Девианттымінез-құлықты балалар, немесе «қиын балалар» - бұлар еңбекке, оқуға, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Дедуктивтік ойлау - жалпыдан жекеге қарай ойлау.
Дене тәрбиесі – денсаулықты нығайту, сақтау, дененің дұрыс дамуын қалыптастыру.
Дефектология - көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойында табиғи кемістіктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін педагогиканың арнаулы саласы.
Дидактика - білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогиканың саласы.
Дидактика - гректің «дидактикос» деген сөзінен шыққан, қазақша мағынасы - оқыту, үйрету. «Дидактика» терминін енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (Ратхия) (1571-1635)
Дидактикалық тест– оқушылардың оқу материалдарын меңгеру деңгейін тексеруге бағытталған стандарттандырылған тапсырмалар жиынтығы.
Дидактикалық жүйе – оқытудың мақсатына жетуге қызмет ететін, біртұтас құрылымды жасайтын элементтер жиынтығы.
Дискретті бақылау – белгілі уақытта үзіліп, артынан қайта жалғасатын бақылау.
Дүниетаным - жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.
Есте сақтау – материалдың жадыда сақталуын қамтамасыз ететін процесс. Есте сақтау жаңа білімнің кейін қалпына келтірілуінің маңызды шарты.
Жабық анкета– зерттелуші алдын–ала ұсынылған бірнеше мүмкін жауаптарды таңдайды.
Жалпы педагогика – педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді.
Жас ерекшелік педагогика– әр түрлі жастағы топтардың анатомиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді.