Сулейменова зауре екпиновна



бет71/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124467
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   86
Байланысты:
Педагогика

Білім беру мазмұны – оқушыларды жан–жақты дамыту, ақыл–ойын, танымдық қызығушылығынқалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.

  • Білім берудің материалдық теориясы – оқытудың мақсаты ғылымның әр түрлі салаларынан оқушыларға кең көлемде білім беру. Бұл теорияны Я.А.Коменский жақтаған.

  • Білім берудің формальдық теориясы – оқытудың мақсаты оқушылардың танымдық қабілетінің дамуы, ес, ойлау қабілеттеріне көңіл бөлу. Бұл теорияны И.Песталоцци, А.Дистервег жақтаған.

  • Білім беру жүйесі - білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мекемелердің жиынтығы.

  • Білім беру стандарты – оқушылар меңгеретін міндетті білім деңгейін көрсететін құжат

  • Белсенділік - адамның іс-әрекет үстіндегі жағдайы.

  • Генетика - тұқым қуалаушылық жайлы ғылым.

  • Гимназия - оқушылардың қабілеті мен қызығушылықтарына қарай оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын жалпы орта білім беретін оқу орны. Гимназия 1-ші сыныптан басталады.

  • Гипотеза – тексеруді қажет ететін болжам.

  • Гносеология (грек. gnosis – таным, logos – ғылым) – таным іс–әрекеті процесін, оның мазмұндық негізін зерттейтін таным теориясы.

  • Гуманизм адамға деген махаббат, сүйіспеншілік, адамдар арасындағы қарым–қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау.

  • Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы формасы.

  • Дағды - әрекеттің саналы түрде автоматтануы.

  • Дальтон-план – оқушылардың мұғалімнің тапсырмасымен үйде өздігінен дайындалуына негізделген оқыту формасы. ХХғ басында АҚШ-та Е.Паркхерст деген мұғалім ойлап тапқан.

  • Даму - организмнің өсіп жетілуі (дене мүшелерінің, жоғары нерв қызметінің, психикасының дамуы).

  • Даралық – бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығы, оның ешкімге ұқсамайтын, өзіне ғана тән ерекшелігі.

  • Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   86




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет