Syllabus пәннің атауы



Pdf көрінісі
бет11/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78
Тест-сынақ жүргізу әдісі. 
Тест дегеніміз белгілі бір жағдайды қатаң сақтай отырып, 
балаларға ұсынатын арнайы іріктелген тапсырмалар жүйесі. Әрбір тапсырманы 
орындағаны үшін бала балл есебімен баға алады.
Тест - баланың белгiлi психологиалық құбылыстардың даму деңгейiн анықтайтын 
қысқа стандартты тапсырмалар. Тесттердi барлық балаларға бередi, оның стандартты 
нұсқауы, бiрегей материалы болуы тиiс. Оның нәтижесін анықтап, қорытындылау қажет. 
Олар белгiлi дайындалған шкала бойынша бағаланады. 
Тестке кіретін әрбір тапсырма бір емес, бірнеше варианттарда беріледі, өйткені бір 
тапсырманы бала кездейсоқ себептермен жақсы немесе нашар орындауы мүмкін. Ал ұқсас 
тапсырмаларды ойдағыдай орындау дәрежесінде кездейсоқтық бола қоймайды. 
Тесттер тапсырмаларын тексеру және жас мөлшерлік норма белгілеу үдерісі 
тестті 
стандарттау
деп аталады. Стандартталғаннан кейін тестке ешқандай өзгеріс енгізілмейді. 
Тесттің көмегімен зерттелетін балалар өздерінің нәтижелері бойынша норма белгіленген 
балалар не тапсырма орындаса, дәл соны қайталауы тиіс. Сол себепті тест әдісін кейде 
стандартанған сынақтар әдісі
деп атайды. 
Балалардың жалпы ақыл-ойының даму дәрежесін анықтауға арналған
интеллектуалдық тесттер
деп аталатын тесттің маңызы өте-мөте зор. 
Әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісі. 
Бұл әдіс балалар арасында 
қалыптасқан өзара қарым-қатынасты, құрдастар тобындағы әр баланың орнын зерттеген 
кезде қолданылады. Бала бақша және мектептегі сыныптарда балалар арасындағы қарым-
қатынасты 
социометриялық әдіс
арқылы анықтайды. 
Алынған нәтижелердi сараптау әдісі. 
Жинақталған материал белгiлi бiр өнiм құрайды, бұл өнiм өндеуден өтуi керек. Тек 
содан кейiн қандайда бiр заңдылықтар мен байланыстар пайда болады, оның зерттеуi 
зерттеу жұмыстың негiзгi мiндетi болып табылады. 
Жинақталған материалдарды сараптау негiзгi 5 сатыдан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет