2. Екінші топ осы екі үдерісті бір тұтас ретінде қарастырады және келесі түрде
белгілейді: оқыту даму болып табылады.
3. Оқымыстылардың үшінші тобы екі теорияны үйлестіруге талпынды: бір жағынан,
даму процесі оқытуға тәуелсіз үдеріс ретінде ұғынылады,екінші жағынан – оқытудың өзі
дамуға тепе-тең. Зерттеушілердің үшінші тобындағы позитивті болып табылатындар:
а) екі қарама-қарсы көзқарастарды біріктіру;
б) екі негізгі үдерістердің өзара тәуелділігі, өзара әсер етуі идеясы;
в) баланың дамуы барысында оқытудың рөлін ұлғайту.
Л.С.Выготский
осы теорияларды салыстырып, талдап және сынға ала отырып, ең
маңыздысы ретінде мынаны анықтады: баланы оқыту мектептегі оқытудың алдында
басталады. Мектептегі оқыту ешқашан да өзінен-өзі басталып кетпейді, ал әр қашанда өз
алдында бала дамуының белгілі бір сатысына ие. Л.С.Выготский «жақын даму аймағы»
деген жаңа ұғымды енгізеді. Мұнда дамудың екі деңгейі қарастырылады:
Баланың өзекті даму деңгейі – міндеттерді өз бетінше орындай алу қабілеті.
Жақын даму деңгейі – баланың өзбетінше іс-әрекетінің өзекті деңгейі мен оның
үлкендердің немесе неғұрлым тәжірибелі құрбылыстарының жетекшілігімен атқаратын өз
бетінше іс-әркетінің потенциалды деңгейінің арасындағы қашықтық.
Ескі көз қараспен салыстырғанда жақын даму аймағы
жайлы ілім келесі тезисті
ұсынады: «Дамудан озып кететін оқыту ғана жақсы болып табылады».
1. Даму үдерістері оқыту үдерістерімен сәйкес келмейді. Даму үдерістері оқыту
үдерісінің соңынан жүреді, ал оқыту процестері «жақын даму аймағын» құрайды.
2. Оқыту үдерісі тікелей түрде бала дамуы барысымен байланысты болғанымен де,
олар біркелкі және бірі-бірімен қосарласа жүрмейді.
Баланың жас ерекшелік дамуын түсіну үшін жас ерекшелік сезімталдық жайлы
мәліметтер болады, яғни әр жас өз бетінше сипаттайтын қоршаған ортаға деген
сезімталдық.
Сензитивті кезеңдер – бұл қандай да бір психикалық сапалардың даму үшін қолайлы
жағдайларды анықтайтын кезеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: