Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж



бет69/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   89
3.Саяси мәдениет ұғымы.

"Саяси мәдениет" терминін тұңғыш рет ғылыми айналымға мәдениет пен саясаттың әзара әрекеті проблемасын (XVIII ғасырдың соңы) зерделеген неміс ағартушысы И. Гердер енгізді, ал саясат ғылымындағы саяси мәдениет теориясын XX таптрдың орта шенінде ғана — Алмонд, С.Верба, М.Дювержежәне басқалары ресімдей бастады.

Саяси мәдениет — бұл адамдардың бұдан бұрынғы ұрпақтары тәжірибесін жүзеге асыратын, саяси процесс субъектілерінің тікелей қызметіңде көрінетін, тұтастай алғанда олардың осы процеске, оның негізгі элементтеріне қатынасын белгілейтін және соларқылы қоғамның саяси өмірін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін нұсқауларының, бағдарларының және мінез-құлық үлгілерінің тарихи қалыптасқан, біршама тұрақты жүйесі.

Саяси мәдеииет көрінісінің негізгі мән-жайлары:

а) адам мен қоғамның саяси идеяларды, көзқарастарды, тұжырымдамаларды игеру деңгейі;

б)өткендегі және қазіргі саяси ойлау қажеттілігінің дәрежесі;

в)саяси құбылыстарды бағалаудың құзыреттілігі.

Саяси мәдениет өзінің, иеленушілерімен — әртүрлі әлеуметтік ортақтығымен бірге дамиды.

Саяси мәдениетте адамдардың (ұлттардың, таптардың, партиялардың, әралуан жіктердің, топтар мен жеке-дара адамдардың) өздерінің (түбегейлі мүдделері жөніндегі мемлекетке, саяси билік режиміне қатынасы айқындалады. Бұл тұрғысында саяси мәдениет саясат саласындағы, мәдениет, саяси өмір мен қызметтің белгілі бір жүйелі сапасы және тәсілі, саяси идеялардың, сенімдердің, нормалардың, институттардың және т.с.с. бірлігі мен өзара байланысында дамуын әрі сабақтастығын қамтамасыз ету нысаны ретінде түсіндіріледі.

Осы заманғы батыс саясаттануында саяси мәдениетті белгілі бір саяси жүйеге қатысушылардың жеке дара нұсқауларының әрі бағдарларының жиынтығы деп ұғынады, яғни әңгіме саяси іс-қимылдардың негізінде жатқан субъективтік сала туралы болып отыр. Жеке-дара бағдарлар өзіне бірнеше элементтерді біріктіреді:

а) саяси жүйе, оның рөлдері, осы рөлдерді иеленушілер мен оның қызмет атқаруы туралы білімдерді қамтитын танымдық бағдарды;

б) саяси жүйеге, оның міндеттеріне, оған қатысушыларға және олардың қызметіне қатысты сезімді бейнелейтін әсерлік бағдарды;

в) саяси жүйеге, оған қатысушыларға және олардың іс-қимылдарына тікелей қатысын білдіретін бағалау бағдарын біріктіреді.

Саяси мәдениет құрылымдық буын болып табылады. Оның құрылымы мынадай элементтерге бөлінеді:

а) саяси білімдердің, көзқарастардың жиынтығы (ақпараттық мән-жайы);

б) саяси сенімдер, мұраттар (бағалау мән-жайы);

в) саяси іс-қимылдар, актілер, қоғамдық саяси оқиғаларға қатысу (тәртіптік-іс-тәжірибелік мән-жайы);

г) саяси нормалар, дәстүрлер;

д) мемлекет пен қоғамның саяси институттары.

Қоғамның дамуы үшін, әсіресе құқықтық мемлекет құратын қоғамдар (атап айтқанда, Қазақстан) үшін оның мәдени құқығының зор маңызы бар. Құқықтық мәдениетті қоғамнның жиынтық құқықтық тәжірибесі, адамдардың құқықтық сана-сезімінің сипаты олардың құқықтық әлуетін пайдалану шеберлігі мен тәсілдері, құқықтық институттарының бүкіл жүйесі қызметінің сапасы және қоғамдық өмірге әсері деп ұғынады.

Саяси мәдениетке мынадай негізгі құрамдас бөліктер жатады:

а) құқықтық ойлаудың белгілі бір дәрежесі;

б) адамдардың заңдарды білуінің тиісті деңгейі;

в) құқық нормаларын, олардың беделін құрметтеудің жоғары деңгейі;

г) заң шығару және құқықтарды тапсыру процестерінің сапалық жай-күйі;

д) құқықтық қызметтің айрықша тәсілдері (құқық қорғау органдарының жұмысы, конституциялық бақылау және т.т.);

е) адамдар жасаған рухани және материяландырылған түрдегі құқықтық қызметтің нәтижелері (заңдар, заңнамалар жүйелері, сот тәжірибесі және басқалары).

Саяси мәдениет қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда нақты міндеттер атқарады. Саяси мәдениеттің негізгі міндеттері:

а) танымдық міндеті - саяси білімдерді меңгеру негізінде саяси көзқарастар мен сенімдерді қалыптастыру;

б) ұқсастыру міндеті — жеке-дара адамның саяси мәртебесін анықтау, белгілі бір қауымның қатысуы мен мүдделерін білдірудің тиімді тәсілдерін жасау;

в) нормативтік-құндылық міндеті - қоғамда қажетті жалпы жұрт таныған саяси құндылықтарды, нұсқаулар мен нормаларды баянды ету;

г) ықпалдастық міндеті - қоғам таңдап алған саяси құрылыстың кеңінен мәлім әрі тұрақты әлеуметтік базасын қамтамасыз ету;

д) байланыс жасау міндеті — жалпы саяси мүдделер мен мақсаттардың үйлесуі негізінде биліктің барлық субъектілері мен институттарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Саяси мәдениеттің жіктелуі

Саяси мәдениетті жіктеудің негізінде мейлінше әралуан өлшемдер болады:

Өлшемдер ретінде мыналарды ұсынады:

а) саяси жүйелердің ерекшелігін;

б) екіншілері — елдер мен аймақтарды;

в) үшіншілері - жаңалықтар үшін саяси мәдениеттің ашық немесе жабық болуын;

г) төртіншілері — идеологиялық айырмашьшықтарды және т.т. ұсынады.

Е.Вятр идеологиялық айырмашылықтарға негізделген саяси мәдениеттердің жіктелуін ұсынды. Ол дәстүрлі саяси мәдениетті, қоғамдық топтар демократиясының саяси мәдениетін, социалистік саяси мәдниетті қарастырад:

Дәстүрлі саяси мәдениеттің түрі принципінде құл иеленушілік және феодалдық құрылысқа сай келеді және үш түрде көрінеді:

а) дәстүрлі тайпалық саяси мәдениет;

б) дәстүрлі теократиялық саяси мәдениет;

в) дәстүрлі озбырлық саяси мәдениет.

Дәстүрлі саяси мәдениетпен қатар, буржуазияға дейінгі дәуір қоғамдық топтар демократиясының саяси мәдниеті секілді саяси мәдениет түрін бөліп көрсетеді, оның кезінде халықтың едәуір бөлігі саяси процестерге қатысудан толық шеттетіледі.

Тарихта бұл саяси мәдениеттің екі түрі болды: кейбір грек халқының, республикалық Римнің және ортағасырлық Италия қалаларының патрихиалдық мәдениеті, сондай-ақ дворяндық саяси мәдениет болды.

Буржуазиялық қоғам саяси мәдениеттің екі түрін: демократиялық және автократиялық мәдениет түрін біледі.

Бірінші түрі, өз кезегінде, кертартпа-либералдық және либералдық-демократиялык екі түрде болады.

Саяси мәдениеттің автократиялық түрі демократиялық түрді өзінше теріске шығару болып табылады және екі түрде авторитарлық әрі тоталитарлық мәдениет түрінде көрінеді.

Социалистік саяси мәдениет жұмысшы табының идеологиясы ретінде марксизмнің пайда болуына байланысты еді, ол іс жүзінде тоталитарлық саяси жүйенің көрінісіне айналды, саяси процестің субъектілері ретінде бұқараның бастамасын төркі етті.

Саяси мәдениеттердің қоғамда билік жүргізу сипатымен байланысына негізделген оның саяси жүйесеін келесі жікке бөлу демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық саяси мәдениет.

Демократиялық саяси мәдениет үшін шынайы демократиялық құндылықтар мен мұраттарға, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамға, саясатқа еркін қатысуға, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы пікір алуандығына, адам құқықтарының басымдығына және т.с.с. бағдарлану сипатты болады.

Авторитарлық саяси мәдениет үшін мынадай басымдықтар: мемлекеттің айқындаушы рөлі, қоғамда бір саяси партияның болуы сипатты келеді, мемлекеттің мүдделері жеке адамның, әлеуметтік топтардың мүдделерінен үстем болады... "Бірыңғай идеология", "саяси тәртіп", "саяси бірлік" құндылықтар ретінде таңылады.

Тоталитарлық саяси мәдениет адамның санасына мінез-құлықтың қатаң идеологияландырылған таптаурын қағидаларын, азаматтардың саясатқа қатысуының мемлекет бағыттауындағы және бақылауындағы нысандарын мойындау мен саяси шынайылық деп дәлелдеуге ұмтылады. Ол үшін көпшіліктің саяси селқостығы мен әлеуметтік үрейге, оңды өзгерістер мүмкіндігіне сенбеушілікке негізделген пайдакүнемдік ырықшылдық сипатты болады.

60-жылдардың орта шенінде Г.Алмонд ден С.Верба әртүрлі елдердің (Англияның, Италияның, АҚШ-тың, Мексиканың) саяси жүйелерін зерттеу негізінде саяси мәдениетті үш "таза" түрге бөлді.

а) патриархалдық түр — тоталитарлық және авторитарлық саяси режимдер үстем болатын артта қалған елдерде пайда болады. Саяси мәдениеттің патриархалдық түрі үшін саяси,білімдердің, мамандандырылған саяси рөлдердің болмауы, бұқараның көпшілігінің сауатсыз болуы сипатты кедеді;

б) бостандық түрі — белгілі бір саяси білім сипатты болады, адамдардың қазіргі мамандандырылған институттары туралы түсінігі болады, оларға қатысты сезімдерін білдіреді, оларды бағалайды және бұлар жөнінде мінез-құлық нысандарын орнықтырады, алайда осылардың бәрін енжар білдіреді, яғни саясат пен қоғамдық өміріге аздап араласуы айқын аңғарылады;

в) партиципаторлық, азаматтық (белсенді) түрі — саяси институттардың, қоғамдық саясаттың бағыты мен мазмұнының заңдылығына келісумен, мүдделер әралуандығына төзімділігімен сипатталады. Саяси мәдениеттің азаматтық түрі үшін қоғамдағы саяси рөлдердің айқын шектелуі, азаматтардың үш негізгі принципіне — жеке адамның бостандығына, бұқараның әл-ауқаты мен елдің қауіпсіздігіне жаппай мүдделілік тән болады.

Саяси мәдениеттің батыстық және шығыстық түрлері

Саясат саласындағы Батыс пен Шығыс адамдарының құндылықтарға бағдарлануының елеулі айырмашылықтары негізінде қоғамдардың тіршілік қызметінің нысандары, діни дүниетанымының ерекшеліктері, өмірдің мәні, адамның мақсат-мүддесі туралы философиялық түсініктер бар.

Батыс пен Шығыс саяси мәдениеті үлгілерінің аса сипатты айырмашылықтары:

а) батыстық тұр үшін саяси процестерге азаматтардың саясатқа қатысуының көбінде "партиципаторлық" үлгісі, шығыстық тұр үшін — көбінде "бостандық-партиципаторлық" саяси мәдениет сипатты болады;

б) батыстық саяси мәдениетте саясаттың негізгі элементі ретінде жеке-дара адамдар, әртүрлі саяси бірлестіктер, ал шығыстық саяси мәдениетте тиісінше — рулық, этникалық, отбасылық қауым болады;

в) батыстық түрдегі саяси мәдениетте саяси бірегей, құбылыстар жаңғыртушылық пен дәстүрлер диалектикасы арқылы дамыды, саяси мәдениеттің шығыстық үлгісі дәстүрлердің негізгі атқаратын рөліне бағдарланған;

г) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынастары тұрғысынан батыстық саяси мәдениетте олардың арасында белгілі бір "келісім" байқалады, өйткені батыс қоғамыңда аса көп орташа тап пен тұрмысының материалдық деңгейі жоғары болады. Саяси мәдениеттің шығыстық үлгісі мемлекеттің азаматтық қоғамды қалыптастыру процесінен басымдығын көрсетеді, онда бекзаттар мен бұқара арасындағы айтарлықтай "алшақтық" орын алған. Ал егер азаматтық қоғамды батыстық саяси мәдениеттің сипатты белгісі ретінде қарастыратын болсақ, онда Шығыста ол өзіндік дәстүрлік белгілерге ие бола отырып, енді ғана құрыла бастады.

Осы заманғы саяси тәжірибе саяси мәдениетгің батыстық және шығыстық үлгілері құндылықтарының жинақтау үрдісін дәлелдейді (Жапония, Гонконг-Қытай, Қазақстан-Ресей). Олардың саяси мәдениеттерінде құндылық бағдарларын, мінез-құлық стильдерін, азаматтардың саяси қатысу нысандарын, тәсілдерін жинақтау жүріп жатыр.

Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделія тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді де толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде кдлып, соңғы үрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі-онегесінен үйреніп отырады. Мүндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.

"Әлеуметтену" деген ұғымды XIX ғ. аяғында Америка әлеу-меттанушысы Ф. Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологі Г. Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеу-меттену деп түлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыпта-суын айтты. XX ғасырдың 50-60 жылдарыңда осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саясаттанушылары "саяси әлеуметтену" деген ұғымда ойлап шығарды. Г. Алмонд, С. Верба, Д. Истон еңбектеріңде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылық-тарды, қалыптарды, ережелерді ез бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды.

Ресей саясаттанушысы Е. Б. Шестопал саяси өлеуметтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс-әрекетініңқалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады.

Саяси әлеуметтену мәселесі XX ғасырдың 50-жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сы-байластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жо-йыла қоймаған, саяси билік адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм (саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді. XX ғасырдың 70— 80-жылдарында Батыс елдерін негрлер, соғысқа қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар дүр сілкіндірді. Бұрынғы дәстүрлі материалдық кұндылықтарды (жеке табыс, байлыққа тырысу) қарсы шыққан субмөдениет пайда болды. Мысалға XX ғ. 60-жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық. Оған ірі саясаткерлердің, бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасы-ларының балалары қатысты. Олар жеке адамның өзін-өзі то-лық көрсетуіне жағдай жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар екендігіне сол кездегі қоғам-дық тәртіпті кіналады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Мысалы, дәстүрлі мәдениетте адам өзін-өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киінуі, сақал-шашын алуы, мәдениетгі сейлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек болса, олар, керісінше, шаштарын жалбыратып өсіріп жіберді, жыр-тық-тесік киім киді, өз диалектілерінде сөйледі, нашакррлық-пен айналысты және т.б. қоғамда үстемдік еткен адамгершілік қалыптарына қарсы шықты. Мұның бәрі америка қоғамын қат-ты толғантты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зерттеулер жүргізді. Сөйтіп саяси әлеуметтену мәселесі бұл кезде кұн тәртібіне қатты қойыдды.



Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге ба-ғытталады:

  • қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және сая-си сананың негізгі элементтерін жеткізу;

  • қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;

  • саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.

Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз омір бойы жалғасады. Әлеуметтік-саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады.

Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің ру-хани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси са-насы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайын-далу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамныңтолыққаңды мүшесі боларлықсаяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет