Сынып сағаты – барлық сыныптарда міндетті түрде ұйымдастырылатын тәрбиелік шара.
Сынып жиналысы – оқушылар ұжымында өзін–өзі басқарудың жоғарғы органы. Оның негізгі міндеті – ұжым өмірін ұйымдастыруда оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау.
Табиғи эксперимент – қалыпты жағдайда жүргізіледі.
Тақырыптық жоспарлау – оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы не тарауы бойынша өтілетін сабақтардың мақсатын жүзеге асырудың қолайлы жолдарын анықтау.
Талап - мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру.
Талант – арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі.
Тарихи-салыстырмалы әдіс - зерттелетін проблема жайлы әдебиеттерді зерттеу.
Тәрбие - тар мағынада - мұғалімнің, тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстары. Кең мағынада, тәрбие деп табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалын айтады.
Тәрбие – тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс.
Тәрбие формасы - тәрбие процесінің сыртқы көрінісі.
Тәрбие процесі - тәрбиенің мақсатын жүзеге асыратын процесс.
Тәрбие процесінің ерекщеліктері - көпфакторлы, ұзақ, комплексті, екіжақты.
Тәрбие әдісі - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Тәрбие заңдылықтары - орындалуы жеке адам дамуы мен қалыптасуында тиімді нәтижелерге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар.