтқыншақ маңы 
коннективтерінен басталады. Басқа буынаяқтағылардай шаянтәрізділердің нерв жүиесінде неиро 
секрет — гармондарды бөліп шығаратын неиросекраторлы клеткалар орналасқан.Олар 
организмнің ішкі ортасына , гомолинфаға арнайы сөлдерді шығарып жеке мүшелердің зат алмасу 
түлеу, тағы басқа процестерді реттеп тұрады. Шаяндардың нейросекреторлы клеткалары 
протоцеробром, дейтесеробром және құрсақ нерв тізбегінің әр түрлі бөлімдерінде орналасқан 
3.Сезім мүшелері 
Жақсы жетілген, олар сезімтал талшықтар түрінде дененің белгілі бөліктерінде — антенула , 
антена аяқтарының беткейіндегі талшықтармен түтіктерінде орналасқан, иіс, дәм, химиялық сезу 
қызыметін орындайды. Бұлардың түбінде, гиподермальді эпителидің астында биполярлы нерв 
клеткалары бар . Шаянтәрізділердің көру мүшесі — қарапайым — науплиальды және күрделі – 
пасеттік көздер. Науплиалды көз негізінен шаянтәрізділердің науплиус деп аталатын личинкасына 
тән, бірақ жиі ересек түрінде де кездеседі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет