Т. Н. Ермекова К.Ә. Бертілеуова



Pdf көрінісі
бет475/483
Дата06.01.2022
өлшемі3,07 Mb.
#11337
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   483
Байланысты:
6-сынып, қазақ тіліМұғалім кітабы

09.mp3 
Мұстафа Өзтүрік 
Қазақ циркінің киіз үйі сол күні түннің бір уағына дейін теңселіп тұрды. Төрде отырған 
халыққа  қолын  кеудесіне  баса  сәлем  беріп,  алыс  елдегі  қандас  туысы  Мұстафа  кіріп  келе 
жатты. 
– Ассалауғамалейкүм, халқым! 
Ата салтынан, әке жолынан аттамаған ұл мынау қыруар халық менің құрметіме жиналып 
отыр деген жоқ. Дереу тізерлеп отыра кетті.  
–  Әкем  үй  тіккен,  шешем  от  жаққан  жерде  жүрсем  де,  бабаларым  қазық  қаққан 
топырақты  сағындым.  Рас,  ат  өзімдікі  деп,  жеке  басымның  күйін  күйттеп  жүргенім  жоқ. 
Артымда,  сонау  Түркияда,  бір  ру  елім  бар.  Солардың  бәрі  сағыныштары  мен  сәлемдерін 
менің мынау бір тұтам кеудеме сыйғызып жіберді. Сол ыстық ықыласты қабыл алыңыздар! 
–  Сіздердің  алдарыңызда  отырған  –  Мұстафа  Өзтүрік  –  таэквондодан  әлемдегі  еңсесі 
биік  саңлақ.  Ол  мұсылман  баласының  ішінен  6  даньға  ие  болған  әрі  тұңғыш,  әрі  әзірге 
жалғыз  жігіт,  –  деп  қосып  қойды  жас  режиссер  Талғат  Теменов.  –  Ол  шығыс  жекпе-жегін 
серік еткісі келген әрбір жас пір тұтатын Брюс Лимен бір мектепте тәлім алған.  
– Таэквондомен қашан таныстыңыз? 
–  1970  жылы  таэквондоны  Тайваньда  оқып  жүргенде  көрдім.  Апырым-ай,  аяқпен  де 
ұрады  екен-ау,  –  деп  таңданғаным  бар.  Ақыры  сол  жердегі  «Корей  у-шуы»  деген  мектепті 
бітіріп шықтым. Қазір халықаралық дәрежедегі бапкермін. 
– Сапарыңыздың мақсаты қандай? 
–  Ең  әуелі,  туған  жер  мен  туған  елді  көруге,  жері  мен  суына,  тауы  мен  қыратына  бас 
июге келдік. Одан соң өзім серік еткен өнерді еліме насихаттамақпын.  
– Таэквондо спорт өнері ме, төбелес әдісі ме? 
–  Жақсы  сұрақ.  Байқаймын,  сіздерде  каратэшілер  жұрт  жиналған  жерде  үнемі  ағаш 
сындырып,  тас  үгітіп,  елді  таң-тамаша  қалдырып  жататын  көрінеді.  Оған  қарап  жастар 
«мынау  дала  кезіп  жүріп,  адам  сабайтын  өнер  екен»  деп  қалмай  ма?  Бұл  –  қауіпті  бағыт. 
Шығыс жекпе-жегін меңгерген жанның бірде-бірінің төбелеске араласуға моральдық қақысы 
жоқ. Таэквондо өнері – деннің саулығына, мінездің кесектігіне әсер ететін ерекше спорт.  
– «Мұстафаның мектебі» туған жерінде көп бола ма?  
– Сіздерден тілек болса, ашамыз. Осы бір әлемдік бағасы бар өнерді қазақ балаларының 
арасында  кеңінен  өркендетсем  деген  арманым  бар.  Бұл  мектептің  бапкерлерін  даярлау  – 
менің міндетім.  
(Несіп Жүнісбаев) 
 


253 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   483




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет