Су және жер буынаяқтыларының айырмашылықтары



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата01.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#78208
1   2   3   4   5   6
Гидратәріздестер (гидроидтар) класы
Шоғырланып, отырықшылықпен теңізде өмір сүретін обелия да гидратәріздес жәндік. Оның 
тіршілік айналымы өте күрделі. Гидра да, обелия да — көпқармалауышты жәндіктер. Шоғырлы 
отырықшы обелия жыныссыз жолмен көбейеді. Ал оның жынысты жолмен көбеюі шағын денелі 
дара медуза (гр. медуза — пішіні қолшатыр немесе қоңырауға ұқсас еркін жүзе алатын дарақ) 
арқылы жүзеге асады. Сөйтіп обелияның көбеюі біріне-бірі мүлде ұқсаспайтын екі ұрпақты 
алмастыру арқылы жүреді. Жыныссыз көбею кезіндегі бүршіктер дараққа айналады, бірақ аналық 
ағзадан бөлінбейді. Обелия өте көп бүршіктену арқылы шоғыр түзеді. 
Жынысты жолмен көбею кезінде мезгіл-мезгіл қармалауыштары және ауыз жоқ ерекше бүршік 
түзіледі. Сол бүршіктен шағын денелі жынысты дарақ — медуза дамиды. Ол аналық ағзадан 
бөлініп, еркін жүзеді де, ұрықтанған жұмыртқасын суға таратады. Жұмыртқадан дернәсіл —
иланула(гр. иланула — жалпақ) түзіледі. Денесін кірпікше қаптаған планула сула біраз уақыт 
жүзіп жүріп, су түбіне шөгеді де, отырықшы обелияға айналады. 
Табақшатәріздес (сцифоидтар) класы 
Сцифоидтар (гр. сцифос — табақша) класына жататын медузалардың барлығы теңізде, мұхитта 
өмір сүрелі. Бұлардың денесінде жүйке және бұлшықет ұлпасы түзілген. Жүйке жасушаларының 


жинақталуы түйінге көбірек ұқсас. Соған байланысты оларда жарық сезу, иіс сезгіштік мүшелері 
дамыған. Бір затқа бекініп, отырықшылық қалыпта тіршілік ететін ішекқуыстылар — 
көпқармалауыштылар (полиптер); ал теңіз суында жүзіп жүретін ішекқуыстылар медузалар деп 
аталады. Медузалардың пішіні қолшатырға немесе қоңырауға ұқсас. 
Ішекқуыстылар жеке де (гидра, медуза және гүлге ұқсас актиния), шоғырланып та (обелия, 
шоғырлы қызыл маржан) тіршілік етеді. Отырықшы ішек-қуыстылар белгілі бір затқа төменгі 
жағымен бекінеді. Дененің ол бөлігі табан деп аталады. Қармалауыштар қоршаған аузы жоғары 
жағында орналасады. Медузалардың денесінде табан бөлігі жоқ. Аузы мен қармалауыштары 
төмен қарай бағытталады да, дененің үстіңгі жағы ашылған қолшатырға ұқсайды. Медузалар 
қозғалған кезде қолшатырдың жиегі жиырылады. Қуыстағы пайда болған су сығылады да, 
қолшатырдың дөңес жағымен медузалар алға қарай жылжиды. 
Көпқармалаушы маржандар (Полиптер) класы 
Бұлар — тек теңізде ғана өмір сүретін отырықшы жәндіктер. Көпқармалауышты маржандар 
класындағы 
жәндіктер 
тіршілік 
айналымында медуза түзбейді. Қызыл 
маржан, теңіз 
қауырсыны — шоғырлы жәндіктер. Актиниялар табанын жиырып-созып бояу қозғалады, шоғыр 
құрмай, жеке өмір сүрелі. Актинияларды теңіз гүлі деп те атайды. Актинияның 
жұмыртқажасушасының ұрықтануы және ұрықтың дамуы ішек қуысында жүзеге асады. Пайда 
болған жас актиниялар аузы арқылы суға шығады. Ал құлақты медузаның ұрықтанған 
жұмыртқажасушасы денеден тыс дамиды. 
Актиниялар — ұсақ жәндіктерді, балық шабақтарын, медузалар және көпқармалауышты маржан 
ұсақ жәндіктерді қорек етеді. Сондықтан бұлар — жыртқыш жәндіктер. Көпқаршалауышты 
маржандар дүниежүзілік теңіздерде кең таралған. Олардың әктен түзілген қаңқаларынан тропиктік 
теңіздерде су астында үйінді пайда болады. Қаңқалар үйіндісінен жартас — риф және шеңберлі 
жартас — атолл түзіледі. 
Бұлардың үш түрі бар: тосқауыл риф, жағалық риф және шеңберліриф немесе атолл. Рифтерде 
түзілген қалың әкті қаңқа кемелердің жүзуіне кедергі келтіреді. Әк алуға көбінесе рифтегі 
көпқармалауышты маржандардың қаңқалары пайдаланылады. Көпқармалауышты маржандардан 
түзілген рифте мұхит мақұлықтарының сан алуан түрлері мекен етеді. Теңіздерден терең суларда 
ішекқуыстылардың жарық шығаратын түрлері де тіршілік етеді. 
Ғалымдар медузалардың дыбыс тербелісін сезгіштігін зерттеді. Соның негізінде теңіз дауылын 
алдын ала болжайтын «медуза ұшағы» деген аспап жасалды. 
Табақша тәрізді ішекқуыстылардың құлақты медуза (аурелия) деген түрі теңіз суында еркін 
жүзеді. 
Оның 
қолшатыр 
пішінді 
денесінің 
диаметрі 
25-40 
сантиметрге 
дейін 
жетелі. Қолшатыр пішінді дененің астыңғы жағына ауыз орналасады. Төрт бұрышты аузының әр 
бүрышында бір-бірден төрт қалақша бар. Қорек ауыздан жұтқыншаққа, одан қарынға жылжып 
барады. 
Ас қарында қорытыла бастайды. Қарыннан бірнеше (8-16) тармақталған және тармақталмаған 
өзекшелер таралады. Өзекше түтікшесі жыбырлауық кірпікшесі бар жасушалармен 
астарланады. Қорек тармақталған өзекшелерде қорытылып, денеге сіңеді. Ал тармақталмаған 
өзекшемен қарындай сұйықтық кері қайтады. Қорытылмаған ас тармақталған өзекшемен ауызға 
барып, сыртқа шығарылады. Құлақты медуза — дара жынысты. Аналықтың пісіп жетілген 
жұмыртқасы 
мен 
аталықтың 
сперматозоиды 
өзекшелер 
жүйесіне 
және 
қарынға 
түседі. Жұмыртқа мен сперматозоид ауыз арқылы суға шығарылады. 


Жұмыртқаның ұрықтануы суда жалғасып табады. Ұрықтанған жұмыртқадан денесі 
кірпікшелермен қапталған дернәсілі иланула деп аталады. Планула біраз уақыттан соң су түбіне 
батып, төсемікке бекінеді. Плануладан төсемікте кішкене полип пайда болады. Одан 
әрі жыныссыз көбею басталады. Кішкене полип бүршіктену арқылы бөлініп, бірнеше табақшадан 
тұратын бүрлемеге айналады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет