Су және жер буынаяқтыларының айырмашылықтары



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата01.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#78208
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Santai.B DHB 22 Zoologiya

Жыныс жүйесі 
Шаянтәрізділер дара жыныстылар, тек паразиттік өкілдерінде және тіркеліп тіршілік 
ететіндерде гермафродитиз кездеседі. Жыныс диморфизмі айқын. Аталықтарының 
антинулалары , не антеналары анлығына ұқсайтын мүшелерге айналған. Құрсақ бөліміндегі 
аяқтары шағлыс мүшелерге айналған. Құрсақ бөліміндегі аяқтары шағылыс мүшелеріне айналып, 
түтік тәрізді болады. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділердің аталығы аналығынан едәуір кіші, 
тіпті ергежейлі аталықтары да кездеседі. 
Дамуы. 
Шаянтәрізділердің басым көпшілігінің жұмыртқасы сарыуызға бай болғандықтан, жұмыртқа 
жарым – жарты және беткейлік түрде бөлшектенеді. Бұларда жұмыртқа клеткасы бөлінбей, 
тек саруыздың ортасында орналасқан ядросы бірнеше рет бөлінеді. Пайда болған ядролар 
жұмыртқаның шетіне ығысып, сол жерде цитоплазмамен қапталады да тұтас клеткалы 
қабатын, яғни блоста дерма қабатын түзеді. Бластадерма сары уызды қоршайды бұдан кейінгі 
даму жұмыртқаның сыртқы бетіндегі құрсақ бөлігінде клеткалардан құралған ұрық алқабында 
өтеді. Ұрық жапырақшасынан мүшелер қалыптасып , ұрықтың денесі сегменттеле бастайды. 
Ең алдынғы бөлімінен болашақта күрделі көздері дамитын бас тізбектері және бас қалқаншасы 
— акронмен антеналды және мондибулярлы сигменттері бөліктенеді. 
Классификациясы 
Шаянтәрізділер классы 5 клас тармағына бөлінеді: желбезек аяқтылар — Branchiopoda , 
сефалокардиалар — Cephaiocarida , максиллоподалар — Maxillopoda, бақалшақты шаяндар — 
Ostracoda, жоғары сатыдағы шаяндар — Malacostraca 
Губкалар көп клеткалы жануарлардың ішіндегі ерекше құрылысты организмдер тобы. Олардың 
клеткалары дифференцияланбай бір-біріне ауысып отыруы, нағыз эктодерма және энтодерма 
қабаттарының қалыптаспауы, ішегінің, тканьдерінің, мүшелерінің, нерв жүйелерінің, жоқтығы 
колонияларының 
жеке особьтарға бөлінбеуі
, регенерациялық қабілеттілігінің күштілігі, ең 
соңында даму сатысында ұрық қабаттарының ауысып отыруы - губкалардың аса қарапайым 
жәндіктер екендігін дәлелдейді. Осындай ерекшеліктеріне сүйене отырып губкалардың шығу тегі 
жөнінде бірнеше жорамал пікірлер айтылған. Солардың ішінде Д. М. Федотов (1966) және 
басқалары - губкалар колониялы жағалы талшықты (Choanoflagellata) қарапайымдылардан пайда 
болған деп жорамалдайды. Оған дәлел - губкалардың және жағалы талшықты Choanoflagellata 
қарапайымдылардың клеткаларының құрылысының ұқсастығы. Екеуінің де клеткаларының 
талшығы біреу, оның түбін цитоплазмадан құралған жұқа жаға қоршап жатады. Жаға бір-біріне 
тығыз жанасып орналасқан таяқшалардан тұрады. Талшықтың қозғалу әсерінен ұсақ органикалық, 
қорек заттар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар, ұсақ қарапайымдылар) жағаға жабысып, бірте-
бірте цитоплазмаға және ас қорыту вакуольдеріне өтіп қорытылады. Сонымен, 
қарапайымдылардың талшықты жағалы клеткалары және губкалардың талшықты жағалы 
хоаноцит клеткалары құрылыстарына сәйкес қорек заттарды ұстау және қорыту қызметін 
атқарады. Екіншіден - губкалардың даму сатысындағы паренхимула личинкасы, өзінің құрылысы 
жағынан И. И. Мечниковтың гипотетикалық "фагоцителласына" ұқсас болуына байланысты 
"фагоцителла" 
субстратқа
 


бекініп губкаларға бастама берді деп жорамалдайды. Фагоцителланың сыртқы қабаты ұсақ 
клеткалардан қалыптаскан және кинобласт деп аталады, ал ішкі қабаты ірі клеткалардан 
қалыптасып 
фагоцитобласт 
деп 
аталады. 
Губкаларда бәрі керісінше. Олардың личинкасы - паренхимула субстратқа бекінгесін оның сыртқы 
ұсақ талшықты клеткалары ішіне қарай енеді де, іштегі ірі клеткалары сыртқа шығады, осыдан 
кейін личинка ересек губкаға айналады. Осы өзгерістер В. Н. Беклемишевтің (1964) пікірі 
бойынша, олардың личинкасының және ересек түрінің тіршілік ету жағдайларына байланысты. 
Личинка суда еркін жүзіп жүрген жағдайда ұсақ 
талшықты клеткалары қозғалу
, яғни кинетикалық 
қызметін атқарады, ал ересек түрі субстратка бекініп жылжымай тіршілік еткен жағдайда ұсақ 
талшықты клеткалары денесінің ішіне өтіп, еңді суды сүзу және сумен бірге келген ұсақ қорек 
заттарды ұстап, қоректену қызметін атқарады. Губкалардың осы ерекшеліктері бекініп тіршілік 
етуіне байланысты пайда болған бейімділік болуы керек.Көп ғалымдардың пікірлері бойынша, 
губкалар төменгі сатыдағы көп клеткалы жануарлардың орта тегінен 
өте ертеде бөлініп шығып

басқаша бағытта эволюциялық өзгерістерге ұшыраған болуы мүмкін деп жорамалдайды. Осы 
соңғы болжамды дұрыс деуге болады, себебі губкалардың, паренхимула личинкасы құрылысы 
жағынан ішекқуыстылардың плануласына ұқсас келеді. Бұл белгі губкалардың және 
ішеккуыстылардың 
шығу 
тегі 
бір 
екендігін 
дәлелдейді. 
2. 2-кестені толтыру. Губкалар денесіндегі жасуша элементтерінің функциялары 
2-кесте. Губкалар денесіндегі жасуша элементтерінің функциялары 
жасуша 
элементтері
 
жасуша элементтері 
Колленциттер 
жұлдызды 
жасушалар
 
Склеробласттар 
Сколекс - " бас " - таспа құрттарының 
денесінің бастапқы бөлігі, бекіту 
мүшелерін алып жүреді 
Амебоциттер 
Омыртқасыз 
жануарлардың 
қан 
жасушаларының бірі. Олар әдетте 
псевдоподия мен фагоцитоз түзуге 
қабілетті мөлдір, түссіз жасушалар 
Археоциаттар 
Органогенді-карбонатты қаңқасы бар 
жойылып кеткен, жалғыз немесе 
колониялық жануарлар 
Хоаноциттер 
Микротүкті жағасымен қоршалған 
флагелламен 
жабдықталған 
губка 
жасушалары 
Пинакоциттер 
Губканың сыртқы жағында, сондай-ақ 
губканың 
ішкі 
арналарында 
орналасқан 
жалпақ 
жасушалар
 
Пороциттер 
Тері 
тесігін 
құрайтын 
губкалар 
денесінің жасушалары 


Миоциттер 
Бұлшықет жасушалары 
Спонгиобласттар 
Эмбриогенезде 
нейроэпителий 
жасушаларының 
тобынан 
жүйке 
түтігінің 
қабырғалары 
бөлініп 
шығады. жүйке жүйесінің аймақтары 
3. Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіз: ауыз, оскулум, табан, спикулалар, 
парагастрий 
қуысы
, мезоглея, лейкон, сикон, аскон, хоаноциттер, колленциттер, склеробласттар, талшықты 
камералар. 
Ауыз-қармалағыш түтіктерінің түп жағында ауыз орналасқан. Ауыз қуысы екі бүйірінде жүздеген 
желбезек саңылаулары бар көлемді де ұзын жұтқыншақпен жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет