Мониторинг – ағылшын тілінен аударғанда «үздіксіз қадағалау» дегенді білдіреді.
Мұрат -адам баласының жоғары мақсаты, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы.
Міндет - мақсатқа жету жолдары.
Мінез – адамның өмірлік бет алысын білдіретін, оның тұрақты және тұрлаулы жеке–дара қасиеті.
Неотомизм -жеке адамның дамуы мен қалыптасуын құдайдың жаратуымен байланыстыратын бағыт.
Нысана (обьект) – ғылымның зерттеуге алатын саласы.
Нышан– қабілеттің дамуына негіз болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшелік.
Ойлау – ақиқат дүниенің мида жанама түрде ұғымдар арқылы барлық қасиет, байланыс, қатынастармен бейнеленуі.
Оқу – оқушының алдағы әс–әрекеті үшін қажетті білім, іскерлік, дағдыны мақсатты түрде меңгеру процесі.
Оқырмандар конференциясы – оқушылардың танымдық қабілетін, көркем әдебиетке деген танымдық қызығушылығын дамыту мақсатымен өтілетін тәрбие шарасы.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы.
Оқытудың педоцентристік жүйесі – басты роль оқуға, баланың іс–әрекетіне беріледі. Бұл жүйенің негізін Т.Кершенштейнердің «еңбек мектебі» (азаматтық тәрбие), В.Лайдың «әрекеттегі педагогика» теориялары құрайды.
Оқытудың дәстүрлі жүйесі– басты роль білім беруге, мұғалімнің іс–әрекетіне беріледі. Оның негізін Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Гербарттың теориялары құрайды..