Т. Н. Ермекова К.Ә. Бертілеуова



Pdf көрінісі
бет470/483
Дата06.01.2022
өлшемі3,07 Mb.
#11337
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   483
Байланысты:
6-сынып, қазақ тіліМұғалім кітабы

 
04.mp3 
Абайға айтарым 
Асқартау, биік шыңсың қол жетпеген, 
Білік пен зейініңе сөз жетпеген. 
Бұтағың көктіреген сен бәйтерек 
Мәуеңе қараса жұрт көз жетпеген. 
 
Зейінің артық асқан, көңілің кеңіс, 
Ақылың, ақындығың – бәрі тегіс. 
Үлгіңнен, Абай ақын, нұсқау көріп, 
Ақындар күннен күнге тапты өріс. 
 
Үлгің деп сенің берген, ақын Абай, 
Заманда рақатты жедік жеміс. 
Аузыңнан шыққан сөзің гауһар-маржан, 
Жырыңның бас-аяғы бірдей тегіс. 
 
Абайдың өзі өлсе де, сөзі өлген жоқ, 
Абайға ешбір ақын теңелген жоқ. 
Мәңгілік бүгінгідей сенің жырың, 
Ескіріп айтқан үлгің көнерген жоқ. 
Халыққа үлгі берген сенен өзге 
Ақында сіз сияқты шебер де жоқ. 
 
Көңіл салып оқыңыз Абай жырын, 
Аузынан шыққан жыры шекер-шырын. 
Үлгілі айтқан жыры ақын Абай, 
Халыққа үлгі берген бізден бұрын. 
Мақпалдай қалы кілем секілденіп, 
Тыңдатқан астанаға жырдың түрін. 
Халықтың қамы үшін жырлап өткен, 
Сайратып шын шежіре шешен тілін. 
Ақтарып көңілінен асыл сөзді, 
Заманның болжап өткен ақыр түбін. 
Өзінің терең оймен ақылынан 
Ер Абай болжап кеткен ойдың түбін. 
(Нұрпейіс Байғанин) 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   483




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет