Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде мәліметтерді алудың ерекше бір тәсілі
– егіздер әдісі деп аталатын әдіс.
Өмірбаянын зерттеу әдісі – балалар психологиясының зерттеу әдістерінің бірі.
Балабақша тәрбиешісінің балаларды зерттеуі.
Балаларды зерттеуді тек ғалымдар –
психологтар ғана жүргізбейді. Балабақшаның әрбір тәрбиешісі өз түлектерін зерттей
білуге, олардың даму ерекшеліктерін қадағалауға тиіс.
№5 дәріс тақырыбы:
Психологиялық даму заңдылықтары.
Дәрістің мазмұны:
1. Баланың психикалық дамуы және факторлары.
2. Негізгі ұғымдар. Даму, оқыту, тәрбие, қоршаған орта, тұқым қуалаушылық рөлі.
1.Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді,
оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеттері бар. Сонымен қатар өзгерілетін
қасиеттер психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептелінеді.
20-ғасырдың басында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін әр түрлі
түсіндіруші екі ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне
қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді.
Биологиялық фактор мен әлеуметтік фактордың бала психикасының дамуына
тигізетін әсеріне келсек, осы 2 фактордың қайсысы баланың жеке басының дамуында
шешуші рөл атқарады деп айтуға болмайды.
Бұл екеуі бірінің жұмысын бірі толықтырып отырады және бір-біріне тәуелді. Бұл
туралы
бірнеше
психологтар
зерттеу
жұмыстарын
жүргізген.
Соның
бірі
А.В.Брушлинский. Балаларда туған бетте ересек адамға тән мінез-құлық болмайды.
Дегенмен де мінез-құлықтың қарапайым формалары шартсыз рефлекстер балаға іштен туа
қалыптасуы да, баланың психикасының одан әрі дамуына, өсіп-жетілуіне шешуші рөл
атқарады. Бала алғаш рет дүниеге келгенде органикалық қажеттіліктер жиынтығымен
оттегімен тыныс алуға, қоршаған ортадағы белгілі бір температураға, тамақтануға деген
қабілеттілік пен өз қажеттілігін қанағаттандырудағы белгілі бір рефлекстік механизммен
дүниеге келеді.
Қоршаған орта әсерінен балада қорғану, бейімделу, икемделу рефлекстері болады.
Ол баланың психикалық дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Өйткені, ол сыртқы орта
әсерін қабылдап, қорытындылаудың негізін құрайды. Ал, әлеуметтік фактор тек қана
осының дамуына себепші болатын түрткі.
Ал, биологиялық факторды жоққа шығарып отырған шетел психологтары мына
мысал негізіне сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: