Сулейменова зауре екпиновна


Процесс (лат. «processus») -



бет79/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124467
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   86
Байланысты:
Педагогика

Процесс (лат. «processus») - алға қозғалу дегенді білдіреді.

  • Преформизм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуында тұқым қуалаушылықтың ролін айрықша бағалайтын бағыт. Баланың қабілеттері, мінез-құлқы анасының құрсағында жатқанда қалыптасады деп түсіндіреді.

  • Прагматизм (грекше прагма – іс–әрекет, тәжірибе) - жеке адамның дамуы мен қалыптасуында әлеуметтік ортаның ролін жоққа шығаратын бағыт. Негізін салушы Джон Дьюи (1859-1952)

  • Профессиограмма - бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу.

  • Психика – обьективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті.

  • Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы күрделі бейнелері.

  • Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды ерекшеліктер.

  • Психология - психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), яғни адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

  • Пікір – бір нәрсенің беймәлім жағын ақиқат не жалған деу тұрғысынан мақұлдайтын не теріске шығаратын талас ой.

  • Пікірталас - жоғары сынып оқушыларынның баға беруін, өз көзқарасын, ойын дәлелдеп айтуға үйрететін әдіс.

  • Ранжирлеу – құбылыстардың, сапалардың өсуін, не төмендеуңн анықтау үшін қолданылатын әдіс.

  • Рейтинг - оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекетін баллдық көрсеткішпен бағалау әдісі.

  • «Рейтинг» - ағылшын тілінен аударғанда «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген мағынаны білдіреді.

  • Реферат - белгілі бір тақырып бойынша бір немесе бірнеше әдебиеттердің мазмұнын жазбаша түрде жеткізу;

  • Рефлекс – организмнің тітіркендіргіш ықпалына жүйкесі арқылы табиғи физиологиялық реакциясы. Рефлекс шартты (туа біткен) және шартсыз (қалыптасқан) болып бөлінеді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   86




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет