Сулейменова зауре екпиновна


Рефлексия – адамның өз іс–әрекеті мен күйіне талдау жасауға бағытталған ішкі психологиялық қызметі, өзін–өзі тану процесі. Руханилық



бет80/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124467
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   86
Байланысты:
Педагогика

Рефлексия – адамның өз іс–әрекеті мен күйіне талдау жасауға бағытталған ішкі психологиялық қызметі, өзін–өзі тану процесі.

  • Руханилық – адамның жеке тұлғалық шығармашылық–тәлімдік мәдени–әлеуметтік қажетін қанағаттандыратын құндылықтарға ынталылық.

  • Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың басты формасы.

  • Сана – әлеуметтік тіршілік иесі ретінде адамның рухани белсенділігінің ең жоғарғы деңгейі.

  • Сауықтыру педагогикасы - оқу-тәрбие процесәнен ұзақ уақыт қол үзген, ұзақ уақытқа емделетін ауру балаларға білім беру мәселесін зерттейтін педагогиканың саласы.

  • Салауаттылық - ішкілік, темекі тарту, нашақорлық, т.б. зиянды, жаман қылықтардан аулақ болу.

  • Салыстырмалы педагогика - әрбір елдердегі білім беру мен тәрбие жүйелерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.

  • Сангвинник – эмоциялық қозуы күшті, шапшаң, бірақ тұрақсыз. Көңіл–күйі тез өзгереді. Бір істен екінші іске тез ауысады. Көңілді, белсенді. Кейде берген уәдесін орындамайды.

  • Себеп-салдарлық әдіс - құбылыстың себебі мен салдарын анықтау.

  • Сенім - терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы.

  • Семинар - жоғары сыныптарға арналған сабақ түрі. Семинар тақырыпты тереңдете оқып-үйренуге, талқылауға арналады.

  • Синтез - заттың бөліктерін ойша біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру.

  • Сұрау әдісі - ауызша сұрақ қою арқылы бір немесе бірнеше адамды зерттеу әдісі.

  • Сұқбат – әңгіменің бір түрі, обьектінің өзінің іс–әрекеті туралы баяндауына негізделген.

  • Социометрия - ұжымдағы қарым-қатынасты зерттеу әдісі.

  • Статистикалық әдіс - зерттеу нәтижесін формулалар мен есептеу арқылы анықтау әдісі.

  • Сынып – жас ерекшеліктеріне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   86




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет