Сулейменова зауре екпиновна



бет78/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124467
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   86
Байланысты:
Педагогика

Педагогикалық кеңес - мектептің барлық іс-әрекетін басқаратын тұрақты орган.

  • Педагогикалық шығармашылық – оқу–тәрбие процесінің үнемі өзгеріп тұратын жағдайларында балалармен қарым–қатынаста оқытушының оңтайлы және ұтымды педагогикалық шешімдер тауып, жүзеге асыруы.

  • Педагогикалық–психологиялық диагностика – оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған бағалау тәжірибесі.

  • Педагогикалық процесс – ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүретін, оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке, қоғамдық өмірге дайындаудағы бірлескен іс–әрекеттер. «Педагогикалық процесс» терминін енгізген П.Ф.Каптерев (ХІХ ғ. екінші жартысы).

  • Педагогикалық мониторинг – компьютерлік технологияны қолдану нәтижесінде педагогикалық процестің барысын, нәтижесін, тиімділігін үздіксіз және ұзақ байқау арқылы алынған мәліметтерді жинау және өңдеу.

  • Педагогикалық менеджмент – оқутәрбие және оқутанымдық процестің тиімділігін арттыруға бағытталған, оны басқарудың принциптері, әдістері, формалары мен технологиялық құралдарының кешені.

  • Педология – «балалар туралы ғылым», жеке тұлғаның дамуында тұқым қуалаушылық пен ортаны жоғары бағалап, тәрбиенің ролін жоққа шығарады.

  • Пенитенциарлық мекеме – түзету орындары (түрме).

  • Перспектива - ұжым алдындағы мақсат. Перспектива жақын, орта, қашық болып бөлінеді.

  • Перспективалық жоспар – мектептің соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде алдағы бес жылға жасалған жоспар.

  • Персонификация (лат. жеке тұлға) – ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен жеке тұлғаның дамып қалыптасуы.

  • Полярлық анкета – зерттелуші сұрақтарға балл арқылы жауап береді.

  • «Принцип» латын сөзі, қазақша мағынасы ереже, талап дегенді білдіреді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   86




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет