Syllabus пәннің атауы



Pdf көрінісі
бет5/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
bala psiho4

 
6. Дәрістер кешені 
№1 дәріс тақырыбы:
Балалар психологиясы пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері. 
Дәрістің мазмұны:
1. Балалар психология пәні. Міндеттері. 
2. Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер.
1.
Балалар психологиясы баланың психологиялық даму факторлары мен 
заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық үдерістер мен сапаларының 
ерекшеліктерін және жеке басының психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуын 
зерттейді. Сонымен қатар психикалық дамудың маңызды жағын баланың бойындағы 
психикалық үдерістер мен сапаларды, қабылдаудың түйсік, ес, зейін, қиял, ойлау, сөйлеу 
және мінез-құлық ерекшеліктері мен сезімнің, жас ерекшелігіне байланысты дамудың 
бастапқы формаларының пайда болуы, өзгеруі және 
жетілуі туралы мәселелерді жан-
жақты қарастырады. 
Балалар психологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және 
анатомиялық, физиологиялық даму ерекшеліктерін де жан-жақты зерттеп, қарастырады. 
Балалар психологиясының маңызды 
міндеті
– әр жас кезеңіндегі баланың даму 
заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру. 
Зерттеу объектісі – адамның дүниеге келген күнінен бастап қартайғанға дейінгі әр 
түрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық ерекшеліктері. Мұның өзі бірнеше тармақтарға 
бөлінеді. 
Сәбидің дамуын сипаттайтын факторлар: Баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның
мінез-құлқында іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы. Қарапайымдылықтан неғұрлым
күрделі. Ойланып атқарылатын қимылға ауысуы. Сөйлеуді игеру дербестілігінің алғашқы 
көріністерінің пайда болуы. 
Балалар психологиясының маңызды міндеті – даму заңдылықтарын анықтау, оған 
әсер ететін себептерді іздестіру
Балалар психологиясының негізгі зерттеу компоненттері – балдырғанның 
психикалық дамуын, психикалық дамудың әрбір сатысының ерекшеліктерін, психикалық 
дамудың маңызды жағын, баланың бойындағы психикалық процесстер мен сапалардың, 
қабылдаудың, зейіннің, қиялдың, есте сақтаудың, ойлаудың, сөйлеудің, сезімдердің, 


мінез-құлықтың, еріктің, басқарудың бастапқы формаларының пайда болуы және жетілуі
қарастырылады. 
2.Бала психологиясы – жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам 
өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму 
заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған бала 
психологиясы XIX ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала 
психологиясының негізін қалаған – неміс ғалымы В.Прейер. Ол Бала психологиясын 
зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. 
В.Прейердің «Бала жаны» атты кітабы (1882) бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап 
берген психологиялық еңбек болды. Психология ғылымында баланың психикалық 
дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді: 
1)
биогенетикалық 
2)
социогенетикалық 
Балалар психологиясының пайда болуы мен бала психикасының даму 
заңдылықтарын зерттеу биология ғылымының жүйесіне енген үлкен бір жаңалық 
болды.XIX ғ. Чарлз Дарвиннің жасаған эволюциялық ілімі аса маңызды кезең болды. 
Адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді.
Көрнекті чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670ж) балаларды 
сезім 
ерекшеліктеріне 
байланысты оқыту жүйесін құру керектігі туралы ең алғаш өз пікірін 
ұсынып, мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Осы негізде «Ұлы 
дидактика», «Суретті көрнекі әлем» еңбектері шықты. 
1712-1778 жылдары мектеп жасына дейінгілердің психикалық ерекшеліктерін егжей -
тегжейіне дейін толық байқаған Жан-Жак Руссо баланың өздігінен дамуына ерекше мән 
беріп, оның дүниені танып білу негізі табиғат болуы керек
 
деді. 
Табиғаттың өзі баланың 
ақыл-ойын дамытудың негізі. 
Ал тәрбиешінің рөлі – іс-әрекет барысында әрі қарай 
ұйымдастыру. 
1746 - 1824 ж Генрих Пеүстелоций баланы үлкендердің жүйелі түрде үйретіп 
отыруына үлкен мән беру маңызды мәселе деп қарастырды. Ол кісі баланың жеке басын 
қалыптастыруда 
отбасының

әсіресе анасының рөлі ерекше деп бағалаған
. Онда табиғи 
дарындылық принциптерін басшылыққа ала отырып, баланың жас ерекшелігін ескеруді 
талап етті.
Жеке адамды қалыптастырудағы тәрбие рөлінің құдіреті туралы көзқарасты XVIII 
ғасырдағы Ресейдегі алдыңғы қатарлы ағартушылар да жүйелі түрде қолдады. Ең алғаш 
балалық шақтың психикалық дамуының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет