214
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Революцияға дейін батырлар жырын жинауда Н.И.Ильминский, Радлов,
Ш.Уәлиханов, Потанин, Ы.Алтынсарин, Диваев, Березин, В.Алекторов,
А.Васильев, Гредеков, Лютшь, Саркин, сондай-ақ, М.Әуезов, С.Мүқанов,
Ә.Марғүлан, Қ.Жүмаділов, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин,
Н.Смирнова, М.Сильченко қызмет атқарды [3, 10 б.].
Қазақтың «Көрүғлы» эпосының еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған
отызға жуық нүсқалары бар. Солардың ішінде «Көрүғлы сүлтанның
көрде туғаны һэм Райхан патшамен соғысқаны» деген жьфды жинаған -
М. Ж. Көпеев. Оның қолжазбалары Ленинград, Қазан, Алматы архивтерінде
сақтаулы. Көрүғлының М. Ж. Көпеев нүсқасының қолжазбасы татардың
көрнекті жазушысы Наки Исанбеттің кітапханасында сақтаулы.
Бүл жырдың микрофильмі 1956 жылы сол қолжазбадан түсіріліп алынды.
Бүл нүсқаны (Мәшһүрдің жиені) Жолмүрат Жүсіпүлы жазып берген. Бір
көшірмесі Орталық ғылыми кітапханада 1173-папкада сақтаулы. Көнгірушінің
айтуына қарағанда М. Ж. Көпеев «Көрүғлыны» 1894 жылдан бері біледі.
Бүл қолжазбаның мазмүны Айдарханов нүсқасындай. Айдархановта өлең
үлгісімен берілсе, М. Ж. Көпеевте жьф үлгісімен берілген. Көпеевте жьф
Ақбілекті алып қайтумен аяқталады. Нүсқа толық жыр үлгісімен жазылған.
Қолжазба XX ғасырдың басында Павлодар облысы «Наки Исанбет»
кітапханасында сақталған. Қолжазбаның микрофильмі 1965 жылытүсірілген.
Келесі «Ер Көкше» жьфының жинаушысы Мэшһүр Жүсіп Көпеев.
М эш һүр Ж үсіп Көпеев жинаған «Ер Көкше» жыры бүрын баспада
жарияланбаған, бірақ совет ғалымдарының кейбір еңбектерінде аз да болса
сөз болады. Бүл жыр «Ер Көкше» мен «Ер Қосай» атымен орыс халқына
ертеден таныс. Ер Көкше қырғыз елінің «Манас» атты жьфында бастан-аяқ
қатысатьш басты геройы есебінде де белгілі. В. Радлов жинаған «Ер Қосай»
жьфы мен М. Ж. Копеев жазып алған «Ер Қосай» жьфыньщ жалпы мазмүны,
оқиға желісі, кісі аттары бірдей болғанымен, әрқайсысының өзара айьфмасы
да жоқ емес. В. Радлов вариантында Ер Көкше соғыс үстінде өлсе, Мэшһүр
Жүсіпте ол соғыстан кейін еліне қайтып келе жатып жолда өледі. Мәшһүр
Жүсіп жинаған «Ер Көкше» нүсқасының бас-аяғы толық, 7-8 буьшды жыр
үлгісіне қүрылған. Бүл нүсқа Мәшһүр Жүсіптің «Қара мес» деп аталатын екі
томдық қолжазбалар («Батырлар жыры») жинағынан алынды. «Қара мес»
жинағы Қазақ ССР Ғылым академиясыньщ фондысына 1934 жылы түскен.
1942 жылы «Ер Көкше, «Ер Қосай» жырының варианттарына Тіл жэне әдебиет
институтының сол кездегі ғылыми қызметкері Жақыпбаев Бозтайдың жазған
«Түсініктері» баспаға даярланып, машинкаға басыльш, «Батьфлар жыры» атты
жинаққа енгізілген. Бүл жыр Павлодар облысында жазып алынған. «Мәшһүр
Жүсіптің шығармалары мен маттериалдары» қолжазбалар жинағында 62 та pay
бар, соның бірі - «Ер Көкше» жыры. Келесі бір нүсқасы «Ер Көкше батьф
қиссасы» деп аталады. Оның да жинаушысы Мэшһүр Жүсіп. Ер Көкшенің
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №2
215
қалмақтармен соғысы деп аталатын бөлімінің мазмүны жоғарыда айтылған
Мәшһүр Жүсіптің вариантымен бірдей. Бүл нүсқа - толық, 7-8 буынды жыр
үлгісіне қүрылған. Нүсқа Орталық ғылыми кітапханасының фондысынан
алынды. («Батьфльф жыры», ф. №1342). Жьфдың мазмүнын 1942 жылы
қағазға түсірген - Бозтай Жақыпбайүлы. Бүл нүсқа Мэшһүр Жүсіптің
«Қара мес» жинағындағы арабша қолжазбасынан 1953 жылы латын әрігімен
Алматы қаласында көшіріліп алынған [4, 284-285 б.]. «Ер Көкшенің» келесі
бір нүсқасы 1948 жылғы И.Үйықбаев, Ж.Аралбаев қатысқан Маңғыстау
экспедициясы кезінде жиналған, сондай-ақ Асайын Хангелді жинаған (1940
ж ы лы ) нүсқалары Гурьев облысы, Маңғыстауда жазылып алынған.
Жоғарыда Мэшһүр Жүсіп Көпейүлының жинаған эпостары жөнінде
біраз деректер келтірілді. Жалпы алғанда Мэшһүр Жүсіп Көпейүлы халық
арасынан бірталай эпос жинаған. Олар: «Қамбар», «Ер Тарғын», «Ер
Сайын», «Ер Көкше», «Көрүғлы», «НэрікүлыШора батыр», «Қозы Көрпеш»,
«Алтынбас - Күмісаяқ», «Кенесары-Наузьфбай». М.Ж.Көпейүлының ауыз
эдебиеті үлгілерін қай кезден бастап жиналуына келетін болсақ, ақынның
өмірбаяны туралы жазып қалдырып кеткен Жолмүраттың қолжазбасынан
кездестіруге болады. Бүл қолжазбада 1866 жылы Баянауылға Қамар хазіреттің
келгендігі туралы, оның ауыл балаларына арнап төрт түрі жыр әкелгендігі,
сол қиссаларды 8 жасар Мэшһүр Жүсіптің хазіреттің қолжазбасынан көшіріп,
жаттап алып, елге таратқандығы айтылады. Осы мәліметтерге сүйене отырып,
Мэшһүр Жүсіптің жеті жасында Сақау ақыннан үйреніп, сегіз жасында
қолжазбалардан көшіргенін аңғаруға болады.
М эш һүр Ж үсіп ж азбалары нда фольклорды ң барлы қ ж анрлары
қамтылғандығы белгілі. Мэшһүр Жүсіптің фольклор үлгілерін жинаудағы
өзіндік ерешеліктеріне келетін болсақ, ол өзі жинаған үлгілерінің көлемін
белгілеп отырған [5, 76 б.]. Қолжазбадағы кейіпкер материалдардың
жазылған жылдары көрсетіліп отырған [5, 77 б.]. Жинаушылықтың ең жиі
кездесетін түрі «экспедициялық» әдісті Мэшһүр Жүсіп кең қолданған. Бірақ
жинаушылық барысында Мәшһүр Жүсіп басқа фольклорист-ғалымдар
тэрізді корреспонденттер көмегіне сүйенбеген. Оның себептері бірнешеу:
біріншіден - Мэшһүр Жүсіптің белгілі ғалым Ш. Уәлихановтан кейінгі қазақ
арасынан шыққан түңғыш фольклорист-ғалым екендігі, бүдан екінші себеп
туындайды, яғни басқа ғалымдар тэрізді фольклорлық үлгіні халық арасынан
жинау барысында түсінісудің т.б. негізгі қүралы болып табылатын тілді
Мәшһүр Жүсіптің жақсы меңгергендігі. Оның қазақ тілін жете меңгергендігі,
бір ж ағы нан, оның жинауш ы лық қы зм етін ің тіл д ік қиы нды қтарға
үрынбауын негіздесе, оның жинау жүмыстарының тез қарқынды жүруіне
де, фольклорлық үлгілердің мол болуына да ықпал етті [5, 78 б.].
Мәшһүр Жүсіптің фольклор жинаудағы келесі бір ерекшелігі - халыққа
сол кезде «не керек» дегендерді ара-жігін ашпай жинай берген. Яғни елінің
216
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
тарихынан, одет-ғүрпын. халықтың мінез ерекшеліктерін, түрмыс-салтын -
бэрі қажет боларын сезініп, неғүрлым ауқымды жүмыстар атқарған. Сонымен
жинаушылықтың негізгі мақсаты халыққа «не пайдалы» деген түрғыдан
жүргізілгендіктенде бсақа дамыған елдер қатарында өмір сүру үшін қазаққа
не қажет, өскелең үрпакты қалай тэрбиелеген жөн, ол үшін қандай үлгі-өнеге
боларлық іс-әрекет қолдану керек. Сондай-ақ тарихтың қай кезендері: үлгілі
билер, мен айбарлы хандар заманы ма, элде аты аңызға айналғанАсан қайғы
мен Жиренше шешен тэрізді бабалар дэуірі ме, қайсысында кейінгілер
тағылым аларлық қаншалық мэн жатқандығы - бэрі Мәшһүр Жүсіпті
қызықтьфған. Бүдан біз Мәшһүр Жүсіптің фольклористік концепциясы
оның демократиялы қ, ағартуш ы лы қ көзқарастары нан туы ндағаны н
көреміз. Экспедициялық эдіс арқылы осыншама материалдарды қалай,
қайдан жинады десек, 1887 жылы 29 жасар Мәшһүр Жүсіп Бүхар, Ташкент,
Түркістан шаһарына барып, білімін толықтырып, жинаушылық қызмет
атқарған. [5, 79 б.].
М эш һүр Ж үсіптің ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы тағы бір
ерекшелігі - нүсқаны кімнен, қашан жазып алғандығын, яғни түпнүсқаны
жеткізушінің аты-жөні, қай жылы көшірілгендігі қамтылған. Екіншіден,
хатталған нүсқаның фольклордың қай жанрына жататыны көрсетілген.
Үшіншіден, туындыны айтушының аузынан сөзбе-сөз қағазға түсіруі
Мэшһүр Жүсіп жинаушылығының бір ерекшелігі болса, екіншісін дайын
қолжазбадан көшіргендігі - оның жинаушылық әдісінің екінші түрі [5,82 б.].
Сонымен, Мэшһүр Жүсіп фольклор үлгілерін жинауда ең негізгі үш әдісті
жиі қолданған. Олар: 1) халық арасынан әңгімелерді тыңдау арқылы немесе
сөзбе-сөз қағаз бетіне түсіру арқылы, 2) белгілі бір қолжазбалардан көшіру,
3) ертеде шыққан кітаптардан көшіру.
Сонымен, ата-бабамыздан сақталып келе жатқан қазақтың бай мүрасы
- батьфлар жьфы 1820-1960 жылдар арасында эр түрлі экспедициялардың
үйымдастьфылуымен, сондай-ақ қазақтың эпосына қызығушылық танытып,
оларды өз еркімен жинаған жыршы-жыраулардың арқасында біздің
заманымызға жетіп отыр.
Қозы Көрпеш-Баян сүлу» жырының 1905 жылы Жетісу жерінде қағазға
түсірілген нүсқасының жыршысы- Мэшһүр Жүсіп Көпейүлы. Өзінің «Мес»
атты қолжазбалар жинағына енгізген. Оның жинаушысы - Әлкей Марғүлан.
Бүл қолжазба жөнінде Ы. Дүйсенбаевтың, Ә. Қоңыратбаевтың еңбектерінде
эңгіме болады. Негізгі қолжазбаны ЛенинградгағыШығыстану институтының
қолжазба бөлімінен 1964 жылыМ. Ғүмарова іздестіріптапқан. Мэшііүр Жүсіп
өз қолжазбасы туралы мынадай мәлімет береді. Бүл жьфды XIX ғасырдың
бас кезінде өмір сүрген Сүйіндік руынан шыққан Сақау ақын 1830 жылдары
Қақсалбай ақынды жеті жыл қасына ертіп жүріп үйретеді. Осы Қақсалбайдан
Жүсіп сегіз-тоғыз жасымда үйрендім» дейді. «Жыл өтті содан бері қырықтан
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №2
217
асқан», - деген сөзіне қарағанда ол 1905 жылдар шамасында хатқа түсірген.
Ол: «Қозы Көрпеш тарихы болтан оқиғадан алынған, Баян - Баянауыл тауында
туып өскен, Қарабайдың қыстауы Қараоба, Сарыбайдың қыстауы Сарыоба,
бірі Өлеңті жерінің оңтүстігін, бірі солтүстігін жайлапты. Сарыбайдың
Аягөзге ауған жолы Кошот деп аталған», - дейді. Сол сияқты көптеген жер
аттарын жырда кездесетін географиялық атауларымен байланыстырады.
Жырдың негізгі мазмүны Қаңқабай Мейірманүлының нүсқасына үқсайды,
сонымен қатар сөз, сөйлемдерінде біраз айьфма бар. Эпизодтарды кейде
толықтьфьш баяндаса, кейде қысқартып береді. Қозыны тірілгуге келген
эулиелердің іс-эрекеті тоығьфақ баяндалған. Бүрын жарияланбаған. Мәшһүр
Жүсіп нүсқасы толық, өлендік қүрылысы он бір буынды қара өлең, кейде
жеті-сегіз буынды жыр араласып келеді [6, 144-145 б.].
Қорытындылай келе, қазақ эпосының жиналуы XIX ғасьфдың бірінші
жартысы мен XX ғасырдың басына дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы
фольклор жинаудағы мақсат - бай мүрамыздың жойылып кетпей, кейінгі
үрпаққа дейін сақталып жетуі, өткен тарихымызды білу, оны кейінгі буынға
паш ету дәріптеу, мүраларды тек қағаз бетіне түсіріп қоймай, фольклор
түрлерінің даму кезендерінің өзгеруін бақылауда үстау, сондай-ақ, жазып
алған мэтіннің жағдайын, қанша нүсқаның қай жағдайда таралғандығын
білу, эр нүсқаның өмір сүру ерекшеліктерін айқындау. Осы мақсаттарды
іске асьфуда фольклорист-ғалымдар: Ш. Ш. Уәлиханов, Г. Н. Потанин,
В. В. Радлов, Ә. Диваев, М. Ж. Көпейүлы, И. Ильминский, А. Василев,
А. Алекторов, В. Катаринский, Н. Пантусов, Ы. Алтынсарин өз үлестерін
қосты. Қазақ фольклорын жинаушылар үш тэсілге сүйенді: біріншіден, ел
арасьшан тікелей жинау, екіннгіден түрғылықты түрді тілнгілер арқылы жинау
жэне белгілі бір экспедициялар үйымдастыру. М.Ж.Көпейүлы ең негізгі үш
әдісті қолданған: 1) халық арасынан әңгімелерді тыңдау арқылы немесе
сөзбе-сөз қағаз бетіне түсіру арқылы, 2) белгілі бір қолжазбалардан көшіру,
3) ертеде шыққан кітаптардан көшіру. М. Ж. Көпейүлы осы эдістер арқылы
жоғарыда талданған эпостарды бүгінгі үрпаққа жеткізіп, зор үлесін қосты.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Жүсіпов, Н. Қ. Қазақ фольклортану ғылымы: XX ғасырдың бірінші
жартысы.-Павлодар: Кереку, 2007. - 81 б. : ISBN 9965-583-28-5.
2 Әбілқасымова, К., Тамаев, А. Қазақ фольклористикасы. - Алматы :
Білім, 2007. -320 б.
3 Қ азақ әдебиеті: Көптомдық. Т.4. Баты рлар жыры. Көрүғлы /
Қүрастьфған М. Ғүмарова, Ж.Әбішев. - Алматы : Жазушы,1989. - 310 б.
4 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. Ітом/ Редактор авторы
М. Габдуллин - Алматы : Гылым,1975. - 346 б.
218
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
5 Жүсіпов, Н. Қ. Мэшһүр Жүсіп Көпейүлы - фольклорист: Монография.
-П авлодар : Кереку, 2011 - 195 б.
6 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 2 том / Редакция
алқасы: Ахметов З.А., Ахметов III., Ғүмарова M.F., Нүрмағамбетова О.A.,
Ысқақов Б.Б. - Алматы : Ғылым1979. -244 б.
С.
Торайғьфов атындағы
Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ.
Материал 30.05.14 редакцияға түсті.
Н. М. Уалиханова, Н. К. Жусупов
Сбор казахских эпосов и Машхур Жусуп
Павлодарский государственный университет
имени С. Торайгьфова, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 30.05.14.
N. М. IJalikhanova, N. К. Zhusipov
Mashhur Zhusip and collection of kazakh epos
S. Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar.
Material received on 30.05.14.
В настоящей статье автор рассматривает методы составления
сбора казахских эпосов, особенности взгляда и своеобразия подхода
Машхура Жусупа Копеева на фольклорные образцы, дает краткое
понятие его эпосам, в связи с этим показывает вклад великикх
фольклористов в развие эпоса.
The author o f this article observes method o f the groups o f kazakh
epos and also he observes the particular outlooks and Mashhur Zhusip's
approach on fo lk's models. He characterizes in short his epos and the value
o f great folklore people in developing epos.
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №2
219
220
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
ӘОЖ 8Г373.2
Д. Б. Урусбаева, А. Қ. Турышев
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ
КИНОЛОГИЯЛЫҚ ЛЕКСИКА
Бул мсщалада авт ор көк бөрі, ит тотемін талдап, ақын
шыеармаларындаеы кинонимдік лексиканың қолданылу ерекшелігін
қараст ырады.
Бөрі - символикалық мэні зор, халық тынысын кең танытатын,
фольклорлық туындылардың барлық жанрларында мейлінше жиі өрнектелген
бейнелердің бірі. Батырлық жырларда ел басынан өткен ірі оқиғалар мен мың
сан қолға бес қаруын бірдей сайлап, тайсалмай үмтылған хас батырлардың
ерен ерліктері өріледі. Шығыс халықтары да, түріктер де, маңғолдар да
көк бөріні пір түтқан, жарылкаушы. қүтқарушы санаған. Тіпті «біздің арғы
бабамыз» деп қадірлеген. Оның үстіне мақүлық, аң атаулының ішінде ойлана
алатын тек қасқыр екен. Қасқыр эрі күшті, эрі азулы, эрі ақылды, эрі еркін.
Сондықтан да батырды бөріге теңеу ықылым заманнан бері қайталанып
келеді. VIII ғасыр туындысы Күлтегін жырынан мысал келтірейік:
Әкем қағанның әскері бөрідей бопты, Жаулары қойдай бопты [1,43].
Енді түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеологияльщ аңыздар
негізінде жырлайтын ІХ-Х ғасырларда дүниеге келген эпостық шығарма
«Оғыз - намеден» мысал:
Көк жалды арлан қасқыр шыға келді де,
Оғыз қағанға тіл қатты:
«О, оғыз! Сен үрімге аттанып барасың.
О, оғыз, мен сені бастап жүрейін» деді [1.91]. «Оғыз-наме» дастанында
батьфдың қалың қолына көкжал бөрі үдайы жол сілтеп, бастап жүреді. Ал,
«Манас» эпосында болашақ батыр Манас жолына нүр төгілген, ал өзін көкжал
бөрі қоршап, қорғап жүрген қаһарман болып келеді:
Манастың қырқ чоросу
Көсөө куйрук көк бөру
Көкжал эрдин жөөкөрү
Көкөр болсоң көк жалаң [2, 27-28].
Ежелгі түркілер көк түске ерекше мэн беріп, Көк тәңірісіне табынғаны,
көкжал бөріні төтем түтқаны тарихтан жақсы мэлім.
Батьфлар жырында бөрі едім, бөрі еді, бөрі екен, үш бөрі, нағыз бөрі т.б.
түріндей метафоралар жиі кездеседі. «Бөрі» сөзінің үнамды үғым тудыруы
бүл бейненің үлттық санамыздағы тотемдік орнымен тікелей байланысты
деген ойдамыз.
Дауылпаз ақын М. Өтемісүлының жырларында:
-
Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім, Қасарысқан дүшпанның
Екіталай болғанда Азыққа етін жеп едім, - түрінде өріледі. М үндай
үксастык. жьфаулардың бір-бірінен дайын ой оралымдары мен стереотипті
айналы м дарды алуы , траф ареттік бейнелеу қүралдары н қолдануы
ауыз әдебиеті туындыларының өзіндік ерекш еліктерінің бірі болып
табылатындығына ғалым Б . Абылқасымов та жан-жақты токталып өтеді[3,84].
Барлық түркі халықтары сияқты көк бөріні киелі санап, оны төтем
түгыну қазақ қауымы арасында да бар екені белгілі. Бүл эдеби күбылыс
Махамбеттің батьфлық жьфларында да айқын көрініс тапқан:
Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
М эшһүр Жүсіп Көпеев шығармасында итке байланысты түрақты
тіркестер кездеседі. Мысалы: Киімі жаманды ит қабады, пиғылы жаманды
тэңірі табады; Ит иесі болысып дүшпанға қару қылады; Ит опа, қатын жапа;
Ит мойнына гауһарды таққанменен, айналдьфып жібермес басқа затқа; Иесін
ит қүтырса қабар.
Мәшһүр Жүсіп итке байланысты тіркесті метонимиялық қүбылыс
ретінде қолданады: Дэл осы күнде ит сегіз күшік тапса, біреуі ақ ит болып,
енесінің соңынан ереді. Қазақта бір мақал бар еді: «Батыр деген бір барақ
ит, екі қатынның бірі табады деген; ақ шариғат ілуде бір-ақ қатын табады».
Мәшһүр Жүсіп итті жеті қазынаның бірі ретінде есептейді де эр уақытта
ауыспалы мағынада қолданып отырады: Екі көзі төрт болып бір ит келді;
Көйлегімен су алып итке қүйды; Итке тэңірім салады бір жақсы ойды; Иттің
қылған дүғасы қабыл болды; Ит алданар әркімнен қалған түлға [4,328-329].
Сәлем де, Мэжін биге, келе көрсін,
Мәнісін мынау істің біле көрсін!
Ит даусын түзде жүрген бөрі есітпес.
Не қылсын билер бізді өздері есен?! («Абақтыдағының зары»)
Ит даусын түзде жүрген бөрі есітпес - қазіргі күнде көпшілік біле
бермейтін мәтел. Ит ауылдың төңірегінен шықпайды. Ал бөрі даланы кезіп
жүретін жьфтқыш екені белгілі.Мәшһүр Жүсіп бүл өленде ит деп қолында
билігі жоқ қараша халықты меңзейді. Ал бөрі деп қолында билігі бар
адамдарды меңзеп түр.
Оралдан қашқан өр түлкі
Өрлей қашса, ит жетпес.
Тегеуріні төрт елі,
Аспаннан түскен тас түлек.
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №2
221
Жерге түссе, тек кетпес.
Қас патша қарашасына:
«Ерте келдің, кешке келдің!»-деп кек етпес (Қара өлең)
Алғашқы екі тармақтағы ит жай ит емес, аңшылыққа үйретілген тазы
секілді иттің бірі. Бірақ кейде сондай жүйрік иттердің де өр түлкіге жете
алмайтын кездері болатынын аңғарамыз. Бүл ой төмендегі патша мен қараша
туралы ойға тікелей қатысы жоқ, бүрынғы жьфаулар поэзиясындағыдай
синтаксистік үйқас ретінде алынған. Ақын кейбір патшалардың үсақ-
түйекке бола қол астындағы қарашаларын мазалай бермейтіндігін айтып
отьф. Негізгі ой осы. Ол жоғарыдағы тармақтар оған қосалқы поэтикалық
қызмет атқарып түр.
Үш атамыз өткен тау,
Үш мың қара біткен тау,
Шешем келін болған тау.
Ақ бүркеншік салынып.
Ала берген киген тау,
Ит жүгіртіп, қүс салып,
Өзіме теңдік тиген тау!
(«Қалмақтың сарыарқаны жоқтап жылаған зары»)
Бүл жердегі ит қолданысы бейбіт замандағы аңшылық дәстүрді
білдіретін түрақты қолданыс ретінде беріліп түр.
Бай төбетім маңқылдап,
Даусы қудай саңқылдап,
Байсал тауып үрген тау,
Балалы қаздай байпандап,
Бэйбіше дэурен сүйген тау.
(«Қалмақтың сарыарқаны жоқтап жылаған зары»)
«Бай төбетім маңқылдап» - дегені бейбіт күндегі тыныш жатқан ауыл
көрінісі. Бүрынғы ауыл итсіз болмаған, осы жердегі иттің маңқылдап,
байсал тауып үргенінің өзі лирикалық кейіпкердің сағынышын көрсетеді.
Бір жағынан бейбіт күндегі иттің үруін байқаймыз.
Сойғанымның терісі
Илей білген шеберге
Бір өзі бір бой болтан.
Илей білмес жаманға
Ел қыдырып кеткенде,
Көк ала шолақ иттерге
Көкпары болып тартылып,
Зор мереке той болған.
(«Қалмақтың сарыарқаны жоқтап жылаған зары»)
222
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Мүндағы ой - қолдан теріні илеп, киім тігілуі, бірақ оны да үқсата алатьш
бар немесе ісін аяқсыз қалдырып, иленбей қалған терінің ит аузында кететіні
бар. Ақын осы түста көкпар деген сөзді иттерге тіркестіріп, образдылықты
күшейте түскен.
Қазақ мақал-мэтелдері:
Айт дегенде, ит жүгіреді,
Иттің (соңынан) қызыр жүгіреді
«Алың-алыңмен»-алты сарт аштан өліпті,
«Қошқардікі түседі»-деп, қасқыр аштан өліпті
Бәйбіше - Қүдай бүйрығы,
Тоқал - иттің қүйрығы
Бүнда сол замандағы тоқалдың дәрежесі бәйбішеден томен екендігін
иттің қүйрығына теңелуінен байқаймыз. Бүл мақал да көркем шығармаларда,
ауызекі сөзде сирек кездеседі.
Бүралқы ит үнімен жағады,
Бүйра қозы жүнімен жағады.
Бүл мақал да сирек қолданылады. Мақалдағы негізгі ой - эр нәрсенің
кемшілігі мен үтатын жағы болады.
Ел үрысыз,
Тау бөрісіз болмайды.
Бүл мақал сирек қолданылады. Тура мағынада айтылған. Таудың
бөрісіз болмайтыны табиғи зандылық болса, ел ішінде эртүрлі адамдардың
болатындығы белгілі.
Еттің бэрі - қазы болмас,
Иттің бэрі тазы болмас.
Бүл мақалды да көпшілік біле бермеуі мүмкін. «Бес саусақ бірдей емес»
деген мәтелге үқсатуға болады. Қазы, тазы сөздері бір-біріне үйқасқандықган,
мақал болып шыққан. Шынында да, иттің бэрі аңға түсетін жүйрік, қасқыр
алатын мықты бола бермейтіні белгілі.
Ешкі егіз табады,
Ит сегіз табады,
Шошқа тоғыз (семіз) табады.
¥ л туғанға-күн туады,
Түк таппаған - ыржияды.
Бүл мақал мүлде кездеспейді деуге де болады. Әр жануардың төлдеудегі
өзіне тэн ерекшелігін атай келіп, адамдардағы үрпақ мәселесіне әкеліп
үштастырады. Қазіргі күнде бүл мақал шашыраңқы түрде кездеседі.
Шоғьфланған түрде тек Мәшһүр Жүсіпте қолданылған.
Жер жүтуға тоймайды.
От отынға тоймайды,
Кісі үйқыға тоймайды.
серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №2
223
Бөрі қойға тоймайды,
Қүлақ естуге тоймайды,
Көз қарауға тоймайды.
Өмір - жасауға тоймайды.
Бай малға тоймайды,
Ғалым ғылымға тоймайды,
Жер суға тоймайды,
Әйел ерге тоймайды,
Өлі дуаға тоймайды,
Тері иге тоймайды,
Төс балғаға тоймайды (14 тоймас бар)
Мэшһүр Жүсіптің өзінің шешендік сөзі. Бөрі қойға тоймайды дегенде
бөрі басқа малды жемейді деген соз емес, басқа малға қарағанда, қойды үстау
оңай, екінші жагынан, қой-көп өсірілетін малдың бірі.
Иесін сыйлағанның - итіне сүйек сал
Қазақ мақалы үнемі үйқасқа қүрылады. Тек үйқас қуаламайды, магына
жагынан да үйлесіп түрады. Иесін сыйлаганның мысыгьша дүрыс қара десек,
үйлесім болмас еді. Жогарьщага мақалда «иесі, иті» деген сөздер дыбыстық
жагынан да, магыналық жагынан да үйқасып түр. Айтуга да жеңіл.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 К ел ім бетов, М. Қ азақ эд е б и етін ің еж елгі д эуірі: А лм аты /
М. Келімбетов - 1986. - 213 б.
2 Қ ы ды рбаева, Р. 3. Генезис эпоса «М анас»: Фрунзе: И лим ./
Р.З. Қыдырбаева. - 1980. - 278 стр.
3 Абилкасимов, Б. Ш. Жанр толгау в казахской устной поэзии: Алматы
/Наука. 1984.120.
4 Т^рышев, А. Қ. М-Ж. Көпеев шыгармаларының этномэдени
лексикасы:Павлодар/ А. Қ. Түрышев. - 2004. - 465 б. Монография.
С.
Торайгыров атындагы
Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ.
Материал 26.05.14 редакцияга түсті.
Д. Б. Урусбаева, А. К. Трушев
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |