Syllabus пәннің атауы



Pdf көрінісі
бет34/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78
Байланысты:
bala psiho4

№22 дәріс тақырыбы:
Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты әрекеті 
Дәрістің мазмұны:
1. Мектепке дейінгі жастағы бала іс-әрекетінің негізгі түрлері 
2. Еңбек пен оқыту әрекетінің бала психикасының дамуына
тигізетін ықпалы 
Ойын баланың психикалық дамуына әсер ететін бірден-бір іс-әрекет емес. Бала сурет 
салады, жапсырады, құрылыстар тұрғызады, әшекейлер ояды, қашайды. Бала іс-әрекетінің 
барлық түріне ортақ нәрсе - олардың белгілі бір нәрсені жасауға, сурет салуға, 
құрастыруға, құрақ құрауға бағытталған болуы. Бірақ бұл іс-әрекеттің әрқайсысының өз 
ерекшеліктері бар. Олар қимылдың ерекше тәсілдерін игеруді талап етеді және баланың 
жетілуіне өзінің арнайы ықпалын тигізеді. 
Бейнелеу іс-әрекеті
. Баланың бейнелеу іс-әрекетінің бастамалары ерте балалық 
шақтан басталады. Мектепке дейінгі балалық шақтың басында бала әдетте жеке заттарды 
бейнелеуге мүмкіндік беретін графикалық бейнелердің (өте шектелген болса да) біршама 
қорына ие болады. Әйтсе де бұл бейнелердің заттың өзімен ұқсастығы өте аз. 
Балалар бейнелейтін заттық графикалық формасы алдымен үш сәт ке: баланың 
қолында бар графикалық бейнелерге, затты көру әсеріне және олармен іс-әрекет жасау 
үдерісінен игерілетін қимылдық-сезімдік тәжірибеге байланысты. 
Оның үстіне бала өзі 
салған суретте заттан алған әсерді бейнелеп қана қоймай, оған қоса сол затты өзінің қалай 
түсінетінін, ол жөніндегі өз білімін де көрсетеді. Мысалы, әйел адамның тұлғасын 
анасының суретке қалай салғанын бақылаған бала әуелі аяқтың, содан кейін барып 
көйлектің суретін салу керек екенін талап етті. 
№23 дәріс тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау, сөйлеу, ес, қиял 
үдерістерінің дамуы
Дәрістің мазмұны:
1. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісінің дамуы. 
2. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің дамуы. 
Мектепке дейінгі кезеңде қабылдау өзінің алғашқы аффективті сипатын жоя 
бастайды. Қабылдау мағыналы, мақсатқа бағытталған, талдаулы бола бастайды. Бақылау, 
қарау, ізденіс сияқты ерікті әрекеттер бөлінеді. Сөйлеу қабылдаудың дамуына маңызды 
ықпал етеді. Бала әртүрлі объектілер және олардың арасындағы қатынастардың 
сапаларын, белгілерін, жағдайларын белсенді түрде қолдана бастайды. Құбылыстар мен 
заттардың қасиеттерін айта отырып, ол өзіне сол қасиеттерді бөліп алады, заттарды атап, 
олардың басқалардын қандай айырмашылығы бар екенін бөліп,ажырата алады. 
Ойлаудың негізгі ойлау жолы – көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі образдық және 
кезең соңында сөздік ойлауға ауысуы. Ойлаудың негізгі түрі – көрнекі образдық болып 
табылады, бұл Жан Пиаженінің терминологиясына сәйкес келеді.
Мектепке дейінгі кезеңде бала образды ойлауда болады, себебі, ол әлі үлкендердің 
пайымдау логикасын меңгермеген. Бала ойы Л.Ф.Обухованың экспериментінде 
қарастырылады. Ж.Пиаже біздің балалар үшін кейбір сұрақтарды қайталайды. 
Білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Бұл 
білімнің бір сыпырасын балалар тікелей үлкендерден, ал өзгеулерін үлкендердің 
жетекшілігі және бағытталуы арқылы өз бақылаулары мен іс – әрекетінің тәжірибесінен 
алады. Білімі қорының біраз артуы әлі ойлаудың дамуын түсіндіре алмайды. Білімді 
игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болып табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс 
екендігінде. Егер бала өз іс – әрекетінің жеместі болуына әсер еткен жағдайларды, 
үлкендер көрсеткен тәжірибелерді және өз ой үлесін ажырата білмейінше үлкеннің 


түсіңдіруін де ұқпайды, өз тәжірибесінен де ешбір сабақ ала алмайды. Игерілген жаңа 
білім ойлаудың одан әрмең дамуына әсер етеді, баланың ойлау іс – әрекеттерінің жаңа 
міндеттерін шешуге пайдаланылады. 
Мектепке дейінгі баланың мынындай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет