34
Адам ағзасына микроэлементтер өсімдік және жануарлар тағамдарымен
түседі, кейбір жағдайда сумен тізбек бойынша түседі: топырақ –
су
-
өсімдік –
жануар ағзасы –
адам ағзасы, яғни транслокациялық жолмен. Сонымен,
өсімдіктер мен жануарлар ағзасының микроэлементтермен
қамтамасыз етілу
денгейі олардың бәрінен бұрын топырақтағы мөлшеріне байланысты.
Қоршаған ортадан микроэлементтердің түсу жағдайымен ағза тығыз
байланысты, өйткені орта жағдайының өзгеруі зат алмасудың қайта
құрылуына әкеледі және ағзада өтетін
биохимиялық процестер соған сәйкес
бағытталады.
Бұзылыстардың сипаты берілген аймақта қандай микроэлементтің
жетіспеушілігіне немесе мен артық болуымен байланысты.
Жергілікті жердің
геохимиялық жағдайына байланысты зат алмасудың бұзылуы мен сырқаттардың
барлық түрлері бірігіп биогеохимиялық эндемиялар түсінігін береді.
Микроэлементтердің биологиялық әсері туралы білім эндемиялық зобтың
пайда болуында йод микроэлементінің рөлі анықталған өткен ғасырдың
ортасынан басталады. Содан бері алмасу процестерінің өту барысы мен
бағытына әсер ететін фактор ретінде микроэлементтердің биологиялық әсерін
зерттеу басталды.
Микроэлементтер ағза ақуыздарымен әрекеттесуге және олармен
металорганикалық қосылыстар түзуге қабілетті. Олардың биологиялық
белсенділігі жоғары және ағзадағы негізгі процестерге қатысады: тотығу
-
тотықсыздану; алмасудың әртүрлі түрлері (ақуыздық
-
майлық, көмірсулық,
дәрумендік, минералдық);
газалмасу, жылуалмасу, тіндік тыныс алу, тіндік
өткізгіштік,
жасушалық
бөліну,
сүйектүзу,
қантүзу,
өсу,
көбею,
иммунобиологиялық реакциялар. Микроэлементтер қалқанша без, ұйқы безі,
жыныс бездері сияқты кейбір маңызды ішкі секреция
бездерінің құрамына
кіреді, мысалы мырыш қалқанша бездің, гипофиздің, аталық және аналық
жыныс бездерінің құрамына кіреді; кобальт –
ұйқы безі мен қалқанша без
құрамына кіреді.
Топырақтың эпидемиологиялық
маңызы да жоғары
.
Топырақта тіршілік
ететін микроағзалардың көпшілігі тірі ағзаларға зиян келтірмейтін
-
сапрофиттер
.
Сонымен қатар топырақта тұрақты және уақытша тіршілік ететін
патогенді микроағзалар өмір сүреді. Олардың кейбіреулері қебуге, жоғары
температураға, қысымға, қоректік заттардың болмауына жоғары төзімді
споралық формалар түзеді. Бұл микроағзалар
тобының өкілдеріне сіреспе,
сібір жарасы, газды гангрена, ботулизм қоздырғыштары жатады. Споралық
емес патогенді микроағзалар топырақ микроағзаларымен микробтық
антогонизмі салдарынан топырақта тез өледі. Дегенмен, олардың кейбіреулері
өмір сүру қабілеттілігі мен контагиоздылығын барынша ұзақ сақтауы мүмкін:
іш сүзегі, паратиф және тырысқақ қоздырғыштары
-
3 айға дейін, бруцеллез –
5 айға дейін, туляремии –
2 айға дейін. Энтеровирустар
-
полимиелит пен
кейбір вирусты ішек сырқаттарының қоздырғыштар топырақта 170 күнге дейін
сақталады. Туберкулез таяқшалары топырақта 15 айға дейін өмір сүруге
қабілетті болса, дифтерия таяқшалары 2
-
3 аптаға дейін өмір сүре алады.
35
Адамның топырақ арқылы зақымдалуы
көбінесе контакты жолмен
жұғады –
лас қол арқылы және топырақ микроағзаларының адам ағзасына су,
ауа, жануарлар мен тағам арқылы (жеміс
-
жидектер, көкөністер) түсуі де
кеңінен белгілі.
Топырақтың гельминтоздарды таратудағы рөлі жоғары. Аскариданың,
қылдырықбастың (власоглав) даму сатыларының бірі (жұмыртқалардың пісіп
жетілуі) топырақта өтеді. Жетілген жұмыртқалар ағзаға лас қол арқылы,
жуылмаған жеміс
-
жидектер, көкөністер арқылы және зақымдалған суды
пайдаланған кезде түсуі мүмкін. Сиыр және шошқа цепені жұмыртқалары
(солитерлер) топырақтан жануарлар азығына түсіп,
ішекте дернәсілге
айналады, одан соң қан арқылы жануарлардың барлық денесіне тарап,
бұлшықеттерде орнығады. Бұл жағдайда адамның зақымдалуы жеткіліксіз
термиялық өндеуден өтпеген жануарлар етін пайдаланғанннан болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: