Педагогикалық кеңес - мектептің барлық іс-әрекетін басқаратын тұрақты орган.
Педагогикалық шығармашылық – оқу–тәрбие процесінің үнемі өзгеріп тұратын жағдайларында балалармен қарым–қатынаста оқытушының оңтайлы және ұтымды педагогикалық шешімдер тауып, жүзеге асыруы.
Педагогикалық–психологиялық диагностика –оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған бағалау тәжірибесі.
Педагогикалық процесс – ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүретін, оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке, қоғамдық өмірге дайындаудағы бірлескен іс–әрекеттер. «Педагогикалық процесс» терминін енгізген П.Ф.Каптерев (ХІХ ғ. екінші жартысы).
Педагогикалық мониторинг –компьютерлік технологияны қолдану нәтижесінде педагогикалық процестің барысын, нәтижесін, тиімділігін үздіксіз және ұзақ байқау арқылы алынған мәліметтерді жинау және өңдеу.
Педагогикалық менеджмент – оқу–тәрбие және оқу–танымдық процестің тиімділігін арттыруға бағытталған, оны басқарудың принциптері, әдістері, формалары мен технологиялық құралдарының кешені.
Педология –«балалар туралы ғылым», жеке тұлғаның дамуында тұқым қуалаушылық пен ортаны жоғары бағалап, тәрбиенің ролін жоққа шығарады.
Пенитенциарлық мекеме – түзету орындары (түрме).
Перспектива- ұжым алдындағы мақсат. Перспектива жақын, орта, қашық болып бөлінеді.
Перспективалық жоспар – мектептің соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде алдағы бес жылға жасалған жоспар.
Персонификация (лат. жеке тұлға) – ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен жеке тұлғаның дамып қалыптасуы.
Полярлық анкета – зерттелуші сұрақтарға балл арқылы жауап береді.
«Принцип»латын сөзі, қазақша мағынасы ереже, талап дегенді білдіреді.