7 Dejk, T. A. van. Jazyk. Poznaniell). Kommunikacija / T. A. van Dejk;
[pod red. V. I. Gerasimova]. - M. : Progress, 1989. - 312 p.
8 Dobrosklonskaja, T. G. Medialingvistika: sistemnyj podhod к izucheniju
jazyka SMI: sovremennaja anglijskaja mediarech’ / T. G. Dobrosklonskaja. - M. :
Nauka, 2008. - 264 p.
9 Zheltuhina, M. R. О soderzhanii diskursa mass-media / M. R. Zheltuhina
// Vestnik Luganskogo pedagogicheskogo universiteta imeni Tarasa Shevchenko. -
Lugansk, 2007. - № 11 (128), Ch. 1. - S. 27-40. -Serija «Filologicheskie nauki».
10 Zasurskij, Ja. N. Mediatekst v kontekste konvergencii / Ja. N. Zasurskij //
Vestnik Moskovskogo un-ta. - 2005. - № 2. - P. 3-6. - Serija 10: «Zhumalistika».
11 Karasik, V. I. О tipah diskursa / V. I. Karasik // Jazykovaja liclmost’:
institucional’nyj i personal’nyj diskurs. - Volgograd, 2000. - P. 5 - 20.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2015. №2
31
ЭхллЕ
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
^
12 K o z h em ja k in , Е. A. M assovaja kom m unikacija i mediadiskurs:
к m etodologii issledovanija /Е. A. Kozhem jakin // Nauchnye vedom osti
Belgorodskogo gosudarstvennogo universiteta. - 2010. -№ 2 (73). - Vyp. 11. - P.
13-21. - Serija «Gumanitamye nauki».
13 Kubrjakova, E. S. Vidy prostranstva, teksta i diskursa/E. S. Kubijakova,
О. V. Aleksandrova // Kategorizacija mira: prostranstvo i vremja: materialy
nauclmoj konferencii. - M . : Dialog-MGU,1997. - P. 19-20.
14 Lingvisticheskij jenciklopedicheskij slovar’ / gl. red. V. N. Jarceva. - M. :
Sov. jenciklopedija, 1990. -6 8 3 p.
15 Solganik, G. Ja. К opredeleniju ponjatij «tekst» i «mediatekst»/ G. Ja.
Solganik // Vestnik Moskovskogo un-ta. - 2005. - № 2. - P. 7-15. - Serija 10:
«Zhumalistika».
16 Chicherina, N. V. Mediatekst как sredstvo fonnirovanija mediagramotnosti
u studentov jazykovyh fakul’tetov / N. V. Chicherina. - M. : Izd-vo LKI, 2008.
- 2 3 2 p.
Material received on 27.11.14.
О. К. Андрющенко
«Медиатекст» жэне «медиадискурс» уғымдардың өзара байланысы
Павлодар мемлекеттік
педагогикалық институты, Павлодар қ.
Материал 27.11.14 баспаға түсті.
О. К. Андрющенко
«Медиатекст» и «медиадискурс» взаимосвязь понятий
Павлодарский государственный
педагогический институт, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 27.11.14.
Мсщалада қазіргі медиалингвистикага мсщызды медиатекст
пен медиадискурс угымдары царастырылады. Авт ор берілген
угы мдарына, олардың белгілері мен ерекш елікт еріне әрт үрлі
көзқарасты талдайды. Отандас және иіетел лингвистикадагы
дискурс үгымына көзқарас көрсетілген.
В ст атье рассм ат риваю т ся значим ы е для современной
медиалингвистики понятия медиатекст и медиадискурс. Автором
анализируются различные точки зрения на данные понятия, их
признаки и особенности. Освещаются взгляды на понятие дискурс в
отечественной и зарубежной лингвистике.
32
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Э хлл Е 5 »л «2 3> л да Э хл л е5 »л «2 3> л д аЭ хл л е5 »л « 23> л д аЭ хлл е5 ^
Ә О Ж 8 2 1 . 521. 122
Г. С.
Апеева
ф.ғ.к., Орталық-Азия университет! Алматы қ.
АБАЙДЫҢ АҚЫН ШӘКІРТТЕРІНІҢ
ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ ОРТАҚ ПОЭТИКАЛЫҚ
ӨРНЕКТЕР
Мсщсілсідсі А б а й д ы ң ақы н ш ә к ір т т е р і п о э м а л а р ы н ы ң
композициялъщ қурылымындагы, көркемдік ерекшелігіндегі, жалпы
сөз саптауларындагы Абай дәстүрінің көрінісі сараланып, ондагы
ортсщ поэтикалъщ өриектер талданады.
Кілтті сөздер: поэма, үзтаз, дәстүр, көркемдік ерекиіелік,
композиция, бейнелілік, үңсастың.
Абай мен оның ақын шәкірттерінің поэмалары тақырыптық-идеялық
жағынан ғана емес, композициялық қүрылымы мен жалпы тіл бейнелілігі, сөз
саптаулары түрғысынан бір-бірімен сарындас келуімен, шығармаларының
сюжетін түзген ортақ оқиғалар ретінің көп болуымен де өзара үндесіп
жатады. Мәселен, олардың поэмаларының композициялық қүрылысы көбіне
үқсас болып келеді. «Масғүд» поэмасында:
Я, алла, қүрметіңде достың Махмүт,
Тілге жар бер, білінсін тура мақсүт.
Арун Рашид халифа заманында,
Бағдатта бір жігіт бар аты Масғүт [1, 68 б.].
Әуелгі екі жол кіріспенің басы тэрізді. Мағынасынан ежелгі шығыстық
жэне көне түркілік мотивтің ізі байқалады. Сол дәстүр бойынша, бір Алла
мен пайғамбардан медет сүраған соң, бірден оқиғаға кіріседі. Б. Кенжебаев
«Шығыстың классик ақындары, эдетте, өз дастандарын тікелей оқиғадан
бастап кетпей, шығарманың идеясы мен мазмүнын кітап оқушысына алдын-
ала біршама аңғартатындай кіріспе-тезистер айтумен бастайтын болған»
[2, 58 6]. - дейді. Абайдың өзінде бүндай алғысөз жазу айқын көрініс бере
қоймайды. «Әзім әңгімесінде» «Бір сөзім «Мың бір түннен» оқып көрген» деп
шығарма сюжетінің төркінін ғана танытатын жалғыз ауыз сөзбен шектелсе,
«Ескендір» поэмасында ақын бірден негізгі оқиғаның өзіне бет қояды. Абай
шәкірттерінің арасында жаңағы аталған шығыстық дәстүрді қатаң үстанатын
Шәкәрім Қүцайбердіүлы поэмаларының композициялық қүрылысы міндетті
түрде үш қүрылымды сақтайды. Алғы сөз, негізгі оқиға, соңғы сөз.
«М үндай тези стерде ақын өзінің қандай м әселелерге көбірек
тоқталатынын, оқушысына қандай өсиет айтып, қандай насихат бергісі
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2015. №2
33
ЭхллЕ
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
^
келетінін қысқаша ескертіп отырған. Көбіне дерлік түрлі әлеуметтік
мәселелер, ақыл - ой, адамгершілік, ғылым-өнер, эдептілік нормалары,
махаббат жайлы автордың пікірі айтылатын» [2, 58-6.], - деп ойын одан эрі
сабақтаған ғалым Б. Кенжебаев.
Поэманы жазуға түрткі болған негізгі мақсатты бүлайша атап көрсету
Ш әкәрімнен басқа, Ақылбай мен Мағауияда бар, Әсет пен Уәйісте де
кездеседі. Бір қызығы, өзге ақындар алғысөзде поэманың мэн-маңызын
артқызып көрсетсе, Ақылбай «Дағыстан» поэмасында төмендегідей
жолдарды келтірген. (Мүмкін, сыпайылық үшін айтқан шығар).
Тепе-тек тек жатудың табы батып,
Білмедім не қылуды ішім пысып.
... Еріккен соң ер сөзін ермек етттім,
Осыны айтпасам да өнер қысып [3, 55 б.].
Дэл осы мағынаны Уәйістен де кездестіреміз:
Ыбырай жазып бер деп өтінген соң,
Дей ме деп тіл алмайтын неткен кеще [4, 274 б.].
Ақын шәкіртгер арасында алғысөзге мэн беріп, ден қоятын ақындардың
бірі - Әсет Найманбаев. Әсет ақын өзінің «Қызыл табан ағаш ат» поэмасының
алғысөзінде келер оқиғадан сыр тартып, философиялық ой түйеді. Сондай-ақ
ол «Онегин мен Татьянаның әңгімелеріне» алғысөз жазуда да Шэкэрімдік
жолға барған.
Абай өз поэмаларында міндетті түрде негізгі оқиғадан кейін соңғы
сөз жазу үлгісін қолданған, яғни айтылғаннан ой түю мәселесін негізгі
темірқазық ретінде үстанған. Ескендірдің поэмадағы әрекетінен шыққан
қорытындыны соңғы төрт шумақта уағы з-өсиет түрғысында береді.
«Масғүдтан» да төмендегі ойды қорытып шығарған:
Көптің бэрі осындай мысал етсең,
Көп айтты деп алданып, уағда күтсең.
Ғапіл боп көп нәрседен бос қаласың,
Андамай көп сөзімен жүріп кетсең [1, 73 б.].
Ақын осы арқылы кейіпкері М асғүттың шешіміне деген пікірін,
көзқарасын қоса білдіріп, кез келген істі өз ақылыңа таразылатып барып
шешім қабылдау керектігінен ой түйгізеді. Абайда соңғы сөз осылайша
өсиетшілдік қалыпта келсе, Шэкэрім бүл арада өзіндік шығармашылық
қалып танытқан. Яғни, ақын бүнда үстаз жолындағыдай таза өсиетшілдікке
бармай, оқиға желісі аяқталған соң, елеп-екшеу, ой таразысынан өткізу ісін
оқьфманның өзіне қалдьфып отьфған.
Залым кім, парақор кім, жазасыз кім,
Қайсысы ақ жүректі, қайсысы кем?!
Кекті кім, кекті жеңіп кешірген кім?!
Білдің бе күшті екенін махаббаттың?! [5, 453 б.].
34
ISSN 1811-1823. В ест ник П Г У
ЭхллЕ
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
^
Шэкэрім поэмаларының соңғы сөздері осы мазмүндас болып келеді,
айрықша мәндегісі «Лэйлі-Мэжнүн» поэмасындағы байлам. Ақын бүл арада
Абайдың эйгілі «бес асығы» тәріздес өзінің жоқтап өткен «бес айығын» жьф
етеді. Мэжнүннің басындағы жағдай ақынның өз арманының жоқтаушысы
болуына үласқан. Яғни, «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының соңғы сөзі Абайдың
«Масғұг» поэмасындағы айтылар ойдың өзегімен негіздес өрбіген. Абайдың
Масғүдқа өз басындағы жағдаятты айтқызатынындай, Шэкэрім де Мэжнүн
басындағы күйді өз басына теңгеріп отьф.
¥ лы үстаз бен шэкірт ақындар поэмаларының композициялық қүрылысы
мен сюжеттік желісінде, образ сомдау барысында, шығарманың көркемдік
бітімін беруде өзара үқсастықтармен қатар, біркелкі эдіс-тэсілдердің де
қолданылатыны бар. Мәселен, Абай «Ескендір» поэмасында эуелі сауал
тастап барып, назарды соған аудартып алады. Соңынан өзі баяндау тәсілі
арқылы, оған жауап қатады.
Осы жүрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтансүйгіш, қызғаншақ адам екен [1, 64 б.].
Ақын шәкірттер поэмаларының көпшілігінде абайлық жолды үлгі
түтқаны байқалады. Яғни, оларда алдымен оқиғаның мекені мен мезгілі
белгілі болады, соңынан кейіпкердің өзі, жасы, мінез-қүлығы баяндалады.
Абай мен оның ақындық мектебіндегі шәкірт ақындар тілінде халықтық
мақал-мәтелдердің қолданылуы жиі кездеседі. Олардың өзі қолданылу
сипатына қарай екі түрпатгы келеді. Бірінде қазақ мақал-мәтелдерін, қанатгы
сөздерін сол қалпында өзгеріссіз қолданса, енді бірде өз жандарынан өзгертіп,
шығармашылықпен пайдаланған. Тіпті ақындардың кей поэмаларының
барлық идеялық негізін бір ғана нақыл сөзбен көрсетуге болады екен.
Мысалы, Абайдың «Ескендірі» - «Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара
артық», «Вадим» поэмасы - «Есектің артын жу да, мал тап» (Абайдың өз
қарасөздерінен); Ақылбайдың «Дағыстаны» мен «Зүлыс» поэмасы - «Басқа
пэле тілден»; Уәйістің «Бір қыздыңуақиғасы» - «Уағда - қүдай аты», «Жошы
- Алаша хан» - «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Поэмадағы кейіпкер түлғасын көрсетудегі ақын шәкірттер қаламының
ізі олардың бір тамьфдан тарап, ортақ ойдан нэр алғандығын куәландыра
түседі. Яғни, бүл кейіпкердің сыртқы түлғасын үзынсонар суреттеуден
үтымды қолданысқа көшкен үлы үстаз тәсілінің жалғастық тапқандығының
дәлелі. Кейіпкер бейнесін берудегі бүндай үқсастықтар ерекше елеп, бөліп
айтуды қажетсінеді:
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2015. №2
35
ЭхЯяеЗхЯяеФхЯяөШЯяөЗхЯяеФхЯяӨЗхЯяӨіЖ
Абай - Ескендір:
Шэкэрім - Троекуров:
Ақылбай - Рахым:
Мағауия - Кебек:
Шәкәрім - Әнет баба:
Шэкэрім - Мамыр:
Ақылбай - Ибраһим:
Шәкәрім - Веренский князь:
Шэкэрім - Веренский князь:
Шәкәрім - Көкенай:
Шэкэрім Суан - Раптан:
Мағауия - Сарыбастық:
Көкбай - Шақшақ Жәнібек:
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Тэкаппар, мақтансүйгіш адам екен.
Тэкаппар, зор көкірек сондай күшті.
Зор көкірек, өр сөзді адам еді.
Әрі би, эрі молла, ғүламасы.
Әрі сүлу, эрі есті, еркекшора.
Әрі сүлу, эрі есті, эрі мерген.
Әрі бай, эрі князь, эрі шені.
Өзі князь, эрі бай, шешен деген.
Өзі батыр, мінезі қатты кісі.
Өзі батыр, соғысқа тым айлашыл.
Өзі батыр, өзі қу, өзі білгіш.
Өзі ер, өзі молла, жақсы кісі.
Абайдың ақын шәкіртгері поэмаларында кездесетін үқсас қолданымдар,
тіпті бір-бірінен айнымай пайдаланылатын тіркестер реті де біздің дэл қазіргі
нысанымыз үшін нақты айғақ болары сөзсіз.
Шәкәрім «Дубровский»:
Мағауия «Медғат - Қасым»:
Көкбай «Сабалақ»:
Шэкэрім- Еңлік:
Нысан абыз:
Андрей Дубровский:
Мэжнүн:
Вл. Дубровский:
Ақылбай:
Шәкәрім:
Ақылбай:
Мағауия:
Шығарып өз заңынша жаназасын...
Некесін қиямын деп өз заңынша...
Спирт шықты басына, көз қызарып,
Өз заңынша билейді, энін салып.
Сүйекке қалмақ жақтан кісі шапты.
Барабан өз заңынша даңғырлатып.
Ажалың биік қабақ сүрлау қыздан.
Сүп - сүр болып, алартып көзін ашып.
Сүп - сүр болып көзінің оты жайнап.
Қадалды сүп - сүр болып көкке қарап.
Сүп - сүр болып жатьф еді жараланған.
Көзін жүмса, жігіт түр сүп - сүр болған.
Көпке топьфақ шашсын ба, үстап алды.
Көпке топьфақ шашсын ба, атып жықты.
Көпке жалғыз қолынан не келеді...
Ақын шәкірттер поэмаларының тілінде таза Абайлық сөз саптауларының
кездесетіні бар. Олардың біразы жоғарыда келтірілген өлең жолдарында
кездесті.
Әсеттің «Онегин мен Татьянаның әңгімелерінің» басталуы басқа
болғанымен хат жолдарында үстаз ақын сөздерімен дөп түсерлік түстары
бар. Мәселен:
Абайда:
Қорлыққа көндім бүл қүрлы,
Талапсыз, бақсыз мен сорлы,
Байқалар халім бүл хатган [6, 105 б.].
Еріксіз аттап үяттан.
Әсетте:
Халымды үшпу хаттан бір байқайын,
Бағым жоқ, талабым жоқ мен Қ орлыққа басты байлап арзандады м
бірсорлы,
[7,266 6.].
Аттадым еріксізден үят жолды.
Абай шығармадан хаттарды үзіп алса. Әсет туындьшьщ сюжетін неғүрлым
түтастай толық алған. Яғни. Әсет Найманбаевтьщ «Онегин мен Татьянаның
әңгімелері» сюжеті сақталынған, композициялық қүрылымы жаңаша абайлық
үлгіде қалыптасқан туынды. Әсеттің ара-арасында қыз бен жігіттің хаты келіп
отыратын «Онегин мен Татьянаның әңгімелері» поэмасы мен Уәйістің ортасына
қыз бен жігіттің қағысатын айтыс үлгісі енген «Тэуке -Жікібай» поэмасының
қүрылымы жэне Әріптің таза айтыстан түратын «Біржан-Сара», «Тәуке-
Үрқия» поэмалары қазақ поэмаларының ішкі жанрлық үлгілерінің қалыптаса
бастағандығының айқын дәлелі. Ақын шәкірттердің, бүлайша, поэма жанрына
айтыс элементтерін араластыруы поэма зандылықтарына қайшы келмейді.
Себебі, «поэма - еркін қүрылысты синтездік жанр» [8, 44 б.]. Негізінен өз
өлеңіне айтысу үлгісін енгізу ақын шәкірттер арасында қалыптасқан үлгі
сияқты. Мэселен, Абайдың өз баласы есепті болтан Әубәкір шығармашылығы
толығымен осыны дэлелдейді. Қ. Мүхамедханүлы «Өзінің алдындағы Абай
шәкірттерінің жазатындары дастан, лирикалы өлең-жыр болғандықган, Әубәкір
оларды қайталамайды» [7, 293 б.], - дейді. Мысқыл, эжуа, қалжың қалпында
жазатын ақынның «Қайырбек пен келіні», «Қыз бен өзі», «Бүркітімен айтысы»
өлендерінің өзіндік туу тарихы бар. Ақын айтар ойын жеткізудің өте үтымды
тәсілін қолдана білген. Сол сияқты, өлеңге айтыс элементін енгізу Шәкәрімнің
«Жайлаудьщ баласымен айтысы» шығармасьшда да көрініс береді.
Уэйістің «Тэуке-Ж ікібай» поэмасында Тэуке батырдың ауылдың
жөнін, мәнісін сүрап алатындығы жөнінде авторлық баяндауға бармай,
екеуін айтыстьфып, шығарма жазудағы жаңаша тәсілді пайдаланған.
Әріп Тәңірбергенүлы поэмаларындағы Біржан мен Сараның, Тэуке мен
Үрқияның айтысы арқылы Тобықты мен Найман арасындағы кейбір дау
шарлы мәселелер төңірегінде сөз қозғалады. Бүнда мазмүнды жаңа түрге
үйлестіру ісі, яғни жаңашылдыққа талпыныстың байқалатыны сияқты, ауыз
әдебиетіндік көне дэстүрден аттап өтпейтін өнегешілдіктің де ізі аңғарылады.
Ақындардың өзге елдік сюжет негізінде шығарма тудыруы барысында
өзіндігінің басым келетіні де тілге тиек боларлық. Тіпті олар шығыстық
нәзира дэстүрінің қалыптасқан қағидаларын да үстана бермейді. «Нәзирашыл
ақын қандай жанрға нэзира жазса да, өзі үлгі алып отырған өлең үлгісін
сақтауға тырысатын» [9, 189 б.] болған. Ал, «Ескендір», «Масғүт», «Әзім
36
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Э хлл Е 5 »л «2 3> л да Э хл л е5 »л «2 3> л д аЭ хл л е5 »л « 23> л д аЭ хлл е5 ^
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2015. №2
37
ЭхллЕ
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
^
эңгімесі» поэмалары болса, қазақтық қағидада, яғни он бір буынды қара өлең
үлгісімен жазылған. Сол сияқты ақын шэкірттердің де шығыстық мэснауиды
пайдаланған бір де бірі жоқ. Өлең өлшемін, үйқас, ырғағын қазақыландырған
шығармалардың қазақ топырағына тек сюжеті ғана келіп жетті.
Өзіндік шығармашылыққа барудың басы тақырып өзгертуден басталған.
Мәселен, Ақылбай Г. Р. Хаггардтың «Сүлеймен патшаның қазынасы» атты
романынан оқиға алғанда, поэмасын «Зүлыс» деп атаған. Қ. Мүхамедханүлы
бүның себебін «Тегінде, Абай романдағы Сүлеймен қазынасы деген аңыздан
гөрі Англияның жаулап алған елі Зүлыстардың тағдырына көңіл бөлген»
[3, 43 б.], - деп түсіндіреді.
Уэйіс Шондыбаев П. П. Ершовтың «Конек-горбунок» дастанының
атын өзгертіп, бас кейіпкердің атымен «Иванушка-дурачок» деп атаған.
Бүл әдебиетте бүрыннан бар кэнігі жайт. Яғни, «Қалқаман-Мамыр»,
«Еңлік-Кебек», «Нартайлақ пен Айсүлу», «Лэйлі-Мэжнүн», «Дубровский»,
«Сабалақ», «Тэуке-Жікібай» т.т. тэрізді шығарманы бас кейіпкердің атымен
атау көркем эдебиетте бүрыннан қалыптасқан үлгі.
Абайдың ақын шәкірттерінің әрқайсысының өзіндік стилі, жазу мэнері
эр басқа бола түра, Абай дәстүрінің ықпалымен жазылғандығы айқын көрініс
береді. Нақтылай айтсақ, Абай өзінің шәкірттеріне көбінесе тақьфып пен
қоса сюжетті де үсынған. Ал ол сюжеттердің ішіндегі «аңқып түратын
адамшылдық, санашылдық үгіті, сонымен қатар кейбіріндегі діншілдік,
қаншылдық идеялары жэне осының бэрінің үстіне қосылған Европаның
эңгіме қүру желісі, түр, бояу үлгілері барлығы да мыналар арқылы Абайдың
өз шығарма, өз түлғасына... қосымша бүйымдар қосып түрады. Абайдың
бүрынғы өзінен байқалған мүсінін ары асыра терендей түсінуге көмекші
болды» [10, 245 б.]. Абайдың лирикасындағы махаббатты, пейзажды,
психологиялық ахуалды сюжетті шығарманың бойына алғаш дарытты.
Академик М. Әуезов «Абай сюжетті поэмаларды жазбады десе де
болады. Бірақ ол жанрдың осы түріне түйсіне де, сүйсіне, оған бейім екенін
анық білген. Ол шәкірттеріне тақьфьштар беріп, солармен бірге қоян-қолтық,
олардың күллі поэмаларының сюжеттік арқауы мен идеялық-элеуметтік
негізін қүрап отырған» [11, 7 б.], - дейді. Шындығында, Абайдың өз
шәкірттерінің шығармашылығына мейлінше мэн беріп отырғаны байқалады.
Әріптің «Зиядасына» айтқан ауыр сыны ақынның кейінгі шығармашылық
бетіне қатты әсерін тигізген. Бүл сын кейінгі жерде оның да өлеңді «ермек
үшін жазбайтынының» кепілі болған сыңайлы. Көкбайдың «Сабалағында»
да ақынның өзі үнатпаған түстарында оны тоқтатып тастап отырғаны, сөйтіп
шығарманың сюжеттік-мазмүндық түрғыдан толық қалыптасуына өзіндік
ықпал жасағандығын көреміз.
Ақын шәкірттердің әрқайсысының эр тақырыпта, эр сюжетте поэма
жазғандарымен Абай мектебінен дэріс алғандығын дәлелдейтін ортақ
38
ISSN 1811-1823. В ест ник П Г У
ЭхллЕ
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
^
көріністердің де аз емес екендігін байқадық. Өзіндік дара шығармашылық
қалпымен қоса, ақын шэкіртгер өз поэмаларында бір ғана мақсатгы дара
үстанып. «жүмыла көтерген жүк жеңілді» тағы бір мэрте дәлелдей түскен.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Абай Күііаіібаііү. ім. Шығармаларының екі томдық толық жинағы.
-Т. 2. - Алматы : Жазушы, 2004. - 296 б.
2 Кенжебаев, Б. XX ғасыр басындағы әдебиет. - Алматы : Білім, 1993.
- 248 б.
3 ІҮІүхамедхапүлы, Қ. Абайдың ақын шэкірттері. - Алматы : РГЖИ
Дәуір, 1993. - 1-кітап. - 224 б.
4 ІҮІүхамедхапүлы, Қ. Абайдың ақын шэкірттері. - Алматы : РГЖИ
Дэуір. 1993. - 2 кітап. - 224 б.
5 Қүдайбердііеи,
Ш .
Шығармалары. - Алматы : Жазушы, 1988. - 559 б.
6 Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы.
-Т. 1. - Алматы : Жазушы, 2004. - 294 б.
7 ІҮІүхамедхапүлы, Қ. Абайдың ақын шәкірттері. - Алматы : РГЖИ
Дэуір, 1993. - 3-кітап. - 224 б.
8 Балтоғаева, Ж. Поэма жанрының ерекшелігі туралы. // Ізденіс.
9 Сейтжанов, Қ. Шығыстық үлгідегі түркі классикалық поэзиясы жэне
қазақ өлең дәстүрі. // ¥ л т тағлымы, 2003. - № 2. - Б. 189-193.
10 Әуезов, М. О. Абай Қүнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - Алматы :
Ғылым, 1967. - 391 б.
11 Әуезов, М. Абайтану дәрістері. - Алматы : - Рауан, 1994. - 160 б.
Материал 13.04.15 баспаға түсті.
Г. С. Апеева
Созвучие поэтических фигур в поэмах поэтов-последователей Абая
Центрально-Азиатский университет, г. Алматы.
Материал поступил в редакцию 13.04.15.
G. S. Apeeva
Consonance of poetic figures in the poems of poets followers of Abay
Central-Asian University, Almaty.
Material received on 13.04.15.
В статье анализируются композиционные, художественные
особенности поэм последователей Абая, влияние абаевских традиций
на словоупотребление, а также общность поэтических фигур.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2015. №2
39
ЭхллЕ
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
^
The composition artistic features o f the Abay fo llo w ers’ poems,
influence o f the A bay’s tradition on word usage, as well as common poetic
figures are analyzed in this article.
Ә О Ж 8 2 1 . 512. 122 (091)
К. C. Ә бдіқалы қ1,
77.
M. Әділбекова2
ф.ғ.к,. профессор м.а., қазақ әдебиеті кафедрасы; 2ф.ғ.к„ профессор м.а., қазақ
әдебиеті кафедрасы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,
Алматы қ.
М. ЖҮМАБАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІМӘТІНДІК
ӨЗГЕРІСТЕР
Бүл м а қалада М агж ан Ж ум абаев өлеңдерінің м ә т ін д ік
айырымдарына талдау жасалынады.
Кілтті сөздер: текстология, мәтіндік айырымдар, лирика, цате
түрлері.
Мағжан Жүмабаевтың 1989-2008 жылдар аралығында жарық көрген
шығармалар жинағын өзара салыстырып қарағанда, бірсыпыра мэтіндік
айырымдар байқалады. Соңғы жинақтардағы өлеңдердің мэтіні бірдей.
Тек ақынның қайта оралғаннан кейінгі, яғни Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің 1988 жылғы желтоқсандағы қаулысынан соң, 1989
жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Шығармаларындағы» [1] өлең
мәтіндерінде соңғы шыққан жинақтардағы өлең мәтіндерінен өзгешелік
танытатын түстары басым. Тіпті, 1995 жылғы «Білім» баспасынан шыққан
«Шығармалар» атты 3 томдық жинағы мен 2008 жылы «Жазушы» баспасынан
ш ы ққан «Көп томдық ш ы ғармалар жинағы ны ң» соңы нда берілген
«Түсініктерде» 1989 жылғы жинақтағы өлең мәтіндеріне түзету енгізгендігін
ескерткен. Осы түзетулерге, яғни, текстологиялық жүмыстардың қалай
жүргізілгеніне мэн бере отырып эр жинақта эр түрлі берілген мэтіндік
айьфымдардың дүрыс-бүрыстығына назар аударайық.
Мағжанның «Атақты ақын сөзі - алтын хакім Абайға» өлеңін (тақырып
2008 жылғы жинақтағы нүсқасы бойынша алынып отыр) қарастырсақ, соңғы
екі жинақтағы /1995, 2008/ өлең мэтіні бірдей. 2008 жылғы жинақтың /1995
жылғы жинақтың да/ «Түсініктерінде»: «1912 жылы «Шолпан» жинағында
басылған. 1989 жылғы кітапта «Дүние қолын жайып, енді күтпес» деген жол
«Әлемнің қүлағынан эні кетпес!» болып редакцияланған. Біз түпнүсқаға
сүйенуді орынды деп таптық. Басқа да өзгертілген сөздер қалпына келтірілді»
40
ISSN 1811-1823. В ест ник П Г У
ЭхллЕ
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
^
[2, 192], - делінген. Қалпына келтірілген сөздердің ішінде өзгертуді қажет
етпейтін сөздер де бар. Мәселен, өлеңнің бесінші, алтыншы шумақтарында
кездесетін «жүйрію> сөзі 1989 жылғы жинақта:
Жүрген жанның артында ізі қалар,
Етікші өлсе, балға мен бізі қалар.
Бір бай өлсе, төрт түлік малы қалар,
Шеіиен өлсе, артында сөзі қалар! -
деген өлең жолдарындағы жэне «Шеиіеннің айтқан сөзі көпке кетер» деген
алтыншы шумақтың төртінші жолындағы «иіешен» сөзі «жүйрік» болып
түзетілген. Бэрімізге белгілі бүл арада Мағжан Жүмабаев ақын өлсе артында
сөзі қалатынын айту үшін жыраулық поэзия дәстүрімен кімнің артында не
қалатынын санамалап шығады. Сонда о баста автор өз қолжазбасында «ақын»
сөзінің орнына «жүйрік» элде «иіешен» сөзінің қайсысын қолданған екен
деп ойлайсың? Дүрысы қайсысы дегенде, сөз үстасы ақынға «шешендік»
сөзі жақын ба деп қаласың. 1989 жылғы жинақты шығарушылар да осыны
ескерген болар.
«Сорлы қазақ» өлеңін алсақ, 2008 жылғы жинақтың «Түсініктерінде»:
«алғаш «Шолпан» жинағында басылған. Біз 1995 жылғы нүсқасын негізге
алдық. Бірақ ондағы үшінші шумақтың екінші жолы бірінші басылымы
бойынша «қылышын алып, надандық саған кезденді» деп, үшінші жолындағы
«тымақтай» сөзі «түмақтай» боп, ең соңғы шумағының екінші жолындағы
«басы мойнын бүрар ма» тіркесі «білім мойнын бүрар ма» боп өзгертілді...»
[2,192],- делінген. Өзгертілген сөздердің ішінен үшінші шумақтың алғашқы
екі жолын 1989 жылғы нүсқамен салыстырып көрейік. 1989 жылғы жинақта:
Қозғал, қазақ, білім іздер кез келді,
Қылыіи алып «надандық» саған кезенді, -
деп берілсе, 2008 жылғы жинақта:
Қозғал, қазақ, білімге жүгір, кез келді,
Қылыіиын алып «надандық» саған кезденді, -
деп беріледі. Жэне де бесінші шумақтың алғашқы екі жолы 1989 жылғы
жинақта:
Байғүс қазақ бас көтеріп түрар ма?
Көңілі түсіп, білімге мойын бүрар ма? -
деп берілсе, 2008 жылғы жинақта:
Байғүс қазақ бас көтеріп, түрар ма?
Көңілі түсіп, білш мойнын бүрар ма? -
деп беріледі. Зерттеушілердің айтуына қарағанда бүл өлең ақынның көзі
тірісінде тек 1912 жылғы жинақта ғана жарық көрген. Бэлкім сол кездің
өзінде өлең мэтіні редакция тарапынан өңдеуге үшырауы, тіпті «кезденді»
сөзі терушіден кеткен қате болуы да мүмкін. Өйткені, қазіргі редакцияланған
1989 жылғы нүсқа үғынықты эрі ойға қонымды.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2015. №2
41
ЭхллЕ
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
^
Ақынның «Ж атыр...» өлеңін қарастыратын болсақ, 1995 жылғы
жинақтың «Түсініктерінде» (2008 жылғы жинақта да): «алғаш «Айқап»
журналының 1911 жылғы 2-санында жарияланған. Одан соң 1912 жылғы
«Шолпан» жинағына енген. 1989 жылғы «Жазушы» баспасында жарық
көрген «Мағжан Жүмабаев. Шығармалары» кітабында біраз сөз өзгеріске
түскен. Мысалға, 1912 жылғы кітапта «Астана жүрт билеген адамдарды»
деген жолы, 1989 жылғы басылымда: «Әуелде жүрт билеген адамдарды»
деп, «астананы» - «эуелде» сөзімен өзгерткен. Сол сияқты «Қайдағы ескі
нүсқа көріп жатыр» дегенді «Айтысып молдалармен іріп жатыр» деп,
«Сезінбей өз өлгенін, өзгенікін, Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр?» деген
жолды «Сезінбей өзгенікін, өзінікін» деп өзгерткен. Автордың өз сөздері
бүл жинақта қалпына келтірілді» [3,229] делінген. Осы қалпына келтірілген
сөздер мен өлең жолдарынан басқа түзетілген сөздерге назар аударайық.
1989 жылғы жинақтағы өлеңнің «Тәңірінің рацметіне «ж ары п»
жатыр» деген сегізінші жолындағы «жарып» сөзі соңғы жинақтарда (1995,
2008) «цанып», «Байлары мыцды айдаган шалцып жатыр» деген он үшінші
жолындағы «байлары» сөзі соңғы жинақтарда «байларың», « Умытып
өзін өзі бүл сабаздар» деген жиырма үшінші жолындағы «сабаздар» сөзі
соңғы жинақтарда «сабазың», «Жемтікке қүзгын болып кіріп ж атыр»
деген жиырма сегізінші жолындағы «жемтікке» сөзі соңғы жинақтарда
«жемтікіиі», «Күн сайын артца царай кетіп жатыр» деген отыз сегізінші
жолындағы «күн сайът» сөз тіркесі соңғы жинақтарда «күннен күн» болып
түзетілген. Осылардың ішінде үшінші жақпен баяндалып жатқан өлең
мазмүнына сәйкес «байлары» сөзі; алдыңғы жолда берілген «біреулерді»
мегзеп, көпше түрде айтылып түрған «сабаздар» сөзінің қолданылуы
текстологиялық принцип бойынша қате емес. Сондай-ақ, «жарып» немесе
«цанып», «күн сайын» немесе «күннен күн» деген сөздердің қайсысын
қолданса да мэтін түсінігіне соншалықты нүқсан келмейді. Тек «жемтікке»
сөзінің «жемтікиіі» болып өзгеруі сөз мағынасын басқаға бүрады. 1989
жылғы жинақта «Оқыған, дін іздеген байғүс шэкірттің» қүзғын болып қайда
кіріп жатқаны түсініктірек. Яғни, бүл арада шэкірт «қүзғын» сипатында
болса, медреседегі молдалардың тәлім-тәрбиесі «жемтік» бейнесінде
сомдалған тэрізді. Тағы да ескере кететін жайт, 1989 жылғы жинақтағы
өлеңнің «Кілтіи де өнер білім ашып жатыр» деген екінші жолындағы «де»
сөзі /шылауы/ соңғы жинактарда /1995,2008/түсіп қалған. Сөйтіп, бүлтармақ
он буынды болып, он бір буынды өлең қүрлысына нүсқан келтіріп түр.
«Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңін салыстырсақ, соңғы екі жинақтағы
(1995, 2008) өлең мэтіні бірдей. 2008 жылғы жинақтың «Түсініктерінде»:
«Бүл да «Шолпан» жинағынан.
Көңіл көзі ашық жанды дос деп білсе, -
Мылқау, меңіреу, наданды қас деп білсе, -
42
ISSN 1811-1823. В ест ник П Г У
ЭхллЕ
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
» л «
23
>лдаЭхлле
5
»л «
23
>лдаЭхлле
5
^
дегендегі «наданды» сөзі 1989 жылғы жинақта «адамды» деп өзгертілген
екен.
Өнер-білім жер астында болса-дағы,
Бір жетер, жолықтым деп тастамаса (1912), -
деп ақын ойы сәл бүрмаланып:
Өнер-білім жер астында болса-дағы,
Іздесе оны талпынып, бос қалмаса! (1989), -
деп өзгертілген. Әуелгі авторлық нүсқасы алынды. Бесінші шумақтың соңғы
жолындағы «етегін» сөзі «етігін» деп өзертілген» [2,193], - делінген.
1989 жылғы жинақты шығарушылар «етегін» сөзін «етігін» деп
өзгерткен сияқты бірнеше сөздерге түзету енгізген. Мэселен, өлеңнің
«Ерініп, ишршамаса, белін буса» деген екінші жолындағы «шаршамаса»
сөзі соңғы жинақтарда /1995, 2008/ «шаршалшстай»: «Тыиыцпай, дамыл
алмай, ерт елі-кеиі» деген жетінші жолындағы «ертелі-кеш» қос сөзі
соңғы жинақтарда «ерте де кеш»: «Дүниетң цайгысына зарланбаса» деген
тоғызыншы жолындағы «цайгысына» сөзі соңғы жинақтарда «цайгысынан»:
«Құтыртът, шагыстырып жел бермесе» деген он сегізінші жолындағы
«шагыстырып» сөзі соңғыжинақтарда «иіабыстырып»; «Наданды цатцан
жансыз тас» деп білсе деген жиырма тоғызыншы жолындағы «наданды»
сөзі соңғы жинақтарда «білілісіз» деп берілген. Бүл өзгерістер өлең идеясына
айтарлықтай нүсқан келтірмейді, керісінше мэтінді тез түсінуге көмектеседі.
Мэселен, «шабыстырып» емес «шагыстырып», «білімсіз» емес «наданды»
деп алынса үғынықты. «Шабыстырып» сөзі негізінен теруден кеткен қате
болу да мүмкін.
Қорыта айтқанда, М. Жүмабаевтың эр жылдары шыққан өлендерін өзара
салыстыруда жинақ шығарушылардың ақынның эрбір өлеңіне аса мэн беріп,
ыждағаттылықпен текстологиялық жүмыс жүргізгендері анық байқалады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Жүмабаси, М. Шығармалары. - Алматы : Жазушы, 1989. - 448 б.
ISBN 5-605-00814-5
2 Жұмабаев, М. Көп томдық шығармалар жинағы. I том. - Алматы :
Жазушы, 2008. - 208 б. - ISBN 5-605-01817-5
3 Жүмабаси, М. Шығармалары. - Алматы : Білім, 1995. - 256 б. - ISBN
5-7042-0436-8
Материал 04.05.15 баспаға түсті.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2015. №2
43
А". С. Абдикалык, Л. М. Адылбекова
Достарыңызбен бөлісу: |