Сүзбе өндіруге арналған жабдық Жабдықтарды жіктеу


Сүзбе өндірудің ағынды-технологиялық желісі



бет3/6
Дата27.01.2023
өлшемі0,76 Mb.
#63219
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
10. Сүзбе (творог), сүзбе өнімдері мен ірімшік (сыр) және басқа да ақуыз өнімдерін өндіруге арналған жабдықтардың құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін оқып, үйрену

Сүзбе өндірудің ағынды-технологиялық желісі
Дәстүрлі және бөлек тәсілдермен сүзбе өндірісінің ағынды-технологиялық желілеріне кіретін жабдықтың ерекшелігі оның сағаттық өнімділігіне сәйкестігі болып табылады. Әдетте мұндай сүзбе желілерінің өнімділігі 500-600 кг/сағ құрайды.
6.17-суретте сүзбені ағында бөлек тәсілмен өндіру желісінің технологиялық сызбасы көрсетілген. Сақтауға арналған ыдыстан сүт сорғымен пластиналық пастерлеп-салқындату қондырғысына жіберіледі. Сүт сепараторында сүт тазартылады, ал кілегей сепараторында ол кілегей мен майсыз сүтке бөлінеді. Кілегей салқындатқышта салқындатылады және қабырғааралық кеңістік арқылы мұзды су өтетін ыдыста сақталады.

Сурет 6.17. Бөлек тәсілмен сүзбе өндірісінің ағынды желісінің схемасы: 1 — сүт сақтауға арналған ыдыс; 2,4 — ортадан тепкіш сорғылар; 3 — теңестіру ыдысы; 5 — пластиналы пастеризатор; 6 — сүт тазартқыш сепаратор; 7 —кілегей бөлгіш сепаратор; 8 — кілегейге арналған салқындатқыш; 9 — кілегейге арналған ыдыс; 10 — айналмалы сорғы; 11 — сүтті ашытуға арналған резервуарлар; 12 — мембраналық сорғы; 13 — сүзбеге арналған сепаратор; 14 — шнекті көтергіш; 15 — сүзбе және кілегей араластырғышы; 16 — сүзбе салқындатқышы; 17 — сүзбеге арналған арба; 18 — кілегейге арналған бак; 19 – ашытқы, мәйекті фермет және кальций хлоридін алуға арналған құбыр.

Майсыздандырылған сүт сиымдылықтарда сақталады. Оған келтеқұбыр арқылы ашытқыны, хлорлы кальциді және мәйекті ферметті қосады, нәтижесінде сүт ашытылып сүзбе қоспасы пайда болады. Қос торлы фильтр арқылы ұйытынды сорғы көмегімен сепараторға сарысуды бөліп алу үшін жібереді және көтергішпен қаймақ пен сүзбені СТ-1 араластырғышына жіберіледі. Дайын өнім 209-ОТД-1 екі цилиндрлі салқындатқышына өтеді, мұнда оның температурасы 5-10 °С төмендеп, буйып-түюге жіберіледі.


Майлы және жартылай майлы сүзбе өнімділігі 2,5-5,0 м3/сағ Я9-ОПТ типті желісінде үздіксіз алуға болады, оның құрамында коагулятор мен сусындардырғыш барабан бар.
Мұндай желіде сүзбе өндірудің технологиялық процесі (сурет. 6.18) сүт қышқылды бактериялардың таза өсірінділерінде дайындалған нормаланған немесе майсыздандырылған сүтті ұйытындымен ашытуға, кейіннен ұйытындыны сусыздандыруға және сүзбені ағында салқындатуға негізделген.

Сурет 6.18. Я9-ОПТ желісінде сүзбе өндірудің технологиялық схемасы: 1 — шикі қалыпқа келтірілген қоспаға арналған сыйымдылық; 2 — ортадан тепкіш сорғылар; 3 — пластиналы пастерлеп-салқындату қондырғысы; 4 — сүт тазартқыш сепаратор; 5 — гомогенизатор; 6 — сүтті ашытуға арналған сыйымдылық; 7 — ұйытындыны беруге арналған бір бұрандалы сорғы; 8 — ұйытындыны жылумен өңдеу аппараты (коагулятор); 9— ұйытындыны сусыздандырғыш Я9-ОПТ-2,5/2; 10 — салқындатқыш 11 — арбаларды көтергіш; 12 — сүзбені буып-түюге арналған автомат.

Ірімшік өндіруге арналған жабық




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет