Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж


Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары



бет60/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   89
4.Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары.

Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағ-дайда өтіп отыр. Кеңестік кезеңце қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе кұйрегеннен кейін аза-маттык қоғамға отуге "жоғарыдағы" мемлекеттің өзі ұйтқы бо-лып отыр. Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай дең-гейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ.

Еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдарды нарық экономикасы мен жеке адамның авто-номиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті кұқықтық жағдайлардың негізін қалады. Оған тең дәрежеде танылатын және қоргалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құкықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандықты және тағы бас-ка да жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданган заң устемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның қщыгы жан-жақ-ты қамтамасыз етілетін мемлекеттік қүрылысты айтады. Заң үстемдігінің мызғымастығы елдің Конституциясында бекітіліп, басқа зандар мен ережелік актілерге таралады. Зандар халық-тың еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты езара жауаптылықта болады. Билік шын мөнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі.

Мұнда бір таптың, партияның, топтың, идеологияның үстемдігіне жол берілмейді. Адам құкығы биік дәрежеде сақта-лады. Барлық азаматтар шын мәнінде мемлекеттік және қоғам-дық істерге қатыса алады. Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық атқарылады, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауын-да болады. Пікір алуандығы кең өріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі биік дамиды.



Құкықтық мемлекет жоғары өкіметтің қаулы-қарарларымен кіргізілмейді. Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.

Мемлекеттердің жіктелуі

Әдебиетте мемлекеттер жіктелуінің жалпы принциптері ажыратылады. Дәстүрлі түрде оларға үш негізгі принцип жатады:

а) таптық қарсыласу принципі. Мемлекеттердің — құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік дербес түрлері ретінде;

б) саяси өмірде демократизм мен либерализмнің дамуы принципі; Осы айқындамалар тұрғысынан мемлекеттер: авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық мемлекеттерге бөлінеді;

в) мемлекеттің нормативтік, құқықтық негіздерінің дамуы принципі. Мемлекет осы көзқарас тұрғысынан құқықтық мәдениеті дамуының дәрежесіне қарай: құқықтық мемлекет, әлеуметтік мемлекет, әскери-полициялық мемлекет болып бөлінеді.

Басқару нысанына негізделген мемлекеттерді жіктеу мынадай мемлекеттерге: монархия (абсолютті, конституциялық); республика (президенттік, парламенттік) болып бөлінеді.

Монархияда биліктің ресми көзі бір (жеке) тұлға болып табылады. Мемлекет басшысы өзінің қызметін, сайлаушыларына және биліктің өкілдік органдарына қарамастан, мұрагерлік бойынша алады. Осы заманғы әлемде басқарудың монархиялық нысанының бірнеше түрлері бар. Мәселен, абсолютті монархия (Сауд Арабиясы, Катар, Оман) - мемлекет басшысының шексіз билігі. Осы нысанмен бірге, конституциялық монархия (Ұлыбритания, Швеция, Дания, Испания) бар - мұнда монархтың окілеттігі конституциямен шектелген.

Республика — басқарудың екінші негізгі нысаны. Әлемде республиканың үш негізгі түрі: парламенттік, президенттік және аралас түрі бар.

Парламенттік республиканың басты өзгешелік белгісі үкіметті парламенттік негізде құруы (әдетте парламенттік көпшілікпен) және оның парламент алдындағы ресми жауапкершілігі болып табылады. Ол үкіметке қатысты бірқатар міндеттерді жүзеге асырады: оны құрып, оған қолдау жасайды; заңдар шығарады; мемлекеттік бюджетті дауысқа салады (бекітеді); үкіметке бақылау жасауды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда оған сенімсіздік білдіре алады және т.т.

Республикалық басқарудың екінші мейлінше кең тараған нысаны президенттік республика болып табылады. Президентті парламентке қарамастан, не таңдаушылар алқасы, не халық сайлайды және сонымен бір мезгілде мемлекет басшысы да, үкімет басшысы да болып табылады. Ол ішкі және сыртқы саясатты басқарады, жоғарғы басқолбасшы болып табылады. Парламент үкіметке сенімсіздік білдіре алмайды, ал президенттің парламентті таратып жіберуге құқығы жоқ.

Республиканың үшінші түрі — аралас республика. Ол Аустрияда, Ирландияда, Португалияда, Польшада, Финляндияда, Францияда бар. Басқарудың бұл нысаны жағдайында күшті президент билігі парламенттің үкімет қызметіне тиімді бақылау жасауынаұштасады. Оның басты сипатты белгісі — үкіметтің екі ұдай: президент алдындағы және парламент алдындағы жауапкершілігі. Аралас (жартылай президенттік) республиканың классикалық үлгісі Франция болып табылады. Онда президент пен парламент бір-біріне тәуелсіз сайланады. Парламент президентті орнынан кетіре алмайды, соңғысы өз кезегінде кезектен тыс парламент сайлауын жариялаудың міндетті шартымен парламентті таратып жіберуге құқылы болады. Президент мемлекет басшысы және жоғарғы басқолбасшы болып табылады, халықаралық аренада елдің өкілі болады, парламенттің шешімін кейінге қалдыруға тыйым салу құқығына ие болады.

Әкімшілік-аумақтық ұйым бойынша мемлекеттерді жіктеу: біртұтас мемлекет, федерация, конфедерация болып бөлінеді.

Біртұтас мемлекет аумағы бірыңғай, бөлінбейтін болады, әкімшілік-аумақтық бөліністерден тұрады, өзінің дербес билік құрылымдары бар, бірақ жеке өзіндік мемлекеттілігіне ие болмайды. Біртұтас мемлекет үшін жергілікті билік органдарының орталық органдарға қатаң түрде бағыныстылығы, күшті орталықпен тіке байланыс жасауы сипатты келеді, оның-бытыраңқылығы ең төменгі деңгейде болады. Барлық мемлекеттік, оның ішінде сот органдары бірыңғай құқықтық нормалар негізінде іс-қимыл жасайды.

Федеративтік мемлекет мемлекеттер мен орталық арасындағы бөлінген шектегі дербес құзыреттері бар, өздерінің заң шығарушылық, атқарушысының және сот органдары, әдеттегісіндей, конституциясы бар мемлекеттердің тұрақты одағы болып табылады.

Федерация ауқымында мемлекеттік: егемендіктің субъектілері ірі аумақтық құрылымдар (штаттар, жерлер, кантондар), сондай-ақ тең құқықты азаматтардан тұратын бүкіл халық болады.

Федеративтік мемлекеттік құрылыс үшін өзінің билік құрылымдары бар жергілікгі аумақтық құрылымдар дербестігінің белгілі бір деңгейі тән болады. Мемлекеттік құрылыстың федералдық принципі едәуір этикалық, тарихи-мәдени, діни, лингвистикалық және басқа да ерекшеліктері бар қауымдардың, еркін бірігуі мен тең құқықтық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі тиіс.

Конфедеративтік мемлекет үшін жергілікті мемлекеттік-аумақтық құрылымдар мен олардың билік органдары еркіндігінің жоғары деңгейі тән болады. Конфедерация мүшелері мемлекеттік егемендігін толық сақтайды және одақтың қүзыретіне ең алдымен қорғанысқа, сыртқы саясатқа, ақша жүйесі саласына қатысты мәселелердің шектеулі санын ғана береді. Ғалымдардың пікірі бойынша, мемлекеттік құрылыстың бұл нысаны тиянақты емес және әдетте не федерацияға тарап кетеді, не ыдырап кетеді.

Қазіргі кезде бұрынғы КСРО аумағында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) — өзінің қызметін әралуан салаларда үйлестіретін егемен мемлекеттер одағы құрылды. Бұл жаңа құрылымның қаншалықты тұрақты әрі тиімді болатынын уақыт көрсете жатар. Мұңдай одақтардың (Еуропа Кеңесі) тарихи тәжірибесі ұзақ мерзімдік бірігу мен жақындасу, экономикалық ықпалдасу және әлеуметтік-саяси саладағы тиісті өзгерістер, атап айтқанда, федеративтік принциптерді біртіндеп іске асыру негізінде мүмкін екенін дәлелдеп отыр.

Мемлекеттердің даму үрдісі. Мемлекеттер дамуының осы заманғы үлгісі белгілі бір үрдістерге бағынады, мұның өзі қазіргі заманның ғаламдық проблемасының көрінісі болып табылады. Ең алдымен, кейбір саясаттанушылардың пікірі бойынша, осы заманғы демократиялық мемлекеттер экологиялық кезеңге аяқ басып отыр. Ол үшін бірінші кезекке экологиялық қауіпсіздікті және жеке адамның өмір сүру құқықтарын қамтамасыз ету, бүкіл адамзаттың тірлігі проблемаларын алға қою сипатты болады. Жаңа жағдайда мемлекет азаматтық қоғаммен одақтаса отырып, ядролық және экологиялық апаттың алдын алуға, аштықтан, індеттен зардап шеккен дүниежүзілік аймақтарға материалдық-экономикалық, қаржы, мәдени көмекпен және т.т. қамтамасыз етуге тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет