08.mp3 Қазақтың ұлттық ойындары Қазақтың ұлттық ойындарының бірқыдыруы «ойлануды қажет ететін ойындарға»
жатады. Олар, негізінен, логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды
дамытуға негізделіп жасалған. Солардың төресі – тоғызқұмалақ. Ойынды қағаз бетіне алғаш
түсірген этнограф Н.Пантусов 1906 жылы: «Бұл ойын өте көне және кім ойлап тапқаны
белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына тегіс тараған», – деп жазды. Тілші ғалым
Ғ.Мұсабаев: «Тоғызқұмалақтың тас бетіне қашалып салынған таңбалары табылды. Мұнымен
қоймай, тау басында қашалып салынған шахмат, дойбы тақтасының суретін де көрдік, – деп
жазды.
Абайлап зер сала қарасақ, тілімізде кездесетін домбырада ойнау, қобыз ойнау, ат
құлағында ойнау, отпен ойнау, сумен ойнау, ақсүйек ойнау, тоғызқұмалақ ойнау, дойбы
ойнау, шатыраш ойнау, т.б. сөз тіркестері халықтың көне мәдениетінің бір куәгері – ойын
туралы түсініктің тым әріден басталғанынан және ата-бабаларымыз қолданған ойындар
түрінің сан аулан болғандығынан хабар береді
(Е.Сағындықов)