Қалыптастырушы эксперимент – зерттеу обьектісін қайта құруға бағытталады.
Қарама қайшылық – педагогикалық процестің қозғаушы күші.
Қарым–қатынас – біріккен іс–әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі, көп жоспарлы процесс.
Қоғамдық пікір - ұжым мүшелерінің баға беруі.
Құқықтық тәрбие– қоғамдағы нормалар мен заңдарды құрметту дағдыларын қалыптастыру.
Құзыр (компетенция) – қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау.
Қызығу– пәнді немесе құбылысты меңгеруге байланысты адамдардың белсенді танымдық бағыттылығы.
Лицей - 2-ші не 3-ші сатыдағы оқушыларды қамтиды, әрі жоғарғы сатыдан бастап кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асырады.
Лабораториялық жұмыстар - арнайы құралдарды пайдаланып, мұғалімнің басшылығымен оқушылардың құбылыстарды, заттарды зерттеуі.
Лабораториялық эксперимент – арнаулы жағдайда, оқушылардың белгілі бір тобымен өтеді.
Мадақтау - оқушының жақсы іс-әрекетін ынталандыру әдісі.
Макрофактор – жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін бүкіл әлем, космос.
Мақсат - субьект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі.
Мангейм жүйесі– оқушыларды қабілетіне қарай саралап оқыту.
Мәдениет – латын тілінен аударғанда өңдеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Мәдениет дегеніміз материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы.
Мектеп гигиенасы - жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту, қорғау жайлы ғылым.
Мезофактор– жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін адамдардың үлкен тобы: қала, ел, мемлекет, қоғам.
Меланхолик – эмоциялық қозуы әлсіз тип. Сезімтал, жаны нәзік, тез ренжиді, жылауға бейім. Іске баяу кіріседі, бастаса, аяқтап шығады. Ұялшақ, жасқаншақ, өзіне сенімсіз.