Жазалау - оқушының жағымсыз, теріс қылығын тежеу, болдырмау әдісі.
Жаттықтыру - әр түрлі ситуацияларда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы.
Жарыс - балалардың ұжымдық іс-әрекетін, белсенділігін қалыптастыратын әдіс.
Жанама бақылау – басқа адамның көмегімен жүзеге асырылады.
Жасырын бақылау –зерттеушілер өздерінің зерттеліп отырғанын білмейді, техникалық құралдардың көмегімен жүргізіледі.
Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі.
Жеке жұмыс - әр оқушының өздігінен тапсырманы орындауы
Жоспар - негізгі тұжырымдарды, ойларды ретімен жазу.
Жоспарлау– іс–әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс–әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау.
Жылдық жоспар – жазғы каникулды қосқанда –мектеп іс–әрекетінің барлық жағын қамтитылып, олардың бірлігі, ішкі және сыртқы байланыстары мен өзара тәуелділігі есепке алынып, бүкіл оқу жылына арналған жоспар.
Заңдылық - жүйе ішіндегі бірліктердің байланысы.
Заң - қалыптасқан обьективті шындық,
Имандылық – адам бойындағы ізгі қасиеттердің жиынтығы.
Интервью (сұқбат) - алдын-ала дайындалатын сұрақ-жауап арқылы бір адамды зерттеу.
Инновация - ағылшын сөзі, жаңалық деген мағынаны білдіреді.
Инновация -оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізу.
Индуктивтік ойлау - ойдың жекеден жалпыға қарай қозғалуы.
Индивид (лат, жекелік) –адамзатттың еш қасиеттері ескерілмеген өкілі.
Категория - ғылымның негізгі ұғымдары.
Кәсіптік білім беру - әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жайлы біліммен оқушыларды қаруландыру.