Тау кен-металлургия саласында әлемдік металлургия саласындағы
үздік жетістіктермен қатар тұруға лайық технологиялар дайындалды.
Қазақстандағы уран кеніштерінің (Уванас кен орны) жерастылық
сілтісіздендірілген ерітінділерінен ренийді бөліп алу технологиясы өндіріс
жағдайында жасалып, сынақтан өткізілді. Көлемді қаржы шығындарынсыз
жобаланған технология қазір жұмыс істеп тұрған уран өндірісіне қосылатын
болады.
Балқашта орналасқан «Қазақмыс Смелтинг» ЖШС мыс қорыту
өндірісінің күкірт қышқылы цехында металлургиялық газдардан шаюдан
қалған ерітінділердің құрамынан ренийді бөліп алу технологиясы ұсынылды.
Ағызылатын ерітінділерден ренийді бөліп алуды қолға алу арқылы аммоний
перренаты шығарылымын едәуір ұлғайтады.
«Қазақмыс Смелтинг» ЖШС-те өндірілетін қара селенді рафинаттауға
арналған экологиялық қауіпсіз технология мен аппаратура дайындалды. Осы
орайда қосымша алынатын маркалық металдың құны 10 есеге дейін өседі.
Коктал бокситтерін өңдеудің инновациялық Байер-гидрогранаттық
қалдықсыз технологиясы жобаланды. Бұл жоғары технологиялық және
экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жымдастыру
шегін болдырмау арқылы жүзеге асырылатын бокситтердің өңдеудің жаңа
технологиясы отын мен электр энергиясын пайдалануды төмендетуге (35%-
ға дейін), зиянды қалдықтардың атмосфераға таралуын айтарлықтай
азайтуға (2-3 есеге дейін), металлургиялық глиноземмен бірге галлий,
ванадий сынды сирек металдар, сонымен қатар құрылыста пайдалануға,
131
шойын, цемент, құрамында титаны бар қоқыс алу арқылы экономикалық
тиімді өңдеуге жарамды гидрогранаттық шлам алуға мүмкіндік береді.
Алтын өндірісі саласының асыл металдарды штейнге бөліп алу
арқылы алтынның байытылуы күрделі және ашылуы қиын түпкі кеніштерін
тікелей электрлік балқыту технологиясы жасалды. Ол алтынның
кеніштерден алынуын 60-70%-дан 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
«Теріскей» ЖШС өндірістік жағдайында тәжірибелік-зауыттық сынақтар
сәтті жүзеге асырылды.
Құрамында алтын бар минералды және техногенді шикізатты
деарсенациялауға арналған әмбебап вакуум-термикалық технология мен
үздіксіз жұмыс істейтін аппаратура жасалды. Күшән шағын токсиндік
сульфид түрінде жоюдың вакуумдық технологиясы экологиялық қауіпсіз
технология болып табылады. Ол Саяқ-4 кен орынында тірек
флотоконцентраттарды өңдеуде тиімді қолданыс табуы мүмкін және осы
орайда күшәнның аз тұқылы алынып (құрамында 0,3%-тен 0,9%-ға дейін
күшән бар), белгілі әдістермен алтын және кобальт өндіруге жіберілетін
болады.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік жағдайда жіңішке алтынды желілердің кестесі
жасалды.
Ашық жағдайда «Бағалы кендерді» ұштастырылған контурлық жарудың
параметрлерін есептеу әдістемесі әзірленді. Әртүрлі таулы-геологиялық
кеніштерден алтынды желілерді алудың негізгі параметрлері ұсынылды.
Әртүрлі геологиялық-өндірістік кеніштердегі нанопішіндерді қоса
алғанда алтынның фазалық пішіндерін толықтай анықтауда сараптамалық
әдістер кешені анықталды. Кеніштерден алтынды толық шығару
технологиясының әдістемелік нұсқаулықтары әзірленді.
Кеніштерден контейнерді көтеру – қайта тиеу және көтерудің
конструкциялық элементінің контейнерлік сұлбасы технологиясы әзірленді.
Алтынды үйінді күйінде қарқынды түрде сілтіден айырудың инновациялық
технологиясы жасалған және оның зертханалық сынағы жүргізілген.
Жартылай өндірістік флотоаппараттардың технологиялық сынағы
жүргізілген және өнеркәсіптік үлгінің жобасына ұсыныстар берілген
наноқуысты сорбенттерді қолдану арқылы технологиялық ерітінділерден
алтынды бөліп алу технологиясы енгізілген.
Электрбалқыту
жинақтаушысы
арқылы
алтын-мышьякты
концентраттан мышьякты уытсыз шпейза мен алтын қорғасынға
айналдырудың жаңа технологиясы әзірленді; гальваникалық өндіріс
қалдықтарындағы және радиотехнологиялық өнеркәсіптегі алтынды анықтау
тәсілдері анықталды.
Химиялық технологиялар саласында зертханалық жағдайда
изомерлеудің белсенділігі жоғары қызуы тұрақты катализаторлар мен
көмірсутектерді алкирлеу; майда бөлшектенген және механикалық қоспалар
тау-кен бұрғылауда қалдық суларды тазарту үшін және полиграфиялық
132
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында тиімді флокулянттар оңтайлы
флокулянтты құралдармен пайдаланылған.
Су-мұнай эмульсияларын деэмульсациялау үшiн жаңа химиялық
реагенттi синтездiң өңделген тәсiлi мен көп парафинді мұнайлардың
реологиялық параметрлерiн жақсарту; май қышқылдары мен госсиполадан
шайырды бөліп алу және мұнайды құрғату үшін деэмульгатордың синтезінің
мүмкіндігі көрсетілген. Әртүрлі металлдардың иондарының сорылып шығуы
үшін көпфункциялы макроторқабақты иониттер мен үлкен органикалық
молекулалар алғаш рет синтезделді.
Қаратаудың төменгі сортты фосфориті мен марганец қалдығынан
алынған құрамында фосфорлы марганеці бар тыңайтқыштар алудың күкіртті
қышқыл әдісімен қоспаны 115 ºС-та кептіріп, ыдыратып жіктеудің приципті
мүмкіндігі көрсетілген. Марганецті тыңайтқыш алудың бұл тәсілі еліміз
үшін де, шетелдіктер үшін де жаңалық болып отыр.
Тұрмыстық тұнба сарқынды су мен Қазақстан жерінен шығатын табиғи
алюмисиликаттардан минералды органикалық тыңайтқыш кешені жасалды
және жартылай өндірістік сынақтан өтті.
Күрделі гуминді тыңайтқыштарды алудың технологиясы үш түрлі
өсімдіктің өсуіне себепші болған; үш кальцийлі антиоксидатты
пирофосфатты жоғары деңгейде игерілген мегатыңайтқыш; тиімділігі
жоғары
жаңа
гуминді
тыңайтқыштар
алудың
оңтайландырылған
технологиялық әдісі белгіленді; бұрғылау ерітінділері үшін көмірсілтілі
реагенттер алу әзірленді. Көмірді газға айналдыру өнімділігі бойынша
тәулігіне 5 тонна өнім алуға болатындығы туралы технологиялық регламент
құрылды.
Энергетика секторын жетілдіру, қайта қалпына келетін энергия
көздерін пайдалану, энергияны үнемдеу бойынша жел электр станциясы
құрылды. Микроморфты кремний негізінде жұқапленкалы күн элементін алу
технологиясы әзірленді.
Тұрғынүй және әкімшілік ғимараттарды жылыту үшін әртүрлі қуатты
гидродинамикалық жылытқыштарды дайындау жұмыстары басталып кетті.
Ақылды желілер (Smart Grid) негізінде қайта қалыпан келетін энергия
көздерін басқару жүйесі; эксплуатация жағдайында аса энерготиімді және
құрылымы қарапайым жаңа ионисторлар мен гибридті аккумуляторлар
әзірленді. Жоғары экономикалық тиімділікте жұмыс істейтін ионисторлар
мен гибридті аккумуляторларды дайындауда жаңа құрамдас материалдар
енгізілуде.
Аз жылдамдықтағы желге арналған қалақшалары динамикалық түрде
өзгермелі пішінге ауыса алатын тәжірибелік нұсқа гидротурбиналық сорғы
құрылғы өз аналогтарымен салыстырғанда 3,6 есе артығымен береді.
Тұрмыстық органикалық қалдықтарды плазмохимиялық жолмен өңдеу
арқылы синтез-газ алуды жүзеге асырудың техникалық үдерісінің
нұсқалығы әзірленді. Бұл қатты оксидті отын элементі негізінде электр
генераторларын пайдалануда тиімді. Органикалық қалдықтарды гелио қайта
133
өңдеуді жобалау, дайындау, сынақтан өткізудің тәжірибелік нұсқамасы күн
сәулелерінің шоғырлану дәрежесі 100-1000, бұл кез келген органикалық
қалдықтарды гелио-пиролиздеуге жетеді.
Машина жасау саласында бұрғылау құралдарын электролитті-
плазмалы бекітудің тиімділігі жоғары технологиясы әзірленіп, тәжірибелік-
өндірістік құрылғы дайындалған. Оның қаттылығы 2 есе көбейіп, бастапқы
жағдайға қарағанда 18ХН3МА-Ш үлгісінің төзімділігі 3 есе жоғарылаған;
кескіш құралдар беріктігі электролитті-плазмалы өңдеу тәсілі негізінде
қаттылығы 2 есеге артып, түрпілі Р6М5 болаттың төзімділігі 25%-ға артқан.
Бұл кескіш құралдардың қаттылығы мен беріктігін қамтамасыз етеді. Темір
жолдардың көшпелі құрамындағы бөлшектер мен теміржол торабын оңалту
үшін жаңа қоспаларды ерітіп дәнекерлеу тәжірибе жүзінде сыналып,
жасалды және алғашқы тәжірибелік үлгілері де бар.
Аса жоғары пластикалық деформация кезіндегі қоспаның сапасының
үлгісін болжау және жоғары температурадағы деформация кезіндегі
экспериментальді деректерді өңдеудің компьютерлік бағдарламасының
үлгісі әзірленді. Алғаш рет интенсивті пластикалық деформация (ИПД) әдісі
комформ үдерісі+ бұрандалы экструзия ретінде іске асырылып, өнеркәсіптік
жүзеге асатын әдісі қолданылып, жетілдірілді. Перспективалық аллюминий,
мыс, темір қоспаларынан дайындап құйып алу технологиясының аяқталу
кезеңі жүзеге асырылу үшін тәжірибелік-өнеркәсіптік алаң құрылды.
Аталған металлдардан интенсивті пластикалық деформация әдісімен
алынған көлемді наноқұрылымды жартылай фабрикатты өнімдердің сапасы
анағұрлым жақсырақ болады. Олардан жасалған бұйымдар пневмоқалыптау,
штамптау әдістерімен жасалады.
Жынысты
рентген-радиометрикалық
зерделеуге
негізделген
автоматтандырылған каротажды станция жасақталды. Осы орайда барлық
үдерістер автоматтандырылып, заманауи робот техникасы жетіктіктері,
ақпараттық және компьютерлік технологиялар қолданылады.
Ауыспалы құрылым мен автоматтандырылған электр желілері
механизмдеріне негізделген мобильді желпуішті бұрғылау роботтары
жасалды.
Ауыл шаруашылығы кешені саласында – ауыл шаруашылығы
дақылдарының 42 сорты мен буданы шығарылды және мемлекеттік сорт
сынауға берілді. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген
селекциялық жетістіктердің мемлекеттік реестріне ауыл шаруашылығы
дақылдарының қазақстандық 20 жаңа сорты енгізілді.
Молекулалық биология саласында кешенді тот басуға шыдамды
бидайдың 282 сорт түрі, септориоз ауруына шыдамды 19 түрі шығарылды.
Қолданбалы ғылыми зерттеулер саласында 55 ұсыныс; ауыл
шаруашылығы саласы үшін машина және құрал-жабдықтардың жаңа
үлгілеріне арналған 12 техникалық құжат әзірленді. Сонымен қатар
арамшөптерге қарсы құралдардың тәжірибелік үлгілері, егіс алқабы
кешенінің салушылары, жерді дайындаудағы фрезерлі үлгілердің
134
экспериментті үлгілері, үйілген астықты алдын ала тазалауға машиналар,
жерді көпжылдық шөптерден тазарту құралдарын жасау және т.б. Алдын ала
сынау нәтижелері жетілдірілген машиналар мен құрал-жабдықтарды
қолданса өнімділік 1,5-1,6 есеге артып, жиынтық шығын қаржылай
есептегенде 405 мың теңгеден 7362 мың теңгеге дейінгі аралығында
сақталып, жылдық экономиканы қамтамасыз етеді.
Көкөніс көшеттерін отырғызу барысында топырақ бетін полиэтилен
пакетімен жауып, саңылау қалдырып тесу тәжірибелік үлгісі жасалды.
Агрегат өнеркәсіптік жағдайда сыналған.
Ордабасы қойының ішкі асыл тұқымды типі, түрлі-түсті Бишкуль үйрек
тұқымы, жомарттық қара түсті қаракөл қойының жакеттік елтірілі типі,
қаратаулық қоңыр түсті ішкі асыл тұқымды қаракөл қойы, Ақжайық етті-
жүнді ішкі асыл тұқымды зауыттық ет типті қойы секілді асыл тұқымды ірі
қара мал мен құстардың жаңа тұқымдары мен зауыттық типтері мен
линиясы шығарылды.
Мал шаруашылығы үшін 8 жұқпалы ауруға қарсы емдеу препараттары
мен вакциналар сериялары әзірленді. Атап айтсақ: жануарлардың
тұяқтарының шіруі мен некробактериоз, таза, сальмонеллез, жылқыларды
зарарсыздандыру, жылқылардағы трихофития мен микроспория, құтыру.
Сальмонеллалардың 15 штамы, пастереллалардың 5 штамы бөлініп, сақтауға
жіберілген.
Жерасты минералды суларын технологиялық құралдар арқылы кері
осмотикалық әдіспен тұщыту, суландырушы құрылымдарды пайдалану
кезінде кіші механизм құралдарының тәжірибелік үлгісі және шахта
құдықтары мен құмдауыт жерлерден су шығаратын скважиналарды,
жерасты суларының сағаларын тазартудың технологиялық регламентінің
ақпараттық кеңестік жүйесінің (АКЖ) ғылыми үлгісі жасалды.
Арал теңізінің құрғаған түбінің жер картасының заманауи электронды
нұсқасы әзірленген және сол картаның нұсқасын ғарыштан түсірілген
суреттерді геоақпараттық технология негізінде пайдаланып қолдану іске
асырылады.
Дәрілік препараттар алу саласында арглабин, арабиногалактан
алудың жаңа тәсілдері жетілдіріліп, патенттелді. Бұл препараттар
экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, өйткені уытты еріткіштер өндірісі үдерісінде
бұл мүлдем қолданылмайды. Сонымен қатар ісікке қарсы әсер ететін
арглабин ауырған жерге бағытталуы үшін биологиялық тұрғыдан қолжетімді
пішін алу; GMP нормасына сәйкес көміртектің сұйық диоксиді – уытсыз
экстрагентті қолдану технологиясы арқылы экологиялық таза арглабин
препаратын алу; жусаннан алынатын эфир майы негізінде туберкулезге,
микробқа,
қабынуға
қарсы
эферо
фитопрепаратын
алу;
бифидумбактеринаның капсулалық пішінін алу жетілдірілді.
Туберкулезге қарсы вакцинаның І клиникалық фазасы құрылып,
жүргізілді.
135
Ғылым мен технология саласын жүйелі талдау және болжау
Зерттеу жұмыстары 2030 жылға дейінгі аралықтағы Қазақстанда ғылым
мен технология дамуы сценарийлерінің жобасы негізінде жүргізілді. Осы
орайда шешуші трендтер мен факторлар, сонымен қатар көрсетілген даму
траекторияларындағы болашағын болжау қиын өтпелі трендтер мен
факторлар ескерілген.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін талдау және сараптама
жұмыстары жүргізілді, Қазақстанның 8 басым бағыты бойынша
сараптама топтары құрылды:
Аграрлық сектордың тұрақты дамуы, азық-түлік өнімдерінің
өңделуі мен қауіпсіздігі,
Биотехнология,
Ұлт денсаулығы,
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар,
Жаңа материалдар мен технологиялар,
Қоршаған орта және табиғи ресурстар,
Қауіпсіз, таза әрі тиімді энергетика,
Машина жасау және құрал жасау.
Осы бағыттардың негізінде келесі пәнаралық салалар бөлініп
шығады:
Ұлт денсаулығы мен өмір сапасын сақтау және жақсарту,
Экспортқа бағытталған, ұлт денсаулығын сақтау мен жақсартуға
арналған экологиялық таза ауылшаруашылығы өнімдері,
«Жасыл» технологияларға негізделген экологиялық таза өмір сүру
ортасы,
Тиімді энергия мен үнемді энергия қоғамы.
Жапондық сарапшылардың әлемдік ғылыми жарияланымдарды карталау
әдісі арқылы библиометриялық талдауларының нәтижелері бірқатар ғылыми
бағыттар
арасында
тығыз
байланыс
(конвергенция)
қалыптасып,
дамығандығын көрсетеді.
Олардың қатарында бірнеше ғылыми бағыттың өзара әрекеттесуі орын
алған:
биоғылымдар – қоршаған орта,
биоғылымдар – когнитивтік ғылымдар – әлеуметтік ғылымдар,
биоғылымдар – химиялық синтез – наноматериалдар – компьютерлік
ғылымдар.
NBIC-конвергенция (N – нано; B – био; I – инфо; C – когно) жаңа
бағыты қалыптасып келеді. Бұл бағыт нано-, био-, когнитивтік және
ақпараттық технологиялардың өзара кірігу үдерісіне мысал бола алады.
Ғылымның пәнаралық сипатына орай, нанотехнологиялар, ақпараттық
технологиялар мен когнитивтік ғылымдар біртұтас ғылыми-технологиялық
білім саласына болып бірігеді деп күтілуде.
136
Сарапшылар жаңа салалық кешендердің өзегін қалыптастыру үстіндегі
нанотехнологияның өркендеуіне ерекше үміт артады. Нанотехнологияның
дамуы химия, физика, биология, механика, материалтану, электроника және
т.б. көптеген пәндердің интеграциясына негізделген. Қысқа мерзімді
перспективада нанотехнологиялар ең алдымен дәстүрлі салаларда қолданыс
тапса, алыс келешекте мейлінше үздік жетістіктер жаңа секторлар мен
нарықтардың пайда болуына түрткі болмақ. Өнеркәсіптік салалар мен
сектораралық байланыстар өзгеше қалыпқа ие болмақ.
Биоинформатика мен генетикада, мәселен, фармакогенетикада (аурулар,
гендер, протеиндер мен фармацевтикалық өнімдердің өзара қатынасын
зерттейді) ашылған жаңалықтар нәтижесінде медицинада адамның
генетикалық бейімділігіне қарай дәрі-дәрмектерді таңдауға негізделген
емдеу құралы ойлап табылып, нысаналы әсер беретін дәрілер жасалатын
болады. Мұндай жобаларда компьютерлік технологиялардың алатын орны
ерекше. Наномедицина ауру мен адам денсаулығы туралы дәстүрлі
көзқарасты түбірлі өзгертіп, ең соңында сырқатты емдеудің орнына оны
алдын ала анықтап, тежеуге негізделген медицинаға алып келуі мүмкін.
Бүгінгі таңда конвергентті технологиялар саласындағы іргелі зерттеулер
стратегиялық сипатқа ие. Дәл осы зерттеу нәтижелері келешекте елдердің
инновациялық, экономикалық және қорғаныстық әлеуетін айқындай алатын
жоғары технологиялы салалардың айтарлықтай өзгеруіне негіз болады.
Генетикалық тұрғыда өзгеріске ұшыраған организмдер мен ауыл
шаруашылығындағы өнім алуды арттыру сынды технологиялық жаңалықтар
аштық қаупінің алдын алуға кепілдеме бола отырып, кедей елдердегі өмір
сапасын елеулі дәрежеде жоғарылата алады.
2020 жылға таман биология ғылымдары қарқынды дамып келе жатқан
білім саласына айналады. Геронтологиялық зерттеулер бойынша елеулі
жетістіктерге қол жеткізіледі. Алдағы бірнеше онжылдықта орташа өмір
сүру ұзақтығы дамушы елдерге қарағанда дамыған елдерде жедел өсіп, ХХІ
ғасырдың алғашқы ширегінің соңында Европа елдері мен АҚШ-та 87-88
жасқа дейін (ал белсенді өмір сүрудің орташа ұзақтығы 74-75 жасқа) жететін
болады. Жаппай иммиграция үдерісі дамыған елдерде әлеуметтік және
мәдени барабарлыққа төнген қауіп ретінде асқына қабылданатын
болғандықтан, жасы ұлғайған (зейнет жасындағы) адамдардың жұмысын
жеңілдету үшін көптеген өндірістік салаларды автоматтанудыру мен
механикаландыруға мүмкіндік беретін, коммерциялық тиімділігі жоғары
жаңа технологиялар алдыңғы орындарға шығады.
NBIC-конвергенция жоғары технологияларындағы тағы бір болжамды
революция жаһандық үдеріске енді араласа бастаған елдер үшін жаңа
перспективалар ашуы мүмкін.
Ақпараттық технологиялармен әрекеттестіктегі нанотехнологиялық
сенсорлармен жабдықталған «ақылды» материалдардың қолданысқа енуі
адам денсаулығын жақсартуға көмектесетін, іскери практика мен әрекет
модельдеріне әсер ететін көптеген құрылғыларды жасап шығаруға жол
137
ашады. Мұндай материалдар адамдардың қоршаған орта туралы білімін
толықтырады, қауіпсіздікті жақсартып, тұлғаның дербес аясын тарылтады.
Болашақта ақпараттық технологиялар индустрия дамуының да
қозғаушы күші болып қала береді. Қаржылық қызмет көрсету мен
транзакцияның әрбір буыны заманауи ақпараттық технологияларды қолдану
жағынан алдыңғы қатарда.
Жаңа коммуникациялық технологияларды жасап шығару бойынша
үлкен жетістіктер күтіледі. Осы орайда дыбыс пен көріністі жеткізу
технологияларына иісті, әсерді, тіпті адамның эмоциялық ахуалын беру
технологиялары қосылады. Интернет-технологиялар сапалық тұрғыдан гөрі
сандық тұрғыда дамитын болады; дербес компьютерлер мен мобильді
телефондар, дыбыс пен суретті көшіріп көрсететін құралдар, сондай-ақ
кеңістікте бағдар алуға арналған құрылғылар қолдануға мейлінше қолайлы
әрі әлемнің кез келген нүктесінде қол жетімді біртұтас жүйеден орын алатын
болады. Ақпаратты өткізу мен сақтаудың құны ХХ ғасыр соңындағы жедел
қарқынмен төмендей бермек.
Энергияны үнемдеу технологиялары едәуір дамиды. Батыс елдерінің,
әсіресе американдықтардың өмір салты дербес көлікті пайдалану
саласындағы ауқымды энергия шығындарынан бас тартуға мүмкіндік
бермейді. Ал экономикалық саясат ұстанымдары дамушы елдерде
өндірілетін биоотынның кеңінен қолданыс табуына жол бермейді. Осындай
шектеулермен құрсалған постиндустриалды мемлекеттер экономиканың
энергия мен материалға негізделуін төмендетуге мүмкіндік беретін
технологияларды жасап шығаруға барынша күш жұмсайтын болады.
Жақын болашақта аса маңызды пайдалы қазбаларды ештеңе
алмастырмайды. Оның үстіне, өткен жылдар тәжірибесінен шикізат
бағасының өсуі дамыған елдердің экономикасына қауіп төндіре
алмайтындығы айқындалып, бұл жайындағы бұрынғы көзқарас едәуір
өзгерді. 1973-1975 жылдары американдық экономикада пайдаланылған
энергоресурстардың сомалық құны 16% ЖІӨ-ге дейін жететін; қазір ол 8-
8,5%-дан аспайды.
Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш шамамен екі есе төмен. Сондықтан
дамыған елдер шикізат бағасын көтеруге дайын. Себебі бұл жағдай олардың
экономикасына қауіп төндіре алмайды, керісінше жаңа технологиялық
шешімдерді іздестіруге ынталандырады, сондай-ақ жаңа технологияларға
салынған салымдардың тиімділігін арттыра түседі.
Web of Science (Thomson Reuters) бойынша қазақстандық
ғалымдардың зерттеу жұмыстарының белсенділігі
Әдетте сілтемелік көрсеткіш ғылыми мақаланың ғылымға қосқан үлесін
айқындайтын басты көрсеткіші болып саналады. Кей жағдайда осы
сілтемелер арқылы кез келген елдегі ғылымның даму деңгейін бағамдауға
болады. Қалыптасқан дәстүр бойынша халықаралық басылымдарға
жарияланған ғылыми мақаланың орта деңгейлі сілтемелік көрсеткіш қол
138
жеткізгенін белгілі бір уақыт аралығында (әдетте 3-5 жыл) анықталды.
Өйткені ғалыми мақала жарық көрген сәтте өзінің тиімділігін көрсете
алмайды. Халықаралық мәліметтер базасынан орын алған ғылыми мақала
арада біраз уақыт өткеннен кейін ғана ғалымдар тарапынан бағаланып,
сілтемелік көрсеткішке ие болады [5, 81].
2009-2013 жылдары Web of Science (Thomson Reuters, АҚШ) мәліметтер
базасында қазақстандық ғалымдар мен білікті мамандардың 2529 ғылыми
жұмыстары жарияланып, олар орташа есеппен 4735 сілтемеге ие болды. Бұл
көрсеткішті пайызға шақсақ, қазақстандық жарияланымдар 1,87 сілтемелік
көрсеткішке ие болғанын байқаймыз (2014 жылдың 18 мамырына дейінгі
жағдай).
Қазақстандық халықаралық ғылыми кеңістікте физика саласы бойынша
жарияланған ғылыми мақалаларымен танымал болуда, ғалымдарымыздың
бұл бағытта жариялаған мақалалары 1238 жетіп, оның сілтемелік көрсеткіш
деңгейі 2 жеткен. Жалпы ғылымның барлық саласы бойынша қазақстандық
ғалымдардың көрсетілген 5 жылдық уақыт аралығындағы ғылыми
мақалаларының сілтемелік көрсеткішінің орташа деңгейі 1,06-ға тең болған
(7.1-кесте).
7.1- кесте. Web of Science бойынша 2009-2013 жылдардағы Қазақстан ғылымының
орташа сілтемелік көрсеткіші
Ғылым саласы
Орташа сілтемелік
көрсеткіш
Жарияланымдар
саны
Физика ғылымы
2,68
1238
Өмір туралы ғылым және биомедицина
1,51
708
Техникалық және қолданбалы ғылым
1,49
547
Әлеуметтік ғылымдар
0,35
334
Өнертану және гуманитарлық ғылымдар
0,00
19
Бәрі
1,87
2529
Белгіленген мерзім аралығында отандық ғалымдар негізінен өмір
туралы ғылым және биомедицна саласы бойынша кең көлемде ғылыми
мақалалар жариялаған. Бұдан басқа техника және қолданбалы ғылым
салаларында да ауыз толтырып айтатындай жетістіктерге қол жеткізген.
Аталған салалардың орташа сілтемелік көрсеткіштері бірден біршама
жоғары болған.
Маңыздылығы төмен ғылымның салалары саналатын әлеуметтік
ғылымдар бойынша жарияланған мақалалардың сілтемелік көрсеткіші
әдеттегідей төмен болғанын кестеден байқауға болады. Ал өнертану және
гуманитарлық ғылымдар бойынша жарияланған ғылыми мақалалардың
сілтемелік көрсеткіші нөлге тең болғаны.
Қазақстандық ізденушілердің әлемдік ғылыми қауымдастықпен
ынтамықтастық орнату деңгейін отандық ғалымдардың шетелдік
әріптестерімен бірлесіп ғылыми мақала жазу ісі айқындайды. Ал бірлесіп
139
жазылған ғылыми мақалаға жасалған сілтемелер екі жақты ғылыми
ынтмақтастықтың жемісті болғанын көрсететін негізгі көрсеткіш болып
саналады. 2009-2013 жылдар аралығында қазақстандық жарияланымдарды
мұқият зерттегенде Web of Science ақпараттық ресурстар қорына
қазақстандық және шетелдік ғалымдардың бірлесіп жазған 1157 ғылыми
мақаласы жарияланып, олар 3,52 сілтемелік көрсеткішке ие болған.
Салыстыру үшін алсақ, Қазақстан елімен ынтымақтастық бағытта жазылып
жарияланған мақалаларда (1366 бірл.) сілтемелік көрсеткіші орта есеппен
0,48 болады.
Ендігі кезекте Web of Science мәліметтер базасы бойынша
Қазақстанның 5 облысы ішіндегі сілтемелерге ие болған ғылым салаларына
жасаған талдауларымызды ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |