Syllabus пәннің атауы



Pdf көрінісі
бет42/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78
Байланысты:
bala psiho4

Негізгі жұмыстар
1.Баланың қажеттіліктерінен туындайтын психикалық үрдістерді жаңарту; 
2.Балаға субъективті қарым – қатнас жасау; 
3.Баланың жақын арадағы даму аймағын ескере отырып жеке қарым – қатнас жасау; 
4.Баланың қызығушылығын тудыратын, олпрды жандандыратындай сабақтардың 
көпшілігін ойын түрде жүргізу; 
5.Балалар мен қарым – қатнас достық түрде мейірімділік тұрғыда жүргізіліп, жанға 
ауыр сөздерді баланың іс – әрекетіне қолданбау; 


6. Баланың немесе бүкіл топтың жұмысына эмоциялық жағымды баға беріп отыру, 
әрбір жеңіс балаға қабілетін дамыту тек қана сандық 2, 3, 4, 5 баға бермей істелген 
жұмысының жақсы және жаман жаңалықтарына талдау. 
№29 дәріс тақырыбы:
Баланың мектеп психологиялық дайындаудың диагностикасы. 
Дәрістің мазмұны:
1. Мектепке оқуға психологиялық дайындығының мәні 
2. Балада оқу мотивациясының қалыптасуы 
3. Мектепке оқуға психологиялық дайындығын диагностикалаудың мақсаты мен 
бағдарламаларына қойылатын талаптар 
«Мектепке психологиялық дайындық» деп балалардың құрдастары ұжымында 
мектептік оқу бағдарламаларын меңгеру үшін психикалық дамудың қажетті және 
жеткілікті деңгейі түсіндіріледі. 
Дамудың қажеті мен жеткілікті деңгейі, оқу бағдарламасы баланың «таяудағы даму 
аймағына» жететіндей болуы керек. Ал «дамудың таяудағы аймағы» баланың 
ересектермен бірге отырып, қол жеткізетін жетістіктерімен айқындалады. Егер баланың 
психикалық дамуының өзекті деңгейі мектептегі оқу бағдарламасын меңгеру үшін 
қойылатын талаптан төмен болса, онда бала мектепте оқуға психикалық дайын емес деп 
есептеледі.
Кеңес және ресей психологиясында мектепке психологялық дайындық мәселесін 
теориялық жетілдіру Л.С.Выготскийдің еңбектерінде негізделеді (Божович Л.И. 1968, 
Эльконин Д.Б. Салмина Н.Г. 1988, Кравцова Е.Е, 1991 т.б.) 
«Оқушының ішкі позициясы» мектепке дейінгі және кіші мектеп жасының 
аралығында пайда бола отырып, баланың оқу үдерісіне іс-әрекет субъектісі ретінде 
қатысуына мүмкіндік тудырады. Бұл тілектер мен мақсаттардың саналы қалыптассуы 
мен оларды орындаудан немесе оқушының ішкі іс-әрекетінен көрінеді. 
Баланың мектепке дайындық мәселесін талдай отырып Д.Б.Эльконин оқу әрекетінің 
қажетті алғы шарттарын бөліп көрсетті. Ол және оның ізбасарлары төмендегі өлшемдерді 
атайды: 
-
Баланың өз әрекетін белгілі бір ережеге саналы бағындыра алуы; 
-
Берілген талаптар жүйесіне бағыттала алуы; 
-
Сөйлеп жатқан адамды зейінмен тыңдай алуы; 
Талап етілген тапсырманы үлгіні көзбен қабылдау бойынша дербес орындай алуы. 
Бұл – еріктіліктің дамуының шамасы. 
Мектепке психологиялық дайындықтың зияттылық сферасын зерттеуде баланың 
меңгерген білімдерінің жинақтық санына емес, зияттылық үдерістерінің даму деңгейіне 
баса көңіл бөледі: «бала қоршаған шындықтағы құбылыстардың мәнді жағын бөле білуі, 
оларды салыстыра, ұқсастығы мен айырмашылығын көре білуі керек» (Божович 
Л.И.,1968). Жақсы оқу үшін бала өзінің танымының пәнін бөле білуі керек. 
Мектепке психологиялық дайындықты анықтауда баланың қарым-қатынас жүйесіне 
ерекше көңіл бөледі. Қарым-қатынастың негізгі үш сферасы бөлініп көрсетіледі: 
-ересектермен ерікті қарым-қатынас 
-құрдастармен ерікті қарым-қатынас 
-өзінің өзіне қарым-қатынасы 
1.
Дәстүрлі түрде мектептік жетілдірудің үш аспектісін бөліп көрсетеді: 
-зияттылық 
-эмоциялық 
-әлеуметтік 
Зияттылық жетілу деп фоннан фигураны ажыратуды білдіретін бөліп 
(дифференциациялық) қабылдауды, зейінді шоғырландыруды, аналитикалық ойлауды 
(құбылыстар арасындағы негізгі байланыстарды түсіну қабілеті), логикалық есте сақтау 
мүмкіндігін, үлгіні қайта жасай білуді, сондай-ақ қолдың нәзік қимылдарды мен 
сенсорлық координацияның дамуын айтады. Мұндай зияттылық жетілу бас миы 
құрылымы қызметінің пісіп жетілуін бейнелейді десе де болады. 
Мектептің оқушыға қоятын талаптары мен оқу бағдарламаларын талдау мектепке 
дайындықтың мотивациялық, еріктік, зияттылық және тілдік сфералардан көрінетінін 
растайды. 


Баланың жаңа жетекші іс-әрекеті оқу іс-әрекетін анықтайтын оқу мотивациясы оның 
психикасы едәуір қалыптасқан ойын іс-әрекетті екінші жоспарға ауысқанда пайда болады. 
Мектепке дейінгі шақтың соңында ойын «таяудағы даму аймағын» құрудағы өзінің
мүмкіндігін (психикалық даму механизмі болып табылатын) жояды. 
С.С.Выготский атап көрсеткендей, ойынның даму үдерісі ондағы қиялдан туған 
жағдаяттардың маңызының біртіндеп азайып, ережелердің рөлінің едәуір артуымен 
түсіндіріледі. Мектепке дейінгі ересек жаста, әсіресе 6-7 жаста ережелі ойындарға, ал 
әрекетті ереже бойынша орындау оның негізгі мазмұныңа айналады. Осылай 
мотивациясының жетекші типінің ойыннан оқуға ауысуы үшін негіз дайындалып, ол 
баланы үнемі түрлі ережелер бойынша әрекет ететін оқушы рөліне енуге ынталандырады. 
Егер баланың ойының дамуының барлық сатысынан өтпесе, мектепке аяқ басар 
алдында оның психикалық дамуына жеті жастағы дағдарыс байқалмайтынын толық 
айтуға болады. Ал бұл дағдарыс мектепке психологиялық дайындықты білдіретін оқу 
мотивациясының пайда болуынан туындайды. 
Мектепте оқуға психологиялық дайындықты диагностикалау ең алғаш рет шет 
елдерде қолданыла бастады. Шет елдік зерттеулерде ол мектептік жетілу диагностикасы 
ретінде белгіленеді. Дәстүрлі түрде мектептік жетілдірудің үш аспектісін бөліп көрсетеді: 
-зияттылық 
-эмоциялық 
-әлеуметтік 
Бөлінген шамалардың негізінде мектептік жетілуді анықтайтын тесттер жасалады. 
Мектептегі оқуға психологиялық дайындықты анықтай отырып, балалар 
практикалық психологы мұны не үшін жасап жатқанын анық білуі керек. 
Баланың мектепке психологиялық дайындығын диагностикалауда мынандай 
мақсаттар болады: 
1.
Оқу-тәрбие үдерісінде балаға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет