Свидетельство


Употребление новых слов в современном казахском языке


бет19/31
Дата15.03.2017
өлшемі
#9674
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31

Употребление новых слов в современном казахском языке
Павлодарский государственный университет 
имени С.  Торайгырова,  г. Павлодар. 
Материал поступил в редакцию 30.05.14.
Zh.  Т.  Sarbalayev
Use of new words in modern Kazakh language
S. Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar.
Material received on 30.05.14.
В  ст ат ье  р а сс м а т р и в а ет ся   упот ребление  н овы х  слов 
современного казахского литературного языка.
This  article  deals  with  the  use  o f  new  words  in  modern  Kazakh 
language.
ӘОЖ 81.367.7 
Ж.  Т.  Сарбалаев
M.  ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТІЛТАНУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Маңалада үлы жазуиіы М.Әугзовтің әлеуметтік тіл мәселелерін 
қозгаган ой-пікірлері талданады.
Кез  келген  әдеби  шығарманың  салмағы,  қүны,  қоғамдық-әлеуметтік 
өмірдегі  орны,  әдетте,  екі  өлшем  таразысымен  анықталады.  Оның  бірі
-   автордың  тарихи  шындықты  қаншалықты  нанымды,  дәлелді  ашып 
көрсетуімен  байланысты  болса,  екіншісі  -   әдеби  туындының  көркемдігі, 
оның оқьфман қауымға  сыйлайтын  эстетикалық қуатына қатысты.  Әрине, 
соңғы жағдайда «әдеби шығарманың басты элементі -  тіл» /К. Федин/ туралы 
сөз болып отьфғандығы өзінен-өзі түсінікті. Иә, көркемдіктің басты кілті -  
тіл. «Әдебиет -  М. Әуезов айтқандай, -  тілімен әдебиеті.Тіл шүрайлығы, тіл 
сүлулығы болмаған жерде ешқашан өміршең, өлмес үлы шығармалар тумақ
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2014.  №2
 
161

емес.  Сондықтан да тіл -  эдеби  шығарманың  өмір  сүруінің  басты шарты, 
оның қандай туынды екенін танытатын бірден-бір дүрыс таразы.
¥ л ы   жазушы  М.  Әуезов  гажайып,  өшпес  ш ығармалары  арқылы 
қазақ  эдебиетін  шырқау  биік қалай  көтерсе,  екінші  жағынан  өзінің  өлмес 
туындылары арқылы оның тілін де сондай биікке көтерді. Біз бүлай дегенде 
оның ең алдымен, әлемге эйгілі«Абай жолы» эпопеясының тілін еске аламыз. 
Онда үлы суреткер қазақтың сөйлеу тілі мен жазба әдеби тілінің дэстүрлсрін 
берік үштастыра  отьфып,  «қазақ эдеби тіліне  көген түбінде  қалып  көнере 
бастаған  көптеген  көнерген  сөздерді»  қайта  тірілтіп,  үйіріне  әкеп  қосты, 
тіліміздің  грамматикалық  қүрылысын  соны  синтаксистік  түзілістермен 
байытты, қазақ эдеби тілінде бүоын болмаған тың сөз қатынастарын ашты, 
тіліміздің  көркемдік қуатын  арттьфа  түсті,  оның  байырғы  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  негізін  сақтай  отырып,  оған  интернационалдық  өң  берді. 
«Мүхтар  қазақ  тілін  байытамын  дегенде,  -  деп  атап  көрсетеді  академик 
жазушы F. Мүсірепов,  - тек қазақ сөйлемінің ізімен кете бермеген,  - кейбір 
ойларын орысша сөйлем қүру жолымен де жазған. Бүл әбден дүрыс. Ешбір 
тіл өз шеңберінде ғана өсе алмайды»  [1-171].
Қазақ тіл білімінде М. Әуезов шығармаларының лексика-стилистикалық, 
грамматикалық түрғыдан зерттеп қарастырған біраз еңбектер жарық көрді. 
Атап  айтқанда,  Р.  Сыздықова,  Е.  Жанпейісов,  М.  Балақаев,  Ә.  Қайдаров, 
М. Серғалиев сықылды қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері өздерінің эр кезде 
жарияланған еңбектерінде үлы жазушының шығармаларының қазақ әдеби 
тілінің тарихында алатын орны, оның көпшілікке белгілі шығармаларының 
тілі,  олардағы жекелеген  сөздердің қолданыстары,  жазушының жалпы тіл 
шеберлігі жайында  қүнды-қүнды ойлар  айтты.  Бүларға  қоса  С.  Тасымова, 
Б.  Ихсанова тэрізді жас  ғалымдар  да М.  Әуезовтің ғылыми  еңбектері  мен 
публицистикалық  шығармаларының  тілі  жөнінде  де  баспасөз  беттерінде 
өзіндік ойы бар тәп-тәуір мақалалар жазып көзге түсті.  Десек те, біздіңше, 
М.  Әуезов шығармаларының тілін зерттеуде бір жақтылық бар.  М.  Әуезов 
ш ы ғармалары ны ң  тілі  туралы   ж азы лған  еңбектерде  көбінесе  оның 
шығармаларының  тілінің  жалпы  лексикалық-грамматикалық  сипаты, 
ягни  сөздік  қоры,  көнелене  бастаган  сөздердің  этимологиясы,  жекелеген 
грамматикалық түлгалардың қызметі, болмаса жазушьшьщ сөйлем түзілістері 
туралы соз болады да оның өзінің жалпы тілге деген көзқарастары еске алына 
бермейді.  Әуезов  шыгармаларының тілі  соз болганда,  лингвист Әуезовтің 
де  көзқарастарын  үмытпауымыз  керек.  Себебі,  «Жазушының  тілге,  оның 
ішінде ана тілін, оның өткені мен бүгінгісіне, даму жолы мен багытына деген 
көзқарасын біліп барып сол жазушының өз творчествосының тілін талдап 
дүрыс болмақ»  [2].
¥ л ы  жазушы,  әрине,  тіл  саласына  арнап  іргелі  еңбектер  жазган  жоқ. 
Десе де ол өз түсында болган тіл төңірегіндегі айтыстардан да шет қалмаган.
162
 
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ

Туған тілінің тағдыры, оның өткені мен болашағы жазушыны азамат ретінде, 
қоғам қайраткері ретінде бей-жай қалдырмаған, қатты ойландырған, жанын 
ауьфтқан.  Сондықтан  бүл  мэселе  оған  еріксіз  қалам  алдырған,  оның  тіл 
мэселесіне арнапбірсыпьфа мақала-еңбектер жазуьша түрткі болған. Олардан 
М.  Әуезовтің лингвистикалық көзқарастарын айқынбайқауға болады.
М.  Әуезовтің  лингвистикалық  көзқарастарын,  жалпы үш топқа  бөліп 
көрсетуге болады:  1. Көркем әдебиет тілінің мэселелері жайындағы ойлары; 
2. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы, дамуы туралы ой-пікірлері;. Қазақ әдеби 
тілінің қалыптасуы, дамуы туралы ой-пікірлері;3.  Қазақ тілінің қоғамдағы 
орны,  қызметі, тағдыры, болашағы, мэдениеті т.б. жөніндегі көзқарастары, 
яғни элеуметтік тілтану төңірегіндегі түжырымдары.
Біз  бүл  мақаламызда  үлы  суреткердің  соңғы  элеуметтік  тілтану 
саласына қатысты ой-пікірлеріне тоқталсақ дейміз. Өйткені, бүл мэселе оньщ 
лингвистикалық  көзқарастарының  негізгі  өзегі,  азаматтық  шын  келбетін 
танытатын басты өлшем. Жазушы өзінің «Ү мітті үрпаққа игі тілек»,«Ана тілі 
мен эдебиетті сүйіңдер», «Ғылым тілі», «Қайсысын қолданамыз», «Үзілмес 
достық өреніміз» т.б. мақалаларының әлеуметтік тілтану қүзырына жататын 
өмірлік  мәселелерді,  атап  айтқанда,  қос  тілділік  проблемаларды,  қазақ 
тілін  ғылым  тілі  деңгейіне  көтеру,  ана  тіліміздің  дамуына  кесе-көлденең 
түрған түйткілердіжою, қоғамдық-элеуметтік өмірдегі позициясын нығайту, 
қолданылу  аясын  кеңейту  сияқты  тіл  шаруашылығының  толып  жатқан 
мәселелерін батыл  қозғайды.  Зерделі  суреткердің  аталған еңбектерінен  өз 
халқын, ана тілін жан-тәнімен беріле сүйген, елдікті мүдделеп, егемендікті 
мүрат түтқан күрескер жанның шын бейнесі айқын байқалады. Бір ғажабы 
М.  Әуезовтің  элеуметтік  тілтану  саласындағы  ой-түжьфымдары  осьщан 
аттай  50-60  жыл бүрын айтылса да оларқүнын,  мэн-маңызын күні бүгінге 
дейін  бәсендеткен жоқ.  Олардағы мәселелердің  қойылысы  ,  өзектілігі дэл 
бүгінгідей, қазіргі кезеңнің үнімен үндесіп, талабымен табысып кеткендей. 
Француздың  үлы  жазушысы  О.  Бальзактың  «Таланттар  жылдарды  ғана 
артқа салады, ал үлылар ғасырлардан озып кетеді» деген пікірі дэл Әуезовке 
арналып айтылғандай.
М.  Әуезовтің  элеуметтік тілтану  саласында жазған  еңбектерінің  қай- 
қайсысын  алмаңыз,  ортақ түп қазық -   қазақ тілі,  қазақ тілінің  қамы,  мүң- 
мүқтажы. Оньщ бүл саладағы еңбектерінің басы 1917 жылы Семей қаласында 
алаштық түғырнамамен шығып түрған «Сары Арқа» газетінде жарияланған 
«Қайсысын  қолданамыз»  атты  мақаласынан  басталады.  Бүл  мақала -  үлы 
суреткердің  баспасөз  бетінде  өз  атынан  жарық  көрген  түңғыш  сөзі.  (Рас, 
мүның алдында осыдан сәл бүрын аталған газетте оның Түрағүл Абайүлымен 
бірлесіп  жазған  «Адамдық  негізі  -  әйел»  атты  туындысы  жарық  көрген 
болатын).  Осы  алғашқы тырнақ  алды  еңбегінің  өзінде  ол үлт  тіршілігінің 
түтқасы тілде,  тіл арқылы білім беруде  екенін қадап айтады.  Қазақ тілінің
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2014.  №2
 
163

үлттык. эдебилік сипатын нығайту үшін пэндік аталымдарды бір ізге келтіру 
жөн дейді. Қоғам алға өрлеген сайын, «Ғылым тілі деген мәселе «Шеш» деп, 
дікілдеп қысатын мәселе» деп, ғылым тілін қалыптастыруды айрықша мәселе 
етіп қояды. Бүл салада реттілік пен үйлесімділікболуын қатаң ескертеді.
Бір жылдан соң ол бүл мәселеге қайта оралып, болашақ қамы түрғысынан 
«Ғылым тілі» атты мақаласын жариялайды.  «Абай» журналында басылған 
бүл мақала қазақ тілін ғылымы тіліне айналдырудың ең зәрулік, көкейкестілік 
мәселелерін қозғайды.  Қазақ халқының ендігі болашағы ғылымды игеруде 
жатқанын жете аңғарған жас Әуезов сол кездің өзінде-ақ ғылым тілін қазақ 
жүртында орнықтьфудың қажеттілігіне үлкен мэн беріп, әсерлі пікір, кемел 
ой  айтады.  «Жүрт  оянып,  көзін  ашып  жүртқа  бетін  түзесе,  күннен-күнге 
мүқтажы  табылып  көбеймек.  Осы  күнгі  біздің  көп  мүқтаждарымыздың 
ішінде  ең  ірісі  -  ғылым»  дей  келіп,  оны  халықтың  мэңгілігінің  мәселесі 
деп  атап  көрсетеді.  Мүндағы  шаруа  оңалмайынша,  қандай  тілдің  болсын 
көсегесі көгермек емес Әуезов нақ осы қағиданы алға тарта отырып, ғылыми 
аталымдық  қор жинауды кешуілдетпей тез кірісуді міндет етеді.  Сонымен 
бірге,  бүл  салада  әсіреқызыл  үраншылдықтан,  дүмбілездік  үрынудан 
сақтандырады.  «Біреу оңға, біреу солға тартып, илеуге көне беретін ғылым 
жолы  терінің  пүшпағы  емес»  деп  ізденістің  оңды  нәтижесі  біліктіліктен 
туатынын  қүлақ  қағыс  қылады.  «Ғылым  тілін  қалыптастырудың  3  түрлі 
шарты  бар,  -  дейдіӘуезов,  олар  а)  ниет,  э)  күш,  б)  тэртіп».  Осы  үшеуінің 
алдыңғы екеуі қазақ халқында бар екенін айта келіп, соңғы шарт -  тэртіптің 
жоқ  екендігіне  қатты  қынжылыс  білдіреді.  Ал,  тэртіпті  қазақ  оқығандары 
бірігіп,  келелі  кеңеске  салып  орнатуға  болады  дейді.  М.  Әуезовтің  бүл 
пікірлері  өз  қүнын  күні  бүгінде  де  жоғалтқан жоқ.  Қазіргі  кезде  ғылыми- 
зерттеушілік, ғылыми-үстаздық қызметтегі мамандығымыздьщ бірсыпырасы 
пэндік аталымдар кешенін қазақшаландьфуда қиындық көріп жүргені рас. 
Әрине, мектеп қабьфғасынан, жоғары оқу орьшдарынан қүлаққа әбден сіңісті 
боп,  үйреншікті  болып  кеткен  гректік,  латындық,  орыстық  аталымдарды 
қазақшалауға  дәрменсіздіктері  үшін  оларды  бір  жағынан  айыптауға  да 
болмас. Алайда, ана тілінің бар байлығын, шексіз мүмкіндігін танып болмай 
жатып, одан күдер үзіп, қазақ тілінің болашағына күмэн көңілмен қарағаны 
үшін ондай жандар кінэлі де күнэлі болмақ. Қазақ тілінің де ғылыми-пәндік 
аталымдар қоры жөнінен дүние жүзіндегі ешбір тілден кем түспейтіндігін 
кезінде А.  Байтүрсынов барша жүртқа өзі тапқан ғылыми аталымдарымен 
дәлелдеп берген жоқ па.  Тіпті М.  Әуезовтің  өзі  де  бүл салада  қүр  үгіттің, 
жалаң насихаттың жетегінде қалып қоймай, ғылыми аталымдар жасау ісіне 
белсене қатысқаны мэлім. Ол 1933 жылы профессор В.Эвальдтың «Қүрылыс 
материалдары» атты еңбегін қазақ тіліне аударып, жеке кітап етіп шығарған. 
Аталған  шығарманы  қазақш а  тәржімелеу  кезінде  қүрылыс  саласына 
байланысты  қазақша терминдер  кешенін жасап,  тілдік айналымға  қосқан.
164
 
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ

Ол, сондай-ақ, орыс тіліндегі ғылыми аталымдарды қазақ тіліне аударудың 
өзіндік принциптерін де үсынған. Әттең, Ахаң мен Мүхаңның үлгі-өнегесін 
қазіргі «ғалым» атанып жүрген ағаларымыз бен замандастарымыз еске ала 
бермейді. Олардьщ көппгілігі, әсіресе, техника мен жаратылыстану саласында 
еңбек етіп жүрген ғылыми мамандарымыз өздерінің шығармаларын элі күнге 
дейін орыс тілінде жазады. Сондағы айтатын сылтауы -  қазақ тілінде ғылым 
салаларына қатысты терминдік аталымдардың аздығы. Мүны немқүрайлық 
пен жалқаулықтың нағыз өзі демеске амалың жоқ. Мүндайда табиғи дарын 
мен аңсарлы арман тізгінін қатар үстап, тілстан әлемін батыл шарлау керек. 
Сонда  ғана діттеген мақсат-мүратқа қол жеткізуге  болады.  Олай болмаған 
жағдайда  ана  тіліміздің  көсегесі  ешқашан  көгермек  емес.  Осы  ретте  үлы 
жазушының  эрбір  қазақ  ғалымына  немесе  осы  бағытта  ізденістер  жасап 
жүрген  азаматтарымызға  арнап  айтқан  мына  бір  сөзі:  «өзін  қазақпін»  деп 
есептейтін эрбір жанның санасын сәулелендіріп түратыны хақ:  «Әдеби тіл 
баю  үшін  бүгінгі  сан  сала  ғылымда  еңбек  етіп  жүрген  қазақ  ғалымдары 
өздерінің еңбектерін  орыс  тілімен  қатар  қазақ тілінде  де  түсінікті,  көркем 
етіп жазып, бастыратын болуы шарт. Сол ғылымдарға байланысты тіл, орам 
шеберліктері осы ғылымдарың өз мамандарынан артық қазақ тілінде айтып 
бере  алатын шеберлерді,  қайраткерлерді бір жақтан қарызға сүрап аламыз 
ба?  Қазақтан  шыққан  инженерлер,  дәрігерлер,  биологтар,  математиктер 
өз  еңбектерін  өз  халқы  тілінде  жазып  таратпауыннемен  ақтауға  болады». 
Еттен  өткізе,  сүйекке  жеткізе  айтылған  бүл сөздерден туатын қорытынды 
сол,  Әуезов  сөзі тікелей  арналған  мамандар  қауымы тәуелсіздік ахуалына 
ыңғайланып, өз еңбектерін ана тілінде де жазып, көптеп шығарғаны лазым. 
Бүл  жерде  біз,  әрине,  олар  ғылыми  еңбектерін  орыс  тілінде  жазбасын 
деуден  аулақпыз.  Тек  ғылым  да  сол  халықтың  атын  әлемге  әйгілеп,  өзге 
жүрттарға таныстырып қоймай өзін дүниеге әкелген тілді де үлкен аренаға 
шығаратынын  үмытпаған  мақүл.  Мысалы,  жапон  халқының  соңғы  20-30 
жылдары ғылым мен техника саласында аса зор табыстарға жеткені мэлім. 
Осыған байланысты қазір әлем жүртшылығының назары жапон ғылымына, 
жапон тіліне ауып отыр. Жапон тілін үйренушілер әлемнің төрт бүрышында 
күн санап өсіп келеді. Болашақта оның ағылшын, неміс,  француз сықылды 
дүние  жүзіндегі  жетекші  тілдерді  ығыстырып,  басымдылық  сипатқа  ие 
болуы  әбден  мүмкін.  Оның  сырын,  әлбетте,  жапон  ғалымдарының  өз 
еңбектерін өзге тілдерде емес, ана тілінде жазғанынан іздеген жөн. Асылы, 
қазақ оқығандары, осы орайда Сүлтанмахмүттың: «Танысын дүние ісімнен, 
Танысын дүние тілімнен» деген аталы сөздерін үнемі жадыларында сақтап, 
естерінде үстағаны мақүл.
Осыған  үқсас,  сарындас  ой-толғамдар  жазушының  өмірінің  соңғы 
жылдарында жазған «Ана тілі  мен әдебиетін сүйіндер»  атты мақаласында 
да үшырайды. Мақала өзінің проблемалық сипатымен, көтерген мәселесімен
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2014.  №2
 
165

қазіргі күні де маңызды. Онда сол түста қазақ интеллегенциясының арасында 
орын ала бастаған нигилистік кейбір жайлар аяусыз сынға алынады.  Қазақ 
тілінде жарық көрген әдебиетгерді оқымайтын,  оқыса да олармен орысша 
нүсқасында  танысатын,  ана  тіліне  мүрнын  шүйіріп  қаратын  тоғышар 
«интеллегенциясымақтардың» намысына тиетін ауыр-ауыр сөздер айтады. 
«Бірталай  қызметкерлер,  олардың  үй  іші  кейде  тіпті  қазақ  әдебиетін, 
ол  эдебиеттің  көрнекті  нүсқаларын  орысша  аударған  түрде  ғана  оқиды. 
Осындай  оқушының  бар  екені  даусыз.  Әрине,  бүл  жай  ол  адамдар  үшін 
сорлық»  (19-том,  413-бет).  ¥ д ы   жазушыны  осыдан  60  жылдай  бүрын 
ашына айтқан жан айқайы тэрізді бүл сөздердің қазіргі кезде де  иісі қазақ 
болып саналганмен, жан-дүниесі бөлек кейбір замандастарымызға қайталап 
айтуға  болады.  Тоқырау  жылдарында нигилистік ағым тіптен  белен  алып, 
қоғамымызда  зиялы қүбылысқа  айналғаны мэлім.  Өз  ана тілінде  сөйлеуді 
ар  көріп,  орысша  былдырлауды  мақтаныш  көретін  буын  пайда  болды. 
Белгілі  жазушы  F.  Мүсіреповтің  ондай  жандарды  «біздің  халқымыздың 
баласы  емес,  өгей  үлдары»  деп  атағаны  белгілі.  Ана  тілінен,  халқының 
тарихынан  мақүрым  жастар  өзінен  өзі  көктен  түсе  салмайды.  Олардың 
Әуезов  айтқандай,  әлгіндегідей  «мәдениетті  отбасыларынан»  өсіп  өнгені 
даусыз шындық.  Ендеше,  баланың болашағына, тағдырына ата-ана жалпы 
қауым, қоғам жауыпты екенін бір сәтте естен шығарып алмайық.  Өкінішке 
орай,  Әуезов  айтқан  бүл  сорлылық  қазір  тіпті  анағүрлым  өсе  түскендей. 
Басқасын  былай  қойғанда,  Абай  мен  Әуезовті  қазақша  түгіл  орысша 
нүсқадан  оқымайтындардың  қатары  қарақүрым.  Енді  осы  тығырықтан 
шығудың, аталған сорлылықтан арылудың жолы қандай? Ол жол, әрине, әлем 
оқымыстыларының еңбектерінде айтылған, өмірде мол тәжірибе лер арқылы 
нақтыланған -  баланы ана тілінде оқыгу. Елдің елдігі, халықтың халықтығы, 
әдетте, оның тілінен танылмай ма? Орыс халқының атақты педагог ғалымы 
К.Д.  Ушинский балаларды  11-12 юасқа дейін тек қана ана тілінде оқытуды 
үсынады.  Себебі бүл уақытқа дейін балалар,  Ушинскийдің  ойынша,  басқа 
тілдерді еркін меңгеру үшін ана тілінің бай-байлығын, дыбыстық әуезі мен 
грамматикалық қүрылысын жақсы меңгеріп шыға алады.  Ана тілінің қыры 
мен сьфын жете  меңгерген шэкірт екінші тілді де тез игере  алады,  себебі, 
оған  туған  тілінің  тәжірибесі  басқа  тілдерді  үйренуде  негіз  болады.  Бүл 
пікірді де үнемі ескере бермейтініміз, әттең,  өкінішті.
М.  Әуезов  әлеуметтік  тілтану  ғылымы  қарастыратын  мәселелердің 
бірі -   қостілділік проблемаларына да  ерекше  назар  аударады.  Қостілділік 
(билингвизм)  қүбылысы,  әдетте,  көпүлтты  мемлекетте  пайда  болады  да 
сол мемлекетте саясаттың ең бір нэзік буынына айналады.  Кешегі кеңестік 
дэуірде қостілділіктің екі түрінің кең қанат жайганы мэлім. Олар:  1. Үлттық
-  орыс.  2.  Орыс -  үлттық.  Мүнің мәнісі мынада:  көпүлтты ортада орыстан 
өзге  үлт  өкілдері  өз  ана  тілдерімен  қатар  орыс  тілін  меңгеруге  міндетті
166
 
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ

болады.  Керісінше,  үлттық  аймақтарда  түратын  орыс  үлтының  өкілдері 
де  өз кезегінде  өздері қарым-қатынас жасайтын халықтың тілін меңгеруге 
тиіс.  Қостілділіктің  аталған  осы екі  компонентін тең үстамаған жағдайда, 
шын  мэніндегі  қостілділік  болмайды,  мүндай  жағдайда  тілдердің  теңдігі 
бүзылып.  ол туралы  эңгіме  қозғаудың  озі  артық болады.  Кеңестік дэуірде 
қостілділіктің ғылыми жалпы принциптері, қүқықтық тендік жағдайларының 
өрескел  бүзылғаны  соншалық,  бүл  қүбылыс  орыстан  озге  үлттар  мен 
халықтарға  тэн  болы  саналды  да,  олар  еріксіз  түрде  орыс  тілін  үйренуге 
мэжбүр болды. Ал оның екінші компоненті -  орыс-үлттық түрінің дамуына 
мүлде  мэн  берілмеді,  ол  күн  тәртібінен  сызылып  тасталынды.  Сөйтіп, 
өзге үлттар мен халықтарды орыстандыру  саясатына кең жол ашылды.  Ең 
сүмдығы сол,  шовинистік пиғыл,  орыстандьфу  ниет «халықтар достығы», 
«орыс  тілінің  үлт  тілдеріне  игілікті  әсері»деген  жалған  үранмен  жүзеге 
асьфылды.  Соның салдарынан кешегі қызыл империя заманында ғасырлар 
бойы  жасап  келген  көптеген  үлттар  мен  халықтардың  тілдердің  дамуына 
идеологиялық  тосқауыл  қойылды.  Бүрынғы  Кеңестер  Одағының  барлық 
үлггық аймақтарын қамтығанбүл келеңсіз қүбылысҚазақстанда тіпті ерекше 
сипат  алды.  Ғасырлар  бойы  туған  топырағында  түлеп,  өркендеп  келген 
қазақ тілінің  беделі томендеп,  отбасы  ,  ошақ  қасы тіліне  айналды.  Соның 
нәтижесінде  ана  тілі  мен  тарихынан  бейхабар  мэңгүрт  буын  қалыптасты. 
Тарихтың  талай  қатал  сынына  қайыспай төтеп  беріп,  шыдас  беріп  келген 
үлтымыз «орыс тілді» жэне «қазақ тілді»  болып бөлінуге айналды.  Қазіргі 
кезде  халқымызды  тілдік  түрғыдан  қайта  түтастнадыру  процесінің  үлкен 
қиындықпен жүріп жатқаны да рас.  «Тіл туралы  Заңның»  да,  мемлекеттік 
деңгейде  қабылданған  түрлі  іс-шаралардың,  бағдарламалардың  толық 
жүзеге  аспауына да  іштей кедергі жасап,  аяқтан шалып жүргендер де  элгі 
мәңгүрттенудің шалығына үшыраған өзіміздің қаракөздеріміз екені жасырын 
емес.  Десек бүгінгі күні бүл салада да сірескен мүз еріп,  сең қозғалғандай 
баяу болса да оң өзгерістердің жүріп жатқаны көңілге үміт отын үялатады.
М.  Әуезовтің қостілділік жайындағы пайымдауларын оқып отырғанда 
оның  бүл  қүбылыстың  жай-жапсарын,  күрмеулі  мәселелерін,  қырлары 
мен  сьфларын жете  терең  білетіндігін  аңғарамыз.  Оның  қүқықтық,  тілдік 
тендікке негізделген қостілділік принциптерін жақтайтынын бағамдаймыз. 
Әуезовтің айтуынша,  қостілділіктің адам баласына беретін пайдасы үшан- 
теңіз. Біріншіден, ол Абай сөзімен айтқанда, адамның «көкірек көзін ашып» 
кең тынысты етеді,  басқа мәдениеттен терең сусындауға мүмкіндік береді. 
Ең бастысы, оз ана тілің мен мәдениетіңді, сол арқылы озге үлттың тілі мен 
мәдениетін,  эдет-ғүрпы  мен  салтын  қүрметтеуге  тэрбиелейді.  Екіншіден, 
қостілділік  адамның  ішкі  интеллектуальдық  мэдениетін  кокке  көтереді. 
Тарихтағы  үлы  қайраткерлер  мен  даналардың  барлығы  да  өздерінің  алға 
қойған  мақсатына  жету  үшін  қостілділіктің  пайдасын  көп  көрген.  Бүл
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ.  2014.  №2
 
167

жөнінде Әуезов былай дейді: «Екі тілдің мәдениетін бойға сіңіру, ол адамды 
кең тынысты етеді.  Молырақ жағаны кеңірек көретін қос  қанатты көреген 
ете түседі.  Екі тіл мәдениетін білгендіктен Абай -  Абай болды.  Екі бірдей 
ана тілдің болуы -  екі енеге төл өскендей, екі жақты егіз екі нэр қасиет, қуат 
бітіреді.  Сол екі әдебиет -  анадан қатар еміп өсу төл қозыдай, төл қүлындай 
марқа өсіп.ойды. мэдениетті жетілдіру, қазақ оқушы өрендері, сөздердің анық 
аңсар арманыңыз болсын. Мүратың да сол болсын!»(Шығ. 20-том, 413-бет.). 
Жазушының,  әсіресе  соңғы  сөйлемдері  келер  үрпаққа  қалдырған  өлмес 
өсиеті, ақ батасы сықылды эсер етеді.  Қазақ оқушы өренінің , шынында да 
өзге тілдерді жақсы меңгеруі элемдік үлкен кеңістікке алып шығары анық. 
Ол  сондай-ақ  кейбір  жастарымыздың  өздерінің  туған  ана  тілінде  сөйлеп, 
жаза  алмайтындықтарын  кешірілмес  күнэ  санайды.  Мүндай  жастардың 
«кейін қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ 
болатыны даусыз». Сондықтан, М. Әуезовтің пайымдауынша, эрбір саналы 
жас бәрінен бүрын өзінің ана тілін білуі тиіс.
¥ л ы   жазушы  мүндай  аталы  да  баталы  сөздерін  республикамызда 
түратын  өзге  де  үлт  өкілдеріне,  эсіресе,  орыс  жастарына  қарата  айтады 
жэне ол бүл пікірін саяси биліктің орысшыл астамшылығы дәуірлеп түрған 
хрущевтік  оспадар  кезінде  батыл  білдірген.  1957  жылы  Мүхаң  Қазақстан 
жастарының  алқалы  бас  қосуында  сөйлеп,  былай  дейді:  «Сонымен, 
көпүлттылық,  көп  тілде  сойлеу  тарихи  факті  болып  отырған  біздің  үлы 
елімізде орыс студенттері мен орыс студенткаларыөздері қатынас жасайтын 
үлттың тілін, оның тарихын, мәдениетін білулері керек. Осыдан кейін орыс 
студенттеріне айтарым мынау: егер сендер орыс тілі мен орыс мәдениетінен 
басқа ештеңе білмейтін болсандар, әрине, жақсы емес. Егер, сендер, өздерің 
жүрген ортада өздерің түратын қалада, айталық, біздің Қазақстанда жасалған 
мәдени-байлықтарға қызықпайтын болсаңыздар,  ол кешірілмес  күнэ.  ¥ л ы  
достығымызды эрі тереңдете  бергілеріңіз келсе,  сендер қазақ тілін білуге, 
Қазақстан тарихын білуге тиістісіндер»  [3-307].
1959  жылы  орталық  баспасөзде  орыс  тілінде  жарияланған  «Біздің 
жауапкершілігіміз»  атты  мақаласында  қазақ  тілінің  қамқоры  М.  Әуезов 
«Сібір қазақтарының арасында ана тілінде әдебиет, баспасөз тарату мейлінше 
қажетті шара» деп атап көрсетті.
Әрине, үлы суреткердің әлеуметтік тілтану саласындағы қай шығармасьш 
алмаңыз, оның ғүлама ғалымдығы мен қайреткер азаматтығы айрықша көзге 
шалынады. Оның туған тілінің ертеңгі тағдыры мен болашағы үшін жүргізген 
күресі, ой-түжьфымдары кейінгі үрпаққа үлгі-өнеге бола бермек.
жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет