Syllabus пәннің атауы


Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту теориясы. 20-



Pdf көрінісі
бет17/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78
Байланысты:
bala psiho4

Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту теориясы. 20-
30-жылдары
Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту қызметтері 
қалыптасты. Л.С.Выготский Ф. Энгельстің адамның табиғатқа икемделудегі және өндіріс 
үдерісінде құралдардың көмегімен табиғат күштерін өзгертудегі еңбектің рөлі жөніндегі 
идеяларына сүйене отырып, еңбек – адамның құралмен істейтін іс-әрекеті, ол адамның 
мінез-құлық типін өзгертуге, адамды жануарлардан ерекшелеуге жеткізеді деген ой айтты. 
Адамның бұл ерекшелігі оның іс-әрекетінің жанама сипатта болуынан білінеді. 
Жанамалау адмның сыртқы практикалық іс-әрекетінде құралды қолданатыны сияқты, 
өзінің ішкі психикалық іс-әрекетінде белгілерді (сөзді, цифрді, т.б) пайдалану негізінде 
мүмкін болады. Құрал мен
белгінің ұқсастығы (психологиялық жағынан) олардың жанама іс-әрекетті жүзеге 
асыруға мүмкіндік беруінен көрінеді. Құрал мен белгі арасындағы айырмашылық олардың 
түрлі бағыттылығынан келіп шығады. Құрал сыртқары бағытталған, ол объектіде өзгеріс 
туғызуы тиіс, ол табиғатты игеруге бағытталған адамның сыртқы іс-әрекетінің құралы. 
Белгі ішке бағытталған, ол объектіде еш өзгеріс туғызбай, адамның мінез-құлқына әсер 
етеді. Табиғатты игеру мен мінез-құлықты игеру өзара байланысты, өйткені адамның 
табиғатты өзгертуі адамның өз табиғатын да өзгертеді. Құралды пайдалану мүшелердің 
табиғи іс-әрекет түрлерін өзгертіп, психикалық белсенділік мүмкіндігін шексіз күшейтіп, 
кеңейтіні тәрізді, белгілерді (қосалқы құралдарды) пайдалану, яғни жанама іс-әрекетке 
көшу, адамның бүкіл психикалық іс-әрекетін өзгеріске түседі. 
Адамның дамуы оқыту арқылы осы тәсәлдердің (құралдардың да, белгілердің де) 
барлығын игеру үдерісінде жүзеге асады. Міне, сондықтан да, оқыту баланың психикалық 
дамуын анықтай отырып, оның өмірін ұйымдастырудың бүкіл жүйесінде негізгі орын 
алады. Демек, психика дамуының бұрынғы ұрпақ тәжірибесін игеруге себепкер белгі 
тәсілдерді меңгерілетін әлеуметтік ортадан тыс қаралуы да және оқытусыз түсінікті болуы 
да еш мүмкін емес. Сонымен, Л.С.Выготскийдің психологиялық теориясында адамның 
әлеуметтік мәні жөніндегі маркстік идея жүзеге асты. Мәдени дамудың жалпы 
генетикалық заңын Выготский былайша тұжырымдады: «...баланың мәдени дамуындағы 
қандай да болмасын іс-әрекет сахнада екі рет, екі бағдарда: әуелі – әлеуметтік, кейін – 
психологиялық, алдымен интерпсихикалық категория ретінде адамдар арасында, одан соң 
интрапсихикалық категория ретінде, баланың ішінде көрініс береді. Қандай да жоғары 
психикалық функция бастапқы әлеуметтік функция болатындықтан, өз дамуында сыртқы 
саты арқылы өтуі қажет. 
Бала тілінің маңызды рөл атқаратын Л.С.Выготскийдің сөзімен айтқанда, мінез –
құлықтың барлық жоғары формаларының ең көне негізі болып саналатынкөрсеткіш 
ымның тарихы, міне, осындай. Бастапқыда көрсеткіш ым – іс-әрекет алдында затқа 
бағытталған сәтсіз қармау қимылы (қолын затқа қарай созады, бірақ ұстай алмайды). 
Балаға ересек адам келіп көмектесе отырып, сәбиді қызықтырған заттың көрсеткіші 
ретінде ымды ұғындырады. Осылайша көрсеткіш ым сәтсіз қармау қимылынан басқалар 
үшін көрсеткіш мәні бар ымға ауысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет