Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж



бет10/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   89
Қосымша әдебиеттер.

1.Әлемдік әлеуметтану антологиясы: 10 томдық ҚР мәдениет және ақпарат мин.; Ақпарат және мұрағат комитеті. – Алматы: ЖШС «Қазақстан»баспа үйі.-2006. 3-ші том. – 480 бет. «Мәдени мұра»

3.Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.

4.Смелзер Н. Социология. М., 2000. Гл. 9.




3- тақырып.

Әлеуметтанулық зерттеулер әдіснамасы. Әлеуметтік ақпараттарды жинау әдістері.

1. Әлеуметтік зерттеулер ұғымы және оның қолданылуы.

2.Әлеуметтанулық зерттеудегі іріктеу
1. Әлеуметтік зерттеулер ұғымы және оның қолданылуы.

Әлеуметтік зерттеулер дегеніміз - бұл қысқаша алғанда белгілі бір қоғамдағы халықтың әлеуметтік көңіл күйін, пікірін зерттейтін әдіс түрі. Әлеуметтанулық зерттеулердің басты объектісі бұл қоғамдық пікір жан жақтылығы мен әлеуметтік деректер. Сондықтан да әлеуметтік зерттеулер нәтижелері қоғамдық дамуды анықтаушы өлшем ретінде қабылдана отырып, мемлекеттік бағдарламаларды қабылдауда, жоспарлауда басшылыққа алынады. Тек мұндағы басты мақсат, ол әлеуметтік деректердің шынайылығына қол жеткізу. Өйткені, әлеуметтік деректер эмпирикалық сипатқа ие. Эмпирикалық деректер дегеніміз бұл ақпараттардың зерттеу өлшемі ретінде нақты тәжірбие жүргізу арқылы алынуын білдіреді. Мысалы, «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорының қаржылық қоры статистикалық мәлімет ретінде 1 млрд. теңгені құрауы мүмкін, ал эмпирикалық мәлімет дегеніміз сол қаржының нақты кәсіпкерлік жобаларда көрініс табуын, қолданысын білдіреді.

Зерттеуді жүргізу барысында деректерді жинау, топтастыру:

1.Құжаттарды талдау арқылы: әдісі иконографиялық, бейне, жазба, аудио құжатарды контент талдау;

2.Әлеуметтік оқиғалар мен құбылыстарды саралау арқылы: әдісі ивент талдау;

3.Нақты әлеуметтік зерттеу өткізу: әдісі анкеталық сұрау, сұқбаттасу арқылы іске асырылады.

Әлеуметтік зерттеулер бағдарламасы-әлеуметтік объектінің методологиялық және процедуралық негіздерінен құралатын ғылыми құжат. Бағдарламада философияның жалпы теориялық және методологиялық принциптері зерттеудің жалпы әлеуметтану теориялары мен арнайы теориялар ретінде жүзеге асады. Әлеуметтік таным үрдісінің маңызды құрамды бөлімі нақты әлеуметтік зерттеулер болып табылады, яғни нақты теориялық және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін зерттелінуші обьект туралы жаңа білім алуға ықпал етуші теориялық және империкалық процедуралар жүйесі. Нақты әлеуметтік зерттеу (кез келген) басқа ғылыми зерттеу сияқты кез келген ғылыми қызметке тән кейбір элементтерді құрамына алады. Бұл, біріншіден—обьект. Екіншіден, субьект-әлеуметтанушы-зерттеуші немесе әлеуметтанушылар тобы. Үшіншіден, кез келген ғылыми зерттеу сияқты әлеуметтік зерттеу белгілі бір мақсатқөа жету және нақты міндетті шешуге бағытталған. Төртіншіден, құралдар-қазіргі әлеуметтік зерттеулерде ғылыми, техникалық және ұйымдық құралдарқолданылады. Бесіншіден, әлеуметтік зерттеу нәтижесі-зерттеу обьектісі туралы жаңа білім я болмаса белгілі білімді дәлелдеу. Бұдан басқа, зерттеу нәтижесі – іс жүзінде обьект туралы білімді қолдану тәсілі.

Әлеуметтік зерттеу үрдісінің мәнін нақты әрі айқын түсіну үшін жүйе мен методология, әдістеме, әдіс, техника, процедура сияқты әлеуметтік зерттеу үрдісінде жиі қолданылатын ұғымдар мен терминдердің мәнін түсініп алу керек.

Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы-әлеуметтік обьектінің методологиялық, әдістемелік және процедуралық негіздерінен құралатын ғылыми құжат. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы-бұл эмпирикалық обьект немесе құбылысты зерттеудің нақты теориясы мен методолгиясы бағдарламада іс жүзінде жалпы әлеуметтану теориясындағы, зерттеудің арнайы теорияларының жалпы теориялық және методолгогиялық принциптері жүзеге асырылады.

Әлеуметтік зерттеу бағдарлмасының құрылымы мынадай екі тараудан құралады: әдістемелік және әдістемелік-процедуралық.

Нақты әлеуметтік зерттеудің мақсаты-бұл зерттеудің жалпы бағытталуы, әрекет жобасы, олар түрлі актілер мен операциялардың жүйелі реттелуін және сипатын анықтайды. Әлеуметтік зерттеудің мақсаты зерттеудің бағдарын анықтайды. Олар-теориялық және қолданбалы бағдарлар. Осы бағдарға зерттеу жүргізудің қисындылығы тәуелді болады.

Нақты әлеуметтік зерттеудің бағдарламасының маңызды методологиялық бөлімі зерттеу міндеттерін анықтау болып табылады.

Нақты әлеуметтік зерттеудің міндеті - мәселені талдау мен шешуге бағытталған нақты мақсатты қондырғылардың жиынтығы. Зерттеу міндеті мәселенің талдауына арналған негізгі және негізгі емес талаптарды құрамына алады.

Мәселені реттеп, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтап, әлеуметтанушы өз зерттеу обьектісін таңдайды.

Әлеуметтік зерттеу обьектісі-әлеуметтік зерттеу бағытталатын құбылыс немесе үрдіс.

Мәселені анықтау, әлеуметтік зерттеу обьектісі мен пәнін бөліп көрсетумен қатар гипотезарларды түрлендіру формаластыру зерттеудің процедуралық кезеңі болып табылады. Әлеуметтік зерттеудегі гипотеза-әлеуметтік обьектілер туралы әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыстардың сипаты мен мәні туралы ғылыми болжам.



  1. Эмперикалық зерттеудің аса маңызды ерекшелігі қоғамдық топтар жағдайы, адамдардың қоғамдық, топтық саналарын ескере отырып, әлеуметтік мәселелерге сапалы талдау жасауға мүмкіндік беретін, ақпарат жинаудың өзіне тән әдістер қолданылуынан көрінеді. Эмперикалық әлеуметтік зерттеудің төрт негізгі әдісі көрсетіледі: құжаттарды талдау, бақылау, сауалнама жүргізу және әлеуметтік тәжирибе.

Әлеуметтануда құжат деп ақпарат беру немесе сақтауға арналған, адам арнайы жасаған затты айтады. Ақпаратты реттеу тәсілі бойынша былай бөлінеді: қолжазба және баспа құжаттар, киноға және фотопленкаға, магнит таспаға жазу.

Құжаттарды талдау әдісінің екі тобы бар: дәстүрлі және дәстүрлі емес. Дәстүрлі талдау деп зерттеушінің белгілі бір көзқарасы бойынша құжат құрамындағы мәліметтерді интерпретациялауға бағытталған барлық алуан түрлі ақыл-ой операцияларын айтады. Мұндай әдіс барлық жерде қолданылады, оның мәні қандай да бір зерттеушінің белгілі бір жағдайға қажетті мәліметті алуынан көрінеді.

Әдістің басты кемшіліктері – тенденциалық, субьектевизм. Қолданбалы әлеуметтануда дәстүрлі емес әдіс белсенді түрде қолданылуда. Әдістің мәні тестілік ақпаратты сандық көрсетікшке аударуда, ол құжат мәтінінде оның мазмұнының маңызды жақтарын қажетті түрде көрсететін жеңіл оқылатын белгілерді, қасиеттерді табу арқылы жүзеге асырылады.

Эмперикалық зерттеудің маңызды әдісі-бақылау. Адамдар бақылауға мақсат көзқарастарына қарай, обьект және оның маңыздылығы туралы барлық фактілерді тікелей қабылдайтын және тікелей тіркеп отыратын әлеуметтік ақпараттың маңызды қайнар көзі ретінде қарады. Бақылауға тән қасиеттер: жүйелілік, жоспарлылық және мақсатқа бағытталғандық.

Сауатты жоспарланған таңдауға негізделген сауал жүргізу әдісі біршама сауал қойылған адамдар арқылы әлеуметтік үрдістердің жағдайы мен даму тенденциялары туралы қорытындылауға мүмкіндік береді.

Сауал жүргізу әдісі негізі сауал қойылушыға ұсынылған сауалдардың жиынтығында, оның жауаптары зерттеушіге қажетті ақпаратты береді. Сауал жүргізу әдісінің екі әдісі бар: интервью және анкеталық әдіс.

Интервью-интервьюердің респондентпен тікелей байланыс орнатуды ұсынатын белгілі бір жоспар бойынша жүргізілетін сұхбат, мұнда жауаптарды интервьюер жазып алады немесе пленкаға жазылады.

Сауал жүргізудің екінші әдісі-анкеталық. Анкеталық сауал жүргізуде, сауал қойылушы адам өз жауабын өзі тіркеп отыруы керек. Анкеталық сауал жүргізудің бірнеше түрі бар: пошталық, баспасөздік, телефондық сауал жүргізу, тарату (анкета респонденттерге жеке беріледі).

Анкеталық сауал жүргізу - әлеуметтік сауал жүргізудің бір түрі, оның ерекшелігі- респондент толтыратын анкетаны пайдалану. Интервьюден оның айырмашылығы – респондент анкетаны өзі оқып, жауабын өзі белгілейді. Оның күндізгі (кәдімгі) және сырттай (пошталық) түрі бар. Күндізгі сауал жүргізуде зерттеуші респонденттерге анкета тарата алады, оны толтыру кезінде қатыспай-ақ, кейіннен оны жинап алады. Сауал жүргізудің мұндай түрі тарату тікелей деп аталады.

Анкета деген не? Анкета-сауал қойылушының өз бетімен сауал парағын толтыруы. Анкеталық сауалдар зерттелінуші нақты жағдай қандай екендігі туралы ақпарат алу үшін қолданылады. Респонденттердің ол обьект туралы бағасы, пікірі, көзқарасы пайдаланылады.

Телефон арқылы сауал жүргізу. Әлеуметтік зерттеуде қолданылатын сауал жүргізу әдістерінің бірі телефон арқылы сауал жүргізу тікелей интервьюерлеу мен пошталық және баспасөз сауалдары аралығында аралық орынды иеленеді.

Баспасөз арқылы сауал жүргізу – анкеталық сауал жүргізудің бір түрі. Мұнда анкета газетте, журналда жарияланады. Оның толтырылуы мен зерттеушіге қайтарылуы тек қана мерзімді басылым оқырмандары жиынтығымен шектеледі.

Баспасөз сауалының респонденттері – зерттеушінің кейбір мәселе бойынша өз пікірін білдіруге үн қатушылар. Баспасөз сауалының жетістігі-нақты бір мәселе бойынша тұрғындардың белгілі бір бөлімінің қоғамдық пікірін жедел жинау мүмкіндігі. Әлеуметтік зерттеуде «әлеуметтік эксперимент» деген ұғым бар. Әлеуметтік эксперимент деген не? Әлеуметтік эксперимент басқарылушы және бақылаушы факторлардың әсер етуінен әлеуметтік обьектінің қызметі мен әрекетінің сандық және сапалық өзгерісі туралы ақпарат алу тәсілі. Эксперименттік тәсілдің (тәжірибе) бақылаудан айырмашылығы сонда, мұнда жасанды ғылыми тәжірибе жасалады, зерттелетін құбылыс қолдан ұйымдастырылып, жағдай қадағалауда болады. Айталық, ұзақ экспедициядағы адамдардың мінез-құлқын зерттеу үшін, оңашаланған кеңістікте ұзақ уақыт болуға келіскен өз еркімен жиналған топта эксперимент жасауға болады. Әлеуметтік зерттеу қорытындылары есеп беру кезінде көрсетіледі. Әлеуметтік зерттеу туралы есеп беру-зерттеу нәтижелері жүйелі және көрнекі түрде баяндалатын жазба құжат. Есеп беру құрылымы үш бөлімнен құралады: зерттеу нәтижелері, қорытындылау және жұмыс жоспарынаң құрамды бөлімі- зерттеудің желілік кестесі.

Зерттеу бағдарламасын түзуді практикалық тұрғыда қарастырып көрсек.



Мысал.

Жалпы, әлеуметтік зерттеулерді қоғамның түрлі жүйелерін зерттеуде қолдануға болады. Мысалы, әлеуметтік зерттеулер қоғамның экономикалық қатынас субъектілерінің мінез құлқын зерттеуде яғни тұтынушы мен тауар өндіруші арасындағы байланысты зерттеуде, тауар маркасын жетілдіруге қатысты көзқарастарды анықтауда, нарықты сегменттеуде жиі қолданылады. Сондықтанда жобаның тақырыбын қоғамдық маңызы бар кез келген тақырыпқа құруға және оны студенттің өз таңдауына қалдыруға мүмкіндік берілсе. Бір ескеретін жағдай ол жобаны құру өте күрделі іс болғандықтан студент бұл тапсырманы теориялық тұрғыда орындауына болады.

Мысалы, Әлеуметтік зерттеуді жүргізу бойынша жоба тақырыптары: «Оңтүстік Қазақстан обылысындағы бала құқығының қорғалу деңгейлерін зерттеу», «Алинекс маркалы құрғақ құрылыс қоспаларының нарықтағы өтімділігі», «Банк тауарлары мен қызмет түрлеріне клиенттердің пікірін, ұсынысын анықтау». Студентке жоба түрі нақтырақ, түсінікті болу үшін «Банк тауарлары мен қызмет түрлеріне клиенттердің пікірін, ұсынысын анықтау» тақырыбын таңдап алсақ.

Студент жобаны құру барысында ең алдымен зерттеу бағдарламасын құруы қажет. Зерттеу бағдарламасы бірнеше кезеңдерден тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет