Қорытынды бағамдау Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қатынасты
бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.
VІІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ МЕН САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ. НАУРЫЗ Сабақтың тақырыбы: §1. Жеті ата – елтанудың бастауы
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 6 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Оқу мақсаттары 6.2.3.1-ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық
және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.
Сабақ мақсаты Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтін мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: ауызекі сөйлеу этикеттері мен
көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін
ажыратады.
Оқушылардың кейбірі орындай алады: жазба жұмыстарында үстеу
түрлерін қолданады.
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: ата-тегіміз, жеті ата, елтанудың басы. Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша, мақсаты мынадай, жолдастарымның пайымдауынша, тарихшылардың айтуынша, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Алған ақпаратты топ ортасында еркін талқылайды.
Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып,
ойды жалғастырып айтады, үстеу түрлерін қолданады.