Көрсеткіш
|
Д5-0ТЕ
|
ОХ4К
|
Өнімділігі, кг/сағ
|
400
|
800
|
Хладагент
|
Рассол
|
Рассолдың бастапқы температурасы, °С
|
-10...-12
|
-5...-8
|
Рассол шығыны, м3/сағ
|
2,5...4
|
7,0
|
Барабанның салқындату беті, м2
|
1,5
|
3,5
|
Барабанның айналу жиілігі, с-1
|
0,07
|
0,03
|
Барабанның диаметрі, мм
|
600
|
600
|
Электроқозғалтқыштың қуаттылығы, кВт
|
0,55
|
1Д
|
Жалпы өлшемдер, мм
|
1910х1000х1310
|
3400х2300х1325
|
Масса, кг
|
600
|
1300
|
Сүзбе массасын ұнтақтауға және араластыруға арналған жабдық
Сүзбенің қажетті консистенциясына қол жеткізу үшін сусыздандырылған ұйытындыны роликтерде қосымша ұнтақталады.
Е8-ОПУ сүзбеге арналған вальцовка (сурет 6.13, а) сол жақ бүйірден, бункерден, оң жақ бүйірден, жұмысшы біліктерден, сол жақ бүйірден орналасқан жетек пен біліктер арасындағы саңылауды реттеу механизмінен және жетектің құрамына кіретін электроқозғалтқыштан (сурет 6.13, б), сына-белдікті берілістен және екі цилиндрлі тісті дөңгелектерден тұрады. Дөңгелектегі тістер саны әртүрлі, сондықтан біліктердің айналу жилігі әртүрлі болады және олар бір біріне қарама қарсы айналады. Біліктер арасындағы ара қашықтық (0,2...0,5 мм) маховикпен басқарылады. Ұнтақталған сүзбе массасы біліктен екі пышақтың көмегімен вальцовканың астында орналасқан науаға түсіріледі. Сүзбе біліктерге қабылдау бункерінен түседі. Вальцовканың өнімділігі 1,8...2 т/сағ, жетекші және жетектегі біліктердің айналу жиілігі 2,776 пен 1,0 с-1 болатын қозғалтқыштің қуаттылығы 5,5 кВт құрайды. Машинаның жалпы өлшемдері 1914х996х1095 мм, ал массасы 1065 кг.
Сурет 6.13. Е8-ОПУ сүзбесіне арналған вальцовка: а – құрылғы: 1 — сол жақ бүйір қабырғасы; 2 — бункер; 3 — оң жақ бүйір қабырғасы; 4 — саңылауды реттеу механизмі; 5 — жұмыс біліктері; 6 — электрқозғалтқышы; 7 — пышақ (орналасу аймағы); б — вальцовка жетегінің схемасы: 1 — жұмыс біліктері; 2 — сына белдікті беру; 3 — электрқозғалтқышы; 4 — біліктер арасындағы саңылауды реттеуге арналған маховик; 5 – тісті беріліс.
Сүзбе өндірудің бөлек әдісінде әртүрлі араластырғыштар қолданылады. Олардың ең қарапайымы араластырғыш құрылғысы мен жетектен тұрады. Өнімділігі төмен өндірісте қолданылатын мұндай жабдықтарға илеу машиналары жатады.
Илеу машинасы (сурет 6.14) сиымдылығы 0,1 м3 құрайтын ваннадан, екі қалақшадан, редуктордан, қос цилиндрлі тісті дөңгелектерден және электроқозғалтқыштан тұрады.
Сурет 6.14. Илеу машинасы. 1 – тұтқа; 2 – ванна; 3 — цилиндрлік берілістер; 4 — тұрық; 5 — қарсы салмақ; 6 — пышақтар; 7 — электрқозғалтқышы; 8 – редуктор.
Сүзбе мен қаймақты бункерге қолмен салады, тұтқаның артына пышақтардың бірінің білігінің айналасында 150° бұрышқа бұрылып түсіріледі. Түсіруді оңайлату үшін қарсы салмақ көмектеседі. Қалақшалар қос цилиндрлі тісті дөңгелектердің әртүрлі бағытта айналуының әсерінен айналады.
Бірінші кезекте илеу машинасына майсызданған сүзбені салады, содан кейін араластырғышты қосады, ақырындап қаймақты қосып, біртекті консистенция пайда болғанша араластырады. Илеу машинасының толық жұмыс істеу циклі 6-7 минутты құрайды. Жалпы өлшемдер 1200x950x1123 мм, массасы 450 кг, қозғалтқыш қуаты 2,0 кВт.
Достарыңызбен бөлісу: |