Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж


Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар



бет61/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   89
5.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар

"Партия" термині латын тілінен шыққан және "бөлім", "бөлемін" дегенді білдіреді. Партия әлеуметтік жіктерге, таптар мен мемлекетке қатысты аралық буын болып табылады, бірақ қоғамдағы мүдделер мен басқа да бірлестіктерден өзгеше, Р.Доуздың анықтамасы бойынша, ол ең саяси буын болып табылады.

Партия қоғамның белгілі бір таптары мен әлеуметтік жіктерінің мүдделерін, қажеттері мен мақсаттарын білдіреді, саяси билік тетігінің қызметіне қатысады. Партия қызметінің принципі жақтарының бірі оның қоғамға идеологиялық ықпалы болып табылады, мұның өзі саяси сананы қальпттастырудан көрінеді.

Саяси партия - пікірлестердің ұйымдасқан, ерікті тобы болатын қоғамның белгілі бір жіктері мен топтарының мүдделері мен қажеттерін білдіретін, оларды мемлекеттік билікті жеңіп алу және оны жүзеге асыруға қатысу арқылы іске асыруды мақсат ететін қоғамдық өмір институты.

Саяси партияларды мыналардан айыра білген жөн: біріншіден, партия үшін сипатты ұйымдық құрылымы мен саяси бағдарламасы жоқ саяси қозғалыстардан, екіншіден, мемлекеттік билікті жеңіп алуға ұмтылыс жасамайтын, тек оны жүзеге асыратындарға ықпал жасауға ұмтылатын қысым көрсету топтарынан айыра білген жөн.

Қазіргі заманғы көпшілік партиялар Еуропада XIX ғасырдың екінші жартысында құрылады. Саясат ғылымында партиялардың "тарихи орнығу, процесі ұсынған схема бойынша қарастырылады:

а) ақсүйектер үйірмелері (котериялар);

б) саяси клубтар;

в) көшшлік партиялар.

Партиялар кәдімгі ішкі бірлестіктері бар, төменнен жоғарыға бағынышты тұрақты адамдар болып табылады. Партия құрылымы мыналарға бөлінеді:

а) партия көшбасшылары;

б) ақылдасу штабы, партия идеологтары;

г) төрешілдікке жатпайтын партия активі;

д) партияның самарқау мүшелері.

Партиялардың басқа қоғамдық институттардан айырмашылық өлшемдері:

а) ұйымның ұзақ мерзімділігі, оның өмір сүруінің одан әрі жүруі. Бұл өлшемдер партияны өздерінің негізін қалаушылармен бірге ғайып болатын әдеттегі сыбайластар тобынан, сұрқиялардан және аралас-құраластарынан ажыратуға мүмкіндік береді;

б) ұлттық орталықпен (басшылықпен) ұдайы байланыс жасайтын тұрақты жергілікті ұйымдардың болуы, мұның өзі партияның парламенттік топтан өзгешелігін көрсетеді;

в) орталық және жергілікті ұйымдар басшыларының билік жолындағы күресті мақсат етуі. Бұл партияның қиғандық ұйымдар мен, қозғалыстардан, (кәсіподақтардан, жастар және - басқа да ұйымдардан) өзгешелігін айқындайды;

г) қоғам тарапынан жаппай қолдау көрсетілуі. Бұл өлшемдері әдетте сайлауға және парламент өміріне қатыспайтын партиялар мен қысым жасау топтары арасындағы айырмашылықты білдіреді: олар партияға, үкімет пен қоғамдық пікірге елеусіз түрде әсер етеді.

Басқа ұйымдардан негізгі өзгешелік белгісі — мемлекеттік билік жолындағы ашық, айқын білінетін күреске бағдар ұстауы.

Саяси партияның міндеттері:

1) саяси міндетгері — мемлекеттік билікке ұмтылуы, саяси қатарын толықтыруы, таңдаушылық;

2) идеологиялық міндеттері — партиялық идеологияны жасауы, партиялық насихат;

3) әлеуметтік міндеттері — өкілдік етуі, бұқараны жұмылдыру, саяси әлеуметтендіру.

Бұл саяси партия міндеттерінің жинақталған сипаттамасы:

Қоғамның саяси институты ретінде саяси партияның негізгі міндеттеріне:

а) саяси міндеттерді белгілеу мен билікті жеңіп алу;

б) үлкен әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтау, қалыптастыру және қанағаттандыру;

в) саяси жүйенің барлық деңгейлері үшін саяси көшбасшылары мен бекзаттарын іріктеу және олардың қатарын толықтыру;

г) партия идеологиясын жасау, саяси бағдарлама жасау және іске асыру, насихат жүргізу және қоғамдық пікірді қалыптастыру;

д) саяси әлеуметтендіру, азаматтар бойында билікке қатысу қасиеттері мен дағдыларын қалыптастыру;

е) биліктің жоғары және жергілікті органдарын құру жөніндегі сайлау науқандарын әзірлеу мен еткізу жатады.

Саяси партияларды жіктеу.

Шығу тегінің өлшеміне қарай — электоралдық, парламенттік жолмен шыққан партиялар және "сырттан шыққан" партиялар;

Бастауыш ұйымдардың сипатына қарай — партия-комитеттер, партия-секциялар, партия-ұялар және партия-шабуылдаушы отрядтар болып жіктеледі.

"Кадрлық" және "бұқаралық" принципіне қарай - бұл арада әңгіме партиялардың сандық мөлшері туралы емес, керісінше құрылымдық құрылысы туралы болып отыр. Кадрлық партиялар электоралдық комитеттерден және парламенттік топтардан (XIX ғ. орта шенінде) пайда болған. Сан жағынан олар көп емес, кәсіби саясаткерлерге, партияға материалдық қолдау жасауды қамтамасыз етуге қабілетті қаржы бекзаттарына арқа сүйейді, еркін мүше болу принципін сақтанды.

Бұқаралық саяси партиялардың кадрлық партиялардан ең алдымен санының көптігінен және тұрақты мүше болуымен өзгешелігі бар. Тарихи жағынан олар кадрлық партиялардан кейінірек пайда болған, олардың пайда болуы жалпыға бірдей сайлау құқығының кеңінен тарауына, жұмысшы қозғалысының дамуына байланысты болды.

Басқару режиміне қатысына қарай — басқару және қарсылас, жария және жария емес партиялар, көшбасшы партиялар мен кейінгі-партиялар, монополиялық басқарушы немесе бірлестік құрамындағы басқарушы партиялар және т.б.

Әлеуметтік-таптық белгісіне қарай — жұмысшы, шаруалар, фермерлер партиялары, зиялы қауым партиялары.

Идеологиялық бағытына қарай - коммунистік, социал-демократиялық, буржуазиялық-демократиялық партиялар.

Қазіргі қоғамдық құрылысқа қатысына қарай — революциялық, реформистік, либералдық, консервативтік партиялар болып жіктеледі.

Партия жүйесі. Ол саяси партиялар жиынтығынан, олардың әрқайсысының басқа саяси партиялармен өзара іс-қимылы, олардың қоғамдық ұйымдарға қатысты саясаты сипатынан тұрады.

Партия жүйесі қоғамдық-саяси күштерді ұйымдастырады, әлеуметтік мүдделер мен саяси көзқарастарды саралайды және ықпалдастырады, олардың жергілікті және жалпы ұлттық деңгейде тарайуына мүмкіндік береді.

Дәстүрлі түрде партиялық жүйелер былайша бөлінеді:

а) бірпартиялық жүйелер, бұл ретте басқа партиялардың жоққа шығарылады. Мұндай жүйе (бәсекелестік емес) ауқымында партия мемлекеттік аппараттың бір бөлігі болып табылады, бүкіл қоғамдық өмір барынша идеологиялық сипат алады, басқарудың өміршілдік әдістері басым болады, халық пен билік арасындағы кері байланыстар бұзылады;

б) ресми көппартиялық (бәсекелестік, бәстестік) жүйелер, бұларда мемлекеттік билік басында бір-бірін дүркін-дүркін алмастыратын екі саясипартия шешуші айқындамаларды белгілейді; Мұндай партия жүйелері Ұлыбританияда, АҚШ-та бар. Олар өздерінің тұрақтылығымен сипатталады, өйткені билік басындағы партия парламенттік көпшілікке ие болған;

в) пікір алуандығына бағдарланған көппартиялық жүйелер. Мұндай жүйедегі партия үшін сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізуде дербестік сипатты болады, сондай-ақ үкіметтік бірлестік науқан барысында өздерінің одақтастары қатарынан басым жеңіске жетушінің пайдасына кандидитураларын өзара қайтарып алуға, бірлескен бағдарламалық талаптарын және т.б. ұсынуға жол бермейтін бәсекелестікте әрбір партияның қол жеткізген нәтижелері бойынша қалыптасады.

Біздің мемлекетімізде саяси жүйе ауқымында сапалық ілгерілеулер болды, ең алдымен бұл әртүрлі партияларды құрудан қөрініс тапты, кейбір деректер бойынша олар бізде оннан астам болып отыр, мұның өзі стандарттар бойынша көппартиялық жүйе деп есептеледі.

Қазақстанда партиялар мен партия жүйелерінің қызмет атқару, ерекшелігі отандық партиялардың саяси шешімдер қабылдау процесіне ықпалының төменгі деңгейін көрсетеді. Көптеген ондаған жылдар бойы тоталитарлық мемлекеттің бір бөлігі ретінде дамыған Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін атқарушы билікке қарсы тұра алатын саясиинституттарсыз қалды. Сөйтіп, саяси салада батыс елдері демократиясының деңгейіне бірден қол жеткізуге (объективті және субъективті түрде) әлі де әзір бола қоймаған Қазақстан мен басқа да бұрынғы кеңес кеңістігіндегі мемлекеттер авторитарлық сатысын бастарынан кешіруде.

Біздің республикамыздағы партиялар мен партия мүшелері дамуының қазіргі кезеңі сипаттайды?

Қазақстанда екіблокты партия жүйесі қалыптасуда.

Егеменді даму жылдары ішінде Қазақстанның партия жүйесі бірпартиялық жүйеден көппартиялық жүйеге дамып, содан соң екі блокты партияға дамыды, мұнда біpблокта үкіметтік партия, екіншісі — қарсылас партиялар болды.

Қазақстанда үш қарсылас бағыттағы партия болып бөлінеді:

а) кертартпа-дәстүрлі партия ағымы, ол жаңғыртуға қарсы партия болып табылады соңдай-ақ ұлттық идеяны уағыздаушы партия, оның ұясы бұрынғы заманның дәстүрлерін тірілтуге шақырады.

б) солшыл радикалдық ағым

в) либералдық ағым, ол басқарудың авторитарлық-төрешілдік әдістеріне көңілдері көншімейтін орта буржуазияның, зиялы қауымның, ұсақ буржуазияның мүдделерін білдіреді.

Барлық партиялар ҚР "Саяси партиялар туралы" Заңына сәйкес белгіленген мүшелігін тәжірибеде қолданады.

ҚР саяси партияларын жіктеу:

а) шығу тегіне қарай — барлық партиялардың "сыртқы" шығу тегі болады, парламенттік партиялар жоқ;

б) ұйымдық кұрылымына қарай — кадрлар партиялары, бұқаралық партиялар, ұйымдардың тоталитарлық;

в) үкіметке бақылауды жүзеге асыру деңгейіне қарай — Қазақстанда жетекші партиялар жоқ сондықтан біз партияларды олардың билікке адалдығы немесе қарсылығы тұрғысынан қарастыра аламыз.;

г) идеологиялық айқындамасына қарай — солшыл саяси күштер, центристер, оңшыл саяси күштер.



Адамзат қоғамының демократиялық қайта өзгертулер жағына қарай дамуының тарихы мынаны айқый көрсетіп берді: кез келген қоғамдағы басты демократиялық институттар, ең алдымен., күшті саяси партиялар түріндегі азаматтардың бірлестігі болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстанда партия жүйесі дамуының барлық аталған үрдістеріне қарай нақты әлеуметтік топтардың нақты экономикалық мүдделеріне сүйенетін партия құрылымдарын қалыптастыруда саяси қажеттілік пен қоғамдық қажеттілік пісіп жетілді. Ұрандарының сырттай көптігі мен тартымдылығына қарамастан, барлық бұрыңғы саяси құрылымдар, егер жаңа саяси шыңдыққа қайта бағдарлана алмаса, өзінің қызметіне іс жүзінде арқа сүйей алмаса, сөзсіз болашағынан айрылады.

Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, әзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы; үгіт-насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет