Су және жер буынаяқтыларының айырмашылықтары



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата01.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#78208
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Santai.B DHB 22 Zoologiya

Ішекқуыстылар (Coelenterata) – нағыз көп клеткалылардың бір типі. І-дың басты белгілерінің 
бірі онтоген. дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасады, олар ересек 
дарабастарында айқын сақталып, эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды. 
Осы белгісіне қарай І-ды екі қабатты (Dіploblastіca) жануарлар тобына жатқызады. Екінші бір 
ерекшелігі – энтодерма қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас қорыту сөлін шығарып, асты 
қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты олардың дене қуысы ішек қуысы деп аталады. 
Типтің аты осыған байланысты қойылған. Тағы бір ерекше белгісі – сәулелі симметриясының, 
атқыш (күйдіргіш) және жүйке клеткаларының болуы. І-дың басым көпшілігі теңіздерді, аз ғана 
түрлері тұщы суларды мекендейді. 9000-ға жуық түрі белгілі. 
Дене пішіні цилиндр тәрізді, шатыр, табақша, қоңырау тәрізді. Денесінің ұзындығы 1 мм-ден 
бірнеше см-ге жетеді. Араларында ірі түрлері де кездеседі. Мыс., Cyanea arctіca-ның ені 2 м, ал 
қармалауыштарының ұзындығы 30 м-ге жетеді. Морфол. құрылысы және тіршілік етуіне қарай 
І. полиптер және медузалар болып топтасады. І. жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы 
(метагенез) арқылы дамиды. 
Бұлар 
үш 
класқа 
бөлінеді: гидрозоа, сцифоидты медузалар 
және 
маржан 
полиптері. Гидрозоа (Hydrozoa) класы – тұщы суларда тіршілік ететін қарапайым құрылысты 
жануарлар. 2700-дей түрі белгілі. Бұлардың екі класс тармағы бар: сифонофоралар және 
гидроидтар. Стенофоралар (Ctenophora) – жылы теңіздерде еркін жүзіп, ерекше шоғыр (колония) 
құрып тіршілік ететін жануарлар. 
Шоғыр құрайтын дарабастары құрылысы мен физиологиясы жағынан әр түрлі, оларды зооидтер 
деп атайды. Денесінің ұзындығы әр түрлі, 1 см-ге дейін, кейде 2 – 3 м-ге дейін жетеді. Көпшілігі 
мөлдір түсті, бірақ кейбір бөлімдері қанық түске боялған түрлері де кездеседі. Жыныссыз және 
жынысты жолмен көбейеді. Ішекқуыстылар (желкенді балықтар) көп көлемде, тіпті кейде мыңдап 
су бетіне қалқып шығады. Көктемнің соңы мен жаздың басында олар көбіне желмен жағаға қарай 
жылжиды. 
Ішекқуыстылар типі — көпжасушалы жәндіктердің ең құрылысы қарапайым тобы. Бұл тип 3 
класқа жіктеледі: 

гидратәріздестер 



табақшатәріздестер 

көпқармалауышты маржандар 
Бұлар бір затқа — төсемікке бекініп немесе суда еркін жүзіп тіршілік етеді. Бір затқа бекініп, 
отырықшы қалыпта өмір сүретін ішекқуыстылар — көпқармалауыштылар, ал сула еркін 
жүзетіндері — медузалар. Ішекқуыстылардың денесі екі қабаттан: эктодерма және энтодермадан 
тұрады. Олар жеке дара да, шоғырланып та өмір сүрелі. Денесінде бір ғана қуыс — ішек қуысы 
болғандықтан, ішекқуыстылар аталған. Бұлар — сәулелі симметриялы жәндіктер. Жүйке 
жасушалары жүйке торын түзеді. Ішек қуыстылардың барлығында атпа жасушалар болады. Олар 
— жыртқыш, сула, көбінесе теңізде өмір сүрелі. Бүршіктену арқылы — жыныссыз және жынысты 
жолмен көбейеді. 
Көп 
жасушалы 
жәндіктер  
Ішекқуыстылардың денесінде, шашыраңқы орналасса да, жүйке жүйесі бар. 
Жүйедегі жүйке жасушаларынан жүйке торы түзіл еді. Мұндай жүйке торы ең 
алғаш тек ішекқуыстылардан бастап қана байқалады. Ішекқуыстылардың 
көпшілігінде регенерация құбылысы дамыған. Мысалы, гидра денесінің сыртқы 
қабатында ядросы ірі, өте ұсақ жасушалар болады. Олар аралық жасушалар деп 
аталады. Гидра денесі зақымданғанда аралық жасушалардың өсуі күшейе түседі. 
Олардан тері-бұлшықет, жүйке және басқа жасушалар түзіліп, зақымданған жері тез 
қалпына келеді. Жойылған немесе зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қалпына 
келуі регенерация деп аталады. 
Ішекқуыстылар жыныссыз (бүршіктену арқылы) және жынысты жолмен көбейеді. Төменгі 
сатыдағы ішекқуыстыларда жыныс өнімдері дененің сыртқы қабатында — эктодермада өтеді. 
(Мысалы, гидратәріздестерде.) Жоғары сатылары ішекқуыстыларда (табақшатәріздестер, 
маржандар) дененің ішкі қабатында — энтодермада дамыды. Ішекқуыстылардың басым бөлігі 
дара жынысты. Сондай-ақ қосжынысты (гермафродит) түрлері де бар. Көбеюі күрделі өзгеріс 
арқылы дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет