Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата06.03.2017
өлшемі1,69 Mb.
#7943
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

 
Химиялық 
технология 
(мұнай 
химиясы 
және 
химиялық 
тыңайтқыштар) саласындағы зерттеулер 
Қазақстандық химиктер мен технологтар Қаратау фосфориттерін өңдеу 
мәселелеріне  аса  көңіл  бөлуде.  Қаратау  фосфориттерінің  ерекше  құрамы 
жаңа  техникалық  шешімдерді  қажет  етеді.  Бұған  қатысты  екі  жол  бар: 
біріншісі  –  фосфорит  құрамын  дәстүрлі  технологиялар  талаптарына  сай 
келтіру,  екіншісі  –  құрамы  мен  ондағы  тербелістердің  технологиялық 
көрсеткіштерге айтарлықтай ықпал етпейтін амалдарды жасау.  
Химиялық-технологиялық 
бөліміндегі 
қиындықтарға 
апатит 
концентраты  сияқты  бай  шикізатпен  жұмыс  жасайтын  үдерістерді  (Коль 
түбегі,  Ресей)  төменгі  сорттағы  Қаратау  фосфат  кеніне  іс  жүзінде  негізсіз 
ұшыратты.  Минералдық  ресурстар,  металлургия  және  химиялық  өнеркәсіп 
салаларындағы  Тәуелсіз  кеңесшілер  мен  сарапшылар  бірлестігі  Ресейдің 
Мемлекеттік теңгерім қорындағы мәліметтерге жасалынған талдауға сүйене 
отырып, фосфат кендері бойынша Ресей әлемде ҚХР, Марокко және АҚШ-
тан кейін төртінші орын алатынын көрсетті [66].  
Басқа  дәлелдемелер  бойынша,  10  млрд  т  (әлем  бойынша  60%)  фосфат 
қоры  бар  Марокко  алда  тұр,  Тунистің  қоры  1,2  млрд  т  деп  бағаланады,  ірі 
ресурсты  және  өндіруші  елдер  қатарына  Ресей,  АҚШ,  Бразилия  жатады.  
[70]  жұмыста  назар  қызықты  ұстанымға  аударылған:  белгілі  бір  шикізатты 
немесе  өнімді  тұтынуда  алда  келе  жатқан  елдерде  өзіндік  кен  ресурстары 
тиісті  мөлшерде  болмайды  немесе  мүлдем  жоқ,  осының  салдарынан 
жекелеген  мемлекеттердің  саяси  тәлімі  барабар  емес  болады.  Бұл 

113 
 
ұстанымның  пайдалы  бөлігі  бойынша  жалпы  әлемдік  қоры  17  млрд  тонна 
болатын  фосфат  шикізатына  да  қатысы  бар.  Қазақстанда  да,  Ресейдегі 
сияқты,  тыңайтқыштар  өндірісі  көлемдерінде  айтарлықтай  айырмашылығы 
бар  экспорт  бағытындағы  бизнес  болып  табылады.  Әлемдік  корпоративтік 
сектордағы  фосфор  индустриясының  алыптары  анықталған  –  американдық 
Mosaic,  мароккалық  OCP,  ресейлік  «Фосагро»  және  «Еврохим»,  канадалық 
PotashCorp, бас пункті Бразилияда орналасқан Bunge [69]. 
Ғылыми  мәліметтер  бойынша,  фосфор  тыңайтқыштарын  басқа 
тыңайтқыш  түрлерімен  бірге  пайдаланған  кезде  мақта  өнімін  20–29%-ға, 
қант қызылшасының өнімін 35–40%-ға, бидайдікін – 5–11%-ға, жүгерінікін – 
20%-ға,  көкөністер  өнімін  –  40%-ға  дейін  арттырады.  Әдебиет  көздеріндегі 
мәліметтерге  орай,  ТМД  елдеріндегі  минералды  тыңайтқыштарды 
тұтынылуы ауыл шаруашылығы дамыған елдерге қарағанда төмен екен (6.3-
кесте).  2010  жылы  Қазақстанда  жыл  сайынғы  қажетті  2  млн  тоннаның 
орнына  30  мың  тонна  минералдық тыңайт-қыштар  тұтынылған.  2011  жылы 
дәнді-дақыл  егілетін  жерлердің  78%-ы,  азықтық  дақыл-дардың  89%  егіс 
жері, картоп, көкөніс және техникалық дақылдарға арналған алқаптың 60%-
ы тыңайтылмай қалды. Республиканың 272,5 млн га жерінің 225 млн га жері 
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жатады.  
 
6.3-кесте. Әртүрлі елдердегі және Қазақстандағы тыңайтқыштардың  
қолданылуы (кг/га) мен астықтың жиналуы(ц/га) жайлы мәліметтер 
 
Елдің атауы 
2005 ж. 
2008 ж. 
2011 ж. 
Ұлыбритания 
319/49,1 
367/55,0 
348/59,2 
ФРГ 
1180/44,3 
426/52,9 
411/56,7 
Франция 
309/48,4 
297/57,1 
312/61,0 
Венгрия 
262/47,3 
253/50,4 
246/44,1 
АҚШ 
113/37,5 
100/47,4 
106/47,1 
Ресей 
68/12,9 
96/14,5 
90/18,5 
Қазақстан 
14,0/10,9 
28/9,6 
23/13,5 
 
Құрамында  магнийі  бар  фосфаттарды  фосфор  қышқылына,  екі  еселік 
суперфосфатқа  және  амофосқа  қайта  өңдеуіндегі  қиындықтар  баяғыдан 
мәлім.  Алайда  бұл  бағыттағы  жүйелі  зерттеулер  тиісті  мөлшерде 
жасалынбаған.  Экстрациялық  фосфор  қышқылы  (ЭФҚ)  өндірісі  тиісті 
дәрежеде  ғылыми  негізделген  нормаларға  жетпейтін  көрсеткіштермен 
сипатталады.  Бұл  білімнің  жетіспеушілігінен  және  шикізат  ыдырауына, 
кальций  сульфатының  кристалдануына,  оның  сүзгіленуі  мен  тазартылуына 
ықпал  етуші  факторларды  есепке  алудағы  кемшіліктерге  байланысты 
туындайды.  Мұндай  үдерістерді  оңтайландыру,  әдетте,  зертханалық 
жағдайда жасалынады, өндірістік үдеріске алмастырылған кезде жасалынған 
үлгілер  оның  өнеркәсіптік  экстратор  мен  сүзгілеу  барысында  орын  алатын 
ерекшеліктерге орай тиісті үдеріске сай келмей қалады. 
Төменгі  сападағы  фосфориттерді  барынша  пайдаланып,  фосфор 
өнеркәсібіндегі  техногендік  қалдықтарды  кәдеге  жаратуды  қамтамасыз 

114 
 
ететін  жаңа  үдерістерді  зерттеуге  бағытталған  технологиялық  көріністегі 
ғылыми-зерттеу жұмысы ары қарай да өзекті болатыны анық.  
Өндірістік-шаруашылық  байланыстар  құлдыраған  кезде,  «Қаратау» 
мемлекеттік  бірлестігінің  (қазіргі  «Казфосфат»  ЖШС  жеке  меншік 
кәсіпорны)  бұрын  алып  келе  жатқан  бірнеше  миллиондық  даралық  демеу 
қаржының  жоқтығынан,  пайдаланылатын  материалдардың,  қосалқы 
бөлшектердің  және  жабдықтардың  ұдайы  қымбаттауы  салдарынан  химия 
өнеркәсібіне  таяуда  қаржы  салу  қиын  және  де  мемлекеттік  деңгейдегі 
көзқарастар  мен  шешімдерді  талап  етеді.  Жеке  капиталға  бағынатын 
кәсіпорындар  қалыптасқан  жағдайдан  алатын  олжасын  сезіп  отыр, 
сондықтан да кәсіпорын техникасын қайта жабдықтауға және оның жұмысы-
ның экономикалық тиімділігін арттыруға күш жұмсауға асықпайды. Оларды 
шешудің  ұсынылып  отырған  жолдары  мынадай:  сыртқы  сауданы  кеңейту 
және  өндіріс  техникасын  қайта  жабдықтауға  қаржы  салу,  соның  ішінде 
технологиялық  жабдықтарды  жаңартуға,  жөндеу  шаруашылығына  және 
өндірістің  дәстүрлі  салаларын  жаңа  технологиялық  жабдықтармен 
қамтамасыз  етуге  қаржы  салу;  минералды  шикізат  тауарын  шығаруға 
арналған  кенді  дайындауға  қажетті  жүктеусіз  қуаттарға  негізделетін 
өндірісті  ауқымды  түрде  әртараптандыру.  Өндірісті  әртараптандырудың 
ұсынылып  отырған  жолдары  кәсіпорынның  нарықтық  мүмкіншіліктері  мен 
айырбастау  байланыстарын  кеңейтуді  қамтамасыз  етеді  және  де  валюта 
ресурстарын  алудың,  негізгі  өндірісті  қайта  жабдықтауға,  жөндеуге  және 
қайта  құрастыруға  қаржылық  қолдау  алудың  көздерінің  бірі  болып 
табылады.  Келеңсіз  құбылыстарды  жою  үшін  мемлекет  пен  үкіметтің 
(заңдар  қорын  жетілдіру,  икемді  салық  саясаты,  қайта  жаңартылмайтын 
минералды  ресурстардың  шығысына  және  екінші  шикізат  пен  матриалды 
пайдалануға  қатысты  мемлекеттік  бағдарламаларды  қабылдау  және  т.с.с.) 
араласуы  қажет.  Басқару  реформасы  мен  өндірісті  тиімді  ұйымдастыру 
арасындағы  алшақтық  төменгі  жалақыға,  экологиялық  іс-шараларға 
шығатын  шығындардың  аздығына  (дамыған  елдермен  салыстырғандағы), 
негізгі және қосалқы өндірістер технологиясы мен аппаратурасын жетілдіру 
ниетінің  жоқтығына  (кейде  тіпті  табиғатты  қорғау  технологияларын 
пайдаланудан  бас  тартуына)  байланысты  болады.  Көптеген  мамандар 
өндірістегі  қалыпсыздықтан  болатын  қаржылық  проблемалар  мен  саланың 
дамуы  келешегіне  сенімсіздігінен  жұмыстан  кетіп  қалады,  бар  кадрлардың 
даярлық  деңгейін  көтеру  қажеттілігі  туындайды.  Осыған  орай,  барлық 
кәсіпорындарға  арнап  кадрларды  оқытудың  бірнеше  түрі  (оқу  курстары, 
техникалық  кластар  және  т.б.)  қамтылған  арнайы  оқу  бағдарламалары 
жасалуда,  сондай-ақ  жоғары  білікті  мамандарды  даярлаудың  оқу-өндірістік 
орталығын қалыптастыру жобалануда [71]. 
Қаратау  бассейні  Өзбекстан,  Түркімения  мен  Ресейдегі  фосфорлық 
және  басқа  химиялық  кәсіпорындарда  ары  қарай  өнеркәсіптік  өңдеуден 
өтетін Азия аймағындағы жалғыз кенорны болып табылады.  

115 
 
Екінші  жағынан,  Қазақстан  топырақтық  ресурстар  бойынша  әлемдегі 
алдыңғы орындардың біріне ие. Мұнда 25 млн га қаратопырақты, 90 млн га 
қызғылт, 119 млн га қоңыр және сұрғылт-қоңыр, 37 млн га тау етегі және тау 
топырағы бар жерлер жатыр. 
Қаратаудың  әдеттегі  фосфорит  кені  аса  жұтаң,  қажетсіз  қоспаларының 
мөлшері көп, 28-33 % шамасындағы фосфор тотығы бар моношикізатты алу 
үшін және оны ары қарай сары фосфорға өңдеу үшін шикізаттың химиялық 
қорын  молайтуды  қажет  етеді.  Қаратаудың  әдеттегі  фосфориттерінен 
экстрациялық  фосфор  түріндегі  Р
2
О
5
  бір  тоннасын  өндіру  ресейлік  хибин 
апатитінің  концентратынан  алынатынымен  салыстырғанда  екі  есе  қымбат 
болады.  
Нарықтағы  жағымсыз  жағдаятқа  (минералдық  тыңайтқыштарға 
сұраныстың  төмендеуі),  кәсіпорын  қызметі  жағдайларының  нашарлауы 
(электрэнергия  мен  транспорттық  қызметтер  тарифтерінің  көтерілуі) 
салдарынан  өндіріс  көлемін  ұлғайту  қарқынын  қысқартуға  мәжбүр  болады. 
Қазіргі таңда фосфор шикізатын өндіру мен өңдеуге қажетті технологиялық 
үдерістер  мен  жабдықтарды  жаңарту  қажеттілігі  мен  сұранысы  туындап 
отыр.  Қазақстан  соңғы  жылдары  фосфат  өнеркәсібіндегі  көптеген  өнім 
түрлеріне  қатысты  сыртқы  нарықтағы  өзіндік  жайғасымынан  айырылып 
қалды.  Бұл  өнімдер  нарығы  айтарлықтай  ауқымды  және  де  Қазақстан 
бәсекелестікке 
қабілеттілігін 
көтерсе, 
тұрақты 
түрде 
жеткізуді 
ұйымдастыратын болса, өзінің бұрынғы нарықтағы жайғасымына қайта қол 
жеткізіп, жаңа белестерге шыға алады. 
Жағдаяттық 
қиыншылықтардан 
басқа, 
дәстүрлі 
экспорт 
нарықтарындағы  –  ЕС,  АҚШ,  Қытай;  Бразилия  –  шығын  саудаға  қарсы 
тексерулер 
минералды 
тыңайтқыштарды 
өндірушілердің 
басты 
проблемаларының  бірі  болып  қала  береді  (шығынсауда  –  арзанқол  экспорт, 
бәсекелестерді  ығыстырып,  сыртқы  сауда  нарықтарын  жаулауды  мақсат 
етеді,  тауарларды  ел  ішіндегі  немесе  әлемдік  нарықтағы  бағадан  төмен 
бағамен  елден  шығару.  Шығынсауда  экспортаушы  фирманың  есебінен 
немесе  экспорттық  жіберулерге  мемлекеттік  демеу  қаржының  бөлінумен 
жүзеге  асырылады).  Минералды  тыңайтқыштар  өндірісін  кеңейтуге  ішкі 
нарық  әлсіздігі  шектеу  қояды.  Бүгінгі  таңда  республикадағы  барлық 
топырақтың  1%-дан  да  төмен  мөлшеріне  минералды  тыңайтқыштар 
пайдаланылады.  1990  жылы  еліміздегі  тыңайтылатын  аумақ  28%-ды  құрап, 
Қазақстан  жыл  сайын  1,2  млн  тонна  минералды  тыңайтқыш  пайдаланып 
отырған.  Осылайша  ауыл  шаруашылығының  төлеу  шамасы  өскен  сайын 
тыңайтқыштарға  сұранысы  да  арта  түседі.  Егер  қалыптасқан  жағдай 
өзгермесе, Қазақстан Республикасының бірқатар аймақтарындағы жерлердің 
азып-тозуы  қайтарымсыз  жағдайға  душар  болуы  мүмкін  және  де  осының 
салдарынан Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төнеді.  
«Казфосфат»  ЖШС-і  фосфорды  өндірудегі  және  сатудағы  қазіргі 
қарқынына  тауарлық  өнімнің  жоғары  сапасы,  бәсекелестік  құны  және 
жеткізудегі  ұйымдастырылған  қызмет  түрлері  арқылы  қол  жеткізіп  отыр. 

116 
 
Өзінің  бес  жылдық  іс-әрекеті  барысында  кәсіпорын  ТМД  ішіндегі  ең 
келешегі  мол  кәсіпорындар  қатарына  енді.  «Казфосфат»  ЖШС-нің  2000 
жылы сатылған өнімінің көлемі 15 млн долл. астам болса, 2001-де – 45 млн 
астам,  2002-де  –  72  млн  астам,  2005  жылы  –  115  млн  долл.  шамасында,  ал 
2006  ж.  –  192  млн  500  мың  долл.  болды.  Химиялық өнімнің  басқа  түрлерін 
шығаруда  да  тұрақты  өсуді  байқауға  болады.  1999  жылы  6,5  мың  тонна 
фосфор шығарылса, 2003 жылы – 60,7  мың тоннаны құрады. Сондықтан да 
фосфорды  экспортқа  шығаруды  ұлғайту  әрекеті  «Казфосфат»  ЖШС-нің 
өндірісті  ұлғайту  жоспарларымен  үйлесімін  табады.  Кәсіпорынның  бас 
директорының  айтуынша  [69],  түсімнің  басым  бөлігін  сары  фосфор  мен 
минералды тыңайтқыштар құрайды екен (2006 жылы 125,3 мың т). Сондай-
ақ  кәсіпорын  ортофосфор  қышқылын  (32,1  мың  т  2006  ж.),  натрий 
триполифосфатын  (34,5  мың  т),  фосфат  шикізатын  (1059,3  мың  т)  өндіреді. 
2007  жылдан  бері  өнімнің  негізгі  түрлерін  шығару  көлемі  айтарлықтай 
ұлғайды.  
Қазіргі 
уақытта 
«Казфосфат» 
ЖШС 
Қаратау 
апатиті 
мен 
фосшикізатынан  аммофосты  өндіруді;  ресурсты  үнемдейтін  технология 
бойынша  ұзақ  әсерлі  тыңайтқыштарды;  ұзақ  әсерлі  аммоний  кальций 
фосфатын;  Қаратау  фосфор  шикізатынан  азықтық  үшкальцийфосфатын 
өндіруді; 
сульфокөмір 
тозаңы 
мен 
аммофосқа 
негізделген 
сульфокөміраммофос 
органоминералдық 
тыңайтқышын; 
Қаратау 
фосшикізатынан нитроаммофосты өндіруді меңгерген.  
Фосфор  тыңайтқыштары  топырақты  қажетті  қоректік  элементпен  – 
фосформен байытудың жалғыз ғана көзі болып табылады. Сонымен фосфор 
тыңайтқыштарын  алмастыратын  зат  жоқ.  Дегенмен  де  фосфор 
тыңайтқыштарының  түрлері  қандай  да  бір  мөлшерде  бірін-бірі  алмастыра 
алады. Соңғы жылдары қарапайым тыңайтқыштарды пайдаланудан кешенді 
тыңайтқыштарды  пайдалануға  ауысу  беталысы  байқалады.  Осының 
салдарынан  өндірушілер  сұранысы  маңызды  тыңайтқыш  түрлерін  өндіруге 
көшуде. 
Мәселен, 
Қытайдағы 
суперфосфат 
зауыттары 
кешенді 
тыңайтқыштар өндірісіне қатысты құрал-жабдықтарын орнатуда.  
Химия  саласындағы  проблемалар  шикізатты  өндіруден  бастап  өнімді 
өндіруге  дейінгі  технологиялық  шектеулердің  жоғары  деңгейдегі  аяқсыз 
дайындыққа байланысты туындады.  
Сонымен  тиісті  саладағы  өндірістің  қажетті  дәрежеге  жетпеуінің  және 
оның  жұмысындағы  тұрақсыздықтың  негізгі  себептеріне  төмендегілер 
жатады: 
– сыртқы нарыққа өткізу дәстүрінің жойылуы, оны қалыпқа келтірудегі 
және қазақстандық орынды басқа ел өндірушілері алып отырған жағдайдағы 
жаңа өткізу нарығына енудегі қиыншылықтар; 
– сырттан  келетін  шикізатқа  бағытталуы  салдарынан  химиялық  өнімде 
сапасы  мен  құны  бойынша  шетелдік  аналогтармен  салыстырғандағы 
бәсекелестік қабілеттіліктің жоқтығы; 
– ауыл  шаруашылығындағы  тұтынушылардың  төлем  қабілеті  бар 

117 
 
сұранымының 
төмен 
болуы 
және 
минералды 
тыңайтқыштардың 
сұрыпталымдық шегі; 
– негізгі технологиялық жабдықтаманың жоғары деңгейдегі физикалық 
және сапалық тозуы (60-70%-ға дейін); 
– өнеркәсіптік  өндіріс  құрылымының  шикізатқа  бағытталуы  және 
экспорт; 
– дайын өнімнің сұрыптамалық шегі; 
– тиісті саладағы көптеген кәсіпорындардағы қаржылық тұрақсыздық; 
– ірі  тоннадағы  өнімді  тасымалдауға  жұмсалатын  аса  көп  мөлшердегі 
шығындар; 
– басты  өндіріс  түрлерінің  аса  жоғары  дәрежедегі  экологиялық  қауіп 
төндіруі,  қоршаған  ортаны  қалыпқа  келтіруге,  ластандыратын  заттарды 
ағымдағы  тастандыларды  азайтуға  жұмсалатын  шығын  мөлшерінің  жоғары 
болуы; 
– тікелей  қаржы  бөлу  мен  несиелік  қаржыны  салудағы  тәуекелділік 
деңгейінің жоғары болуы; 
– тиісті  саладағы  негізгі  кәсіпорындар  мен  шағын  бизнестегі  жұмыс 
орындары. 
Сонымен,  біз  фосфор  мен  оның  деривативтері  нарығының  құрылымы 
мен  дамуы  беталыстарын  қарастырдық.  Ғалым-фосфатшылар  табиғи  және 
қайталама  фосфат  шикізатын  өңдеудің  проблемаларына  қатысты 
зерттеулерді  белсенді  түрде  жалғастыруда.  Аталмыш  проблема  Қазақстан 
Республикасының  химия  өнеркәсібінің  дамуы  тұжырымдамасының  басым 
бағыты  болып  қала  береді  [72].  Ұсынылып  отырған  РЖХ  шолуы  құрамалы 
сипатта болды. Аталмыш тақырыптағы РЖХ ұсынып отырған зерттеулерінің 
негізгі бағыттарын атап көрсетейік:  
•  Экологиялық  сипаттағы  басылымдар  саны  көбейді,  қандайда  бір 
технологияның эколо-гиялық жақтары қарапайым әдетке жасалынған құрмет 
емес, қоршаған ортаны қорғау мәселелері, адамның техногендік іс-әрекетінің 
әсері  планетаның жалпы  ортақ  ғалами  проблемасы  ретінде  қарастырылады. 
Жасыл химия (Green Chemistry) – қоршаған ортаға жағымды әсер ететіндей 
етіп  химиялық  үдерістерді  жетілдірудегі  кез  келген  әрекетті  жатқызуға 
болатын химиядағы ғылыми бағыт. Ғылыми бағыт ретінде ХХ ғасырдың 90-
шы  жылдары  пайда  болған.  Әлемнің  көптеген  зертханаларында  жасалатын 
химиялық  реакциялар  мен  үдерістердің  жаңа  сызбалары  ірі  тонналық  өнім 
шығаратын  өндірістердің  қоршаған  ортаға  тигізетін  әсерін  түбегейлі 
қысқартуға  бағытталады.  Өндірушілер  қауіпті  заттарды  пайдалану 
барысындағы  химиялық  қауіптерді  бұл  заттармен  жұмысшылардың 
түйіспеуіне шектеу қою арқылы азайтуға тырысады.  
•  Ғылыми  еңбектердің  басым  көпшілігі  тыңайтқыштар  өндірісіне 
арналады және де кешенді тыңайтқыштарға, органо-минералдарға, ұзақ әсер 
етуші  тыңайтқыштарға,  гуматтарға  және  мелиоранттарға  басымдылық 
беріледі.  

118 
 
•  Экстракциялық  фосфор  қышқылы  (ЭФҚ)  өндірісінің  мәселелері  оны 
қоспалардан тазарту тұрғысынан қарастырылады.  
•  Белгілі  бір  шамадағы  жұмыстар  мөлшері  фосфор  деривативтері 
өндірісінің  теориялық  немесе  физика-химиялық  негіздеріне  арналады.  Бұл 
құбылысқа  түсініктеме  бар,  өйткені  іргелі  зерттеулерін  Ғылым  мен  білім 
министрлігінің  (ҚР  БҒМ)  бюджеті  қаржыландырады.  ҒЗТКЖ  жұмсалатын 
бір жан басына шаққандағы шығыны экономикасы дамыған елдерде мынаны 
құрайды (доллармен): АҚШ – 892, Ресей – 420. Қазақстан бойынша мұндай 
мәлімет  жоқ,  мүмкін  цифры  аса  төмен  шығар,  бұған  біздің  еліміздегі 
жетекші 
ғалымдардың 
батыстағылармен 
салыстырғандағы 
жалақы 
деңгейінің төмендігі дәлел болады.  
•  Бірқатар  басылымдар  фосфориттерді  белсендіру  әдістеріне,  табиғи 
фосфат  шикізатын  өңдеуге  немесе  байытуға  арналады.  Мұндай  айғаққа  да 
түсініктеме беруге болады – өйткені жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар өткен 
ғасырдың  60–70-ші  жылдары  енгізілген  белгілі  технологиялық  айналымда 
жұмыс  жасайды,  өнеркәсіптік  кәсіпорындар  мен  ғылыми-зерттеу 
институттарының  ыдырауы  жағдайында  ғылыми  жобадағы  жаңалықтарды 
енгізу мүмкін емес.  
•  Тыңайтқыштарды  алуға  қажетті  қондырғылар  мен  конструкторлық 
ерекшеліктерге арналған басылымдар да қызықты.  
Фосфор  тыңайтқыштары  технологиясының  басты  проблемалары  [70] 
жұмыста  қарастырылған.  Ресейдің  фосфаттық  шикізат  қорын  Вятск-
Камскдегі, Егорьевскідегі, Полпинскідегі кенеусіз кендерді өңдеуге кірістіру 
арқылы  кеңейтуге  болатыны,  суперфостар  сияқты  біржақты  фосфор 
тыңайтқыштарының  жаңа  түрлерін,  сондай-ақ  төменгі  мөлшердегі  фосфор, 
күкірт қышқылдары немесе олардың қосындылары арқылы немесе аммоний 
сульфатының  қышқыл  ерітінділерінің  көмегімен  фосфориттерді  ыдырату 
арқылы  алынатын  алуан  түрлі  ұзақ  мерзімдік  әсері  бар  кешенді 
тыңайтқыштарды өндіруге болатыны атап көрсетілген.  
Өндіріс  технологиясын  жетілдіру  арқылы  күрделі  минералдық 
тыңайтқыштардың  сапасын  жақсартудың  проблемалары  қарастырылған. 
Кармабид  пен  аммофос  қалдықтарын  пайдалана  отырып  алынған  N:  P
2
O
5
  : 
K
2
O  =  1:1:1  қатынасындағы  кармабид,  аммофос  және  калий  тұздарына 
негізделетін  тыңайтқыштардың  физика-химиялық  қасиеттеріне  зерттеулер 
жүргізілген.  
Өндірістің  қалыптасқан  құрылымына  және  «Казфосфат»  ЖШС  бар 
жабдықтамаға  байланысты  тазартылған  ЭФҚ  (ЭФК)  алудың  және  осыны 
пайдалана отырып, құрамында фосфоры бар әртүрлі мақсатта қолданылатын 
өнімдерді алудың икемді технологиялық сызбасы құрастырылды. Осы сызба 
арқылы әртүрлі шикізатты пайдалана отырып, сұранысы мен сапасына орай 
бірқатар өнімді шығаруға болады.  
Қытай  ғалымдары  эмульсиялық  сұйық  мембраналарды  қолданып 
ылғалды  әдіспен  фосфор  қышқылын  магнийден  тазалаудың  жаңа 
технологиясын сипаттаған.  

119 
 
Оңтүстік  Қазақстан  ғалымдары  фосфор  қышқылындағы  шоғырланған 
ерітінділеріндегі 
монокальцийфосфатының 
(МКФ) 
кристалдану 
жылдамдығын  зерттеген.  Кальций  сульфатының  ылғалды  жартылай 
гидратын  сулау  арқылы  түйіршіктердің  орташа  өлшеміне,  жартылай 
гидраттың түйіршікті дигидрадқа топохимиялық ауысуы кинетикасына және 
сәйкесінше  фазалық  ауысуы  барысындағы  түйіршіктердің  беріктілікті 
жинақтау  кинетикасына  немесе  олардың  жетілуі  барысындағы  шекті 
беріктігіне  молибден  (V),  мыс  (II),  кобальт  (II)  қоспаларының  әсері 
байқалды.  
ЭФҚ  тақырыбы  бойынша  зерттеулердің  ерекшелігі  жоғарыда  айтылды 
– барлық басылымдар фосфор қышқылын тазартуға арналған [74]. 
Сапасы  төмен  де,  жоғары  да  фосфат  минералдарына  қолданылатын 
қышқылсыз  өңдеудің  жаңа  әдістері  жасалуы  технологиялық  та, 
экономикалық  және  экологиялық  та  тұрғыдан  қызықтыруда.  Фосфат 
шикізатын  қышқылсыз  өңдеудің  әдістеріне  жасалынған  шолу  ұсынылады: 
фосфат  топтарының,  термофосфаттардың,  механикалық  белсендірілген 
фосфаттардың,  аралас  тыңайтқыштардың,  биологиялық  өңделген  фосфат 
минералдардың, 
Р-құрамды 
біріктірілген 
тыңайтқыштар 
мен 
биотыңайтқыштардың тікелей қолданылуы.  
Қоңыр көмірді сілтімен экстрациялау арқылы гумин қышқылдарын алу 
тәсілі  зерттелді.  Фосфорит  пен  дикальцийфосфаттың  өзара  гумин 
қышқылдарымен  араласуындағы  суда  еритін  және  сіңірілетін  фосфаттың 
үлесін арттыруға жасалынған зерттеулер бойынша эксперимент жүргізілді.  
Кимовск  кенорнының  әртүрлі  қатынастағы  апатит  концентраты  мен 
фосфор  ұнтағының  қоспасын  шикізат  ретінде  қолдана  отырып  күрделі 
тыңайтқышты  алу  мүмкіншілігін  анықтауға  бағытталған  зерттеулер  жүзеге 
асырылды.  Верхнекаменск  фосфорит  ұнтағын  (21-23%)  Р
2
О

азот-фосфор 
қышқылдары 
ерітінділерімен 
ыдырату 
нәтижесінде 
алынған 
қойыртпақтарды  аммонизациялау  үдерісі  зерттелді.  Кирово-Чепецк 
химиялық  комбинатының  қызметкерлері  тыңайтқыштарды  алу  тәсілдерін 
патенттейді  [75, 76].  Аммонизацияланған  NP-қойыртпақтарын  булап, 
алынған қойырпақтарды калий хлоридімен араластырып, өнімді түйіршектеп 
және  кептіріп,  шығатын  газдардан  тазартып,  газдарды  тазарту  кезіндегі 
пайда болған сілті реагенті араласып кеткен тыңайтқыштың сулы ерітіндісін 
өңдеп, оны булап, буланған ертіндіні қайта түйіршектеу арқылы минералды 
тыңайтқышты алудың тәсілі патенттеледі [72].  
Апатитті  азот  қышқылымен  ыдыратып,  кальций  нитратын  бөліп  алып, 
аналық  ерітіндіні  аммиакпен  бейтараптандырып,  бейтараптандырылған 
ертіндіні  булап,  калий  хлоридімен  араластыру  арқылы  күрделі 
тыңайтқышты алудың тәсілі патенттеледі [76].  
Хлортолуролды  сілтісіздендірудің  деструкциясы  мен  қарқынына 
аммоний  сульфаты  мен  несепнәрдің  ықпалына  жасалынған  зертханалық 
зерттеулер  мұндай  үдерістердің  топырақтың  тереңірек  қабаттарында 
қарқындай  түсетінін  көрсетті.  Фосфогипс  (ФГ)  күкірт  қышқылымен  таулық 

120 
 
топтағы  фосфатты  ыдырату  арқылы  алынатын  фосфор  қышқылы 
өндірісіндегі  жанама  өнім  болып  табылады.  Каир  қаласындағы  Орталық 
металлургия институтындағы египеттік ғалымдар ФГ бөлшектерінің өлшемі 
қышқылды  сүзгілеудің  жылдамдығына  ықпал  етуші  үдерістің  басты 
экономикалық  факторы  болатынын  айтты.  Үстірт  белсендірілген  заттар 
(ҮБЗ)  (ПАВ)  гипс  кристаллдарының  өсуіне  айтарлықтай  тиімді  әсер  етуші 
қоспалар  болып  шықты.  Фосфогипсті  кешенді  өңдеудің  технологиясы 
қарастырылды.  Төменгі  концентрациядағы  тұз  қышқылы  (5-6%)  жоғары 
дәрежеде  (97-98%)бөліп  алынған  ерітіндіге  аммонийді  сілтісіздендіруден 
кейінгі  ерімейтін  қалдықтардан  (е.қ)  (н.о.)  сирек  жер  элементтерін  (РЗЭ) 
(СЖЭ)  айырып  алудың  тәсілі  жасалынды,  бұл  ертіндіге  ауысуы 
барысындағы  ерімейтін  қалдықтарға  ыдырауына  қатысты  қышқылдың 
үлестік  шығынын  айтарлықтай  төмендетуге  мүмкіндік  береді  және  де 
осының  салдарынан  ерітіндіден  сирек  жер  элементтерінің  (РЗЭ)(СЖЭ) 
фосфаттар  мен  сирек  жер  элементтерінің(РЗЭ)  (СЖЭ)  гидроксидтері, 
кальций  мен  жарма  тотықтары  түрінде  бөлініп  шығуының  аралық 
кезеңіндегі  аммиак  шығыны  төмендейді.  Қазіргі  кездегі  әлемдік  іс-
тәжірибеде  фосфат  шикізатының  сапасы  ондағы  Р
2
О

құрамы  мен 
экологиялық  бақылаудағы  элементтерді  (ЭКЭ)  (ЭБЭ)  есепке  алу  арқылы 
кешенді  бағаланады.  Унечск  фосфорит  ұнтағы  мен  кенді  байытудың  ауыр 
фракциясы үлгілеріндегі экологиялық бақылаудағы элементтердің құрамына 
жасалынған  рентгеноспектрлік  талдаудың  нәтижелері  келтірілген.  РЖХ 
ТМД 
елдеріндегі 
фосфор 
өнеркәсібінде 
жұмыс 
жасап 
жатқан 
кәсіпорындардың  өндірісі  жайлы  статистикалық  мәліметтерді  жариялап 
отыратындығы жайлы айта кеткен жөн.  
Патенттелген  және  техникалық  әдебиеттерге  жасалынған  талдау  кең 
көлемді  сұрыптамадағы,  құрамында  магнийі  бар,  байытылуы  қиын  фосфат 
шикізаты біздің елімізде өнеркәсіптік өңдеуге кірістірілген. Шетелде (АҚШ, 
Флорида  штатында)  жоғары  сапалы  шикізаттың  қоры  көп  болғандықтан 
құрамында  магнийі  фосфат  шикізаты  ЭФҚ  өңдеуіне  кірістірілмейді.  Тунис, 
Марокко,  Сирия  фабрикаларында  кенді  бөлшектеу  мен  талдап  даңғырлы 
ұнтақтауды  пайдаланып,  өңдеуге  шамалы  ғана  шығын  шығара  отырып, 
жоғары сапалы концентрат алынады.  
Қазақстандық 
ғалымдардың 
жұмыстары 
Қаратау 
бассейнінің 
минералдық  шикізатын  қышқылды-жылумен  немесе  жылумен  өңдеу 
тәсілдеріне  байланысты  болды.  Шикізатты  өңдеу  әдістеріне  бұрынырақ 
жүргізілген техникалық-экономикалық бағалаулары жылумен өңдеу әдісінің 
экономикалық  тұрғыда  тиімді  емес  (дотация  жағдайында  және  құнының 
бағасына  сәйкес  болмауы)  екендігін  көрсетті,  алайда  баға  құрылымының 
қайта  қаралуы  мен  нарықтық  қатынастардың  енгізілуі  фосфорлық  шағын 
сала  өнімінің  шамалы  қымбаттауына  әкелді.  Аталмыш  шолудың  авторы 
кенді  күкіртті  қышқылмен  өңдеудің  тәсіліне  тегін  сүйеніп  отырған  жоқ. 
Оңтүстік  Қазақстан  аймағындағы  күрделі  қаржылық-экономикалық 
жағдайды (бір шетелдік/жергілікті инвестордан екінші біреуіне шексіз өткізе 

121 
 
беру) ескере отырып, энергия тасымалдаушылардың кенеттен қымбаттауына 
орай  Қаратау  фосфориттерін  жылумен  тыңайтқышқа  өңдеу  тәсілі  жайлы 
әңгіменің  болуы  мүмкін  емес  (ғарыштық  және  әскери-стратегиялық 
зерттеулер үшін өндірілетін аса таза материалдарды айтпағанда).  
Ауыл 
шаруашылығын 
химияландыру 
ауыл 
шаруашылығы 
өсімдіктерінің өнімі көтерілгенді бұрынғы КСРО-ның жағымсыз тәжірибесін 
де  ескерген  жөн.  Алайда  бұл  өсімді  Батыста  ХХ  ғасырдың  50-ші  жылдары 
болған  «жасыл  төңкеріс»  нәтижелерімен  мүлдем  салыстыруға  болмайды. 
«Жасыл  төңкерістің»  мағынасы  мынада  болды:  топырақты  арнайы  өңдеу 
арқылы  жерді  өңдеудің  кешенді  технологиясын  қалыптастыру,  егіс 
айналымдарының  жүйесін  оңтайландыру,  өсімдіктерді  қорғау  амалдары, 
топырақтың сапасына қарай сорттарды  таңдау, топырақтың сапасына қарай 
белгілі  бір  тыңайтқыштарды  (минералды,  органикалық  және  органо-
минералдық)  қолдануға  қатысты  нұсқаулар  және  т.б.  Және  де  «бұл  іс-
шаралардың әрқайсысы ерекше бір ғылыми жетістікті білдірмейді. Кешенді 
тұрғыдан қарап, жекелеген әрекеттерді ақылдасу  арқылы ғана нәтижеге қол 
жеткізуге болады».  
Сондықтан 
минералды 
тыңайтқыштар 
жайлы 
айтқанда, 
«минералдау/химияландыру»  қандай  да  бір  өзіндік  мақсат  емес,  «жасыл 
төңкеріс»  арсеналындағы  ауыл  шаруашылығы  өндірісін  жеделдетудің 
құралы болатынын айта кеткен жөн.  
Ары  қарай  ғылыми-технологиялық  дамудағы  жаңа  беталыстар  мен 
басымдылықтарды  ескерген  дұрыс.  Кейбір  аналитиктердің  таяудағы 
онжылдықтың  басым  бағыттары  болып  а)ақпараттық  және  телебайланыс 
технологиялары;  ә)  білім;  б)  медицина  мен  денсаулық  сақтау;  в)  қоршаған 
ортаны  қорғау  саналатыны  жайлы  айтуы  тегін  емес.  2011-2012  жылғы 
гранттық  қаржылануына  қатысты  конкурстық  құжаттамада  дәл  осы  басым 
бағыттардың атап көрсетілгендігі қуантады. 
Бүгін,  материалдық  өндірістің  төрт  түрлі  ірі  саласынан  басқа,  атап 
айтқанда:  кен  өндіруші  өнеркәсіптен,  ауыл  шаруашылығынан,  өңдеуші 
өнеркәсіп пен транспорттан басқа жаңа бесінші өндіріс саласы – «қоршаған 
ортаны  қорғау  және  табиғи  ресурстардың  ұдайы  толықтырылуы»  –  жайлы 
айту  орынды  болады.  Қазіргі  таңда  табиғи  ресурстарды  сақтау  мен 
жақсартуға  жұмсалатын  шығындар  мөлшері  жалпы  күрделі  қаржыландыру 
мен  ұлттық  табыспен  салыстырғанда  жылдамырақ  өсуде,  және  мұндай 
үдерістерді барлық дамыған елдерден байқауға болады.  
Республикада  өнеркәсіптік  өндірістің  18  млрд.  астам  әртүрлі 
қалдықтары  жиналып  қалған  және  де  бұл  үдеріс  қарқыны  үдеу  үстінде. 
Олардың  жинақталуы  қарқынын  мынадай  статистикалық  мәліметтерден 
байқауға  болады:  1995  жылы  Қазақстанда  өндірістің  72,2  млн  тонна  улы 
қалдықтары қалыптасты, олардың ішіндегі 2,4 млн тоннасы қолданылды, 0,7 
млн тоннасы залалсызданды, ал 69,1 млн тоннасы «жинақтауыштарға» кетті. 
2001  жылы  өндірістің  130,0  млн  тонна  улы  қалдықтары  «құрастырылды», 

122 
 
олардың  ішіндегі  23,7  млн  тоннасы  қолданылды,  1,6  млн  тоннасы 
залалсызданды, ал 104,7 млн тоннасы «жинақтауыштарға» кетті. 
Осыған  орай,  Қазақстанда  жаңа  бесінші  өндіріс  саласын  –  «қоршаған 
ортаны  қорғау  және  табиғи  ресурстардың  ұдайы  толықтырылуын» 
қалыптастыру қажеттілігі пісіп жетілді.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет