07.mp3 Мектептегі спорт секциясы «Секция» деген сөзге Тоқмолда түсінбеді. Дәптердегі қым-қиғаш жазуларға тайғанақтай
қарап отырды да:
– Бұл не? – деп сұрады.
Николай Трофимович айтып, түсіндіре бастады. Жеңіл атлетика, волейбол, футбол
ойындарының секцияларын құрғысы келетінін ұғындыруға тырысты.
Спорт секцияларына жиырма шақты ғана ер бала жазылды. Қыздардан ешкім жазыла
қоймады. Олар денешынықтыру сабағының өзіне амалсыздан қатынасып жүргендер ғой.
Бұндай «пәлеге» аяқтарың баса ма?
Николай Трофимофич бұған абыржымады. Секцияға жазыл деп ешкімді қыстап,
қолқалаған жоқ. «Барымен базар» деді де, әлгі жиырма шақты баламен жұмыс жүргізуге
кірісті.
Әуелгі сабақты ол спорт жайлы әңгіме түрінде өткізді. Балалар үшін бұл ертегідей
қызық, соны болып естілді де, бірден баурап алды.
– Спортпен шұғылданған адамдардың дені таза, жаны сергек, төзімді болады. Шынығып,
шыңдалудың нәтижесінде оны-мұны кеселдерге бой бермейтіндей дәрежеге жетеді. Сендер
жассыңдар. Осы бастан спортпен мықтап айналыссаңдар, әлі талай-талай тамаша
спортшылар сендердің араларыңнан да шығуы мүмкін. Болашақ чемпиондар дайын күйінде
аспаннан салбырап түспейді. Сендер тәрізді қарапайым адамдардан шығады. Спортпен
айналысқанның бәрі бірдей атақ-даңққа ие болады екен, спорт тек сол үшін қажет екен деп
ойлау және қате. Адамның денсаулығын күшейтіп, шынықтыруда спорт – таптырмайтын
құрал. Олай болса, спортпен шұғылданбайтын оқушы болмауға тиіс. Біздің мектепте
ұйымдастырылып отырған спорт секциялары, мінекей, осы мақсатты көздейді.
(Бердібек Соқпақбаев)