№4 дәріс тақырыбы: Балалар психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері.
Дәрістің мазмұны: 1. Бақылау және сараптау әдістері және оны күнделікті іс-тәжірибеде қолдана білу.
2. Мектепке дейінгі балаларды оқытып-тәрбиелеу ісінде әңгімелесу, қызмет нәтижесін
зерттеу, өмірбаянын зерттеу, тест-сынық жүргізу, әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу
әдісін жүзеге асыру.
Бақылау әдiсiнiң ерекшелiгiне балалардың күнделiктi өмiрдегi әрекеттерi, ойлары
жатады. Бақылау әдiсi келесi жағымды жақтарымен ерекшеленедi:
- Ғалым баланың шынайы әрекетi туралы деректер жинайды. Балалар арттарынан
ешкiм бақылап жүргенiн бiлмесе ғана өздерiн еркін ұстайды.
- Балалардың мiнез-құлықтарын бақылай отырып, ол әр баланы тұтас тұлға ретiнде
көредi.
- Баланың ұжымдағы қылығы, сөйлеген сөзi, күйзелiстерi оның құрдастарының
сөздерiнен, қылығынан туындайды. Сондықтан бақылау әдiсi баланың ұжымдағы басқа
балалармен қандай қарым-қатынаста болатынына мүмкiндiк бередi.
- Бақылау әдiсi бала мен мұғалiм арасындағы өзара байланысын анықтауға
мүмкiндiк бередi.
Жағымсыз жақтары:
- Бақылап жатқан деректердiң шындылығы әр құбылыстың түсiнушiлiгiн, талдауын
қиындатады;
- Балаларды бақылай отырып, зерттеушi ешнәрсенi түзете алмайды, тек қана
бақылап жатады.
- Зерттеушi бiр деректi бiрнеше рет қайталануын қамтамасыз ете алмайды.
- Бақылау әдiсi арқылы жиналған деректер суреттелген түрде қабылданады.
Эксперимент әдісі. Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін
қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс – психологиялық
эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші балаға түрлі іс-әрекет жасауға жағдай
жасайды және іс-әрекет түрлерін де өзгертіп отырады, олардың алдына белгілі міндет
қояды.
Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімді жақтары: - Зерттеушi зерттелiп отырған психикалық құбылыстарға өз тарапынан жағдайлар
туғызады;
- Алынған деректердi қайта-қайта алуға мүмкiндiгi бар;
- Экспериментте бөлек көрсеткiштердi қысқа және қарапайым түрде белгiлеуге
болады, бiрақ зерттеу протоколы анық болуы керек.
- Протоколдың сараптамасы бақылау нәтижелерiне қарағанда жеңiлiрек, өйткенi
эксперимент нәтижелерi бiр типтi және бiр ағыммен өтедi.
Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімсіз жақтары: - Зерттеушiнiң өз ыңғайына қарай эксперименттi жүргiзсе, зерттеудiң шынайлығы
болмайды. Бала өз кемшіліктерін білдіргісі келмей жасанды қылықтар көрсетеді немесе
ұялып, еркін ашыла алмайды;
- Дайындалған сұрақтарға балалардың берген жауаптарынан зерттелiнiп отырған
баланың тұлғалық қасиеттерi байқалмайды;
- Эксперимент зерттеушiден арнайы дайындықты, яғни техникалық дағдыларды,
вариациялық статистиканың қарапайым тәсiлдерiн талап етедi:
- Әр түрлi құралдардың көмегiмен зерттелiнiп отырған балалардың жауаптары
сигнал арқылы берiлгенімен, зерттелушi балалардың мiнез-құлығына көңiл аудара
қоймайды.
Әдетте мұндай эксперименттер
табиғи деп аталады. Мектеп жасына дейінгі
балаларға қолдануында