Тәрбиеші: - Көбелекті қалай жасадық?
Бала: - Қағазды бүктеп, бояу тамызып жасадық.
Тәрбиеші балаларды мадақтайды.
№25
Білім беру саласы «Шығармашылық» ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы «Мейірімді жүрек» Мақсаты: мейірімділік сезімдерін дәстүрден тыс сурет салу әдісі арқылы жеткізе білуге талпындыру;балалар бойындағы мейірімділік сезімдерін, жақсы қасиеттерін дамыту; жан жылуын сыйлайға, бір-біріне деген сыйластық қарым - қатынасын тәрбиелеу.
Билингвалды компонент:мейірімділік - доброта - kindness
Құралдар: слайд, үнтаспа,бейнебаян, даналық сөздер, қағаздар, акварельдік бояу.
І. Кіріспе бөлімі. Шаттық шеңбері: Мейірімді жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.
ІІ. Негізгі бөлім: Әңгімелесу. Тәрбиеші: - Балалар, мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді.
Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімділік жүректе орналасады, ал мейірімді адамды барлығы жақсы көреді. Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
Бала: -Бір-біріне көмек көрсету, жақсы көру. Тәрбиеші: - Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Бала: - Қуанасың.
Тәрбиеші: - Ал енді балалар, менің сіздерге сыйлығым бар, қәне назарымызды экранға аударайық «Адамдардың мейірімділігі» (видео)
Жас бала құлап қалғанда өтіп бара жатқан адам не істеді?
Бала: - Балаға көмек көрсеті.
Тәрбиеші: - Адамдар немен айналысып жүр?
Бала: - Олар дәрігер көмек беріп жүрген.
Тәрбиеші:- Бұл видеода сендер не байқадыңдар?
Бала: - Адамдар бірге жұмыс жасап жүреді.