Т. Н. Ермекова К.Ә. Бертілеуова



Pdf көрінісі
бет476/483
Дата06.01.2022
өлшемі3,07 Mb.
#11337
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   483
Байланысты:
6-сынып, қазақ тіліМұғалім кітабы

10.mp3 
Футбол 
Бәрі қалар ойыңның,  
Бәрі қалар тойыңның  
Футбол десең, өйткені 
Ең қызығы ол ойынның. 
Қозған кезде намысы,  
Шулайды жас-кәрісі. 
Ысқырады төреші:  
Бар оның бір мәнісі. 
Сияқты бір ұшқыр ат, 
Басып озу күш бірақ.  
Ойыншыны қарсылас  
Шалып жықса – штраф! 
Төрешілер кұрамы  
Бәрін бағып тұрады. 
Тәртіп бұзсаң, қақпаңа 
Айып добын ұрады.  
Үнсіз-түнсіз қалмайық,  
Команданы қолдайық.  
Қуып жүрген добыңа  
Қолың тисе – ол да айып.  
Жанкүйер боп жүргенде,  
Жоқ жасырар сыр менде.  
Жіберемін айғайлап,  
Қақпаға доп кіргенде!  
Аяқпенен ойнайсың,  
Басыңменен ойлайсың.  
Тіл таппаса екеуі,  
Жеңілесің, оңбайсың! 
Команданың табысты  
Талайымен таныстым.  
Футболды мен сүйемін, 
Мектебі деп намыстың. 
 
11.mp3 
Қазақ ұшқышына Қажымұқаннан сыйлық 
1944 жылдың желтоқсан айының аяғы болатын. Кезекті тапсырманы орындап, жертөлеге 
кірген  бетіміз  еді.  Есік  алдына  машина  келіп  тоқтады.  Одан  түскен  екі  адам  маған  қарай 
беттеді. 
– Аға лейтенант Шалабаев, сізді полк штабына алып кетуге келдік. Жиналыңыз. 
– Неге? 
–  Бұйрық  солай.  Саған  ауылдағы  атаңнан  сыйлық  келді.  Ол  кісі  өз  қаржысына  әскери 
ұшақ жасатып, біздің армияға жіберіпті.  
– Түсінбей тұрмын, жолдас полковник. Маған сыйлық жіберген кім? Жалғыз шешемнен 
басқа ешкімім жоқ. Қайдағы, қандай ата? 
–  Ондай  сөзді  қой.  Артыңда  Қазақстан  секілді  елің  барда  сен  қайдан  жалғыз  боласың? 
Одан да жолға дайындал. 
Сол күні дивизия штабының маңында үлкен митинг болды. Сөз алған командирдің бірі 
төмендегідей  бұйрықты  оқыды:  «Күрестен  әлемнің  бірнеше  дүркін  чемпионы,  бауырлас 
қазақ  халқының  батыр  ұлы,  есімі  Отанымыздың  мақтанышына  айналған  Қажымұқан 
Мұңайтпасовтың  аталық  тілегін  Жоғары  Бас  қолбасшы  қабыл  алды.  Оның  өз  қаржысына 


254 
 
жасатқан  әскери  ұшағы  даңқты  балуанның  жерлесі,  аға  лейтенант  Қажытай  Шалабаевқа 
тапсырылады».  
Әскери  машина  үстіндегі  брезент  жапқышты  сыпырғанда,  бәріміз  оның  бүйірінен: 
«Летчику – казаху, от Хаджи-Мухана», – деген жазуды оқыдық.  
Балуан бабаның маған берген ұшағы Жеңіс күніне аман-есен жетті-ау! 
(C.Бақбергенов) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   483




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет