Тәрбиеші: - Қазір, сендерге «Әтеш пен тоты құс» ертегісін оқып беремін.
Ертегі оқу: "Әтеш пен тоты" Ерте, ерте, ертеде ешкі құйрығы келтеде, аң мен құстарлың ішіндегі ең әдемісі, сымбаттысы әтеш болыпты.
Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Жүріп тұрса да маңғазданып, сылаңдай басады екен.
Қоқыраяды да жүреді. Бірде-бір аңмен не құспен сөйлеспейді. Жалғыз серігі Тотықұс болыпты.
Тоты байғұстың үстінде жөні түзу киімі де жоқ екен. Бір күні тоты әлгі кербез әтешке келіп:
Досым мен бүгін қонаққа бармақ едім. Жөнді киімімде жоқ. Мына түріммен қалай барамын. Мені сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы,-деп қиыла жалыныпты. Әтеш досының сөзіне сеніп, үстіндегі әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп тотықұс жасанып тұрып киініп алды да, қай мезгілде келетінін айтады.
Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр, дауысыңды естейін – дейді. Сөйтіп, Тотықұс әсем киініп тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды әтеш ол естісін деп үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды.
Содан күні бүгінге дейін әтеш тотықұспен әдемі киімін іздеп, таң атысымен, күн батқанға дейін айқайлап шақыра береді екен.
Сұрақ-жауап : Тәрбиеші: - Әтеш немен достасыпты?
Бала: - Әтеш тоты құспен дос болады.
Тәрбиеші: - Тоты әтешке берген сөзінде тұрды ма?
Бала: - Әтешті тоты құс алдап кетті.
Сергіту сәті: Қанатытымды жазамын,
Жоғары-төмен қағамын.
Биік көкте ойналып,
Жұлдыздай жылдам ағамын.
Дидактикалық ойын:"Ертегі кейіпкерлерін тап" Ойын шарты: Суретке қарап, қай ертегінің кейіпкерін атап, топтастырып .
Түлкі, қоян, бақа.........( үйшік ертегі)
Тоты құс, әтеш...... ( әтеш пен тоты ертегі)
Тәрбиеші: -Балалар, біз бүгін осы ертегі кейіпкерлерінің суретін саламыз.
«Әтеш пен тоты құс»ертегісінің суретін.
Үлгі жұмысты талдау: Тәрбиеші: - Құстардың суреттерін қалай салуға болады?