Сурет салудың сиқырлы әлемі


Тәрбиеші: - Жаңбыр тамшыларын қалай салдық? Бала



бет18/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74
Байланысты:
пленка сурет

Тәрбиеші: - Жаңбыр тамшыларын қалай салдық?
Бала: - Бояуды тарақпен шашып жасадық.
Тәрбиеші тақырыпты қорытындылап, балаларды мадақтайды.
8
Білім беру саласы «Шығармашылық»
ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы Ойын алаңындағы терек ағашы»
Мақсаты: акварель бояуларымен сурет салу дағдыларын жетілдіру. Дымқыл параққа сурет салдыру арқылы балалар өнеріндегі мәнерлі-бейнелеу тәсілін жетілдірудің мүмкіндігін кеңейту. Қолда бар құралдарды пайдаланып, күз келбетінен алған әсерлерінің бояуларын үйлесімді жеткізуге үйрету. Табиғатты танып, оны қағаз бетінде бейнелеуге деген талаптарын дамытужәне қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдістер мен тәсілдер: көрнекілік (көрсету, және т.б.), сөздік (әңгіме, сұрақ-жауап, балалар әңгімесі, пікірталас, ойыны және т.б.), практикалық (тапсырмаларды орындау, ойын, релаксация және т.б.).
Құралдар: терек ағашының суреті, экран, мақта, тарақ, бояулар.
Билингвалды компонент: ағаш-дереве- tree.
І. Кіріспе бөлім.
Шаттық шеңбері:
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан
ІІ. Негізгі бөлім :
Тәрбиеші: -Балалар, біздің балабақша ауласында қандай ағаштар өсіп тұр?
Бала: -Аққайың, емен, қара ағаш.
(Ағаштың аянышты дыбысы естіледі)
Терек: -Мені ұмыттыңдар атауға.
Бала: -Білмейміз.
Терек (дауысы) :
Жұмбақ
Діңі жұмсақ болса да,
Тіп - тік шырқап өседі.
Осы ағашпен ауланы
Көгалдандырар көшені (терек )
Тәрбиеші: -Бұл қандай ағаш?
Бала: - Терек ағашы.
Экранға терек ағашының бейнесі шығады.
Тәрбиеші: - Терек ағашы, кешіріңіз, біз сізді атауға ұмытып кеттіппіз.
Ағаш туралы мәлімет: «Терек» ағашының діңгегі,бұтағы, сабағы,жапырағы болады.

Көктемде ағаштар бүршік жарады,бүршіктен жапырақтар пайда болады.Жапырағы –жұмыртқа пішіндес, жиектері ара тісті келеді.Терек діңі жұмсақ болса да, тіп-тік болып шырқап тез өседі. Тамыр қатты, ағашты ұстап тұрады жəне оған нəр береді. Ағаш тамыры арқылы су ішеді. Ал ағашқа жапырақтың не қажеті бар? (Сол арқылы тыныс алады). Ал біз қалай тыныстаймыз?Балаларға түсіндіру. ағаш өседі, тыныс алады, қоректенеді. Яғни ағаш – тірі нысан. Əр ағаштың өзінің аты болады. Ағаш – бұл өсімдік. Ағаштардың көп болғаны жақсы ауаны тазартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет